Жалгыздык

Бейсен аксакалдын зейнеткерлікке шыкканына екі жылга аяк басканда, узак жыл отаскан косагы дуние салды. Кайгылы куннін туып, омірлік серігін кара жердін кушагына тапсыргалы да екі айдын жузі болды. Тату откен, силасып откен кундердін сагынышы карттын журегін жаралап, бір саткеде есінен кетер емес.

Басында коніл айта келген туыс-туганнын, дос жараннын карасы коп болгандыктан білінбеген екен, олардын біртіндеп аягы узілісімен торт болмелі патерде жалгыз калганда бірак білді, арине бала-шагасы кунде келіп турады, тіпті, улкен улынын тунгыштары да осы уйде бурынан турып келеді, ажесіне еркелеп мектепке зорга барып-келуші еді, ажесі откеннен бері, алде акылы кірді ме, жок иен уйде турудан жалыкты ма мектебінен калмайтын болды.

Беу омір-ай десенші, кемпірі барда кундер зулап откендей, «Акау карттык не деген тез тыксыртып келеді»- деп оз ішінен ойлаушы еді, ал кемпірі олгелі, дуние мулде керісінше турленіп шыга келгендей болды. Енді тан атса кеш батбайтын, кеш туссе тан атбайтын, бір куні бір жылдай узак суркейлі де, кулазыган кундер басталды.

Бейсен карт ушін барінен де ауыры сол жалгыздык болды. Мапелеп осірген бір кызы мен екі улы алде кашан уйлі-баранды болып, оз тутіндерін оздері тутатып кеткен.  Барі де осы калада турады.

Бугіндей сондай жабыркау кундердін бірі, карттын мунарланган коніліндей, уй іші де кунгіріт тартып барады. Батар куннін сонгы саулесі шыгыстагы саргыш гимаратты кызгылт нурга болеп, корген жанга бір турлі назік те асем, сырлы тус багыштап тур.

 Бейсен аксакал банадан бері сол уйден коз алмай, откен кундерінен  елес болып калган алде  бір жаксы щактарын есіне алып отыр еді, кенет есік конырауы шыр ете тусті, карт колындагы алыстан баскаргыш куралын босагада жабысып турган есік конырауынын кызыл нуктесін коздей басып калды. Есік ашылып уйге улкен улы келді.

- Ден саулыгыныз калай аке? Бірнеше куннен бірі жумыс басты болып кеттім, сізгеде келе алмай калдым,  - деді кабырга тірей койылган жумсак орындыкка отырып жатып.
- Окасы жок, балам, кызметіннен калмагынын жаксы, азірше аландайтындай емес, денсаулыгым бір калыпты. Улы кайталай тіл катбады. Айналасына барлай коз тастап отырды да, аздап унсіздіктен сон, алде нені купиялап айтатын адамдай акесіне сыргый жакындай тусті.

- Аке, сізге бір нарсе айтайын деп едім…
Соз осы арага келгенде есік конырауы тагы шыр ете тусті, карт баганагы адісін кайталады, енді уйге кызы кірді. Карындасын корген агасы «Саган не бар еді дал казір» дегендей оган жактырмай, алая карады. Агасынын отырганын карындасы да куп кормеді, оган карап амандасбастан, созін бірден акесіне багыштады.

- Аке кешке не тамак істейін, неге конлініз согады?- деді колын акесінін иыгына койып, озін агасынын алдында, акесіне етене етіп корсетксі келгендей.
 - Рахмет кызым, еш кандай аска табетім тартар емес.

Уй іші тагы унсіз калды. Уаделесіп алгандай есік конырауы шыр ете тусті, кызы есік конырауынын нуктесін басты, уйге салем бере кенже улы кірді. Алдымен акесіне амандасты, онан сон:
- Салем бердік деді агасы мен апкесіне кезек карап. Бірак, оган тіс жарып жауап берген ешкім болмады. Апкесі болар-болмас басын изегендей болды.

- Аке, кеше мен акеліп берген дарілерді іштініз бе, оте жаксы дарілер, багасы да кымбат, уакытылы ішіп турыныз деді. Ол осы создері аркылы, озінін акесінін денсаулыгына булардан караганда кобірек коніл болетінін ескерткендей болды.

