Шакарiм кенес окiметi дауiрiнде

УІІІ.   КЕНЕС ОКІМЕТІ ДАУІРІНДЕ

Жабык когам жане онын салдары
       Алкисса. “Россия болса анасы, Казак – жап-жас баласы” (Шакерім) болганымен, кіндік Ресей саясаткерлері аналык камкорлыктан аман болды. Кайта шамасы келгенше жас бала казакты улестен кагып, ак болсын, кызыл болсын “Сака айгырдай аркырап” (Шакерім) куып тастауга даяр турды.
       Маселен,1918 жылдын екінші жарымында болган окигалар Алашорда мен Кенес окіметі арасындагы келіссозге есікті тарс жапкан болатын. Осыган карамастан 1919 жылы атаман Анненковтын атты аскері Семей каласын басып алганында, кызылдарды гана емес, Алашорданын кайраткерлерін де жазага тартуга буйрык бергені малім.
        Осы жылдын 1 желтоксанында Семей облысында Кенес укіметі тупкілікті орнады.  «Сарыарка», «Алаш», «Жас азамат» газеттері мен М.Ауезов пен Ж.Аймауытовтын редакторлыгымен айына бір рет жарык коріп турган “Абай” журналы «ултшыл» деген айыппен жабылды. Бір жарым жыл жасаган Алаштын жолы жінішкеріп барып, осымен біржола узілді: Казревкомнын каулысына сайкес Алашорда таратылды.
        Казак даласында билік Кенес окіметі уысына тускен сон, улт зиялыларынын алдында екі турлі жол турды: бірі – саясаттан мулдем іргені аулак салу, бірі – жана окіметпен тіл табыса журіп, ел болашагына кызмет кылу. 1919 жылдын 4 сауірінде Букілресейлік ОК-нін Алаш козгалысы басшыларына кешірім жасау туралы шешіміне орай, алаш арыстарынын дені екінші жолды тандаган еді. Асіресе, алаштын екінші толкын окілдері (С.Смагулов, Н.Нурмаков, М.Ауезов, А.Ермеков т.б.) улкен лауазымды кызметтерге келген болатын.
       Жа, улт зиялыларынын ары карайгы килы тагдыры баршага аян, оган токталу біздін міндетке кірмейді.
       Шакарім омірінін кенестік болігі калай отті? Бізге осыны жеткізу міндет.
       Бірак кейіпкеріміз букіл адамзат санасы биігіне шыккан Шакарімдей улы тулга болгандыктан жане онын тагдыры букіл  халыктын тагдырымен астасып жаткандыктан болган нактылы окигалар мен кубылыстарды баяндаудан бурын 73 жыл жасаган кенестік дауірдін философиялык тужырымдамасы  деген такырыпты козгауды жон кордік. Ойткені, ауелі жалпы панорамага шыркау биіктен коз тастамай турып, бірден такырыпка кіріссек, коп жайлар бугінгі урпакка тусініксіз, булдырлау калатын сиякты.
       Бугінгі уакыт тугырынан кешегі кенестік дауірдін киялдан туган когамдык курылымды орнату тажірибесі болганын алаканга салгандай коріп, біліп отырмыз. Бір кішкене гана елдін колемінде оте ме, жок алде жер шарынын алтыдан бір болігінде оте ме, тажірибенін аты тажірибе емес пе. Социалистік дауірдін парадокске толы болуы да сондыктан.
       Маселен, аке­шешесі репрессиянын жазыксыз курбаны болган бір булдіршінді «барлык халыктардын акесі» Иосиф Сталин жолдастын колына алып, аялап, аймалап турган фотосурет ага урпакка жаксы таныс.  Барша совет халкынын тагдыры да сол булдіршіннін тагдырындай. Ойткені, совет халкынын дені ата кормей, акеден ерте айырылып, жетім­жесір болып ості. Шанырагы шайкалмаган отбасы некен­саяк. Ащы шындык осы. Себебі, адам омірі кундылык деп саналган жок. Аштыктан жане сталиндік лагерден канша адам кырылганы алі кунге далді малім емес. Ал, Улы Отан согысында  кенестік статистика 30 миллиондай адамнан айырылдык десе, шетелдік сарапшылар бул сан  50 млн. жетіп кулайды дегенді айтады. Батыс Европаны тізе буктіру жоспарын алгаш жасаган адам жанагы «халыктар акесі» еді, ягни сонгы согыска Гитлер жартылай гана себепкер екені айдан анык.
       Остіп, кенестік окімет он колымен оз халкын туншыктырып кынадай кырса, сол колымен айелдер мен балаларга алеуметтік жагымды жагдайды жасап, демографиялык таскынды тудырды. Ескі мадениет олкесінде, адет-гурыпта куйретілмеген дуние калган жок, мысалы, араб ирегімен жазылган жазбанын ушы корінсе болды, бітті «ескінін саркыты» деп  отка салды. Екінші жагынан, улттык мадениетіміздін керегесі кеніп, гулденгенін кайда коямыз.
       Иа, жасанды когамнын кунгей тустары да баршылык болды. Бірак... «Платон менін досым, алайда акикат одан кымбатырак» дегендей, социалистік тажірибенін тым кымбат багага тускенін баршамыз мойындауга тиіспіз.  Таза деспоттык, тирандык мемлекет дуниеге келгеніне бултартпас накты далелдер кенестік империяда тым коп, оган Батыс алемі «зулымдык империясы», ал мусылмандык Шыгыс «капіри каганат» деген айдарды неліктен такты дейсіз...
       Міне осы туста кенестік дауірдін философиялык тужырымдамасы деген маселеге бурайык. Біз гой, адамзат тарихы формация формацияларга (алгашкы кауым, феодализм, капитализм жане социализм деп) болінеді деп жаттап остік, озгені білмей, естімей келдік. Енді катып калган бул догмалык ілім де ескірейін деді. Осы замангы шетелдік галымдар «ашык когам» жане «жабык когам» деген айкын угымдарды гылыми айналымга енгізіп отыр. Бул тын тусінік, жана терминдердін авторынын бірі - агылшын ойшылы Поппер Карл (1902-1994). Ол озінін «Ашык когам жане онын жаулары» атты айгілі енбегінде былайша жазады: «Будан былай магиялык, тайпалык немесе ужымдык когамдарды, біз, «жабык когам» деп, ал жеке адамдар оз бетінше шешімдер кабылдауга мажбур болган когамды «ашык когам» деп атаймыз» (Поппер К. Ашык когам жане онын жаулары. -Алматы, 2004. - 269 б.).
       Карапайым турде айтканда, ашык когам – демократиялык, ал жабык когам – деспоттык мемлекет яки кауымдастак деген магынаны білдіреді.   
