Кыдыр дарыган Жумамурат Байсугiрулы аксакал

   

Жумамурат аксакалдын улкен улы Байсугіров Толеген  1961 жылы 10 шілдеде Озбекстан Республикасы, Науаи облысы, Кенимех ауданы, Оразжан ауылында  дуниеге келген. 1985 жылы Самарканд каласынын ауыл шаруашылыгы институтын бітірген, мамандыгы жогары білімді мал дарігері.

Жубайы Асанова Бактыгул Оразымбеткызы 1961 жылы 7 мамырда дуниеге келген. Самаркандтын Мемлекеттік медицина институтын 1985 жылы бітірген. Мамандыгы – дарігер терапевт. Жануяда 3 кыз, 1 ул: Рамуза, Газиза – жогары білімді мамандар, Мадина мен Сарыбай – мектеп окушылары. Толеген акесі Жумамурат аксакалдан ескі аталы создерді  естіп, оны кагазга тусіріп, казактын даналык создері мен озінін шыгармашылык кабілетін унемі дамыту устінде. Тек шаруа саласымен шугылданып коймастан онер мен мадениетке жанашырлык танытады. Аталы создерді жинактап, копшілік арасында насихаттайды. Халкымыздын даналык касиеттерін жузеге асыруды жоспарлап жур. Акесі Жумамурат аксакал рухани денгейі оте жогары, бойында Кыдыр дарыган киелі касиеті бар, жаратылысы ерекше адам.


Жумамурат Байсугірулынын ата тегі, Кыдыр даруы

Мен 1924 жылы Каракалпакстанда Піралі кудыгынын басында 15 казанда туганмын. Кыскаша ата-тегім Кіші Жуздін ішінде – Алім, Торт Кара руынан: Кабак-Жарас-Нурсейт-Байнияз-Умбетбай-Байсугір болып тараймын: Есімім Жумамурат, жубайым Патшагул, балаларым: Карлыгаш, Толеген, Садуакас, Каламкас, Бекназар, Кулназар, Акназар.
 
Мен койшы болдым, койды шын ыкыласыммен бактым. Мен баккан койымнын баскалардын койынан жуні де, еті де, каракол елтірісі де артык болатын. Бірде коршім Досмакан шопан тус коріпті. Тусінде боз ат мінген аксакалды кісі уйіне келіпті. Аксакалды кісінін коржыны толы екен. Досмакан: «Аксакал біздін уйге коныныз»,– дейді. Ол аксакал: «Сізге конбаймын, Жумамуратка барып конамын»,– деп жауап беріп, менін уйіме карай беттеп кетеді. Тус корген Досмакан маган ертеніне келіп, корген тусін айтты. Ол кезде байгеге ат коскандай басеке гой. Досмакан: «Жумамурат, бул омірде шаруашылыктан сенін алдына адам шыга алмайды, себебі акбозат мінген аксакал сенін уйіне кетті». Кыдыр ата маган 50 жасымда келді.

Кой багып жургенімде зейнеткерлікке шыкканымша Кыдыр ата жанымда унемі бірге журді. Егер уйыктап калып, тунде койдын ізімен барсам, койдын ішінде адам журетін еді. Маган анык корінетін, бірак кол алып, сойлескен емеспін. Мен жанына барсам, жогалып кететін. Кой багып жургенде, кунделікті тусімде касыма улкен аксакалды кісі бірге жататын еді. Улкен кісілерге коргенімді айтканымда, олар маган: «Ол – Кыдыр ата, аркашан сен жаман болмайсын, саган Кыдыр дарыган»,– дейтін. Молшері 10 шакты жыл бірге журді.

Казакстанга кошіп келгенде Жумамурат аксакал 5 баласына 5 уй алып берді. Бул да болса Жумамурат аксакалга Кыдыр бабанын колдауы. Казір Жумамурат аксакал мен Патшагул шешей улдын улкені – Толеген, келіні – Бактыгул, немерелері – Сарыбай, Мадиналармен  бірге турады. Касиет конган Жумамурат аксакалдын пайымдауынша оз басындагы бак пен Кыдыр осы уйдегі урпактарынын біреуіне даритынына толык сенімді. Осы тілегінін іс жузіне асуын Алладан жане киелі ата-бабаларынын аруактарынан сурайды .

Жумамурат аксакал Казакстанга кошерде озінін журты мен малын Абдігаппар Жартыбасов деген азаматка откізіп кетеді. Бір куні тунде кой багып журген Абдігаппардын козі ілініп кетеді. Сол сатте тусіне Жумамурат аксакал келіп, аян береді: «Тур, Абдігаппар, койын кетті»,– дейді. Турса, койы алыска узап кетіпті. Одан кейін ол аман-есен койын тауып алыпты.

Кенес укіметінін ыдырауы

Казактын 3 ауданы Тамды, Ушкудык, Кенимех болатын. Кенес укіметінін кезінде Кенимех совхозынын Кызылкудык деген бір фермасы бар еді. Сонда 90-нан аскан Жартыбас деген аксакал туратын. Сол аксакал ауырып, мен, Байсугіров Жумамурат, конілін сурауга бардым. Мен барган сон ол кісі басын котеріп, корген тусін айтты:
– Бугін тусімде кунбатыстан бір кара келіп, куншыгыска карап, Казакстанга карай Кызылкудыкты киратып кетті. Соны ойлап отырсам, баягы киратып кеткен кара дауыл халыктын кошпеншілігі екен. Сол жерде 200 кожалык уй, улкен емхана бар еді. Солардын барі бузылып, 20-30-дай гана уй калган болатын.