- Іштім, енді ондай кымбат дарілерді алмай-ак кой. Дарі деген озенге агып бара жаткан адамнын тал кармаганындай, олмесем, тірі журсем деген адамнын айласы гой, ал, мен мархум аналарыннын артынан тез барсам деп журген адаммын. Тек, Алланын ак олімі буйырса болды да, сендерден тілерім, алде кандай кун туса, мені аналарыннын касына жерлендер. Анеу куні корсетім гой деді карт, екі улына карап, сол жерге.

Карттын созінен сон, дал сол акелері айтып отырган каралы кун келгендей барлыгынын да енселері тусіп, бастары салбырап кетті. Карт балаларын іштей аяп кетті. Лезде соз арнасын баска жакка бурып:

Балам – деді улкен улына назарын салып, - сен алгінде бірдене айтам деп едін гой?
Улкен баласы ойлы калпынан тез озгеріп, акесіне, онан сон карындасы мен інісіне карап алып:
- Иа, сол, баягы сіздін жагдайыныз гой, сол жонінде айтайын дегенім, анам омірден озды, сізде картайдыныз, жалгыз туру сізге киын, - дей беріп еді агасынын созін карындасы киіп акетті:

- Рас аке, біздін де ойымыз сол. Сіз жалгыз калай тура бересіз.
- Сіздін булайша турганыныз бізге сондай ауыр аке, – деді кенже баласы созге араласып. Карындасы мен інісінін соз агын кутпестен киіп алып кеткендерін унатпаган агалары оларга тыжырына бір карады да созін ары карай жалгастырды:
- Солай аке, осы жагдайды ойлана келіп, келінініз екеуіміз сізді оз колымызга алып баксак деген байламга келдік.

- Агамнын айтканы орынды, - деді карындасы сапылдай тіл катып, - десе де, агам балалы-шагалы, онын устіне женгемнін мінезі киын адам, баскалармен тіл табыса білмейді. Сондыктан аке, менін колымда турганыныз жон болар, –деді. 
         
- Сен не дейсін? Женгеннін кай мінезі саган унамай калды? Тунгышымызды ажесі тірі кунінде бауырына салган, ол осы уйде турып келеді. Ересек балаларымыз осы уйде, ал акем біздін уйде турады. Онын несе жаман?- деді карындасына ашулы козбен карап.

- Келіннін колына караган кун курысын. Коріп журміз келіннін колына карап бейшара болып отырган талай шал мен кемпірлерді. Мен акемнін оз кызымын, жайылып жастык, иіліп тосек болып караймын – деді карындасы орекпи тусіп.

- Пішту! Карайгор муны, - деді агасы оршеленіп, - сенін куйеуін де белгілі, тапкан-таянганына арык ішіп, мас болса бала-шагасынын шыркын бузып, корінгінмен жага жыртысканнан баска колынан не келеді ол сілімтіктін. Ол бар гой, ол акемді карамак тугіл алдымен озін жонге салып алсын. Онын колына акемді берсек, мезгілінен бурын мерт кылады.
Карындасынын жука еріндері жыбырлап, мурыны кусырылып, козі жасаурап, дауысы дірілдей ендігі айтарын жітірмелете жонелді:

- Аракты кім ішбейді, сен де ішесін, бірак ол арак ішседе жонімен журеді, ешкімге оздігінен соктыкбайды, сенін катынын сиякты тілінен зар тамган, екі беткей жылан емес. Ол акемді бакбак тугіл, сол улы тілімен шагып олтіреді. Сол ушін акемді озім багамын.
Соз осы арага келгенде манадан унсіз отырган інілері созге араласты:

- Акемді ешкім емес, мына мен колыма аламын. Жол менікі. Мен бул шанырактын сут кенжесімін. 
- Догар, -деді агасы акырып, бар ашуын інісінен алардай ежірейе карап.
 – Сен сут кенже болсан, мен аке-шешемнін кзін ашкалы корген, аузын ашып суйген тула бойы тунгыштарымын. Сол ушін багуга мен толымдымын!
- Сен тунгышы болсан, мен жалгыз кызымын. Сол ушін мен багуга кукылымын! 

- Жок, екеуін боска таласбай-ак койындар, кара шаныракка кім ие а? Міне мен иесімін. Сондыктан акем менін колымда туруы тиіс. Созді осымен догарындар. – деді екі козі каскырдын козіндей ашудан кызарып кеткен інісі дауысын котере сойлеп.
- Болмайды, мен багамын!
- Жок, мен
- Мен
- Мен
- Мен 
 
 - Токтатындар! акелерінін ашулы уні ушеуінін дауысын пышак кескендей тиды. Булар манадан бері озара кызыл кенірдек болып дауласып журіп акелерінін кандай куйде екендері мулде естерінен шыгып кетіпті. Олар енді байкады, акелерінін жудеу тарткан солгын жузі тіпті де кан-солсіз болып куарып кетіпті. Сал козгалса жыгылып кетердей болган сон, ортадагы биік устелдін бір жак шетіне кос колдап суйеніп томен караган куйі томырылып калыпты.

