Жан азабы

хикаят             
 

Алматыдан  Кытайдын Кулжа каласына баратын автобус айалдамасына  тангы сагат 7 де зорга жеттім. Автобуста жолаушыларда коп емес корнеді, бос орындар жеткілікті екен. Озім калаган бір орынга жайгасканым сол еді, моторда от алып , “енді журеміз” дегендей гурілдей бастады.

“Ей Алла сапарымызды сатті етіп, жолымызды онгара гор” деймін іштей жаратканга жал урып. Осы сат автобус алдына бір женіл автоколік келіп токтады. Ішінен жедел тускен екі жас жігіттін бірі бізге карай тез-тез басып таяй берді де, екіншісі аксакалды кісіні колігінен тусіріп, екі улкен тенді жуксалгыштан шыгарып жерге коя бастады. Автобуска жеткен жігіт кандукторга 1500 тенге жолакысын табыстап, картка жол-жонекей карайласуды отініш етті.

Жургізуші шоферлерге тан ептілікпен лып етіп автобустан тусті де автобус бауырындагы жуксалгыштын ішіне карттын екі тенін сунгітіп жіберді. Карт екі жігітпен кушактаса коштастып менін касымдагы бос орынга келіп жайгасты. Автобус баяу козгалды. Алдымызда бір кунге еркін жетпесе де 9-10 сагаттык жол жатыр....

Аздан сон біз мінген колік Алматадан узай шыгып еркін тыныстагандай журісін тездетті. Жолаушылар конілді, барлыгы да терезеден сыртка карап мамыр айынын жайма-шуак танымен толыксып, турленіп жаткан дала коркіне коз мейірлерін кандырып келеді. Кашангы адетімше касымдагы адаммен тіл табысуга асыгып мен отырмен.

 Бірден соз бастауда киын арине. Ептеп карттын кескін-келбетіне коз салдым. Аксакалына карап  карт дегенім болмаса, кесек тулгасы мен ныгыз отырган отырысына караганда бойынан кайраты кайтпаган сергек жан корнеді. Алде аллергиядан ба немесе туада солай ма козінін айналасы кызыл арі ісінкі корінді.

- Аксакал таныса отырайык менін атым Аскар. Дедім колымды екінші марте усынып жатып. (алгаш касыма келіп отырганда ассалаумагалайкумды айтып, колымды беріп алганмын)
- Жон шырак, менін атым Касен деді карт  колын беріп жатып.

- Аксакал дедім енді озімді салде болса еркін сезініп. Сіз шамасы Кытай казага емес, Казакстаннын оз азаматысыз-ау?
- Оны кайдан білдін ? деді. Карттын екі козі кулімдеп, жайшылыкта сырлы да салкын сезілетін коз жанары кулгенде нур ойнап, шуак шаша калады екен.
       
- Енді білеміз гой, дап басып олай-булай деп сипаттай алмасакта, созі мен ісіне, киімі мен кимылына, кылаягы шашы мен сакал муртына карап-ак корген жерден  сол адамнын кай елдін азаматы екенін айтып бере аламын.

- А солай ма?  Бул созіне караганда екі жакты жаксы білетін “ку” болдын гой жігітім, карт кулкісі жайдары естілді. Кулгенде улкен коздері жумылып, тістері толык корінеді екен. Мен де куле отырып ойымды сабактадым.

-  Ой аксакал екі жакты зерттеп, зерделеп жур дейсіз бе, тек айтеу туыс-тугандарды аралап жиы журген сон конілге туйгендер гой жай-аншейін. 
               
-    Туыс-тугандарын кайда турады ?
- Алматыда, Талгарда жане біразы Талдыкорган онірінде турады.
- Кудайга шукір туыстарын коп екен.
- Аллага тауба.

- Келгеніне коп болды ма ?
- Бір ай шамасы.
- Барлык туыстарынды толык аралап бола алдын ба?
- Жок арине.
- Онда неге асыктын ?

- Ай аксакал-ау сізге не десем екен, мазактай корменіз, шынын айтсам кенже кызымды сагынып токтай алмадым. Айел заты гана баласын сагынганда ештенеге карайламай кетеді деп ойлаушы едім, еркек басыммен булай боларын кутпеген екенмін. Тіпті уйкымнан маза кетті. Сонымен туыстарга сылтауратып журіп зорга рухсаттарын алып, уйге кайтып бара жаткан бетім осы.

