Озiн азат етiп, кинамауды отiнген аруак

Озін азат етіп, кинамауды отінген аруак

Карыз Алланын жердегі туы. Егер Алла кайсы бір пендесін жазалагысы келсе онын мойнына карыз туын іліп кояды.  Пайгамбарымыз Мухаммед (с.г.с.)

2009 жылдын какаган кантар айында озімнін ауылдасым, арі институтта катар окыган З. жерлесім кайтыс  болды деп, Тілеудерді Кулиев екеумізге хабар айтты. Бара алмадык. Тілеуберді екеуі менен 2 курс жогары окыган.  Ауылдасым маркум З. жаксы окып, институтты кызыл дипломга бітірген.

Грецияда Крит аралында да кан курамындагы канытым мен кан кысымым ойнап турып алды. Мамыр айынын 20-нан 21-не караган туні, уйкыга жатар алдында Газиз жаныммен байланыска шыгып, осы ауруымнын себебін аян турінде айтуын отіндім.

Тангы сагат 3-тен аса тус кордім. З. маркум аскери киіммен лейтенант, (оку бітіргеннен кейін 2 жыл офицер болып кызмет аткарган) келді. Ундемейді конілсіз. Мен онын озіне кайтыс болганын біліп коніл айтамын. Осы сатте озім тагы бір жаназада отыр екенмін. Маркум ызбарланып: «Мені неге кешірмейсін, неге азаптайсын?», – дейме, осындай магынадагы создерді айтады. Бір уакытта озінін устіндегі киімдерінін дал-дулын шыгарып тагы оліп калады.

Тус коргеннен сон, Газиз жаннымен кайта байланыска шыгып сурадым: «Бул тус нені білдіреді», – деп.

– Сен оган ренжіпсін, окпен алі кунге толык таркамапты – деп,  Газиз жаным жауап катып, іле-шала будан 33 жыл бурын болган окиганы санама салды.

З. аскери борышын аткарганнан кейін, Уржар ауданынын «Калинин» колхозында бас агроном болды. Маган тау ішінде, табигаты керемет, ылги немістер туратын Некрасовка ауылындагы № 1 бригада агроном кызметін усынды. Келістім.

1977 жылы Уржарда куаншылык, малга жем-шоп жетіспегеннен кейін Семейдін касындагы «Тавричанка» деген жерден сабан баулап, ауылга жіберіп отырдык. Біздін ауылдын кысы баланын ойыншыгы екен. Кыстын, бораннын кокесі осында.

Кардын калындыгы кем дегенде 1,5 метр. Карлы боран уйыткыганда, далага беліне аркан байлап шыкпасан адасып кетесін. Желдін куші адамды дедектетіп ала жонеледі. Уй жермен жексен, кар басып калган. Уй екенін кар астынан, будактап тутіні шыгып кылкиып турган муржадан гана білесін. З. бригадир мен есепші.

Тарактор, машина, сабан баулайтын техника, жанар-жагар майымыздын барін озімізбен бірге алып келгенбіз. Тобымызда 30-дан астам жумысшылар бар. Кун жылт етіп ашылса болды, егістік алкапка бульдозермен жол ашып жумыска кірісеміз. Бауланган сабанды тиеп, ауылга жібереміз.

Біраз уакыттан кейін З. «Мен Семейге барып дем алайын. Сен маган жетерлік акша бер. Келгенде тауып берермін» – деді. Бердім, бірак кол хат алган жокпын. Озінмен балалык шакта, арі студенттік кезде бірге оскен ауылдасыннан колхат алудын озі біртурлі екен.

Бірер аптадан кейін келді. «Акшаны ауылга барганда бірдеме кылып, актімен шыгарып берермін», – деді. Сендім. Бухгалтерияга есеп бергенде: «Мына акша кайда?», – деді. Ман жайды айтып: «Бас агроном алган», – дедім. З-га барып: «Алган акшанды орнына кой», – десем, беті шімірікпей: «Есепші сенсін, озін кайдан тапсан онан тап, менін шаруам жок», – деді. Сол кезде: кара жер хабар бермесін, алгі маркумнын беті кандай кара болса, іші де сондай кара екенін бар болмысыммен тусіндім. Іштей тындым.

Бірак, озімнін міндетімді адал аткарып журе бердім. Басшыларга бірер кабат айтып коріп едім, мені тындайтын, созіме кулак асатын пенде байкамадым.  Сонан кейін жан баласына арыз айтып шагынган жокпын. Натиже болмайтынын «З-ны куаласан да кумалак туспейтінін ку, тайганак, екі тілді суайт екенін» ішкі даусым айтып турды.