- Аке, сізге не болды?
- Аке аурып турсыз ба?
- Аке отырынызшы.

Ушеуі жабыла барып суйеп,акелерін жумсак орындыкка алде бір назік затты аялап устагандай ептеп отыргызды. Бейсен карт он колымен екі шекесін кысып, козін жумып, томен караган куйі узак отырды да бырталайдан сон баяу басын котеріп, ушеуіне кезек карап алып:

- Рахмет балаларым маган деген конілдеріне. Бірак, береке-бірлікті, тату-татті ынтымакты умытбагандарын жаксы. Бір – біріне кашанда курмент етіндер, берекелі болындар. Бірлік тубі тірлік деген бабаларымыз. Сол бірлікті сактандар. Сендер мені силайсындар, курметтейсіндер, оларына шубам жок.

Бірак тусінбей келесіндер, мені тугіл оздерінді, омірлерінді, онын мані мен максатын тусінуге талпынбайсындар. Келте ойлап, асыгыс шешім шыгаруга бейім турасындар. Мен сендерді дуние тапшылыгын кореді-ау деп аландамаймын, барлыгыннын Аллага шукір жагдайларын жаксы.

 Менін коркынышым сол - бул  омірдін шынайы манызы мен кудіретін тусінбей кор боларсындар –ау деген мангілік урей. Я оган озімде кіналамін, узак жылдар басшылык кызметте болып, партия, укімет деп журіп сендердін талімдеріне, рухани дуние танымдарына ман бере алмаптым, ман беруге ол кезде оремде жетпеген сиякты. Карт осыларды айтып унсіз отырып калды.

Енкейген басы онан бетер томендеп, еті арып кушиган кеудесі онан бетер шожіп кеткендей болды. Онын ішкі жан-дуниесіндегі ар-намысы адында пенделік келбеті жауап беріп жаткандай бір турлі арпалыс куйде калды.

Балалары акелерінін конілінде не жатканын анык білмеседе, акелерінін оздеріне конілі толмайтынын сезініп, оздерінін алгіндегі огаш кылыктарына окінгендей унсіз томен караган куйі отыра берді. Сут пысырым уакыттан сон бул унсіздікті акесі бузды:

- Балаларым, мен мын жасайтын кузгын емеспін, аналарын кеткен мангілік, баянды мекенге менде кетемін, оганда санаулы уакыт калды. Ойлана келе, козімнін тірісінде, осылай тын отырганымда бірнеше маселені шешіп кетуді дурыс деп таптым.

- Ол кандай  маселе? Ушеуі бірден елен ете кады.
- Акелеріннін тірлікте жинаган дуниесі, казынасы бір басына жетеді. Сондыктан енді маган мемлекет ай сайын толеп отыратын жогары зейнет акынын кажеті шамалы, осы айдан бастап бір тиын зейнет акы алмайтын болдым, барлыгында жетімдер уйінін есеп шотына аударатын болып шешелді.

- Неге?
- Бул не кылганыныз?
- Сонда сіз……
Ушеуі ан-тан болып бір-біріне бажырая карасты.
-  Неге булай шешім кабылдаыныз аке?- деді, улкен улынын тілі созге зорга келгендей куміжіп.
- Балкім, біз кайтер екен деп айтып турган шыгарсыз?-деді кенже улы акесіне умітті жанармен жаудірей карап.

- Солай шыгар – деді кызы. Бірак, онын алгіндегі ашы дауысы енді бейне бір жердін тупсіз тереніне тусіп кеткендей сондай алсіз шыкты. Онын бул созін озі де зорга естіді.

- Солай шырактарым, айтканымнын барі рас, сендер акелеріннін отірік айтбайынын жане айтканынан кайтбайтынын жаксы білесіндер. Мен сендермен баймын, енді калган аз гумырымда сендердін кастарында болсам сол маган жеткілікі. Кария жоткірініп алып созін ары карай жалгастыра тусті.

