Досым Омаров. Халыктын салт дастурi, адет-гурпы

Ауелден калыптаскан улттык дастурлер мен адет-гурыптар умытылып, олар халыктын турмысын реттейтін бурынгы калпынан калып барады. Бурынгы заманда адамнын омірі бірбеткей тыныш, біркалыпты болды. Онын себебі улттык салт-дастурлер мен букіл халыкка ортак менталитет аркімге бірбеткей ой-оріс пен омір салтын берді.

Кандай омірдін киын сокпактары болса да улттык салт-сана мен калыптаскан адет-гурыптар аркімге маселені ушыктармай дурыс шешуге мумкіндік беріп отырды. 

Себебі, улттык салт-дастур мен халык менталитеті заман агымы мен табигат ерекшеліктерін, халыктын тіршілік коріністеріне байланысты калыптасады. Халык дастурі табигат зандылыгына уйлесімді болып келеді.

Табигаттан алынган тажірибе халык санасында корланып, корытылып жалпы елдін мінез-кулкы, адеті болып кетеді. Сойтіп халк даналыгына айналады.  Казактын коптеген улттык салт-дастурлерін елдін беделге боленген би, хандарымен бекітіп, мемлекеттін зандарына да айналдырды.

Буган діннін косатын улесі де оте зор екені белгілі. Дін халыктын іс-арекетін Алла тагала ризалыгы ушін болуды, ягни имандылыкпен уйлестіріп отырады. Бул халык омірін бір тартіпке салып, адам омірін букіл болмыс агымына багыттау ушін улкен манызы бар. Халык дастурлерінін копшілігін ман-манісін бірден тусіну онай емес.

 Бірак, маселе адет-гурып, салт-дастурлердін сыр-сипатын тусінуде емес, оларды дурыс орындауда. Бул табигат зандылыктарын бузбай, омірде коп кателіктер жібермеуге мумкіндік береді. Себебі, кандай болса да адет-гурып турлері табигат талабына сай омір кажеттілігінен туып, онын дурыстыгы коптеген жылдар бойы озінін дурыстыгымен уздіксіз далелденіп, дастурге айналады.

Сондыктан, халыктын салт-дастур, адет-гурпы дегеніміз – омір зандылыгы! Омір зандылыгын бузуга болмайды. Кезінде ол зандылыктарды бузган адамдар когам сынына урынып, тіпті кейде катты жазаланып та отырган. Буган еліміздін тарихында да, халык ауыз адебиетінде де мысалдар жеткілікті.

Ал казіргі замандагы Еуропа мадениеті араласып, халыктын салт-дастурлері умытылып, когамдык сана-сезімде бейберекеттік араласа бастаганда ел салауатты омір салтынан айырылып, омірде коптеген келенсіз коріністер пайда бола бастады. Бул оларды салауатты омірден бурып, коптеген киындыктар тудырды, аурулардын кобейiп, адам гумырынын кыскаруына акелiп согып отыр.

Сондыктан, улттык дастурлерді кайта жандандырып, калпына келтірудін манызы оте зор. Бул копшіліктін санасын котеріп, адамнын жогары сатыларга котерілуіне мумкінднк береді. Салауатты омір терен рухани білімге негізделген тіршілік жуйесі. Оган жету ушін ауелі білім алу керек.

Адамнын кулдырауы журегінін былгануынан басталады. Журегі таза емес адам озінін табиги міндеттерін дурыс орындамайды. Сойтіп жалкаулыкка урынады. Бул оны енжар, салгырттыкка итермелейді. Арі карай жарамсыз кылыктар пайда бола бастайды. Сойтіп ол алдау-арбау, отіріктен тірек табуга умтылады. Бул оны имандылыктан ада кылады.

Арі карай онын кулдырауы улгайып, акыры оны ажалга акеледі. Осылай бейберекет омір надан, арі кыска, бейнеті коп болады. Ал жогары санадагы рухани омір керісінше, білімге толы, куанышы коп жане узак болады. Адамнын кулдырау жолына тусу себебін Абай былай деп корсетедi:

Танымассын, кормессiн,
Каптаган сон коздi шел.

("Саулен болса кеуденде", 1888 ж.)