       Кыскасы, тоталитарлык режим, яки жуйе атаулынын кай кайсы да (монархиялык, диктаторлык, асіресе тирандык пен фашистік) жабык когам. Неге? Себеп: бул жагдайда адам омірінін куны сокыр тиын. Ал, реформа, озгерістер тек коркытуменен я зорлык-зомбылыкпен гана іске аса бастайды. Ягни жабык когамнын «жабык» болатыны, ол азаттыктын, еркін ойдын кас жауы. Мадениетке, адам болмысына карсы дуние алдына кандай адемі максатты койып, сыртын калай жаркыратсан да ішкі жагы сол суйкімсіз калпында кала бермек. Озгертуге ешкім де дарменсіз.
       Рас, адамзат тарихында демократиялык жане тоталитарлык биліктердін кун мен тун сиякты алмасып отырганы жаналык емес. Бірак сарапшы галымдар демократиялык багытка кошін тузеген елдін гана упайы тугел: бугіні берекелі, ертені жаркын деседі. Маселен жана аты аталган К. Поппер озінін когамнын даму жолдарын саралаган енбегін былайша корытады: «...Біз жануар калпымызга оралуымыз мумкін. Дегенмен, егер біз адам куйімізде калгымыз келсе, біздін алдымызда тек бір гана жол - ашык когамга апарар жол бар. Біз озімізде бар акыл есті колдану аркылы кауіпсіздігіміз, сонымен бірге еркіндігіміз іске асуы ушін алдыга  - белгісіздікке, беймалімге карай козгала беруге тиіспіз» (сонда, 269 б.).
       Сонымен, ашык азаматтык когамнын жаулары: акыл - парасатты жокка шыгаратындар, ягни демократиялык институттарга сенбей, кушке гана сенетіндер. Жане бір аныгы, ашык когам угымынын мані, мазмуны екі гана нарсеменен: жеке адамнын азаттыгы мен жеке басынын кукын барінен жогары туруга тиісті. Бул екеуі жок жерде алеуметтік аділет, саясат тілінде, демократия бар деу отірік соз.
        Рас, демократиянын машакаты орасан, бірак адамзат одан тауір «ештене де ойлап таба алган жок» (Черчиль). Алемдік тажірибе, айтеуір, конститутциялык-демократиялык зан талаптарына сайкес омір суретін когам гана оміршен екендігін далелдеп-ак келеді. Отанымыз Казакстан да бугінгі танда оз тандауын осы багыттан тапканын алемге паш етіп отыр. Демек, бул келешекке нык сеніммен карауымыздын бірден бір кепілі.   
       Сорымызга карай, 1917 жылгы Казан тонкерісінен кейін Казакстанда, жалпы кенестік кеністікте  социализмге емес, іс жузінде «жабык когамга», уйреншікті тілмен, тоталитарлык жуйеге оту процессі басталып кеткен еді.      
       Жабык когамнын таза бір корінісі, туындысы – шолакбелсенділік. Сондыктан 1925-28 жылдары билік тізгіні журегінде Кудайы жок «шолак белсенді» адамдардын уысына тусуі зандылык болатын. Тарихи тургыдан оган демократияга карсы кубылыс деп бага берсек бек дурыс. Ойткені, шаласауатты адамдар мен арыны басылмаган албырт жастардын канды какпаны шолакбелсенділік - жабык когамга отудін механизмі, куралы болды. Бул шындык. Ол жай кубылыс емес, жана сенім, жана идеология акелген ой-сана озгерісі. Сызы алі кунге дейін сезілетін, жаны сірі, катерлі кубылыс болуы сондыктан.  Аталмыш кубылыстын азіз Шакарімнін оміріне де, мурасына да тікелей катысы бар деп жумсактамай, создін турасына кошсек, улт данасы Шакарім жабык когамнан туган шолакбелсенділіктін тунгыш курбанынын бірі.
       Оз халкын озі кырып салумен жане унемі мылтыктын унірейген унгісімен уркітумен іргесін бекіткен мемлекеттін гумыры кайбір узак болсын... Кайта осынша жасаганына тан каласын: алысты болжагыш даналар мен аузы дуалы саясаткерлер (орыста Бердяев, казакта Алихан, Ахмет т.б.) тубірлі идеологиясы жок, тек кушке суйенген бул режим узаса 25-30 жылда курдымга кетер деп болжау айткан еді.
       Тагы бір айтарым бар. Баска халыкты кайдам, біздін казак халкы социалистік шындыкпен оте-моте біте кайнасып, кимай коштасты.   Копшілік 1986 жылгы саяси котеріліс кезінде бугып калды, тіпті 1991-92 жылдары да, создін шыны керек, «еркіндік тойы келді» деп боркін аспанга лактырудан алдынгы толкын аман болды. Неге, неліктен? 
        Казактар ушін «социализмге оту» кошпенділіктен отырыкшылык мадениетке отумен далме дал келді, бул бір. Екіншіден, будан да маныздысы, социализм бізге «гайыптан тускен куткарушы» болып жетті. Ойткені, кошпенді журттын алдында халык ретінде сакталу я сакталмау дилеммасы турганы отірік емес. Халкымыздын советтік курылыска деген керемет адалдыгы мен суйіспеншілігін, осынау киялдан туган арі жабык болган алеуметтік  курылымнын неліктен ерекше ыстык болган себебін тусіндірер екі басты жайт, оз білуімше, осылар.
       Енді устіде айтылган ой-пайымнын барін бір сагага тогыстырып корытынды жасайык.
       73 жылга созылган советтік кезенді біртутас деп карау улкен жансактык. Шын манінде ол арасы жер мен коктей екі боліктен турады. Ен ауыр трагедиялык парактар алгашкы болігіне, ягни 1918-1954 жылдарга келеді.
       Далел ретінде согыстардын ішіндегі ен магынасызы арі катігезі ­ азаматтык согысты, онын 1921 жылмен тамам болмай, ашык майданнан жабык турге кошіп жалгаса бергенін, осымен, ГУЛАГ деп  аталган азап лагерінде енбекке жарамды, тепсе темір узетін 5 млн. адам жабулы  болганы айтсак та жеткілікті. Сондай-ак, осыншама адам ресми тілде «сексот» («секретный сотрудник» деген тіркестін кыскарган турі), ал букара халык «стукач» деп атаган косымша кызметте турды. Шакарімше адам аулаудын жумысына «улесін» косты. Бул ішкі согыс емей не. Осыган алапат аштыкты косыныз.
       Сойтіп, кенестік дауірдін ауелгі болігін кызыл канга белшеден баткан сталиндік социализм десек дурыстык. Бул уакыт ешкандай зан-закон болмауымен, ягни адам омірінін куны кок тиын болуымен ерекшеленді.       
       Енді кенестік дауірдін екінші болігіне келсек, бул кездері жаксы-жаман болсын озіндік зандары бар, едеуір биік дарежеде аділетке негізделген когам орныкты, ягни «дамыган социализмнін» шугылалы жактары айкын басым болды. Маселен,  алеуметтік коргау, медицина мен оку-агарту каркын алган, улттык мадениет конілдегідей жаксы гулденген, ен тауірі, керемет демографиялык таскын откен когамды неге ансамаска. Кыскасы, алі кунге кия алмай журетініміз, ыстык корінетін кенестік дауірдін екінші болігі.
