Асан Омаров. Кодардын олiмi кашан жазылган?

Асан Омаров. «Кодардын олімі» кашан жазылган?

     Шакарім Кудайбердіулынын «Кодардын олімі» атты сюжетті узак олен-жырын адебиетші мамандар баллада жанрында жазылган деседі, оны шагын дастан деп санайтын зерттеушілер де бар. Не десек те, аталмыш шыгарма акын поэзиясы шалкарында шоктыгы биік туындынын бірі.
       Шежіреші Б. Исабаев озінін «Улылар мекені» атты кітабында айткандай, Тобыкты руы тарихында урпактан урпакка ауысып жеткен окига ушеу: Калкаманнын окка байлануы мен Кебектін ат куйрыгына танылуы жане Кодардын туйенін комында дарга тартылуы. Уш кайгылы окиганы бурынгылар «Садактын огы», «Аттын жалы», «Туйенін комы» деп жумбактап айтып, ымбалдап отырган деседі. 
 
        Арине, Шакарімнін бул жолгы кейіпкері Кодар - Калкаман жане Кебектей тулгалармен иык тенестіре алмайды. Айтсе де, ол да елеусіз емес, барымташы, батыр болган адам екен. Оны:
                Ол ­ Кодар, барымташы ердін басы,
                Жыртылмасын деп журген ел жагасы, ­
деп таныстырады акын. 
      
 Кайталап айтайык, Кодардын олімі Тобыкты ішінде кашанда екі удай пікірлер тугызып келген назік такырыптын бірі болган. Жан туршігерлік тасілмен олтірілген Кодар мен Камканын конысы - Хан озені бойындагы Жылкыайдар шаты. Бул мекеннін Кунанбайдын тунгышы Кудайбердінін иелігіне кошкендігі малім. Сондыктан да амірші Кунанбай Кодарды кыстаулык жеріне кызыгып олтіртті дегенге саятын алыпкашпа создерді Шакарім естіп оскен-ді. Осы тургыдан да акыннын бул такырыпка баруын кездейсоктык деуге келмейді. Аты-шулы трагедиянын шынын, ман-жайын арткы  урпакка ашып айтып, атасы Кунанбайды жаманаттан коргап калу манді міндет емес пе. 

       Бірак, туындыны зер сала окыганда дастан авторы тагы бір, балкім, будан маныздырак максатты алга койганын андаймыз.
     Ол туган ел мен жердін тагдыры. Маселен, акын:

                Не кундестік немесе кек куган жок,
                Ел бузбауга ойлаган бул – айласы, - 
деуімен катігез укімді орындаган уш Олжайдын игі жаксыларын актай отырып, оз замандастарына карата былай дейді:
                Осы кунгі жаксынын бірталайы –
                Уры-кары, ку-сумнын жан жолдасы.
                Казак кайтіп ел болар, карагым-ау?
                Бул ел узамай куриды, создін расы.
      
 Кордініз бе, оленнін озегі ел тагдырына тірелген! Бул жолдарда «Елдін бурынгы тартібі, халі кандай еді, осы кунгі жаксылар бурынгылардан озык па, журттын косегесі когере тусті ме, Кунекен бастаткан игі жаксыларды сынаудан бурын осыны, ойлан, шырак?» деген астар бар. Ягни Шакарім оз журтына терен ой тастап отыр.   
 
       Енді зерттеушілік ісімізге бурудын мезеті жеткен сиякты. Соз болып отырган Шакарімнін елеулі шыгармасы адетте «кай жылы жазылганы малімсіз» делінеді. Ал, жазушы галым Турсын Журтбай озінін «Кунанбай» атты кітабынын  154 бетінде мынадай накты датаны айтады: «Шакарім бул дастанды 1926 жылы алпыс тогыз жасында жазды» (Журтбай Т. Кунанбай. -Алматы, 2004). Неге? Себебі, Мухтар Ауезовтін колында сакталган колжазба кошірмеде туынды осы жылгы деп корсетілген екен.

       Сонымен, шыгарма шындыгында кай жылы жазылган екен? Томендегі максат - осыны тексеруге саяды.
       «Кодардын олімін» кай жылгы деген суракка жауап іздеген кісіні елен еткізетін бір малімет оленнін озінде бар. Ол «Николайдын иісі осы елде тур» деген олен жолы. Осыдан жырдын  1917 жылдан бурынгы екені куман тудырмаса керек-ті. Олай болса, балкім, 1913-1917 жылдар арасында жазылган ба? Сене алмайтын шыгармын. Ойткені, бул бес жылды палсапалык ізденіске, далдісінде «Уш анык» шыгармасын жазуга арнаганы жайлы акыннын озі «Жылым-кой, жулдызым-июль» деген оленінде былайша актарады:

                Сол ойды бес жыл жаздым,
                Арыдым, шаршадым, аздым.