Сол кезде келіншегім Рахпар бірінші баламызга ауыр аяк. Туратынымыз кулагалы турган аядай гана 2 болмелі, тобен тобесіне тиетін: ішінде тышкандар оріп журген, едені, тобесі балшыкпен сыланган жаман там. Коршілеріміз – омірі турмыска шыкпаган 80-ге таяп калган апалы-сінілі хохолдын екі кемпірі.

Озім «Мусакудык» деген болімшедемін, уйге атпен тауды тік асып, аптасына бір келемін. Рахпар кундіз-туні жалгыз. Ангімелесетін адамы корші, екі кейуана кемпір. Бар дуниеміз – улкен радиокабылдагыш, екі кісілік тосек пен бір кабат жамылатын корпе-жастык. Шаугім, кішкене казан.

Енбекакы алмаймын, «жогалган» акшанын орнына тугелдей устап калады. Сойтіп жургенде колхозга жанадан, казакшага судай улты балкар Мурзаков деген бастык келіп, бас агрономды: «Ісінде натиже, созінде патуа жок – ку созден, куырдак куыратын ку екенсін», – деп,  бірден жумыстан босатып жіберді. Онын орнын маган усынды.

Кунде шакырады, келіспеймін. Алгі кылыктан кейін бул орынды жаман ырымга балап, касарысып отырып алдым. Карызды бір жылга таяу уакыт отедім. Жумыстан арыз беріп шыгайын десем – бас агроном боласын деп босатпайды, енбек кітапшамды бермейді. «Ауселенді коріп алайын», – деп, колымды бір сілтедім де кетіп калдым. Себебі: жазыксыз «жапа» коргенім ушін – колхозга, бурынгы басшыларга, баскарма мушелеріне, бухгалтерияга деген окпем «кара казандай» болатын.

Карызынан кутылмай дуниеден откен адам, сол карыз узілмейінше корінде кісендеулі калады. Пайгамбарымыз Мухаммед (с.г.с.)

Узак жылдардан кейін З. келіп: «Баягыда жастык шакта бір откен кателік еді, сен кешір», – деді. Мен оган: «Жастык пен саткындыктын, арамдыктын, ішмерездіктін арасы жер мен коктей. Сен маган, мен саган, нактылап айтсам бір-бірімізге жоламайык», – деп дартенін басын кайырып алдым. Кездесе калсак жай гана салкын салемдесіп кана журдік. Кежегем кейін тартып, бурынгыдай етене араласа алмадым.

З. маркум туралы тус коргеннен кейін, Газиз жанымнан сурадым: «Ауруымнын себебі, осы талай жылгы комескіленіп кеткен реніш пен окпе ме?», – деп. «Иа» деген жауап алдым. Сонан сон маркумнын аруагынан кешірім сурап, берген омірлік сабагы ушін алгыс айттым да: «Сен азатсын!», – деп оны босаттым.

 Ауруларыма, осыны білдірген Газиз жаныма шексіз алгысымды айттым. Казір денсаулыгым калыпты жагдайга келді. Озімді мендеп алган ауруларым озінен-озі жогалып кетті.



Куран даметкен аруак

Сонгы кездерде тусіме бала куннен тай-кулындай тебісіп бірге оскен, он жыл бір партада отырган досым маркум С. жиі тусіме кіретін болды. Ол бозбала кезінде улкен кателік жіберіп, сонын киямет азабын да корді.

Кейіннен жаксы азамат болып Уржардын ПМК-сынын біреуінде прораб болып, абыроймен кызмет аткарды. Енбегімен, акылымен, білімділігімен, елге кайырымдылыгымен, марттігімен, адамгершілігімен, жумысты уйымдастыра білу кабілетімен ел курметіне боленді.

Окінішке орай, 50-ден аскан кезде, салауатты омір салтын устанбай бакилык болып кетті. Артында жаксы азамат болып жетілген улы мен кызы калды. Жубайы омір бойы тіл-адебиеттен мугалім болып, лагып жонсіз сойлейтін – миы ашып кеткен пенде. Аудан орталыгында орыс мектебінде окып тарбиеленгеннен кейін балалары – мангурттін озі болып шыга келді.

Мен Газиз жаныммен байланыска шыгып сурадым: «маркум досым С. неге жиі тусіме кіре береді?», – деп. Газиз жанымнын жауабы: «артынан куран багыштап окитын адам жок, сонан кейін амалсыздан сенен даметеді.
Осыны балаларына тусіндіріп айтуын кажет», – деді. Казір жума сайын ата-баба аруактарына багыштап Куран сурелерінен аяттар окыганда: С. досым мен бурынгы жургізушім: бауырым сиякты болып кеткен, орда бузар 30-га жетпей шейіт болган, уйленіп те улгермеген асыл азамат, журегі кіршіксіз таза, адамгершілігі мол, иманды болгыр Манат Амірбаев маркумды ерекше ілтипатпен есіме алып, озім білетін Куран сурелерінін аяттарын багыштап отырамын.


Рецензии