Айкорiк сулудын тагдыры

«S» каласынын Актерек деп аталатын кошесінде Айкоріктен аскан сулу айел жок. Айкорік аты айтып тургандай толган айдай ару еді. Ол аягын некей-некей басып, басын тік устап, колан кара шашын иыгынан асыра тогілтіп, кошедеден откенде оган карап аузынын суы курымайтын жігіт, жас кунін ансамайтын шал, ерте есеймегеніне окінбейтін бала болмайтын.

Ал, айелдер кауымы ше? Олар мулде кері-агар коз-караста болтын, оны корседе кормеске салып оте шыгады да, ол касынан оте бере артынан кызыга да, кызгана да карайтын еді. Айкорік кездескеннін барімен тіл катысып, орынсызга езу тартатын айел еместін, тал бойын майыстырмаган куйі, кеудесін шалкак устап, озі силайтын адамдарга гана сал басын изеп ізет білдіріп, сабидей татті жымиыспен езу тартып оте беретін. Онын бул кылыгы айелдерге тіпті унамайтын.

- Оыс катын несіне шертиеді – ей, а ?
- Соны айтам, акімнін катыны да булай журмес, тайірі.
- Озін кім деп ойлайды екен сонда, анау екі куннін бірінде мас болып журген байына бір карайсайшы.
- Бул калада озінен баска ургашы жок –деп ойлайды-ау тайірі.

Кызынып алган катындар Айкорік солардын басындагы багын, койнындагы байын тартып алгандай-ак бірінен-бірі асып тусіп, ракымсыздыкпен соз жебесін онын сонынан жаудыратын-ай келіп. Айкорік олардын созін кулагы шалмасада, олардын озінін артынан аяусыз айтатындарына шубаланбайтын. Кайта осы каладагы ен бакытты айелдей сол баягы сулу да , аскак бейнесін жогалтбай жасап келеді.

Сырттай зер сала караган жанга Айкорік осынау карапайым кала кошесінде калыктап кана, адамзат баласын бойына тогытбай, ансары аспанга ауып журген хор кызындай сезілетін. Бірак ол сыртка козге осылай корінгенімен, жан дуниесі аласапыран, жудеу, жаралы еді.....

Бір кезде ол да бакытты болатын. Озі суйген, озін суйген Конаймен уйленді, одан кыздары Гулім омірге келді. Жап-жаксы тату-татті отбасы болды. Амал не бар бакытсыздыктын басы жумыссыздыктан басталды.

Конай жумыс істейтін арак зауоды куйреп, зауод ужымы жумысшыларын «томагаларын» сыпырып, оларды «нарык»-деп аталатын бір жутылсан кайтып кутылуын киын, жутылмауга тауекел етбесен жан багуын онан киын шет-шегі корінбейтін, тупсіз шынырау тылсымы коп дуниеге еркіндікке жіберді.

Айкорік бурынан бір жеке фирмада істейтін еді, ол фирманын да жагдайы экономикалык дагдарыска байланысты туралап, бір аз бурын адамдарын шартсыз демалыска жіберген болатын. Айлык берілмейді, жумыс журсе кайта жумыс орындарына оралуына болады. Демек, булда бір жумыссыздыктын «мадени-умітті»турі. Отбасы ушін негізгі табыс козі Конайдын кірісі болатын. Ал, онын жумыссыз калуы отбасы бюжетіне недауір соккы болып тиді.

Конайда карап отырмады, ептеп ел секіді, жекеше тіршілік козін карастыра бастады, алдымен бір неше адам бірлесіп, жакын отырган ауылдардан мал алып келіп, оны кала базарында сойып сатып журді. Уыстап акша таппаса да, уйден тамак узілмеді. Айкорік Алланын бунысына да шукіршілік етіп журіп жатты. Конай бір тога, жуас жігіт болатын, озінін акконілдігі мен сенгіштігі де бар еді. Елдін конлін калдырмауга тырысатын.

Бурын арак зауодында істеп жургенде «Осы аракты корсем журегім айниды, елдер калай ішіде осы»-деп Айкорікке талай айтканы бар. Ал, енді, озі де ептеп ішетінді тапты. Алгашында онын себебін базар іші суык, тонганымыздан жігіттер біраз жылынайык деп бір жарты ішіп койдык деп акталатынды. Онысына Айкорікте тусіністікпен карап, тым такауырлап кетбейтін еді. «Кыстын куні, дала да, базарда суык бойын жылтып аздап ішсе ішкенде шыгар»-деп озін-озі жубатып коятын. Алайда, кун откен сайын онын арак ішіп уйге келуі жиілеп кетті.

Бурынгыдай айеліне себебін де айтып, кешірімде сурамайтын болды. Бунын не – деген айеліне, козін алайта, тесірейе сузеген букаша карайтынды шыгарды, карап кана коймай,- Иа, не болды, ішсем не болыпты. Акша табу онай ма, а? озін жылы уйде отырып алып, мыкты болсан сен акша тап.-деп дауыс котеріп урсатынды шыгарды.