- Ие шырагым-ай , карт ауыр курсінді. Сені мазак ететін балдызын емеспін гой. Ол осыны айтып терезеден тыска коз тастап унсіз калды.               
- Текке курсіндініз бе алде мен конілсіз бірдене айтып калдым ба ? дедім ішкі кудігімді жасыра алмай.   

- Жо-жок ол не дегенін, тек, откен кундердін елестері еске тусіп, журектін терен катпарларындагы орны толмас окініштер мен аузы бітпес жараларды тырнап кеткені болмаса. Карттын бул создері онын жан-дуниесінін калтарыстарында бук тусіп жаткан алде бір азаптардын бар екендігін ангарткандай.

Мен ептеп оган коз салдым. Ол баганагы калпы сыртка карап отыр екен. Онын бул бейнесі сырлы да, мунлы тагдыр иесі екендігін айтып тургандай асер етті. Ол ундемеген сайын мен онын жумбагына кызыгып, естуге асыктым.

- Аксакал сіз де тегінде Кытайдан келдініз бе, алде осы жердін тол тумасы боласыз ба?  дедім озімше ангімені аріден суыртпактап.

- Мен де Кытайдан келгенмін, келгенде жай емес, кашып келгенмін- деді карт алде неге кектенгендей кыска арі каткыл унмен.
- Кашып ?!
- Иа кашып.
- Калайша?

- Карт менін жузіме барлай узак карады да ертегі айтатын жандай жоткірініп алып, козін бір нуктеден айырмастан ангімесін бастады.  Ол кезде Кытайда кезекті саяси наукан басталып кеткен еді. Жасым 25 жана толган шагымда осы науканнын салкынына шалдыга бастадым.

Себебі акем даулетті адам болгандыктан сонау 1920 жылдардын сонында оз мекенін тастап  Кытай жеріне бір-ак тунде ауылын алып кашып откен екен. Енді міне, маркум акемнін  сол ісі ушін мен жауап беретін болдым. Кунде жиналыс, пікір, кімнін кім екенін аныктау, табын-тегін тексеру, куреске алу, урып-согу .....осылай жалгаса беретін тукемес азап.

Акыры кара басымнын амандыгына да зар болатын кезекті куннін маганда таяп калганын ішім сезіп, мазам кете бастады. Сойтіп жургенде бір куні ел орынга отыра бергенде есік кагылды, айелімнін онсызда шаралы коздері улкейіп, маган бір, есікке бір урке карап, босага жакка зорга жетіп, суйрек саусактары дір-дір етіп ашты-ау айтеу.

 Мен бейсауат журген кім екен деп демімді ішіме тартып тапжылмастан есікке карадымда калдым. Екі жаска енді толган кызым ештенені білмесе де, алде неден урейленгендей шешесінін етегінен кішкентай колдарымен тас кылып устап алыпты.

Барімізді урейлендіріп келген адам менін кайын журтым жагынан жакын туысым арі жанашыр досым Естай екен. Оны коргенде барімізде салде болса бойымызды кенге салып, еркін тыныс ала бастадык. Кызым да оган карап мен сені таныимын ага дегендей жымиып кояды. Естай сол кездегі ауылдагы белсенділердін бірі болатын.

 Бірак ол озге шолак белсенділерден горі козі ашык жігіт еді. Уйге кірген сон кызымнын кекілінен жай сипады да менін жаныма жакын келіп: “Касен оте сенімді хабар, сені жакында біржолаты колга алмакшы, сондыктан тездетіп, кешікпей бас саугала, тасалан”-деді. Онын дауысы акырын шыкса да, урейлі арі ауыр естілді.

Козім бірден босага жакта турган айелімі тусті. Ол Естайдын екі кештін арасында тегін келмегенін алде нендей суык хабар жеткізіп турганын журегімен сезіп турды. Білтешамнан тускен солгын сауле онын козіндегі молдір тамшыларга шагылысып жанарына мунлы да, кунгірт нур сеуіп турды.

Онын кушагында турган кызым аліде сол татті кулкісінін табы кайтпаган балгын жузі балбырап бізге карай береді. Досымнын айтуынша біздін ауылдан кара тізімге ілінген енді бір адам аталас туысым Шаріп екен. Естай оганда барып кулак кагыс етіпті. Ендігі ангіме Шаріп екеуміздін бір бекімге келуіміз.