        Шыны керек, осынау жагымды озгерістердін тугелі дерлік тек кенестік керемет, яки бізде гана болган жаксылыктар емес, бірінші кезекте алемдік оркениет пен техникалык прогресстін он салдары, ягни біз адам сенгісіз курбандык кылган дуниелерге озге халыктар бейбіт жолмен-ак жеткен еді.
       Француз ойшылы Шарль Монтескье (1689-1755) айткан: «Адамдар карангылык заманында орасан зор зулымдык жасап жатып та коніліне еш кудік алмайды, ал агартушылык дауірінде олар гажайып ізгіліктін озіне діріл кагып зорга барады» деген лебізде жан бар. Озін кенес окіметіне карыздар сезінетін, сонын аркасында «козімді аштым» деп есептейтін адамдар арамызда баршылык. Сонын бірі озім болгандыктан кешегі зулымдык заманы жайында негурлым жумсартып айтуга тырыстым. Ягни жабык когам туралы устідегі пікірлер кешегі кенестік когамга калайда кара куйе жагу тілегінен емес. Тек жабык когамнын, кешегі козіміз корген авторитарлык кенестік дауірдін философиялык тужырымдамасын берудін уакыты жетіп отыр. Жалган нанымнан ерте ме, кеш пе айыгу керек емес пе. Екіншіден, палсапалык шегіністі алдагы баяндалатын окигалар мен кубылыстардын егжей-тегжейін,  фрагменттерін тутастырудын шарты деп білдім.
         Сонымен, кенестік когамды екі сатыга боліп карау тасілі оны дурыс угыну, бугінгі урпакка таныту ушін кажет деген пікірдемін. 

х     х      х      
       Ой алыбы Шакарім кенес окіметі дауірінде 12 жылдай омір сурді. Ягни калыптасып жаткан жана когамды оз козімен корді. Бірак киянатка каны кас, аділетшіл акын кенестік дауірдін саулелі жагына, «алгашкы жетістектерге» кол сокпайды, коленкелі жагы жайлы да «лам-мим» демейді. Себебі:
                Кел, кедей, басын кос жалшымен,
                Байларды койдай ку камшымен, -
деген солакай саясаттын ызылы мен ауені осы он екі жылда тым болмаса бір рет узілсе ше... Мылтык, мылтык жане мылтык! Бул жагдайда ешкімге, ештенеге иілмейтін тубірлі карі емендей дананын Кун косемге де, жана саясатка да буйрегі бура алмаган. Есесіне жабык когам да акылшы абызымыздан ошін алып, танін куркудыкта комусіз калдырды. Ол аздай, акталуы жане асыл мурасынын халкымен кауышуы тым узакка созылды (суйекке салган танбадай бул соракы окиганы келешекке пайдалы сабак болуы ушін арі тагдырдын, тарихтын бугінгі біздерге берген ащы сабагы ретінде умытпаганымыз жон-ау).
       Жана когам озінін алеуметшілдігі, арманшылдыгы, журтты енбекке жумылдыруы жагынан акын коніліне алдебір жылы сезімді уялатса уялаткан да болар, бірак ан емес, адамды аулаган, жеке адамнын ой ойлауына, шешім кабылдауына, азаттыгына титтей де орын калдырмаган сикы, азуын акситкан жырткыштык кейпі сезімтал жанды катты туршіктіргені шубасіз.
Акылын тан калатыны - данышпан мінсіз Жаратушы бар, адамнын рухы мангі, сондыктан жан танді, ар-аділет заны когамды баскарып, менгеруге тиіс  деген ак сеніміне адал болып отті. Мунын бірден бір себебі, алпыстан асканда Шакарім бул негылган мемлекеттік курылым екенін ангарып тани білген дейміз. Ойткені, данышпандык касиет иесіне айналып, ар нарсенін сырына, тереніне бойлай алатын кеменгер хакім, аулие адам сатысына котерілген кезі еді.
Осылайша сананы турмыс билейді деген кагидага сайкес тузіліп жаткан жана когамдык курылымга, жана тартіпке жападан жалгыз карсы туруга мажбур болды. «Жан танді, сана турмысты билемек» деген басты парадигмасынан сынык суйем де ауыткыган емес. Бул турасында: «Еріксізбін», - дейді хакім ойшылдын озі. Сондыктан казактын мандайына біткен аулие адам заман агымына карсы жузуден болатын аяусыз соккынын барін де коріп, мутылгандык пен жалгыздык трагедиясын белшеден кешті. Бірак, бул кажынын адасуы я катесі ме, жок алде мукым кенестік когамнын адасуы кам трагедиясы ма? Кімдікі дурыс? Бугінгі кун биігінен мунын жауабын аркімнін озі берсін деген ойдамыз.   

                Гуламанын Семейдегі ортасы
«Кенес дауірінде де Шакарімнін каламы колынан тускен емес, - дейді К. Мухамедханулы. – Ол коп жазды. Онын шыгармаларынын такырыбынын озін атап, тізіп шыгу бул макалада мумкін емес». Шакарімнін 1920-31 жылдар арасына келетін шыгармалары, бір караганда расында да сан алуан такырыпты камтитындай болып корінеді.   Бірак олардын барі де бір сагага куйып, бір арнада токайласады. Ол адамды тузетудін арнасы, оз созінше, ар ілімі. Сонгы он жылдай уакытта данышпан озінін ар ілімін аягына жеткізу ушін толассыз тер тогеді. «Коркыт, Кожа Хафиз тусіме енді де…» (1931) деген оленінде осы кездегі шыгармашылыгынын жалпы сипаты жайында:
                Бузык адамдарды ак жолга салуга,
                Киянатты корге жабуга,
                Мен акыл мен ойды жумсаушы ем,
                Талай киын істі табуга, ­
дейді кемел акын.
Сойтіп, сонгы он жыл гумырында Шакарім акыл мен ойды  «киын істі табуга» - ар ілімін калыптастыруга, Танірінін хикметін сезуге жумсайды. Ягни жырларынын басты такырыбы осылар.
 Бірак газиз акын туган халкынын омірінен ажыраган да, алыстаган да емес. Уакытпен ундесіп, заманымен уйлесіп омір сурген. Маселен, кыс айларын жапанда жалгыз кешкен кеменгер, озге айларда елмен коян-колтык араласкан, олардын тыныс-тіршілігін, мун-муктажын жаксы біліп отырган. Осыны 72 жастагы карт акыннын котерілістін идеологиялык басшысы деп айыпталуы да айгактайды. Егерде ол барінен бейтарап, харакетсіз - сопы монтаны болып кана отырган болса, алгі созге кім сенер еді.
Ар адам оз заманынын тол перзенті. Ешкімге де кокірегі ыстык дуниеден, тагдыр силаган айнала мен коршаган ортадан кашып кутылу жок. Асіресе, кокірегі ояу, туйсігі назік табиги талант иесінін оз заманынын озгерістеріне бейтарап калуы, ондагы окигаларга толганбай, тебіренбей   карауы мумкін емес.