Айкорік онын сау уакытын пайдаланып акылын айтып, будан кейін уйге мас болып келмеуін, ішкісі келсе достарын уйге шакырып осында ішуін отінді. Тіпті,керек болса сол базарга бармай-ак уйде отыруын, озінін жумыс тауып істеп, отбасын багуга мумкіндігі бар екенін де айтып корді.

– Жаксы енді ішпеймін, Айкорік, осы жолы кешір деп  уаде берген Конай коп отбей тагы да мас болып уйіне зорга жетеді. Онын аракка деген махаббаты, Айкорікке деген сезімінен де асып тусті. Айкоріктін акылы да, айласы да, ашуы да оган асер етуден калып барады. Акыры сонында кошенін туракты мас кунеміне айланып шыга келді.

Кошеде сулап жаткан жерінде Гулім екеуі талай марте суйреп, суйемелдеп уйлеріне зорга жеткізген болатын. Осы кезде оздеріне карап турган ер-айелдерді коргенде, Айкорік намыстан, кара жерден карыстай тесік тапса, соган еніп кетіп, осынау маскаралыктан бір жолат кутылгысы келетін.

Айкорік дукеннен керекті заттарын алып, коше бойлап келе жатыр еді, сонынан бір еркектін:
- Ай сылкым, токташы.- деген дауысы естілді. Айкорік онын дауысынан осы кошедегі шарапхананын кожайыны Бектас екенін сезді. Айкоріктін касына мангаз басып келген Бектас кулім козін ойнатып, Айкорік басыан аягына дейін бір шолып отті де:

- Охо, сылкым, бурынгыдай емес, ажарын тая бастаган ба калай?- деді мыскыл кулкімен сулу муртын сылап турып. Айкорік оган мойын бурып карамастан, суык рай танытып:
- Не жумысын бар менде?- деді келте кайырып.
- Жай, аншейін, саган жаным ашып,- деді Бектас дауысын сызылтып.
- Рахмет, маган жанын ашымай-ак койсын. Айкорік журуге онтайланды.

- Тура тур,тура тур –деп Бектас лып етіп Айкоріктін алдын орады да:
- саган бір кызмет сайлап койып едім. Ол осына айтты да Айкорік не деп айтар екен деген кісіше онын жузіне оніле, барлай карады.
- Не жумыс? –деді Айкорік козін кок жиектен алмаган куйі.
- Менімен бірге істейсін, кандай жумысістеймін десен де озін білесін сулуым-деді коздері жанып, семізше казылсары жузы нурланып.

- Маган не жумыс болса да барі бір. Тек жалакым дурыс болса болды. – деді Айкорік Бектастын жузіне тура карап турып. Бектас онын кулагына жакын барып сыбырга жакын унмен, - бір шартым бар- деді.

- Кандай шарт ? Айкоріктін журегі бір сумдыкты сезгендей урікпіп.
- Не шарт болушы еді, сол баягы шартта. – Бектас сыкылыктап кулдді. 
Айкоріктін алкымына ашу тыгылды, корлыктан жан куйіп барады. Деседе ашуын сабырга жендіріп:

- Пасык журегінді ит жесін сенін. Ол осыны айттыда жітірмелете басып Бектастан узай берді. Айкоріктен булай жауап кутпеген ол турган орнында «кап аттен сені ме!»- деп кіжініп кала ерді.

Намыстан жарылардай куй кешкен Айкорік уйіне калай тез жеткенін ангармай да калды. Ол есік алдындагы орындыкта шокиып отырган Конайды корді. Конай апден жудеген, екі урты су алып, сакал-мурты осіп, киімі де тозган.  Ол Айкорікті коріп бірдене айткасы келіп шаралы коздері жапактап орнынан козгала берді.

Конайдын бул кеспірі Айкоріктін ашу-ызасына май куйгандай асер етті.  Ол озі білетін бар бок ауыз создерді айтып, барынша дауыстап каргап-сілеп оны уйден куып жібергісі келді. Бірак, кенсірігі удай ашып, комейіне муздай тас кептеліп калгандай, ештене айта алмай унсіз жылай берді.

Тек козіне Конай онын бала куніндегі Кутпан деген караала иті кусап елестей берді. Конайдын сонгы кезде калыптастырган адеті: аздап арак ішерлік акшасы болса немесе арак беріп жумыска салса, сонын баріне келісіп, уй бетін кормей неше кун неше тун гайып болып кету еді. Кашан арактан кантарылса, сонда гана сіне катын-баласы тусіп уйіне оралатынды. Осы  келісі де сол «сапардан» кайткан беті еді.

Осы туні Айкорік омірінде алгаш рет катты назаланды. Ешкімге сездірмей жылап та алды. Бірак жылаганымен не пайда, аздап женілдегенін болмаса, журектегі дерт арылар емес. Коз алдынан Бектастын арсыз кулкісі мен арам ойы, ал, куйеуінін бейшара, намыссыз бейнесі алма кезек елестеп жанын жегідей жеп барады.