Ол кеткен сон узак ойга шомылдым. Озімнін откеніме зер салдым, халык алдында, коммунистік партия  алдында, тіпті адамдык арым алдында жауап беретіндей ештене істемеппін.  Неге кашуым керек? Онын устіне бул науканшылык каншага созылар, булт ыдырып кун шыгар. Бірак сол кун кашан шыгады?

Ол кунді коргенше бойымда жаным тура ма? Казіргі аласапыран заманда акенін даулеті, шекара бузып кашып келуі, тегімнін жат болуы осынын озі-ак мені куртуга толык жететін “кылмыс” емес пе? Сондыктан калайда бой тасалаудын керектігін тусіндім. Бул ойымды Шаріпке де букпесіз айттым.

Олда осыны жон деп тапты. Сонымен ертесі кеште керек-жарагымызды буып-туйіп алып, озімізді жане артта калып бара жаткан жакындарымызды бір Аллага тапсырып, озегімізді жайлаган ортті ашшы коз жасымызбен жуып, ай саулесін жамылып калын камыс пен шілік оскен озен сагасын  бойлап тартып кеттік.

Кетерімде айелім кол-косір болып жылап калды. Ол тым жас еді, небарі 22 жаста болатын. Ата-анасынын карсы болуына карамастан, ак сезімін маган арнап куні кеше гана куйеуге шыгып еді. Жанымнын  козі кандай молдір болса, конілі де сондай кіршіксіз болатын. Біз бакытты едік. Кудай айырмаса, мангі жубымызды жазбай отеміз деп айтушы едік, арі сол сертімізді бойтумардай кастерлейтінбіз.

 Енді міне катал тагдыр талкегімен оны тастап кашып барамын. Кайда барамын, кашан келемін ол жагын мулде білмеймін. Ал кызымды балбырып уйыктап жаткан жерінде кордім. Енкейіп мандайынан суйіп, улпа шаштарын сыладым. Журегім кан жылып коя берді, козімнен соргалаган жасым онын уыз бетіне тамып улгірді....

Осы сат шалдын дауысы дірілдеп, уздігіп шыкты. Коз алдымда коркем фильм журіп жаткандай асерде отырган менін де конілім толкып кетті. Онын коз еттері тіпті де кызарып, жиегіне шыктар уйіріле калыпты.

Аз кідірістен сон ауыр курсінген ол ангімесін ары карай жалгастырды. Шаріп екеуіміз неше кун жол бастык. Ол менен жасы да, жолы да улкен болгандыктан “Шаріп ага” деп шакырушы едім. Шаріп агам ангімешіл жан болатын, ептеп анде айтып, домбыра да шертетін. Онын ен улкен ауесі аншылык болатугын.

 Кезінде осы олкенін талай жерін аралап саятшылык жасаган жан. Онын да акесі аргы беттен келген, ол кезде Шаріп агам аягын енді басып журген бала болса керек. Онында куні бугінге дейінгі саналы гумыры осы жерде отті. Еш кылымысы жок адал жан еді.

Тек мен сиякты акесінін “атагы”, оган коса кашкан гашыктардын “шатагы” басына булт болып уйірілді. Акесінін “атагы” дегенді тусініп отырган боларсын, мен саган гашыктардын “шатагын” тусіндірейін.

Біздін ауылга бір жылы бір жас мал дарігер жігіт енбек тарбие жумысына келді. Сол жігітпен біздін Шаріп агамыз дос-жар болып біраз жургені бар, бірге тауга шыгады ан карайды, дарілік шоп жинайды дегендей. Сол ку жігіт ешкімге сездірмей журіп ауыл басынын келіншегін бір ак кунде алып кашып аргы бетке отіп кетіпті.

 Артынан кугандар олардын шекарадан алде-кашан отіп, кара жонда кайкайып кетіп бара жаткандарын коздерімен коріп, ок шыгаруга мумкіндіктері болмай кайткан тарізді. Шаріп ага сол кашкан гашыктардын сыбайласы болып шыга келмесі бар ма? Бул тагдыр дегенді койсаншы. Касен карт сал езу тартып ангімесін одан арі жалгастыра тусті. Шакеннін коп жортканы енді бізге пайдасын тидіріп келеді.