Олай болса, томенде маглуматтар мен козі корген адамдардын естеліктеріне иек арта отырып, Шакерімнін кала мен  даладагы ортасына кез-кезімен коз жіберелік.
Сол заманда кала мен кыр сахарасында ардакты акынды білмеген, естімеген саяси кайраткер, зиялы я онерпаз аз, яки тіпті жок. Асіресе, 1918 жылдын басынан Алашорда укіметінін соты ретінде Семейде турып, барша оты буркыраган алеуметтік істердін ортасында журген кездердегі акыннын ескі достары А.Бокейханов, А.Байтурсынов, М.Дулатов бастаткан алаш азаматтарынын тізімін келтірсек, ол тым улкен. Ал алаш аксакалы Шакарімге арнайы амандаса келіп, онымен таныс-біліс болган жастар жагы каншама! Сондыктан казір есімдері коп кездесе бермейтін кейбір замандастарын гана атап отелік.
        Ауелі Шакарімнін каладагы ортасы жайында.
       Сол 1918 жылы Алаш каласы (казіргі Жанасемей) тургындары ішінен Шакарім семейлік устаз Хайролла Ибрагимовпен (1881-1966) тыгыз аралас-куралас болган еді деген естелік бар. Ол Уфадагы «Галия» медресесінде Бейімбет Майлин, Маннан Турганбаев, Тайыр Жомартбаев т.б. казак зиялыларымен бірге окып, «имам хатиб уа мударрис» атагын алган адам. Куранды жатка окитын карилыгы да болган. 1918-19 жылдары Семейде ашылган тунгыш бастауыш казак мектептері директорынын бірі (Абай. – 2003. - №4. – 17 б.).
Тінібай мешітіне таяу орналаскан Хайролла устаздын енселі уйі аумагында Семейдін Салмен Байтілеков (Тінібайдын туысы), Каражан Укібаев сиякты ірі байлары турган екен. Мухамедхан Сейіткулов (белгілі абайтанушы К.Мухамедхановтын акесі), Ахмади Оналбаевтар да Хайролламен коршілес болган. Жарык дуниеден откен 1929 жылга дейін Тінібай мешітінін молласы болган Габдылшукір Жасыбеков те Шакарімнін ежелден ескі танысы болганы аныкталып отыр. Удері, Жакия, Белгібай сиякты кала кажылары оз алдына бір тобе.
Оз тургыластары ішінде Шакаріммен силас, достык карым-катынастагы адамнын бірі котібак руынын косемі Жиренше бидін баласы Кулсулеймен (1865-1927) еді. Кулсулеймен (Кулке) Шынгыс онірінде 1911-1921 жылдар би, болыс болган. Семейге коныс теуіп, озінін балалары Білал, Нугыман, Какабай, Шакендерді каладагы мектеп, гимназияларда окытып, зиялы азаматтар катарына косады. Ол 1917 жылы караша айында Семей уездік Земство жиынына депутат (Шакаріммен бірге У-ші округ бойынша) болып сайланады. «1921 жылы Мухтар Ауезов пен Кулсулеймен арасындагы ангіменін сан рет куасі болганым бар, - деп жазады Шакарімнін туысы Кулатай Акбердин озінін естелігінде. – Ол ертегі, жыр, аныз, ангімелерді оте коп білетін, парсыша біраз сауаты бар, аздап арабша да сойлейтін, туркі тілдерінін баріне жетік, коп окыган адам еді» (Біздін Мухтар. – Алматы, 1976. –358 б.).
Осы Кулке дуние салганда, онын майітін немере інісі Токкара Семейден Шынгыс ішіне жеткізіп, Жиренше шешеннін бейітіне жерлейді. М.Ауезов «Абай» романына естелік жинап, Шынгыс тауы ішін аралаганында касына ерткен шежіре кісінін бірі - Токкара Жомартулынын (1893-1986)  айтуынша, Кулкенін    жаназасын Шакарім кажынын озі шыгарган. Жаназа окырдын алдында: «Маркум Кулсулеймен мусылманшылыгы берік, озбырлыкка жол бермейтін аділ, шыншылдыктын адамы еді, - дей келіп, - булайша арулап паниден бакига жонелтудін ак олімі біздерге буйырмайтын да шыгар-ау», - деп катты толганыста болып, замандасы арі аталас туысы аруагымен кешу сурасып, хош айтыскан екен. Кажынын осы толганысы журтты ан-тан калдырган. Ойткені, заман азірге тыныш. Когамды ойпыл-тойпыл кылган кампеске науканы мен аштыктын такап калганын кім білген?! Арине, артынша аулиенін сауегейлік созі «е, болжаган екен-ау, жарыктык» деп азага жиналган коптін жадында мангі жатталып калады.   
      Корыта келгенде, соз етілген Семей шакарында Шакаріммен пікірлес, дамдес болган тулгалар озіндік бір ортаны кураган еді. 
       1924-27 жылдары Ахатпен бір курста окыган Т. Мусиннін 1988 жылы Семей облыстык газеттері беттерінде жарияланган естелігі бар. Онда: «Акын Шакерім адейі арнап біз окып журген техникумге уш марте ат басын тірегенін бугінгідей білемін», - дей келе, баксак, ол біз ойлагандай, Ахаттын сабакты калай улгеріп жургендігін білуге емес, білікті устаздармен кездесіп, сухбаттасып, пікір алысуга келеді екен деп жазады Толеужан аксакал..
      Абай жарыктык:
                Алыс­жакын казактын барін кордім,
                Жалгыз­жарым болмаса анда­санда, ­
демей ме. Сол сиякты Шакарім де оз заманынын озык тулгаларын, казактын окыгандары мен калам устаган азаматтарынын барін дерлік коріп білгенін жогарыда айттык.  Сонын бірі ­ Машкур Жусіп Копеев (1858-1931).
       Шакарім мен Жусіп бір жылдын толі, дуниеден де бір уакытта озады. Жалпы казактын екі дарабоз тулгасынын тагдыры мен онерінде акылын тан каларлык керемет уксастыктар мол.
       Машкур Жусіптін омір дерегінде: «1896 жылы Жидебайга барып, Абаймен кездеседі» деген малімет бар (Пазылов Е. Машкур Жусіп Копеев.      –Екібастуз, 2007. – 179 б.).  Демек, Шакаріммен таныстыгы да осы кезден болуы мумкін.   
        Ал баянауылдык олкетанушылар А. Толепберген жане А.Смайылов оздері жинаган естелік ангімелерге суйене отырып, курдас акындар Мусанын асында тагы баска жагдайларда торт рет кездескен дегенді айтады.   