        Сонгы жол біздерге бул кезде колемді тарихи-лирикалык туынды жазуга акыннын мумкіндігі болмаганын жеткізіп отыр емес пе. Ягни уакыты мен куш-жігерін философиялык оріске сарка жумсаганы анык.
        Сойтіп, біз тексеріп отырган шыгарма 1906-12 жылдар аралыгынан екені дайектеле туседі.
       Бірак накты кай жылы жазылган? Осыган келейік.

 Ауыз-екі жырлардын улгісімен жазылган оленді желдірте окып келе жатып, «Николайдын иісі осы елде тур» деген жолга жеткенде локып турып каласыз. Туынды кай кезден екенін нактылауга септігі тиер жалгыз ілік осы. Бірак мыкты ілік емес пе. Неге десеніз, кажынын кенестік дауірде  «Николайдын иісі тур» деп жазбасы анык. Бул тек кана патшалык отаршылдык укіметтін алімжеттілігіне катысты соз. Сондыктан осындай озбырлык істін ізін іздестірсек дурыстык.  1906-1912 жылдар арасында баягыдагы Кодардын олімі сиякты мукым Тобыктыны дур котерген дурмек уакига болган ба?

        Мунын жауабы Алихан Бокейхановтын Какітайдын кайтыс болуына байланысты 1915 жылы 18 кантарда «Казак» газетінде басылган макаласынан елес беретіндей.
      Онда: «1909 жылы, - деп жазады Алекен, -  Шакарім, Какітай маган хат жазып, акыл сурады: «Не айтасын, ата коныс, кір жуып, кіндік кескен Карауыл озені мужыкка кетіп барады, 15-тен жер ал дейді, аламыз ба?», - деп. «Не болса журтпен кор», - дедім». Сойтіп, Тобыкты елін алан кылган жагдаят – Карауыл озенінін тагдыры десе де болады.

         Бул окиганын саяси манісі мынадай. Патшалык Ресейдін Дала ережесінін 120-шы бабына жане Туркістан олкесін баскару туралы Ереженін 270 бабына суйеніп, уез - уездердегі коныстандыру баскармасы мужыкка тиесілі ер басына 15 десятинадан улес белгілеуді 1909 жылдан енді тургылыкты казактарга да колдана бастаган еді.

       Казакты отырыкшы турмыска кошірудін камы делінгенімен де, бул шарадан отаршыл пигыл-саясаттын, Шакарімше «Николайдын исі» анкып турды. Ойткені, 15 десятинадан кесікті жер алу егіншілікпен айналысатын журтка тиімді, ал мал туягына ерген журтка куманді нарсе еді. Сондыктан да        Шакарім мен Какітай Столыпин реформасын жаксы білетін, саясат ісіне жетік А. Бокейхановка хат жазып: «…Карауыл озені мужыкка кетіп барады, 15-тен жер ал дейді, аламыз ба?» деп акыл сураганда,  Алекен оларга былай деп жауабын айтады: «Кунанбай баласы Тобыктыга мурындык болды деген атка каларсын, не болса да журтпен бірге кор.  Журт кагазбен 15-ті алганымен, ол егінге айналмас. Тамам казак Кунанбай баласынан коріп, артынан еріп 15-ке кул болса, мал баккан шаруага зиян болар».
 
        Міне осы акылга багып, Кунанбай урпагы «кір жуып, кіндік кескен ата коныс» Карауыл бойынан кесікті жер алудан бас тарткан болатын.
       Достарынын бул кадамын Алекен аділ багалап арі озге журтка улгі кыла, «Казактын» бетінде былай дейді: «Кунанбай баласы журт камы деп жане шыга жайылып, когермейік деп 15-ті алмай Карауылдан айрылды. Саясат жолында мундай ерлік кылган казак басшысынан коргенім жок» («Казак» газеті. Жинак. – Алматы, 1998).

        Сойтіп, келтірілген дайектермен таныса отырып, «Кодардын олімі» Шакарімнін 1908-09 жылдары жазган туындысы деген пікірге келеміз.
        Онда жазушы галым Турсын Журтбайдын «Кунанбай» атты кітабынын  154 бетінде: «Шакарім бул дастанды 1926 жылы алпыс тогыз жасында жазды» дегенін, ягни М.Ауезовтін колында сакталган жырдын колжазба кошірмесінде осы жыл корсетілген фактіні кайтпекпіз?