Жол сырын білітін Шакеннін бастауымен екі кун жол бастык. Тунде журіп, кундіз тыныгамыз. Максатымыз коз ушындагы мунарткан тауга іліну. Калганын содан кейін кореміз дейміз бір-бірімізге. Демалган сатімізде Шаріп агам озінін откір бакісімен агаш кабыгын аршып, жука етіп тіліп, от жагады. Арі солай істегенде тутін шыкпайды деп ескертеді. Кетерімізде оттын орнын тазалап, дымын білдірмей кетеміз.

Корінген таудын алыстыгы жок дегендей мунарлы тауга да таяп калдык, шамасы енді бір тун журсек тау етегіне ілініпте калар едік. Амал не азыгымыз да, суымыз да тугелдей таусылды. Адам аштыкка 40 кун шыдайды деуші еді конекоз карттар. Онысы рас секілді, деседе шолге шыдау мумкін еместей сезілді.

 Канша дегенмен коп жорткан Шакен сыр берер емес, ал мен шолдеп жатканымды оган еміс-еміс ескертіп коямын. Ондагым бір жутым  болса да су тауып берер деген ойым гой. Ойымды тусінген Шакен маган карап, “тауга ертен еретмен іліну ушін  бугін тун суыт журуіміз керек, ал сен шолдедім деп мазасызданып келесін, сол ушін кеш бата кундегіден ерте жолга шыгайык та, батыска карай жол тартайык, он шакырымдай жол журсек Совет Одагынын шекарасына барамыз, сол жерде  бір озен бар, шекара ане сол озен.

Аргы беті олар, бергі беті біз. Сол озенен су ішіп, торсыгымызды толтырып алып тауга тартамыз. Калай”- деді маган акыл сала. Мен келісе кеттім. Куні бугінге дейін озімді-озім  кешіре алмай келемін. Неге гана бір тунге шолге шыдамадым, неге гана келісім бердім деші...адам баласы адасайын десе онай екен гой, сол бір сат, сол бір ауыз соз  біздін тагдырымызды мулде баска арагана бурарын кім білген....

Біз озенге кеш бата жеттік  баспалап журіп агашы калын тустан озенге бас койганымыз сол еді урген итпен алде кімдердін аміршіл айкайы естілді.

– Каштык - деді Шакен, менін колымнан суйрей тартып. Біз аргы жагага бір-ак секірдік те, алды-артымызга карамай жугіре жонелдік. Кенет алдмыздан жап-жарык коз уялтар сауле шашылганда кайда барарымызды білмей орнымызда турдык та калдык.

Сойтіп орыс солдаттарынын колына тустік. Содан узакка созылган тергеу басталды. Біз бар шынымызды жасырмай айтып бердік жане бір айтканымызды озгертпедік. Сонында олар бізді тергеуден босатты, ауыл енбегіне араласуымызга рухсат етті. Бірік , екеуімізді екі жакка айырып жіберді. Онын кайда кеткенінен хабарсыз калдым. Менін еншіме шопаннын ак таягы тиді. Буганда кудайга шукір деймін.

- Е балам, баска туссе пенде бейшаранын конбеске лажы кайсы. Сойтіп журіп он жылды артка тастадым. Сол он жыл мен ушін он гасырга бергісіз узак арі ауыр сезілді. Ертелі-кеш, кысы-жазы иенде мал сонындамын. Жазда косты, кыста ескі там уйді  паналаймын. Барінен бурын жанына бататын ол – жалгыздык, ешкімде сенімен дурыстап сойлеспейді, шуйіркелеспейді. Сырт, суык рай танытады.

Тіпті, берген салемінді де алмайды. Егер сенімен аредек сойлесуге тура келсе, атынды атамай “Ай, кытай”-деп шакыратын еді.        Соны естігенде “мен кытай емеспін, мен казакпын, менін атым Касен”-деп бар дауысынмен айгай салгым келеді. Не шара, оларга не дейсін, кімнен коресін, кімнен?!