       Сонгы кездесу былайша баяндалган: «Бір жылы Машкур Жусіп Копейулы мен Шакарім кажы бір дастархан басында кездеседі. Кыска да болса біраз ангімелеседі. Кетерінде аулие:
      ­ Аумалы­токпелі заман келе жатыр, біреуміздін ажалымыз Алладан, біреуміздін ажалымыз адамнан болар, ­ депті. Сонда Шакарім:
       ­ Пешенемізге жазылганды корерміз, ­ десе керек». Осы кездесу Семейде откен, сіра.  Машкур Жусіп:
                Бухар, Ташкен, Самаркан, Туркістанды,
                Бір тугіл, уш­торт барып тамаша еттім.
                Нура жайлап, Есілді кыстау еттім,
                Арлі­берлі Шу менен Сырдан оттім, ­
деп озі айткандай коп саяхаттаган адам.  Демек, мына турган Семейге алденеше келгендігі, сол кездері Шакаріммен сухбаттасканы бугінгі біздерді тан калдырмаса керек. Кездесу орны Семей болар дейтінім, Машкур Жусіп 1920-шы жылдары Шынгыстау жеріне келді, болды дегенді естелік создерден кездестіре алмадык.
Жа деп, енді абыз акыннын кырдагы ортасына келейік. 


Гуламанын кырдагы ортасы
1920 жылдардын басында Шакарім осіп­онген байтеректей жайкалган улкен шанырактын иесі болатын. Жаз жайлауда барлык ауылдар Баканаска кошіп келген кезден Шакарімнін шошаласы кайнаган омірдін ортасына айналып отырган. Шакарімнін немерелері ішінен Камила Гафуркызы озінін сегіз беттік естелігін жазып калдырды. Камиланын созінше, Шакарімнін агасы Шакенін немерелері де кажыны «оз атасы» санап, улкен уйді тоніректейді екен.  Бір жолы Шакенін Дудіриінін баласы Багдаулет калындык акеп ауыл дубірге толады. Елдін барі калындыкты коруге асыккан, ойткені, ол татар кызы екен. Шакарімнін балаларды жаксы коретіні соншалыкты осындай жагдайдын озінде бізге кішкентай балаларга коніл боліп, уйге кіруге руксат етті арі ар балага адеттегідей озі кептірген жиде, каракаттан улестіруді де умытпады дейді Камила.
Ол кездері ауыл айелдері косактап кой сауады екен, он жасар Камила айелдер алі келе коймаганын пайдаланып, койды саууга бурыннан кызыгып жургендіктен, бір саулыктын желінін ебедейсіз устай бергенінде коршаудагы букіл кой дур етіседі. Осы кезде атасы Шакарімнін санк етіп, койды кайырган дауысын естиді. Сойтсе ол кісі киіз уйдін касында Камиланын кылыгын баганадан білдірмей бакылап турыпты. Сондагы атамнын создері мен мейірімге толы акжаркын кулкісі менін  жадымда мангі баки жатталып калды деп жазады естелік иесі.         
Енді ангіме арнасын атка мінер жастар жагына бурсак, олар шежіре акынды умытпай, ат басын арнайы тіреп отырган. Бір кездесуді Ахат аксакал былай деп есіне алады: «Ел жайлауга шыгып бара жатканда, «Барлыбай» деген коныста (Барлыбай – Шынгыстан агатын шагын озен – А.О.) бір топ адам келді. Олар акейге салемдесіп, ангімелесіп, кешке дейін отырды. Келгендер – Турагул, Архам, Бердеш, Дудіри, Медеухан. Булар Кунанбайдын немере, шоберелері. Котібактан – Орынкожа, Кенжебек, Жігітектен - Азімхан, Бокеншіден - Алімбет, Торгайдан – Толепберген, Тумабай, Бакеннен – Акымбай, Рахымжан, Анеттен – Балаш, Карімкул. Булардын ішінде акейден кіші болса да, тургыласпын деп калжындаса беретін созшен, ожет Байсалдын баласы – Орынкожа.
Сол Орынкожа акейге: «Біздін келген шаруамыздын алды – Сізді коріп амандасу. Арі Сізден сурамак екі созіміз бар. Біріншісі, осы отырганымыздын кайсымыз адал?», - деді. Акей ойланган жок. «Ен адалдарын - Архам. Ол туптеп келгенде адалын айтады, адалына токтайды. Озінін кол астындагы кіналі жолдас, достарынын кінасін айта алады. Арамын арам дей алады. Ол партиянан кетіп калады гой деп, кысылмайды. Кетсе окінбейді, ак ісінде табан тіреп кала алады, бул Архамнын адалдыгын корсетеді», - деді. Архаммен курдас Бердеш (Азімбайдын баласы, Такежан немересі, сол жылдары болыс болган – А.О.): «Архам адал болайын, адалдыкты устайын деген жок. Ол партия кумар емес, болыс болу колынан келмейді. Сондыктан оган жолдастын да керегі жок. Тек козге адал корінейін деп кана істейді», - деді. Акей куліп: «Жок, Бердеш! Егер Архам сендей болыс болса, сенен артык болар еді де, елге кадірлі болар еді. Архамнын адалдыгы озіне тан, туа біткен адалдык. Журе адал болатын да адам болады. Архамда кулык, бултактау, отірік айту, кезен асырып жіберу жок, шын адал!», - деді. …Орынкожа: «Архам адал дегенінізге ешкім таласпайды, кажы. Енді кім шешен, соны айтынызшы?», - деді. Акей: «Сенін бул сурауына айтатыным: осы отырган сен шешен! Бірак сенде екі мін бар. Бірі – даудын ен алді, утымды жерін алдына салып жібересін. Жыгар утымдысын артына сактау керек. Жане сен дауласканда, жанаспайтын жанама создерді косып жібересін», - деді.
Орынкожа: «Дурыс айтасыз. Бірак менін дауласатын, айтысып, тартысатын кісілерім кім? Осы отыргандар, не осылар сияктылар. Булардын жайы маган белгілі. Сондыктан, шуу дегенде утымды, алді создермен тобеден ургандай урып жыгам, булар ештене таба алмай тілі буылып калады», - деді. Отыргандар катты кулісті. Тагы Орынкожа: «Егер менін айтысатын кісім булардай болмаса, мен оны байкап, салмагын олшеп алам. Ол адам алді корінсе, сіз айткандай кажасып келіп, жыгар жерім жетті-ау деген жерде, утымды, алді, кушті созді сонда гана колданам. Кушті туйіндісін аягына сактаймын», - деді.  «Кажы! Екінші созге айтарым, Сіздей акын, жазушылар ангіменін болар уакигасын бірден бастамай, «сылдырап озен агып жатыр, шоп жайкалып тур», - деген сиякты создерді ангімем гулденсін, турленсін деп косатын сияктысыздар. Мен де дауым отімді болсын деп, жанама создер косатыным рас. Бірак теріс кетіп, не отірік косып, утылып калудан сактанамын», - деді. Журт жане кулісті. Акей: «Орынкожанын осы айткан екі жауабынан-ак тауып айткыштыгы, шешендігі байкалып отырган жок па? Шынын айтсак, «Архам – адал, Орынкожа – шешен», - деді. Келгендер кайтты».
