Найманнын тажалы

Науалы ауылынын тургыны, "от тілді, орак ауызды" токпе шешен, туа біткен косем, кадірменді кария: Нуртаза Абылхановтын жас шагында Кытайда турганда, Керей арасында бір еркек койдын етін намыска тырысып тугел жеп койып «Найманнын тажалы атануы» туралы  айткан ангімесі.

Канагат – табигаттын одактасы жане денсаулыктын сакшысы. 
Абуль Фаради

Ол созін былай бастады: «1952 жылы Кытайдагы Дорбіжін каласында 5...6 саудагер бірігіп семіз кой сойгызып, май жеп жарысатынбыз. Майды шайнамай жутуды уйрендік. Сол кезде озімнін ун тартатын екі меншік диірменім болды, ал Ертістін бойында Керейлер жалпы астык екпейтін халык, апталап жатып менен ун сатып алады. Сол жылы жумыстарым да болып, онын устіне: «Нуке келіп конак болып кайтыныз», – дегеннен кейін Ертістін бойымен Алтайга карай кулдап журіп кеттім.

Кыс кезі, кун енкейіп калган, шынылтыр аяз, ымырт жабыла Исатолла деген бір Керей бар еді, алгінін уйіне келдім. Мені коріп: «Ой, Нукен кеп капты гой!» – деп барі жік-жаппар болды. Мені аттан тусіріп алып уйге кіргізді. Сол кезде Керейде коп нан болмайды,  тары жейді. Ол кезде казак келген бетте жон сураспайды, уйдін иесі малдарын жондеп далада жур.Уйге келіп торде отырганымда, айелі улкен агаш шары аякпен толтырып быктырып, буктіріп тары алып келді. Аш келген адам алгіні согып алдым. Бір уакытта уйдін иесі мен айелі кубірлесіп жур, олардын тошаласы уймен катар болады. Тошала деген ет сактайтын жер.
 
Айеліне ет салып жаткан кезде: «агарган жагынан», – деп айтты. «А, агарганы не салады екен, жанагы тарыны бекер-ак жеппін» – деп ойладым. Етін салды, ангімелестік, уакыт отті. Олар негізінде екі-уш уйден гана отырады, біраздан кейін коршісі келді, салем берді. Барі мені таниды, мен олардын копшілігін танымаймын. Айелі ет тусіріп, улкен астаумен бірак акелді, оларда жайма салу деген болмайды. Карасам, айелі де бір мын болгыр адам екен, агарган жагы дегенді оте дурыс тусініпті, ылги аппак май, анда- санда гана бір каракесек ет, букіл бір куйрыкты ушасымен бірге салган сиякты. «Аке-ау, калай болар екен» – деп бір ойладым да, уй иесі, коршісі ушеуміз уш жактап турадык. Колга бір кара ілінбейді, улкен кырма табакка турап жатырмыз, турап жатырмыз айтеуір бір уакытта турап біттік. «Ал енді жендер», – десем, алгілер «Нуке сіз женіз», – деп табакты маган карай итеріп кояды. «А, Найман шал аруагынан айналайын, мені колдай кор! Керейлердін алдында уятка калдыра корме», – деп озімді-озім бекітіп алдым.
Егер Каракерей, Байыс, Тума деп жатса тук емес кой, булар Найман деп сойлейді гой. «Кеудесіне нан піскен жаман Найман, табагымыздын шетін оя алмай кетті», – деп айтады. Ол кезде Найман мен Керей арасында іштей бір тартыс бар, Керей негізі тау халкы, тары гана егеді. Олай болса деп, ет тусер туспестен кірісіп кеттім. Бурынгы уйренген адіске салып майды жута бердім, жутып жатырмын, жутып жатырмын, бір майдын да дамін таткан жокпын. Кенірдегіме кеп калган уакытта козгалактап коямын, табактын жартысынан аса табакты оздеріне карай итердім, каракесек ет жеген жокпын. 

Уй иесі мен коршісі мен тоймай табакка кол салатын турлері жок, суйек мужіп оздерімен, оздері отыр. Алгілерге ызам да келіп отыр, не болса да тагы да козгалактап койып кайта кірістім. Табак бітуге аз калганда, май онеміше турып калды. Алгілерді ангімеге айландырган боп, табактагы майды тугел бітірдім. Карасам екі шенгел каракесек ет калыпты, не болса да деп бір шенгелін аузыма тастап жібердім. Каракесекті шайнап жеу керек, журегім локсынкырап алгілерге сездірмей уш кылкынып барып арен жуттым. Калган бір шенгел ет, енді мен ушін уайым болды. Енді не істеймін деп отырганда ойыма бірдеме сак ете тусті: «мына Найман аш келген бе деп, мына кудагилар согер, мынаны кудагилар жесін», – деп табакты ары карай итере салдым. Айелі де ана жактан карап отыр екен, келді де табакты іліп ала жонелді. Керейлер айелдерінен болек отырады екен. Сонымен суйек мужіп отырган уй иесі мен коршісі аш калды, оздерінен оздері корсін дедім. Шай, сорпа келді, бір тегене курт акелді езіп, осы куртты ішіп алдым.