Карт демігіп, ішкі жан-дуниесіндегі толкуын баса алмастан отырып калды.  Оны аяп кеттім, алкымыма ашшы бір оксік тыгылды. Бір сат унсіздіктен кейін ол ангімесін кайта сабактады. Алемде болып жаткан жаналыктардан бейхабар иенде журген адам тым тагы болып кетеме калай, адамша терен ойлаудан біртіндеп кала бастайды екенсін. Адамга терен ой салатында осы дуниенін аласапыран озгерісі болса керек.

Бар ермегім табигатпен сырласу. Тауга, таска, гулге, суга сырымды айтам, астымдагы мын салса бір баспайтын кертобелге мун шагам. Санамды жайлаган бар ойым да, арманым да жарымды, жалгыз кызымды кору, солардын касына жету. Кейде жынды адамдай куй кешем, иен тауды басыма котере “Касен ”-деп айгай салам.

Тау жангырып “Касен”-деп коса шакырады. Арі бір емес, бірнеше жангырык бірінен сон бірі кайталап менін ешкім айтпайтын сорлы атымды алыс тау тукпіріне курметтеп колдан-колга откергендей ала жонелетін де сонынан ошкіндеп барып узілетінді. Коз алдымнан аягын енді басып, балдырлап сойлеп журген кызым мен аяулы жарымнын бейнесі еш кетпейтін.

 Арада каншама жылдар отіп, кызымнын жасына жас косылып есейді-ау деп ойласамда, барі-бір сол саби елес журегіме орнап калгандай баска бейнеге орын бермейтінді. Енді олардын атын шакырам, таулар косыла жангырады.

Сосын агыл-тегіл жылаймын. Жылаган сайын журегімнін алде колкамнын бір жері оттай куйіп сала береді. Ондайда тастай булак суын ішсемде куйген жеріме жетпейді. Шыдамым кеткенде койлегімді шешіп тастап кок шалгынга етпетімнен кулай кетем. Кок иісі мен дымкыл топырак исі мурныма жетіп, тосімнен сыз откенде салде болса сарайым ашылып калады.

Ол тагы курсінді. Автобус біркалыпты журісімен кен жазыкта ойкастап келеді. Жолаушылардын кобі мажаурап, коз шырымдарын алып, мызгап отыр. Тек карт екеуіміз гана откен куннін елесімен арпалысып азапка тусіп отырмыз.......

Сагынышым аскактаган сатте жердін сызы да оган сая болудан калады –деп созін сабактады карт коныр унімен. Ондайда жана жулып алган кок шоппен кеудемді сабалап, сонау еністе агып жаткан карт Ілеге карай кутырган кісіше алдымда не турганына ман берместен тура жугірем. Жугіріп келем, жылып та келем, сурініп кулап та кетем, айтеу зорга суга жетем де “кумп” етіп салкын суга койып кетемін.

Менін коз жасым осынау ана озеннін суына косылып батыска карай жылжып агып кете барады...ана озенім маган туган жердін нарі мен санін, анін ала келгендей мені аналык мейіріне болеп толкынымен баяу тербетуші еді.

Мен онын жумсак та, майда су тамшыларынан жарымнын аялы алаканы мен кызымнын улпа шаштарын сезінуші едім...Карт жаулыгынын ушымен козін суртті. Менін де кенсірігім удай ашып, тамагыма тас тыгылгандай болдым. Ол ангімесін узіп алмайын, неде болса бітірейін деген кайратпен одан ары сабактай тусті.

Осы он жыл ішінде бул ауылдын елімен де, жерімен де таныс болдым. Бірак, оларга сінісе алмадым. Кейін жагдай біраз онала бастаганда озге ауылга кошіп бардым. Сол жерде куйеуі олген жас айелмен тагдыр костым. Арине біз сияктыларга ешкімде кызын бермейтін еді ол заманда. Суйтіп кундер отіп жатты.

Ол айелімнен кешікпей ул суйдім, атын Арман деп койдым.  Сол Арманымды суйіп журегімде сан жылдар сартап болып катып калган сагынышымды баскандай, шолімді кандыргандай болдым-ау айтеу.       
               
Кенес Одагы ыдырап, Казакстан тауелсіздігін алганда сол баягы сагыныш оты журегімде кайта тутанып, козімнен еріксіз жасым парлады. Куанышымда шек болмады. Казакстан мен  Кытай арасындагы карым-катынастардын дурыс жолга койылып, шекара айкара ашылганда алгашкылардын бірі болып, мен де шекарадан оттім.