1921 жылдын жазында болган осы кездесуден Шакерім гуламанын ел омірінін тыныс-тіршілігін жіті кадагалап, кімнін кім екенін жаксы біліп отырганын кореміз.
Онын кісі таныгыштыгы мен корегендік касиетінін мысалы, коп узамай-ак, Архам Какітайулы Ыскаков туралы «шын адал» дегені айнытпай келді. Ескі Саяткора турган «Кен коныс» жайлауында  М.Ауезовтын тікелей комегімен «Баканас» кауымдастыгы дуниеге келгенде, сонын тунгыш уйымдастырушысы баска емес, Архам болды. 1922 жылдан 1929 жылга дейінгі аралыкта ол адал, іскер басшы ретінде ел курметіне боленді.
                Баканас сагынамын озенінді,
                Тік жартас, биік асу кезенінді.
                Тал, кайын, мойыл, терек араласкан
                Кок жасыл, узын аккан озегінді.
                ….Бурандап узын аккан арыгынды,
                Тойдырган аш-жаланаш, гарыбынды.
                Су жайган жалан аяк, курек устап,
                Талапкер, ер енбекшіл халыгынды.
                Шын тілеу, ак ниетпен барып едім,
                Жолына мал мен басты салып едім.
                Ар турлі мадениет белгісі орнап,
                Елім-ай, іретке кеп калып едін.    
Бул Архамнын  «Баканас» атты олені. 1930 жылы Ташкенде айдауда ел мен жерді сагынып жургенде шыгарган.
Замана турленісін калт жібермей кадалаган Шакарім албырт жастарды, онын ішінде алгашкы «комсомол» атанган болігін де, бауырына тартып, жатсынбаган. 1925 жылдын жазында Шынгыстау онірінде алгашкы комсомол мушесінін бірі болган Садык Касиманов (1904 жылы туган) Шакаріммен кездесуін былай деп есіне алады: «Бузылган там» деген жерде отыр екен, менін касымда мамай руынан Арыстанбайулы Ботабай деген орысша окыган жігіт пен бокенші руынан Дуланбеков Кенжетілеу деген Совпартшколдын курсанты бар еді, сонгы екеуміз де комсомол болатынбыз. Жасыратыны жок, біздер – комсомолдар ол жылдары кожа, молда, кажы, бай дегендерге тіпті ош болатынбыз, оларды ылги мазактап, мукатып журуші едік. Бірак не себептен екенін толык айыра алмаймын, айтеуір, Шакарімнін оз басын оте жаксы коріп, оны сыйлайтын едік. О кісіні біз «екінші Абай» деп атайтын едік.  …Шакарім уранкайдын алдында буркітіне жем беріп отыр екен. Устінде  кулын терісінен жаргагы бар. Біз келіп, улкен ізетпен салем бердік. Кажы дал бір бурыннан таныс, курбылас адамдарша оте жаркын жузбен бізді карсы алды, кусын томагалап коленкеге кондырды да, колын жуып бізге «коска кіріндер» деп есік ашты. Костын іші жабайы гана жинаулы, он жакта кажынын жер тосегі бар, торде бір-екі агаш сандык, ортада кішілеу донгелек стол тур.
Кымызды сапырып отырып, бір турлі жылы шыраймен бурын корсе де умытып отырган адамнын турін корсеткендей болып, бізден жон-жосыгымызды сурап алды.
Кенжетілеудін жонін біліп отырып:
     - Сен Аркатка телеграм агашын орнатып жаткандагы осы елдін айткан бір калжынын естіп пе едін? – деді. Ол естімегенін айтты. Бокенші атам жігіттері кобінесе сері, кербез келеді, каракетті де аз істейді екен, тегі созуар да болса керек, сондыктан ел арасында біреу: «Осы орыста да акыл жок екен, канша акша шыгарып телеграм агашын орнатканша, Аркат пен Семейдін арасына он бокенші койса, бар хабарды колма-кол жеткізіп турар еді-ау» депті. Баріміз ду кулдік.
Ангіменін желісінде бізге «окудан кол узбендер, окуга тусу керек: кейін окінесіндер» деген акылын айта отырып, оган Абайдын окініш олендерін, озінін окініш олендерін коса айтып отырды» (С.Касиманулынын естелігі // Казак адебиеті. – 2000, 30 маусым).
Міне, кімге де болса, асіресе, жас буынга акыл-кенесімен шапагатын тигізуге даяр, айналага тек махаббатпен караган гуманист акынды кореміз.
       1924 жылы жазылган Шакарімнін «Кешегі Каражан мен Байгулагым» деп басталатын олені ескікоздерге – кешегі сахара элитасына арналган. Онда:
                Кешегі Каражан мен Байгулагым,
                Жобалай Аділ, Мынгат, Байузагым!
                Пірадар Ракымберді, Усабай мен,
                Тогалак Такей менен болды Ыскагым, -
дейді акын. Мундагы Каражан – Тобыкты ішінде Сак, Тогалактын басшы аксакалы, Байгулак – Жуантаяк Базіл батырдын баласы. Шежіреші Бекен Исабаевтын айтуынша, Байгулакты Кунанбай унатып, касына алып, ел устатыпты. Абай мен Шакарім де Кунекен улгісін устанып, Бакен­Байгулак дуниеден кайтканша алдынан шыкпай, силап отеді.
        Олендегі озгелері де Байгулак сиякты аділдігімен козге тускен оз заманынын би, шешен, кошелі косем ардалары. Маселен, Байузак би (Бакен руынан) де Кунанбайдын досы болган. Баскалары акесі Кудайбердіге узенгі серік, кейіннен озімен де сыр шертіскен (Жобалай Аділ, Тогалак Такей дегенде, жобалай-керейдін, тогалак-тобыкты руынын таптары). Аталган 9 адам да бул кунде омірден кайткан карттар еді.
      Акын осы оленінде тагы торт кісіні болек атаган:
                Сакен, Кожек, Молдабай, Акежандар –
                Камшы, курык, жанторсык, саптаягым.   
      Аталган тортеу - ырыздык-даулетін де, жылкы, туйесін де сеніп тапсырган шын достары. Олар жайында былайша актарыла айтады:
                Не малыма кызыкпай, не асыма,
                Киянатсыз дос болып журген шагым.
                Іні-агалар, тугандар коп болса да,
                Жалганда шын дос еді суйген багым.
       Осы жырын тамам замандастары  аруагына арнап, былайша толгайды:   
                Айрылдым ак журекті замандастан, 
                Кайда екен, кайран достар, аруагын?!
                Бугін бар есендіктен карі Кыздар
                Солардын коре калган бір тырнагын.