Байнияз бабасынын касиеті

Жумамурат аксакалдын Байнияз бабасы ел-журтынын кошін бастап алып келе жатканда шолге ушырайды. Мал да, адам да шулайды. Сол кезде Байнияз бабасы: "Сендер шуламандар, казір су болады" деп айтып улгергенше, Кудайдын кудіретімен аспанда шокімдей кара булт пайда болады да, носерлетіп жанбыр жауады. Барлык жер су болады. Сол уакытта Байнияз бабамыз малдарынды суарып, тез ыдыстарынды толтырып алындар дейді. Алып болган сон булт та, су да жок болады .
 
Аян аркылы салынган уй, дуниеге келген ул

    Кенимех совхозынын Кызылкудык фермасында турдым. Койшылыкты тастап, балаларыма туратын баспана жок болгандыктан курылысшы болып, ферманын басынан балалар окитын уй салып, тобесін шатырлай алмадым. Ол кезде курылыс материалдары аз болды. Болганменен де бай кісілер «бармак басты, коз кысты» кылып таныстыкпен алып кететін.

Айелім кенже балама екі кабат болатын, ол менін ажалыма берген бала шыгар деп уайымдайтын. Бул да маган уайым болатын. Бір куні айелім тусіме кірді. Колында бір жалтылдаган пышак устап тур екен. «Бір машина пышактын ішінен тандап алдым. Сол адамдар уйіне шатыр, агаш та берем деп айтты»,– деді айелім тусімде. Куанып ояндым, айелім ул балалы болады екен деп жорыдым. Агаш пен шатырды кім береді екен деп ойлап журдім. Узамай-ак біздін бір агайынымыз райсполком болды. Ол агайыншылыкпен агашты да, шатырды да берді. Уйді шатырлап тындым. Айелім толгатты, жергілікті дарігер «Ішіндегі баласы оліп калган», – деді. «Япырмай, менін корген тусім отірік болды ма?», – деп ойладым. Сол кезде бул жагдай рацияменен облыска хабарланды, ушакпенен облыстан акушерка айел келді. Ол айел келіп: «Ішіндегі бала олмеген екен»,– деп, аман-есен босандырып алды. Корген тусім акикатка айланып, улымнын атын Акназар койдым.

Тусімде анамнын аян беріп, койымнын табылуы

1950 жылы Кызылкумнын ішінде койшы болдым. Кундердін кунінде 250 койым болініп кетіп, оларды таппадым. Малды карайтын колік жок, жаман корыктым. Себебі 250 кой шолден кырылып калса, Сталиннін заманында атылып кетуім анык еді. Колыма бір шиша су алдым, кун 45;С ыстык. Шаршап бір сексеуілдін коленкесіне демалайын деп кисайдым, козім ілініп кеткен екен. 300 км жерде акем мен шешем Ыспанкудык деген орталыкта калган болатын. Тус кордім,  сылпылдаган калоштін даусы естілді. Ол кезде орталыктагы калган анам тірі. Тусімде: «Тур, Жумамурат, койын ауылга барды»,– деді. Орнымнан турып жынды адам кусап отырдым, калоштін дыбысын да естідім. Корген тусіме сеніп, ауылга кайттым. Ауылга келсем, шолдеген кой озі шубырып келіп, тугел отарга косылыпты.



Нуршабай екеуміздін сайтандардан коркуымыз

Казан айынын іші еді. Касымда бір койшы бар. Сол біз жаткан жердін касында коне журт болатын. Касымдагы койшыга айттым: «Екеуміз екі кора койды екі жакка тастап, осы журтка жатайык»,– дедім. Серігімнін аты – Нуршабай болатын. Ол кісі: «Бул бір колайсыз жер екен»,– деді. Мен: «Екеуміз неден, кімнен коркамыз»,– дедім. Сол жерде шай ішіп, дем алуга жаттык. Касымдагы Нуршабай: «Мен койыма кетемін»,– деп, койына кетті. Катты уйыктап калган екенмін. Ол кеткен сон тусімде баягы кора-копсы журт деген жерімізден бір ала ит еріткен орыс шал келе калды. Сол кезде жаткан жерім кошпелі киіз уй гой, «Кірме!»,– деп, орыс шалды бір-екі урдым. Орыс шал: «Неге мені оз уйіме кіргізбейсін бе?»,– деп, уйге кіріп кетті. Іле-шала орыс шалдын артынан мен де ілесіп кіріп бардым. Карасам, бір былшиган сары кемпір де отыр. Дірілдеп, орнымнан коркып ояндым. Атыма мініп: «Нуршабай! Нуршабай!»,– деп айкайладым. Коркып жолдасыма барган сон, ол маган корген тусін айтты: «Сары кемпірі мен ала иті бар орыс шал мені де жаткызбады гой!»,– деді. Сойтсек екеуміздін де тустерімізге бір пале кіріп, коркытып жур екен. Кейіннен білсем, улкендердін айтуы бойынша осы ескі журт – сайтандардын мекені, бур арага адам тунемейді екен.


Рецензии