 – Сонан сон тагы бір жайт уй маселесі, оздерін білесіндер калада уй оте кымбат, сондыктан осы патерімді узак жыл озімнін кол астымда істеген, адал, момын бір агаларын бар еді, сол бейшара колік апатынан мугедек болып калды, озі балалы-шагалы адам еді, бір болмелі патерге симай катты киналып отыр. Мен солара оз патерімді ауыстырдым. Буйыртса олар таяу кундері осында кошіп келеді.

Кала орталыгындагы саулетті уйдегі, торт болмелі патердін кайдагы танымайтын мугедектін бала-шагасынын иелігіне отіп кеткені агайынды ушеуінін кабыргаларын кайыстырып-ак кетті. Зейнет акысын жетімдер уйіне аударганын естігендегі «кайгы-муны» мына баспанадан айырылу «касіретінен» алде кайда женіл еді.

- Онда, уй жихаздары мен колігінізді де сол адамга бердініз бе?- деген улкен улынын дауысы жыламсырап шыкты. Ен сонгы умітті дуниенін аты естілгенде, кызы мен кенже уы да салбырап кеткен бастарын зорга котеріп, акелеріне шаншыла карасып, бір умітті жауап кутті.

- Уй жихаздары мен колігімді мархум інімнін жалгыз улына беретін болдым. Оздерін білесіндер, інім узак жыл алыс ауданда журді, енді кала іргесінен жер алып, уй тургызам деген де кайтыс болды. Жыгылганга жудырык болып, дал сол кезде жердін де, курылыс материалдын да багасы аспандап шыга келді.

Айтеу улы зорга деген де уйін салып бітірді. Арине сендер де, мен де кезінде аз болса да комек бердік, бірак, оздерін анада уйіне барганда кордіндер гой, бар акшасын уйге жумсаган, енді уйінде оні дузу бірде-бір жихаз не астында мінер колігі жок. Буган окпелерін жок шыгар. Акесі коз киыгы мен балаларын шолып отті.

- Сізді тусінбедім, бул…
- Сіз балкім акылыныздан алжаскан шыгарсыз.

Бар жиган дуние-мулкінен капылыста коз жазып калган саран саудагердей, Уміттері мулде узілген ушеуі салындары суга кетіп, жанарлары мен жер шукып узак унсіз отырып калды.
Уй ішін узак та, ауыр унсіздік мендеткен. Ар кім оз ойымен арпалысып отыр. Кун алде кашан батып кетседе, шырак жагу ешкімнін ойына келер емес. Уй іші ала кеуімденіп барып толык карангылык кушагына енді.

Осы сат тыстан алде біреу мунда келсе, ешбір жан иесінін барына сенбес те еді. Тек кабырга шкаптын ішінде турган сагат шыкылы гана естіледі. Кенет сагат конырауы сога бастады. Бір, екі, уш,….сегіз.

- Ой, сагат сегіз болыпты гой! – улкен улы уйкыдан оянандай басын жулып алып, щощына тіл катты. – мен кайтайын аке, келінініз сал сыркаттанып жур еді, барып оны-муныына комектесейін.

- Менде кетейін, аке, балаларга тамак беруім керек. Ертен келемін гой. –деді кызы карангыда кол сомкасын іздей журіп.
- Куздін куні тым тез бататын корінеді гой, - деді кенже улы кімге айтканы белгісіз орнынан турып жатып. – мен де кеттім аке ертен тагы жумыс бар дегендей, - деді акесіне бурылып.
- Біз кеттік,
- Сау болыныз
- Тагы келеміз.
-……….

Есік сарт етіп жабылды. Осынау карангылык кушагындагы патердін бір бурышында карайган конілімен капаланып карт кана калды. Ол кулазыган куйде ауыр курсінді. Осы сат кана ол озінін шынайы жалгыз екенін бірінші рет терен сезінді. Жалганда жалгыздыктан артык касірет бар ма болар ма?. Кенет онын ойына мархум кемпірі тусті. Шіркін ол болганда гой….,

- Уа! Кудай коскан косагым, сен мені жалгыз калай калдыріп кетін? Кімге тастап кеттін? Карангы тобырга ма алде имансыз оскен урпакка ма? Кімге ?, Ал , озін жылы орнын да ештенеден каперсіз жатырсын.

Кенет картын санасына жасындай жарк етіп тускен бір ой онын ой-пікірін астан-кестен етіп кетті. Ол ой - кемпірінін де меніреу, тас карангы молада жалгыз жатканы еді. Карттын денесі муздап сала берді.