ЕСКЕРТПЕ: Кыздар деген соз 1988 жылгы «Шакарім шыгармалары» жинагында «Карікыздар» деп кате басылган. Сондыктан сонгы екі жолды окырман тусіне алмайды, угымсыз. Гап – Кыздар кісінін есімі екендігінде. Ол Бакен (Байборі) табынын аткамінері, Абайдын курдасы. Абайдын бул адамга «Кыздарга» атты сын оленін арнаганы малім. 85 жасында 1930 жылы кайтыс болган Кыздарды Шакарім алда аталган ардагер карттардын «коре калган бір тырнагын» деп отыр, ойткені, 1924 жылы олен жазылганда ол тірі - 79 жастатугын. «Карі Кыздар» дейтіні сол. 
Шынгыстау оніріне есімі белгілі Кокбай, Махмуд, Актан, Самарбай, Мурсейіт сиякты молдалар Шакарімді, албетте, оз адамы деп білген. Сондай-ак, кажылар тобы бір тобе. Маселен, ыргызбай Алдажар, Ахметжан кажылар оз туысы, Махмутулы Сулеймен кажы туган кудасы (Шакарімнін кызы Жакіш 1921 жылы Сулейменнін Кабибулла деген баласымен турмыс курады). Ал, Мекке сапарына Шакаріммен бірге Борлі, Шаган болыстарынан Курманкожа Куденов, Кутан Жолжасаров, Куренші Шокин деген кісілер барган еді.
Шакарімнін шошаласына ботен козге туспей аракідік келіп-кетіп журген козкоргеннін бірі ногай Ыскактын Муса деген баласы-тугын (жанагы Сулеймен кажынын акесі Махмут Ыскактын інісі). Осы Мусага арнаган кажынын «Ойласам тауга шыгып дуниені» деп басталатын 20 жолдык олені бар. Онда ауелі Ыскакты таныстырып:
                Ол байдын елге малім кім екені,
                Салактап солдат болып журмеймін деп,
                Осы елге Танір айдап кез келгені.
                Сансыз мал мен саналы бес ул бітіп,
                Мын-мыннан ауыл сайын жылкы орген, -
дей келе, акын ары карай былай деп малімдейді:
                Мусабай кенжесі еді, Муса агасы,
                Улкені Жакып, Абай, Сулеймені.
                Картайып, барі кетіп калдын жалгыз,
                Неменемен уатам Муса, сені,
                Басы аке, торт бауырды бірдей жутып,
                Кангырган кормейсін бе мына мені…
     Коріп отырмыз, олен мунын шагып келген курдасы, озі сиякты жалгыз туяк арі «байдын тукымы» деп мукатудан кажыган Мусаны уатуга айтылган. Тусінік бере кетейік. Халык «Бай ауыл» атап кеткен агайынды ногай Ыскак пен Махмуттын ауылдары мен Кунанбай тукымынын тыгыз карым-катынасы узілмеген. Ойткені, олар кыз алысып, кыз берісіп, мын жылдык сары-суйек куда болган. Мысалы, Абайдын баласы Абдірахманнын жубайы Магрипа (Магыш) Сулейменнін кызы болса, Шакарімнін оз айелі Айганша Ыскактын інісі Махмуттын кызы еді. Шакарімнін ортаншы кызы Жакім  1920 жылы Сулейменнін улы Кабибуллага (Кабыш) турмыска шыкканын айттык.
       Ал «басы аке, торт бауыр» деп кажы акесі Кудайбердінін, одан сон ага-інілері Амір, Муртаза, Шаке, Ырызыкбайдын дуниеден кайтканын айтып отыр. Ягни Ыскак аулетінен Муса, Кунанбай аулетінен Шакарім жалгыз. Сойтіп, акын оленінде досы Мусаны екеуінін тагдырлары егіз козыдай уксастыгын айтып жубаткан гой. 

Екі су ­ Баканас, Байкошкар алабында
        Жер майегі деуге болатын Баканас пен Байкошкар озендері агатын кен озекті негізінен Ыргызбай руы жайлаган еді. Жаз айларында Кунанбайдан тараган он арыс агайыннын ауыл­ауылдары Копбейіт, Кенконыс, Керегетас, Тасшокы, Балашакпак сынды булак булактын тусына орналаскан ежелгі коп коныстарга тутастай келіп конатын.  Міне, осы алапта 1920 жылдардын басында «Баканас» атты артель орныгып, гасырлар бойы калыптаскан кошпелі турмыс­тіршілікті сенін кунін отті дегендей ыгыстыра бастаган.
        Корші Ресейде Н.А. Бердяев (1874-1948) деген философ болган. Ол большевиктерді оле-олгенше сынап откен, орыс коммунизмінен бірер гана дурыс пікірді корген адам. Сонын бірі туралы былай дейді: «Коммунизмде мынандай дурыс пікір бар: ол – адамдардын бір-бірімен топтасып, бірігіп, алеуметтік омірді уйымдастыруы» (Истоки и смысл русского коммунизма. – М., 1990. –  С.125 ).   
       Сол айткандай, казак даласында алгашкы кауымдастык -  артельдер дуниеге келді. Ал, саяси - мадени омірдегі айта каларлыктай кубылыстар: жергілікті биліктін «сельсовет» уысына тусіп, ауыл-ауылдарда «саужой» («сауатсыздыкты жою»), «косшы», «кудайсыздар» когамдары жане «комсомол» уйымынын курылуы болды. Ягни когамдык сана турленісі де сырт озгерістерден калыс калмай туп-тура «сананы турмыс билейді» деген маркстік кагидага сайкес отті. Дінге, жалпы ескі салт-гурыпка карсы парменді майдан ашылып, тіпті тарихы терен Наурыз мейрамына да катан тыйым салынды. Мешіт-медреселер бузылды немесе баска максатта пайдаланылды. Бурынгы игі жаксылар кудаланып, оларды бурынгы атактарымен (би, кажы, молда, бай, мырза т.б.) аспеттеу де мумкін болмай калган. Маселен, Шакарімді айналасы бурынгыдай «кажы» дей алмай, «Шакен» деуі, ал аты дардай молда Кокбайды коптін «Кокен» гана деуі осынын титтей далелі. 
1923 жылы Шынгыстау онірінде алгашкы боп «Баканас» артелі шанырак котергенін  жана айттык. Ойткені, жогарыда аталган екі озен арасы егін шаруашылыгын дамытуга аса колайлы жер болатын. Оган кірген мушелердін дені, арине, Шакарімге бурыннан коршілес журттар еді.  «Жиырма уй менін коршім – Карабатыр» оленіндегі:
                Акылым – енбек істе, егінін сал,
                Ерінбей жерді емсен, табылар мал.
                Партияга салынба бірлік бузып,
                Желіктірсе, желікпе, тілімді ал,-
деген шумакка караганда, озіне ерген Карабатыр (жуантаяк руынын табы) мен Анет руы адамдарына отырыкшылыкка ауысып, артельге кіруге кенесті кажынын озі берген сынайлы.
       Ескі Саяткора турган жер артель меншігіне кесілген сон, «1925 жылы Шакпактын кунгей бетінен, - дейді Ахат, - бурынгы корасынан он бес шакырымдай ары жайлаудан акейге жана кора салып бердік. Туратын уйі мен шошаласы, айналдыра салган пішен корасы мен ат корасы болды. Акей дуниеден откенше осы коныста омір сурді».