    Бул арада  Абай  "коз" деп адамнын турпайы алемдi коретiн козiн гана емес,  рухани алемдi сезiп-бiлетiн журек козiн, кокiрек   козiн  айтып  отыр.  "Шел  каптады" деген соз адамнын журек козiн шел каптауы. Шел каптаган жан тандi баскара алмагандыктан адамнын сезiмдерi былганады. Кокiрек козiн шел баскан адам фани омірдiн кызыгымен напсiнiн курсауында болып, омірдiн биiк максатын да дурыс тусiне алмайды.

           Не гылым жок, немесе енбек те жок
            Ен болмаса кеттiн гой мал бага алмай, –
               
("Талай соз будан бурын коп айтканмын", 1895 ж.)

деп мандайынын соры бес елi бейшараларга жаны ашып, оларды  дурыс жолга  салуга  умтылады. Оларды адаскан адаммен салыстыруга болады. Егер адаскан адам озiнiн адасканын бiлсе, ол  одан шыгатын жол табуга умтылар едi.

Ал жол табуга умтылып, iзденiске тускен адам дегеніне жете алады. Сондыктан бул туралы Абай "Адасканнын алды жон, арты сокпак" дейдi. Осыны жаксы тусiнген ойшыл елдiн "козiн койып, конілiн ашпак" болды. Ол халыкты имандылыкка шакырып, омірдiн тупкi манiн, оган жету жолын корсетедi.

Саулен болса кеуденде,
Мына созге коніл бол, –

деп жаны уйкыдагы адамдарды оятуга умтылады. Бiрак кокiрек козi жабык адамдардын рухани дуниенi кабылдауы оте киын. Сондайларды корiп кынжылган акын былай дейдi:

Егер саулен болмаса,
Мейлiн тiрiл, мейлiн ол.
("Саулен болса кеуденде", 1888 ж.)

Маселе сонда, ретсiз бейберекет омір суретiн адамдар оздерiнiн омірiн бiр калыпка салатын ешкандай  реттегiш тартiптердi устанбайды, Сондыктан оздерiне тан мiндеттердi де дурыс орындамайды. Сойтiп отбасында аке, шеше, бала табиги міндеттерін, ал когамда ар адам оз кызметiне байланысты  мiндеттердi  толык  аткармайды. Ал бул жеке адамнын да, букiл когамнын да дамуына орасан зор зиянын тигiзеді.

Рухани денгейi томен болгандыктан, олар жаксы мен жаманды айыра білмейді. Сондыктан олар нені істеп, ненi кою керек екенiн де бiлмейді. Тапкан табыстарын дурыс устаудын ретін білмегендіктен, олар унемі жокшылык кысымында болады. Олар барлык омірін жокшылыктан арылуга арнаса да, канагат болмагандыктан, даулет сезіміне ешуакытта болене алмайды.

Кокіректе сауле, конілде сенім жок адамдарда iшкi, сырткы тазалык та, адептi мiнез де, шындык та болмайды. Олар тек кана оз карабасынын камын ойлап, оз кулкынын гана ойлагандыктан адамгершiлiк талаптарын да жиi аякка басады. Аз iстеп, коп алуга умтылып, жалкаулыкка, молшерден артык уйкы мен тамак жеуге салынады.

Абай озiнiн ушiншi кара созiнде оларды былайша сипаттайды: "Хамма галамга белгiлi данышпандар алдекашан  байкаган:  арбiр жалкау кiсi коркак, кайратсыз тартады; арбiр  кайратсыз, коркак мактаншак келедi; арбiр мактаншак коркак, акылсыз, надан келедi; арбiр акылсыз надан арсыз келедi; арбiр арсыз жалкаудан сурамсак, озi тойымсыз, онерсiз, ешкiмге достыгы жок жандар шыгады".

Санасы томенгi сатыда турган адамдардын касиеттерiн будан шебер суреттеудiн озi мумкiн болмас, сiра. "Бойы булган" оленiнде осы тектес адамдарды коргеннен-ак "беттi бастым, катты састым, тура каштым жалма-жан"– деп ондайлардын бет-бейнесін ашып береді. 

Абайдын бул сатыдагы адамдар бейнесiн жасаган шыгармаларын окып отырып осынын барлыгы тек казак халкына гана тан нарсе екен, акын оз халкын неге мунша жерiне жеткiзе сынаган, деген ой тууы мумкiн. Бул, арине, жансак пiкiр.