 Бір уакытта жатар алдында денем озінен озі кызып дуылдай бастады. Кешке жакын Ертісті бойлап келе жатканда су алатын ойыктарын коргенмін, атты караган болып жанагы ойыкка барып, бетіндегі каймак музды кагып тастап басымды салдым. Кантардын аязындагы музды суды басым мулде сезбейді, басымды екі уш кабат малып алдым. Басымды шуберек белбеумен суртіп, кургатып тук болмагандай болып уйге келіп жатып калдым. Багана «агарган жагы» дегенде арты калай болар екен деп, танертен ерте кетемін, акша аударуым керек деп кулагына куя бергенмін. Маган не болса да ерте кету керек. Агарганнын арт жагы киын болатынын озім сезгенмін, айтпесе бір-екі кун жатайын деп келгенмін. Содан жаттым, не уйыктап, не койганымды білмеймін, донбекшідім. Танга жакын козім ілінгендей болды. Тан алан еленде турып едім, айелі де сак екен, мен ойтіп-буйтіп далага шыгып жуынганымша бір шаугім шайін кайнатып койыпты. Бір шаугім шайді аузымнын куйер-куйгеніне карамай ішіп алып атка кондым.


 Атка енді міне берейін деген кезде кешегі коршісі сап ете тусті. «Ойбай Нуке, кететін боп калдын ба? Сізді бір-екі, уш кун жатады деп ойлап едік», «мен жатайын-ак деп едім, жаткызбасын жаткызбай бара жатыр», – дедім, бірак ол оны тусінген жок. «Сіз ерте кетеді дегеннен кейін бір куырдак куыртып койып едік», – деді. Аттап отуге болмайды, еріксіз узенгіден аягымды алып уйіне кірдім. Уйіне кіріп едім, сиырдын ашты куырдагы екен, екі-уш карбытып жеп жіберіп, екі-уш кесе шайін ішіп алып атка кондым.  Кун шыкпай шыгып кеттім, енкейсем болды май жетіп келеді, алі онешімде тур, шалкайынкырап койып журемін. 

Кантардын аязы, денем озінен озі кызып аязды елейтін емеспін. Калын улкен ішігім бар еді, оны боктеріп алдым. Жука ішігімді гана киіп, тымактын кулагын котеріп байлап алып жолмен келе жатырмын. Керейлер жарты не бір шакырым жерде жол бойлай екі-уш уйден отырады. Жол Ертісті бойлап журеді. Корген адамдар бір-біріне айкайлайды: »Карандар ананы, Иса келе жатыр, Иса келе жатыр!», – Онысы Иса пайгамбар дегені, Иса аязда женіл киіммен журе береді деп естігендері бар шыгар. Енді біреулері, есі дурыс емес деп кулсе, копшілігі мына аязда калай жур деп, ан-тан калады. Мен оз кайгыммен озіммен-озіммін. Алтай жерінін Ертіс бойында кантардагы аязы 45...50 градустен кем болмайды. Куні бойы журіп, тус ауган кезде онешіме жетіп келетінін койды. Кун енкейген кезде озіме-озім келінкіредім.

Кумык деген сыралгы, озіммен курдас досым бар еді, алгінін уйіне карай тарттым, не де болса сонын уйіне согайын, олсем осында олейін деп.  Аттан тенселіп тустім, Кумык мені коре сап: »Ой, Нуке кеп калдыныз ба?», – деп алгі жерде жік-жаппар болды. Атты байлап, айеліне: »Тамак сал»,– дей бергенде колынан шап бердім. «Мен озім жол сокты ма, тамактан ушындым ба, тамак деген созді айтпандар», – деп, ет деген созді естісем журегім айныйды. «Мен тукте ішпеймін», – деп сулк барып жаттым. Олар: »киын болды-ау конактын аурып келгені», «енді осылай болып тур, катты ауырып турмын, тамак туралы соз айтпандар, кара шай ішем де жатамын».

Содан тура алмай екі кун жаттым. Екінші куні кун енкейе Кумык аттан тусіп жатып кулді: »Ой Нуке, сіздін ауруыныздын хабары келді, Исатолла хат жазып жіберіпті. Ертісті бойлап Найманнын тажалы кетіп бара жатыр, сактансын, уятка калмасын!». Исатолла біраз котерінкіреп жазыпты, бір еркек койды тугел жеп кетті деп. Кумык досым куледі: «Биыл согымымыз арык еді, енді уят болды не істейміз?». «Ой согымын да бар болсын, озін де бар бол, ундеме», – дедім. Сол уйде 4...5 кун жаттым, 3-ші, 4-ші куні гана кішкене-кішкене бір жапырак, екі жапырак каракесек жеуге шамам келді. Абдан тыныгып болганнан кейін гана осы уйден козгалдым. Содан бері май жеуден калдым... – деді, кулана жымиып: сексеннін сенгіріне шыгып, алдындагы кесе толы майды толгамай жута салган Нуртаза аксакал.

Топырагын торка болгыр, Нуртаза Абылхан аксакал  аргы гасырдын барлык килы замандарын басынан откізген, узак тарих кешкен кеменгер кісі еді. Карадан хан болган дегендей аргы аталары артыкша туган жандар болган. Сондай асыл насілдін сонгы коздері, осы аксакалды бейнелеп айтсак, ана тілдін академигі, ангіменін – Ауезові деуге де болады.


Рецензии