       Арірекке, жайлаудын ен шетіне жанадан салынган шошалага кошкенімен де кажы Баканас, Байкошкар тургындарымен, асіресе, ежелден озіне ерген, оз созінше «алпыс уй, барі кедей» Анет руынын адамдарымен катынасын узбеген. Олармен тыгыз байланыста болып, Шакпактан келген сайын олен создерін окып, акыл-кенесімен уйытып отырганы байкалады. Маселен, «Мунлы шал» (1924) оленінде:
                Ауыз соз, насихатты неге аяйсын,
                Ак журекпен айтканга мал шыга ма?, -
дейді акын озіне озі.      
      1930 жылгы «Коныр ат» деген оленде мынадай шумак бар:
                Карімкул мен Гылымбай,
                Миграж бен Идаят, -
                Боранда кайда барасын, -
                Деп еді, - бугін мунда жат! (Абай. – 1994. - №9. – 13 б.).
      Коп азаматтар, асіресе, аталган тортеуі жапанда жалгыз калган пірадар карттын турмыс таукіметін, киындыктарын женілдетуге риясыз кызмет кылганы хак. Кір-конын жугызу, шашын алдырып, жуынып-шайыну муктажымен 12-13 шакырым жердегі Саяткорасынан Коныр атына мініп,  Байкошкарга ат басын тірегенде онда турып жаткан оннан астам отбасы аягынан тік турттып, кажыны аялап кутіп алатугын (ГПУ-дін солдаттары саулык койын атып алатын Мигражын осы. Бул окига жайлы соз алда).
       Сойтіп, кажынын 1923 жылдан былайгы омірі осынау «Баканас» артеліне карасты Баканас, Кызыл озен, Жанібек жане Байкошкар ауылдары тургындарымен тыгыз карым-катынаста откені шубасіз.
       Сондай-ак, кажы, арине, Шынгыс ішіндегі оз агайыны Ыргызбайлар кыстауларына аркез катынап отырган.  Абдігали Алдажаровтын кыстауы Шынгыс тауынан бастап агатын Бокенші озенінін бойында, Аркалык деген адырдан екі шакырымдай жерде болатын. «1923 жылы коктемде, ел жайлауга кошерден бурын, - деп жазады Ниязбек Абдігали баласы, - Уайіс акын біздін уйде конакта еді. Акем екеуі сухбаттасып, узак ангімелесіп отырды. Бір кезде касында уш жолдасы бар, Иса Байзаков кіріп келді. Салемдесіп, жайгасып отырып, шай устінде конактар ангіме шертісті.  Ангімелесіп отырып, Иса мен Уайіс олендетіп, екі акын кагысып кетті. Айтыс кыза бастады. Менін байкауымша, Исаныз откірлеу сияктанды. Бірак айтыс узакка созылган жок. Отыргандар Исага: «Мына кісі акен сиякты гой, осы да жетер» деп, айтысты одан ары создырмады.
       Менін акем Абдігали Алдажарулы сол кезде Шынгыстын болысы болатын. Сонымен бірге бес болыс тобыктыга айгілі анші еді. Уайіс пен Исанын біздін уйде кездесуінін себебі осы».
      Осы туста жогарыда келтірілген С.Касиманов естелігінін жалгасын тындайык. «Екінші кездесуім, - дейді ол, - осы 1925 жылдын кысында Алдажаров Абдігали дегеннін уйіне конайын деп келсем, Шакарімдер де сонда конак екен. Мундагы ангіме бірынгай буркіт салу, олен шыгару, домбыра, скрипка, мандолин ойнау, киім пішу, ан салу туралы болды. Уйткені, Абдігали анді жаксы айтатын, домбыраны жаксы тартатын сауыккой, биязы жігіт еді. Мен сол уйде Шакарім жасаган мандолинді коріп, оте кайран болып, тандандым. Себебі колдан кадімгі кырдын кайын агашы мен таска шыгатын аршанын кызылынан оюластырып істеген осы мандолинді фабрикада істемеді деуге сенуге болмайды, сондай мінсіз, адемі. Осы уйде мен Шакарім андерінін, Абай андерінін тугел дерлік орындалуын омірімде бір-ак рет кордім».
      Ныгмет Магауияулы деген азамат «Шакарім кажыны кордім» атты естелігінде жігіт шагында кажыны екі рет коргенін айтады. Бірі: «1925 жылы ауылымыз Абілпейіз озені (Баканаска куятын судын бірі – А.О.) олкесінде отырган. Бір куні біздін уйге Шакарім кажы келіп конды. Ертенінде атакты анші Агашаяк, Абай ертекшісі Мамык Казанбайулы жане мен, тортеуміз Суркезен деген жерде болатын сабан тойына келдік. Семей каласында окыган «каратаяктар» ішінде Аміре Кашаубаев та осы тойга келіпті». Келесі коргені: «1930 жылы Агашаяк мені аткосшы кылып ертіп алды, со бетімізбен біз Шынгыстауга, аудан орталыгы Карауылга келдік. Жыпырлаган ак уйлер. Біз орналаскан уйге Шакарім де келді. Агашаякка кажынын: «Саган ойын корсет» – дейді, ал булардын мені неге шакырганын білмеймін», - деген созін естідім» (Жулдыз. – 1993. - №4. – 196 б.).
      Бул созді шакырган жерден калмау Шакарімнін дагдысы болганын корсету ушін де келтіріп отырмын.
    «Шакарімді, - деп жазады К.Мухаметханов, - букара халык ерекше курметтеп, адамгершілігі зор, адал журек акынын ардактаган».
     Озін пір туткан карапайым копшілікке ризалыгын кажынын озі де осы 1930 жылгы тагы бір олені «Елсіз корада»:
                Бул елдін байынан да кедейі март,
                Кун узай тагы кел деп кылады шарт.       
                Астыгы аз, согымшасын ерте сойган,
                Демейтін ашыгамыз, неткен жомарт, -
деп жырга косады. Алгыс конілін білдіреді.
       Осымен, «Гуламанын ортасы» деген улкен такырыбымызды туйіндейік. Шакарімнін елден, отбасынан безіп кеткен кісі-киік болмаганы талассыз. Туыстык айналасы гана емес, Семейдегі зиялы кауыммен де байланысын узбегені дайектеледі. Алайда халыкшыл Шакарімнін кайнаган ортасы кырдагы букара халыктын окілдері болды. Бул орта ежелгі дастурлі когамнын адет-машыгын сактауымен ерекшеленеді.  Мунын устіне Абай, Шакарімдей даналардын адетін кунделікті омірден коріп, насихат создерін, «ой козгайтын толгаулармен, туйін термелерін» (А.Маргулан) коп тындап, санасына сінірген, сондыктан «лепіріп лагуды білмей, созді адейілеп тосып сойлейтін», созді угарлык кокірек санылауы ашылган мадени орта-тугын.

 


Рецензии