Улы Руми корсеткендей, даму денгейiнiн томенгi сатысында тургандар букiл адамзат кауымына ортак корiнiс. Булар – бiр халыктын гана корiнiсi емес, букiл адамзат кауымынын корiнiсi. Фани омірдiн зандылыгын корсететiн кубылыстардын бiрi. Абай мурасы жалпы омір зандылыктарын ашуга багытталган, сондыктан оны белгiлi бiр халыктын, не болмаса дiннiн тар шенберiнде карастыруга болмайды. Оны адамзат кауымы, керек десеніз, букiл болмыс тургысында карастыру керек.

Фани омірдi дурыс тусiне бiлген Абай тарiздi данышпандар онын зандылыктарын толык біліп, жаксы-жаманын анык кореді. Олар омірдін алды-артын коріп-біле білгендіктен, кокірек козі жабык копшілікке рухани устаз ретінде журттын козін ашып, алдарындагы кездесетін кауыптарга урынбау ушін оларга ескертулер береді.

Бірак карангы копшілік оларды унемі тындай бермейді. Оладын бул мінездеріне жандары ашыган рухани усаздар, арине, буган капа болады. Сондыктан, Абай "Кор болды жаным", "Ішім олген сыртым сау", "Саулен болса кеуденде" тарізді олендерін жазды. Копшіліктін кылыктары мен касиеттері туралы ойшылдын озі отыз жетінші кара созінде былай дейді:

"Сократка у ішкізген, Иоанна Аркті отка ортеген, Гайсаны дарга аскан, пайгамбарымызды туйенін жемтігіне комген кім? Ол – коп, ендеше копте акыл жок. Ебін тап та жонге сал." Жонге салу Абайга емес, ен ауелі коптін озіне керек. Бірак копті жонге салу кайдан онай болсын!

Абайдын озі бул туралы бірнеше оленінде келтіріп, "Масгут" поэмасын да жазды. Копшіліктін тезірек надандык уйкысынан оянулары ушiн олар оздерінін коріп-білгендерін жанга батыра ашык айтады. Бул жан ашыр мейірімді акенін адеті. Абай біздін журттын рухани акесі болды. Сондыктан, кемшілікті адамнын жанына батырып айтуга хакылы дейміз. 

Данышпаннын созінше  шын сыннан журекке кайрат бiтiп, ол уйыктаган ойды туртедi. Осылай акыннын оз журтын сынаганы жек коргендiктен емес, керiсiнше оган камкорлык корсетіп, дурыс жол сiлтеу ушiн жасаганы угыныкты болса керек. Ал оз халкын акыннын кандай жаксы корiп,  ол ушiн кандай кам жейтiнiн, "Калын елiм, казагым, кайран журтым!" деген тебiренiсiнен-ак  жаксы бiлемiз.

Жалпы Абайдын копшілік туралы ойы откен дауірдегі коммунистік козкарастан болек. Абай адамзат тарихында жеке тулгалардын ролін "Единица болмаса не болады онкей нол?" – деген оймен оте жогары кояды. Кайраты мол Абай тарізді данышпандар адамзаттын жол сілтеушісі.

 Бірак копшілік улы адамдардын озін де толык кабылдай бермейді. Кайраты алсіз тулгалар копшілікке карсы тура алмай, тобырдын ыркымен журіп кетеді. "Коп айтса конді, Журт айтса болды – Адеті надан адамнын" – дейді Абай. Бул туралы Абайдын озі "Масгут" поэмасында суреттейді. Поэмада халифанын уазірі Масгутка тунде тусінде Кыдыр ата аян береді:

– Ей, балам, пален куні жауын жауар,
Сол жауыннын суында кесапат бар:
Жеті кун жынды болар суын ішкен,
Жеті кун откеннен сон жане оналар.

Осыны естіген сон халифа мен уазір оздеріне жетер суды алдын ала куйып алады. Ал копшіліктін акылы ауады.

Болган сон уаде кун жауын жауды,
Судан ішкен жынды боп, акылы ауды.
Куні-туні шуласып таласады,
Умытты тамак жеу мен жане уйыктауды.