«Кабір – ужымактын бір бакшасы немесе тозактын бір шункыры» бул соз онын кулагынын тубінен жангырып откендей болды. Иа бул сол имамнын дауысы, ол кемпірі кайтыс болганда мешіттен келген имам еді, суйекті арулап, жер койнына тапсырып, келген-кеткен кісілерге куран окып, білген акыл-кенесін айтып басынан-аягына дейін болган сол  ак салделі, денелі, зор дауысты имамнын уні.

Сондай бір сатте ангіме орайына осы созді имам айтып еді, айтканда калай, дал Осы Бейсен асакалга карап отырып айтпап па еді? Ол кезде ол буган онша манде бермеп еді, ман берерге шамасы да жок еді. Сол имамнын кадалган шаралы кара коздерінін сырын енді тусінгендей болды.

- Тым кеш, тым кеш! Ей жараткан ием кешірі гор! Бейсен аксакалдын кокірек куысын жарып шыккан ашы оксік тутас жан-дуниесін шарпып отті. Кім білген, омірдін соны осылай боларын? Ол кезде Бейсен аксакал мангі картаймастай, олместей жасап журген, шалкып журген кезі еді.

Бірде осы имам калага мешіт салу керектігін айтып, жер сурап келді, ол онын тілегін бермеді. «Мешіт емес, бізге мектеп керек, соган жер болмай тур»- деп шыгарып салганы бар. Содан арада бірнеше жыл откенде, мешіт салатын жер таптым, тек каржы кол байлау болып тур, комектесініз деп имамнын екінші рет келгені бар. Ондада таусылып бермес сылтаулармен жолга салып еді, есіктен шыгып бара жаткан ол Бейсенге тесіле, мусіркей карап кетіп еді.

- Шіркіннін козі-ай, онменіннен откен, -деп бул жумсак орындыгында кала берген болатын.
- Иа кемпірім, сен кайсысында жатыр екенсін? Арын таза, момын жан едін. Кудайга кулшылык етіп намаз окып, ораза устамасан да адам баласына мейірмен карайтын, арам астын барінен бойында аулакка салып, айел баласы болсан да  біреуді жамандаудан, кундеуден ада едін.

Сол ушінде жаткан жерін жаннат бакшаларынын бірі болар. Илахим солай-ак болсын. Ал менші, мен сенін касында «кылмыскер» едім гой. Менін орным тозактын бір шункыры болар…….
Онын журегі калтырап сала берді. Ептеп турып, суйретіле басып терезеге жакындады.

Жаркыраган кала шырактарына одан сон тунгі аспандагы жымындаган жулдыздарга карады. Осы сат онын ойына жакында окыган бір акыннын «Жалгыздык»-деген олені оралды.

- Калай еді? 5-6 шумак сиякты еді, окыганда барі есте калардай-ак журекке жакын болатын, енді міне кургыр умытып калыптым-ау,-деп іштей кубірлей журіп олен жолдарын есіне тусіре бастады. Ол да сал акынжанылык бар еді, жас кунінде унаткан махаббат олендерін жаттап алып бас косуларда кыз-келіншектерге арнап окып та беретінді. Ептеп есіне тусе бастады.

Коп емес 2-3 шумагы гана:
Жалгыз екен, сиынатын танірін,
Жалгыз екен, кешетугын тадырын.
Жалгыз екен, аспандагы ай мен кун,
Жалгыз екен, аткан тан мен інірін!
……………………………………
Жалгыз екен, сонгы мекен корін де,
Жалгыз екен, журегін де, конлінде.
Жалгыз екен, жалгыз екем шынымен,
Журсемдагы шалкып омір торінде.
………………………………..
Жалгыз жулдыз жалгыз сауле себеді,
Жулдыз сонсе, тіршілікте сонеді.
Махаббатпен жаратылган дуние
Жалгыздыктын касіретін шегеді!...

Ол жулдызды аспанга алде нені іздегендей узак коз тікті. Озінін сонгы кундері кабылдаган шешімдері мен істеріне дан риза, оган бола окінбек емес, ойткені, ендігі гумырында жалгыздыктан баска таршылык кормесіне сенімі каміл, бірак, окінерлігі сол жана гана тун кушагына сунгіп козден бірден гайып болган ул-кыздарын екі дуниеде бірдей жогалтып алдым-ау деген аса урейлі сезімі еді. 
      


Рецензии