Журегімді колыма устап, алып-ушкан сезімдердін жетегімен туган жеріме жеттім. Не керек коп озгерістер болган, менін аяулы жарым, жер бетіндегі жарык жулдызым, кызымнын анасы мен кашып кеткен сон коп бейнеттерге тап болып, содан омірден ерте озыпты. Баска ешкіммен тагдыр коспапты.

Соз осы туска келгенде ол унсіз калды. Неге? Онын дауысын шыгармай туншыктырып турган нендей кудірет? Мен ойга баттым. Балкім окініш, балкім намыс, жок алде жоктау ма, мадак па?  алде осы сезімдердін  барлыгынын озегі ме? Солай шыгар.
         
Карттын унсіздігі узакка созылды. Мен де кузамадым. Соншама узак та, машахатты тагдырды аз уакыттын ішінде санасы мен кайта сезініп, журегімен кайта тербетіп, тілімен айтулын озі де ерлікпен тен гой есебі.

- Кызым университет бітіріп, озі  суйген жігітке куйеуге шыгыпты. Казір балалары бар, берекелі отбасы екен. Менін келгенімді коріп ошкені жанып, олгені тірілгендей катты куанды. Корыккан да бір, куанган да бір дегендей шаттыкка боленгені сонша есінен танып та калды. Ел-журтын жинап улан-асыр той жасады.

Сол тойда Шаріп агамды кордім. Екеуіміз кушагымызды жаза аламай узак корістік, етегіміз жаска толды. Ол мендей емес дала кезген адам гой, менен кеткен сон коп узамай кайта шекара бузып еліне кайткан екен, содан сотталып омір бойы жазасын отеуге Тарымга айдалыпты. Кейін заман оналганда акталып еліне келіпті.

Ие улым, “Адамнын басы Алланын добы”-деген де соз бар. деседе, сол допты кейде адамдарын  акымакша тебетін кезі болады екен. Мен домаланган доптай тагдыр кеше журіп, сагыныш деген тілсім де, тупсіз сырдан канганымша іштім. Адам баласынын жан азабы да, жан рахаты да сол сагыныш па екен  деймін.

 Мен жанымнын азабын тартып журіп, рахатын сезбей калган секілдімін. Мен сагынышты махаббаттын тумасы деп санаймын. Егер махаббатты  адамзатка Алла силаган болса, сагыныш адамдардын бір-біріне деген таза журек сиы. Сондыктан улым жакын адамдарынды сагынудан жалыкпа. Сагыныш жок жерде махаббат болмак емес.

Ал, махаббатсыз дуние бос кой. Казір картайдым. Бірак жылына бір рет мамыр айында туган жеріме бір келіп кетуді адетке айландырдым. Сонда менін алгашкы акуыз махаббатым, арайлы тандарым мен арман толы тундерім калды.

 Кош айтып кеткен кезімдегі жарымнын жаудір козі мен кызымнын саби кулкісі калды. Ауылымнын аясынан солардын елесін іздеймін, арі коремін де. Мен ушін енді одан артык кызык жоктай. Бір гажабы мен кызымнын тал бойынан анасын коргендей болам, аумай калган анасынын озі. Козі де сондай, тіпті жылаганын айтсай шы... картын жузі нурланып сала берді.

Мен онын козінен манадан бері алгаш рет куаныш отын кордім. Енсемді баскан зіл-батпан жуктен айыккандай санам сергіп сала берді. Екеуімізде еркін тыныстап бір сат сыртка коз тастадык. Алдымызда гасырлар бойгы саркылмас сагынышын бауырына баскан казактын сагым куган сары даласы косіліп жатыр.......







СОНЫ


Рецензии
“Адамнын басы Алланын добы”-деген де соз бар. деседе, сол допты кейде адамдарын акымакша тебетін кезі болады екен. Мен домаланган доптай тагдыр кеше журіп, сагыныш деген тілсім де, тупсіз сырдан канганымша іштім. Адам баласынын жан азабы да, жан рахаты да сол сагыныш па екен деймін.

Кастер!

Жогарыдагы ангіменді окып катты толкыдым. Рахмет!

Гаухарбек Баянбайулы Кунхожаев   28.06.2012 10:36     Заявить о нарушении
На это произведение написаны 2 рецензии, здесь отображается последняя, остальные - в полном списке.