"Уйіне бар, уйыктандар!" – деген ханды жынданган копшілік "– Хан мен уазір акылдан айырылыпты, Олтірейік екеуін, жынды екен", –  деп халык "Олтіргелі ордага кайта журді". Олімнен корыккан халиф пен уазір олар да жынды суды ішіп алады.

Екеуі жынды судан ішіп салды,
Кутырып коп алдына жетіп барды.
Онкей жынды, байкамай айтыппыз деп,
Кулдык урып, буларга коп жалбарды.

Сонымен бет-бетімен таркап кетті,
Айтеуір, таркайтугын уакыт жетті.
Кордін бе, коп тентектін кылган ісін,
Еріксіз есті екеуін есер етті.

Коптін барі осындай мысал етсен,
Коп айтты деп алданып, уагда кутсен,
Гапіл болып коп нарседен бос каласын,
Андамай коп созімен журіп кетсен.

Акыннын осы поэмасынан коп гибрат алуга болады. "Жауыннын суы" дегенді кунделікті фани омірдін адам болмысын былгауы деп угатын болсак, онда сол жынды суды ішіп жынды болган адамдарды казіргі бейберекет омірін откізіп журген бейшаралармен салыстыруга болады. Дені сау адам дурыс жолга салайын деп оларга акылын айтса, олар "Хан мен уазір акылдан айырылыпты, Олтірейік екеуін, жынды екен" деген кылык корсетіп карсы арекет жасайды.

Кайраты жетпеген адам бундайда "Кутылар хал болмады мына дудан, Біз де ішпесек болмайды жынды судан" деп озінін адетін бузып, копшілікке еріп еріксіз есер болуы керек. Осынын карапайым мысалы ретінде кенестік дауірде тамыр жайган маскунемдікті алуга болады. Ол кезде копшілік арасында "Арак ішпеген адам – не ауру, не болмаса акымак" деген кагида елді озіне иіріп алды емес пе.

 Сонын салдарынан жаппай маскунемдік салты жайлап, кейбір елдер одан алі шыга алмай жур. Мундайда копшілік ыркына конбеген бірен-сарандар, Шакарімнін тауга кеткені тарізді, копшіліктен мулде болініп кетуі керек.

Абай iлiмi салауатты омірдiн негiзi имандылыкта деп тусiндiредi. Алла тагала жанды бiртiндеп тазартып, озіне кайтару ушiн оган дене бередi. Жан озiне берiлген дененi тиiмдi пайдаланып, озiнiн калау-ниет, кумарлыктарын тежей бiлiп, белгiлi бiр арнада устап отыруы керек. Бiрак, окiнiшке карай, фани омірдiн асерiмен тан жаннын ыкпалынан шыгып, жаннын озiн баскарып кетедi.

Сол кезде адам жетiлудiн орнына кулдырамак. Жан ауелден бiлiмге толы болгандыктан кай кай адам да омірiне керегiн бiлiп, танiн баскара алады. Бiрак оны фани омірдiн шелi каптагандыктан, ягни кiрi баскандыктан, материалдык муктаждыкка бой алдырып бул касиетiнен айырылады.

Жаны уйкыдагы адам омірдiн томенгi денгейiнен шыга алмай калады. Сондыктан максат – кокiрекке сауле тусiрiп, уйкыдагы жанды ояту. Денсаулыктын iрге тасы болып табылатын салауатты омірдiн негiзi, міне, осы.

Адамнын жетiлу жолындагы жететiн денгейi онын санасынын ояну дарежесiне байланысты. Адамнын сана-сезімі негурлым ояу болса – онын рухани денгейi солгурлым жогары болады. Ол ушiн рухани бiлiм алып рухани жолга тусу аркылы кокiректi тазарту керек. Сонда журектiн козi ашылып, жан оянады.

Рухани бiлiмi суалып озінін улттык салт-дастурі мен имандылыгынан айырылган томенгi  сатыдагы адамдар салауатты омірдiн когамдагы кабылданган моральдык-этикалык, адамгершiлiк, кейде тiптi озiнiн денсаулыгына комегi бар карапайым кагидаларын да бiле бермейдi. Осынын барлыгы бурынгы атеистiк Кенес Одагы курамына енген мемлекеттерде, онын iшiнде бiздiн республиканын бугiнгi жагдайында жаксы корiнедi.


Рецензии