Шамшiнiн аракты коюы

"Созде сикыр бар, ал оленде даналык бар".    Пайгамбарымыз Мухаммед (с.г.с)

Шамшінін мол арманынын бірі – Кокшетауга барып, озі кудайдай табынатын Акан-серінін басына тауап ету болатын. Ауылды жерде осіп, казаки ырымга катты сенетін ол, канша босіп жургенмен жасы улкендердін алдында еш абестік корсеткен емес. Сондыктан да ол ішер арагын Алматыда ішіп алды да, Аканнын ауылына сап-сау боп барды.

Акан-серінін бейіті «Теренколдін» дал жагасында. Колге тонген ну орман бейітке тым такала бермей, жагадан сал кашыгыракта. Агашты мекендеген кустар да тым жакындай бермей, жагадан сал кашыгыракта.  Кол бетінде жыбырлаган толкындардын шуылы бул жерде білінбейді. Мола басы тып-тыныш. Бар омірі серілікпен, думанмен, кугынмен откен Акан осы жерде мангілік тыныштык тауыпты.

– Ассаламуалейкум, асыл ага, акын ага! – деген Шамші, Аманкелді, Еркештердін дауыстары бірдей шыкты.
Мола буларга байсалды унсіздікпен жауап бергендей болды.

– Ага алыстан келді... Сенін басына келіп, басымды иіп, тізе буккелі келдім,– деді Шамші даусы дірілдей шыгып.

Мола тагы да унсіздікпен кабыл алды.

– Алыста журсе де, сені ешкашан есінен шыгармаган, сенін аруагына шын пейілмен бас иген баланнын ак журектен шыккан салемін кабыл ал, ага! – деді Шамші.

Мола тагы да унсіздікпен кабыл алды.

– Балалар, тізе бугіндер, Куран окып жіберейін, – деген дауыс сал басен, сал таргылданып шыкты осы кезде олардын ту сыртынан.

Булар жалт караган еді. Бакене бойлы, шагын денелі кара шал тізерлеп кетті де, «агузубилланы» агыта жонелді. Шал уніне кулак салсаныз, ол Куран емес, ан. Буларга тусініксіз болганмен, кулакка жагымды естілетін бейтаныс создер тындаган адамды тыныштыкка, бейілдікке шакыргандай болады. Кураннын ун ыргагына тенселіп отырган шалдын не багыштап, не жоктау айтып отырганын ажырата алмайсыз, – екеуі де бар.

– Мен мына жаткан иманды болгыр серінін моласынын шыракшысымын.  Ата-жонім Лекеров Мажит. Биыл сексеннін екеуіндемін, – деді шал Куран окып болып.

Шамші барып кол алды.

– Сері кайтыс болганда мен он сегіз жастагы кылшылдаган жігіт едім. Сері мына біздін ауылдагы апкесінін уйінде жатып, кысты куні дуние салды. Жер тон болатын. Оны ойып, мола казуга біздерді жіберді.

Шамші бейітке жалт караган еді, цемент тугырда «Акан-сері Корамсак улы, 1840 – 1910 жылдар» деген жазу бар екен.

– Мына тас серінін басына ушінші рет орнатылып отыр. Будан бурын агаштан салынган екі белгі мына тоніректегі орман ортенгенде от тиіп, бірге ортеніп кетті, – деді шал созін жалгап.

– Бул ауылда Серіні жерлегендерден казіргі козі тірісі – жалгыз мен. Бейіттін касынан жаман уй салып алып, Серінін басына шырак жагып отырмын. Ол кісіні козі тірісінде катты силаушы едім, енді олгенде де борышымды аткарып отырмын. Мен коз жумган сон, кімнін шырак жагатынын білмедім.

Шалдын даусы тебірене шыкты да, ол дауыска Шамшінін журегі кунірене ун катты. Арманда кеткен асыл агасынын козін коріп, онын анін оз кулагымен естіп, оны оз колымен жерлеген адамды коргенде Шамшінін козі бірден булдырап, аспан бірден алыстап, дуние арлі-берлі тенселіп кеткендей болды... Ол мола басына етпеттеп жата калды да, бейітті кушактаган куйі еніреп жылап коя берді.

Жылаудын да жылауы бар, достарым. Біреулер окініштен, екінші біреулер сагыныштан жылайды. Біреулер урлаткан дуниесін азалап, тагы біреулер жогалткан асылын іздеп жылайды... Ал, Шамші ешкашан орны толмас жане ешкашан кайталанбас ерекше дарын иесінін жыгылган туын арі карай котеріп акете алам ба, деп жылады, достарым!

Осы кезде, о гажап, алдекімнін:

– Уа, Шамші, бул – сенбісін? – деген дауысы дал касынан естілді.