        Маселе мынада сиякты. 1924-25-26 жылдары абайтануга катысты материалдарды жинастыруга кіріскен Мухтардын карт ойшыл Шакаріммен жакын араласып, тыгыз карым-катынас орнатканы жаксы малім. Накты мысал – екі каламгердін 1924 жылдын кысында  кездесуі. Осы жолы Мухан Шакарімнін уйінде кона жатып, «Кодар олімі» окигсына абден каныгады. Сондай-ак 1926 жылы Саяткорада Шакарім мен Мухтарды жеке-дара жолыгысканы бізге малім. Бурыннан бар «Кодардын олімі» оленін карт акын Мухана осы жылы тарту еткен, Ауезовтін архивінен табылган нускада «1926 жыл» деп  корсетілу сыры осында деген ойдамын.
   
        Ал, кеменгер акын оны «69 жасында жазды, 1926 жылы дуниеге келді» деген пікірмен келісе алмаймыз. Ойткені, самодержавиелік биліктін де, онын символы Николай патшанын да келмеске кеткеніне жане кенестік окіметтін ту котергеніне  тогыз жыл болганда, Шакарімнін «Николайдын иісі осы елде тур» деген жолды жырга косуынын  кисыны кайсы?
   
        Бул жолдын жазылуына себепкер 1909 жылгы окига деген болжамды бекіте тусу ушін мынадай омір фактісін келтіре кетелік. Карауыл – Шынгыстын асуларынан бастауын алып, Бауырдагы Колкайнар мен Жидебай кыстаулары тонірегіне келгенде кен жазыкка жайылып кететін озен. Жайылма суды тоганмен богеп егін салуды ойланган Ресейдін ішкі жагынан ауган бір топ орыс шаруалары (оларды казактар «карашекпенділер» деп атаган) 1908 жылы осы жазыкка ірге тепкен екен. Олар егін салып, отырыкшы гумыр кешкен. Жидебай корыгы манындагы Ортенде 20 уй жатак орыс шаруаларынын поселкесінін орны казірге дейін сакталган, сондыктан оз атауы «Кызылтобе» деген ол жерді жергілікті журт «Орыскора» деп те атайды.    Переселендердін бір тобы Шынгыстын тереніндегі сонау Саркол аумагына табан тіреп, сол араны 30-40 жылдай коныс кылганы тагы акикат.

       Казактын бірде ана, бірде мына жері біртіндеп мужыктын иелігіне отуі - тап сол куннін каны соргалаган ащы шындыгы болатын: статистика маліметі   жиырма бес жыл ішінде (1893-1917) байыргы тургындардан 56 миллион десятин жер тартып алынган дейді. Шакарім ащы шындыкты козімен корген адам. Біракта «Олен шіркін - осекші, журтка жаяр» (Абай) болгандыктан арі саяси репрессия куш алган тар уакытта бул маселені жырга шындап косып, таптештей алмаган. Айтсе де жеткізбек саяси астарлы созін екінін бірі уга бермейтін емеуірінмен, бірак балгамен ургандай, санага шогетін гып атап откенін кореміз.

        Сойтіп, «Кодардын олімі» жырында Карауыл озені бойында откен екі ел жарасы: бірі – кешегі, бірі – бугінгі коса орілген. Арине, біріншісі - «оз бауырын олтіру» сай-суйекті сыркыратар катал жаза. Бірак Кунекен бастаткан «ел данасы, есті жаксылары» оган елдікті сактау - «ел бузатын ерсі істі оршітпеу» ушін амалсыз барган еді дейді акын. Ал, сонгысы ше? Онын максаты мен салдары мулде баска. Отаршыл укімет еністегі мол сулы озен жагаларын жайлап болды, «ал, не кыласын» дегендей, енді кыр шалгайы, кошпелі ел ортасындагы озен-суга коз алартып отыр. Жердін курыганы, елдін курыганы.

       Ягни кажынын 1909 жылы: «Казак кайтіп ел болар, карагым-ау? Бул ел узамай куриды, создін расы», - деп салып отуіне накты тарихи хал себепкер болып отыр. Ал, жердін барі мемлекет меншігіне откен, кенес окіметі кунбе кун орлеген 1926 жылы ше? «Бул ел узамай куриды» деуге негіз болды десеніз, сене алмайтын шыгармын.

        Корыта айтканда,  «Кодардын олімі» шыгармасында халыкшыл акын ескіде болган трагедияны ой елегінен откізе отырып, замандастары назарын сол кездін кун тартібіне, ел мен жердін тагдырына бурганы шубасіз. Ал, олендегі тусініксіздеу корінетін «Николайдын исі осы елде тур» деген дара жол онын жазылу уакытынын айырыкша танбасы. Ол бізге оленнін шыгуына  Кунекенді актау міндетімен коса, переселендер окигасы да себепкер болганын корсетуге тиіс деген пікірдеміз.

Асан Омаров,
галым-журналист.


Рецензии