Шамші шапшан басын котеріп, жалт караган еді, мола басында ешкім жок, жалгыз озі. «Бул бір аншейін елегізу» деген ой кірген Шамші енкейген еді. Алгі дауыс кайтадан естілді.

– Уа, Шамші, котер басынды, тур орныннан. Тірі адамнын олгеннін жогын емес, тіршіліктін камын ойлаган абзал.

Шамші тагы да жалт караган еді, дал касында буалдыр туман арасында турган секілденіп, тек сулебесі корінген алдекім тур.

– Акан... Акан ага! – деп айкайлап жіберді Шамші.

– Иа, бул – мен. Сен шын жыладын. Мен сонсын келдім.

Шамші орнынан елбендеп турамын деп, талтіректеп кулап кала жаздады.

АКАН: Кимылында кібіртік бар. Сен мундай осал ма едін, Шамші?

ШАМШІ: Адам туа осал болмайды. Оны омір осал етеді, Акан ага.

АКАН: Сен, немене, оміріне окпелісін бе?
ШАМШІ: Жок, ага. Ризамын омірге. Маган аннен канат бітірді. Мен анді оміріме серік еттім, сойте тура, коркамын. Талтіректейтінім сондыктан.

АКАН: Неге олай дейсін, Шамші? Неден коркасын?

ШАМШІ: Анімнін гумыры узакка бармай ма деп коркамын. Ан-жырымды келер урпак есіне алмай ма деп коркамын.

АКАН: Кезінде баріміз де содан корыкканбыз. Ар аншінін басында бола беретін нарсе ол.

ШАМШІ: Жок! Жок! Баскадан, баскадан коркамын мен! Мен тугілі, сенін де андерінді бажылдак унмен басып кететін баска бір барылдактан коркамын.

АКАН: Екеуміздін заманымыз екі болек. Мен сені тусінбедім.

ШАМШІ: Мойнына домбыра орнына гитарасын асып алып, сакалы желкілдеп, узын шашы кобырап, тілі курмелтіп, уні туншыгып, безгек болган кісідей калтырап, шожедей шырылдаган жастарды коргенде мен де бар дуниеден туніліп, айдалага безіп кетем. Болашагымнан, болашагымнан коркам, Акан ага!

АКАН: Аракты сондыктан ішеді екенсін гой?

ШАМШІ: Жо... Жок... Жок-жок... Аракты омірдін азабынан ішемін. Унемі сыбагамнан кагылам... Козіме мактап, сыртымнан тас атады... Анім самгаган сайын жолым кесіледі... Орге жетелеген болып, білдірмей корге суйрегендер ішпесіме коймайды, Акан ага!

АКАН: Болмадын Шамші! Болмадын. Мен сені мыкты деп білетін едім.

ШАМШІ: Арсыздык устем алган, аяушылыкты білмеген бул омір менен де мыкты Аблахатты, менен де биік Мукагалиды акетті. Кезек  маган да такалды. Мен мунымды шага, коштаскалы келдім ага!

АКАН: Жок, коштаспаймын. Ел-журтына айтар анінді айтып болган жоксын. Анін аскактап турганда, мундай осалдыкты умыт сен. Батам сол, куресе біл. Жыгылсан жер котереді, тек анін кулдырамасын... Кызганшактар туніліп – оздері ішсін. Аумин!

Осыны айтты да Акан сулебесі гайып болды. «Акан ага!» деп айкайлап Шамші калды. «Бул не? Онім бе, тусім бе?» деп, озіне келе алмай біраз турды. «Ойбай-ау, мен неге куйінем? Мен неге тунілем? Анім шыркаган шакта неге ішем?», – деген даусы катты шыкты... Шамші Акан-серінін ауылынан арак деген аурудан мулдем арылып кайтты.

Бул 1977 жылдын коктемі болатын.

Шамші осыдан сон омірінін акырына дейін арак атаулыны аузына алмай-ак кетті. Ол Кокшетауга баргандагы тагы бір шаруасы – сондагы психиатр-дарігер досы Аманкелді Сурагановтын карамагында болып, арактан емделу еді. Бірак, аяулы агасы Акан-серінін аруагы оны еш кандай ем-домсыз-ак айыктырып жіберді. Шамші «Теренколге» барганда, онын касында болган акын Еркеш Ибра;им бул гажап окига жонінде олен-новелла жазган-тын. Ал, Акан-серінін моласындагы шыракшы картпен Шамші одан сон жолыккан жок. Бірак, омірінін акырына дейін сол картпен бірге суретке туспедім-ау деп окінумен отті...

Оразбек Бодыков: «Шамші Калдаяков хикаяттары», – Казакстан Жазушылар одагынын «Шабыт» баспасы – Республикалык «Дауір» газет-журнал баспасы Алматы, 1992. 52 бет.


Рецензии