Бектастын багана айтып турган: - не шарт деп едін, баягы шарт кой-деп кулгені есіне туссе намыстан ортеніп, озін коярга жер таппай кетеді. Ол былай болган окига еді. Конай алгаш аракка уйір болып, отбасы тірлігі туралай бастаганда бірде Айкоріктін жумыс іздей журіп осы Бектастын шарапханасына бас сукканы бар. Айкоріктін айтканын мухият тындап, онын мунына жанашыр жандай бейне корсеткен Бектас:

- Осы кудайда коз жок па алде адейі солай жасай ма білмеймін, небір сулу, жаксы айелдер кайдагы бір онбагандарга, араккештерге тап болып, омір бойы соры кайнап келіп журеді.

Ал, не бір акымак, не коркі, не кылыгы жок катындар акылды еркектері тауып алып, солардын аркасында омір бойы сайран салып жургені. Сонда калай, акылды адам акымак адамды, акымак адам надан адамды іздеп журіп тауып алып, озіне жар еткені ме ?

Мына сіздей аруды кайдагы бір маскунемнін мандайына жазганын карашы, тулпарга есекті теліген азган заман-ай. Бектас созін токтатар емес, буны тындап отырып Айкоріктін бірде намысы келсе, бірде созін костайтын адамы табылып,  іштегі шерін таратканына жаны жайлана калып, бір озі екі удай куй кешті.

Бектас узак сойледі. Кудайдан бастап Конайга дейін талайлардын устінен сот укімін шыгарып улгірді. Айкорік іштей маган бір кызмет табылар-ау деген дамемен онын созін болместен тындады. Соз сонында Айкорікке кызмет беретінде болды, бірак, бір шартым бар,- деді ол, шартым сол: калаган кезімде екеуміз былай, нетіп, озін тусінесін гой, - деді беті булк етпестен.

Омірі  Конайдан баска еркек бар деп ойлап кормеген, бар махаббатын озінін жан-дуниесімен коса Конайга арнаган Айкорік ушін булай істеу озін тірідей отка тастаганмен бірдей еді.  Онын коз алдында турган Бектас адам бейнесіндегі албасты кусап сезінді, тула бойы туршігіп, калай болганын озі де сезбеді, бар парменімен Бектастын бетіне тартып келіп жіберді де есікті сілки жауып шыгып кетті. Бектас Айкоріктен мундай «сыбага» кутбеп еді, сол отырган орнында есі шыгып отырып калды. 

Конай бірнеше куннен сон тагы сол «аніне» басып, уйден карасын батырды.  Айкорік бір кант зауодынан жумыс тауып істеп жур еді, аякастынан бір усак кемшілігі ушін колма-кол жумыстан шыгарылды. Онын себебін тусіндіріп жаткан ешкім болмады.

 Тек усак-туйек жумыстар істеп тапкан азын-аулык напакасына Гулім екеуі ептеп кунелтіп журіп жатты. Бір куні кеш алпетінде екі бейтаныс жас жігіт Айкоріктін есігін келіп какты. Есік ашкан Айкорікке узын тура сарысы алдымен тіл катты:
- Айкорік сіз бе?
- Иа.
- Біз Бектас агайдын адамдарымыз, сіздін уйініз сол кісінін меншігіне отті.

Айкоріктін танданганы сонша, капелімде не дерін білмей сілейіп турып калды.
- Естіп турсыз ба?- деді касындагы дембелше кара, созге араласып, - сіздін уйініз будан кейін Бектас аганын уйі болады. Куйеуініз Конай «уй-жер меншік куалігін»  занды турде расімдеп, Бектас агайдын меншігіне сатып беріп кетті.

- Сенбесеніз мынаган караныз, узынсары жігіт калтасынан жана «уй-жер меншік куалігін» алып шыгып,  Айкорік оган коз жугіртіп шыкты, кужаттагынын озі уйі екеніне сенді.

Айкорік Конайдын озіне опа бермейтінін сезетін, бірак, дал осылай баспанасын сатып кызы екеуін куздін суык кунінде далага кангыртып кетеді-деп уш уйыктасада ойына алмап еді.

- Сізге Бектас ага рахымшылык жасап, он кун уакыт берді. Осы уакыт ішінде баска жерден баспана тауып аларсыз деп уміттенеміз. Айкорік есігіне суйенген куйі турып калды. Салден сон оз-озіне келгендей болып, бір коркынышты тус коріп оянгандай болды. Алайда ол тус емес, оні еді.

Ол енді тусіне бастады, жакында кант зауодынан жумыстан шыгып калуы, Конайдын аяк асты тагы жогалып кетуі, енді міне баспанасынан айырылуы барлыгы да осы Бектастын жоспарлы істеп отырган жымыскы тірілігі екен. Айкорік Бектаска ерегескенде уйін тастап беріп, басы ауган жакка кетіп-ак калгысы келді.

Бірак, «Гулімді кайтемін?»- деген ой келгенде бул ойынан бас татты. Гулім алі кішкене еді, енді гана 4 сыныпта окып журген, онын устіне туылганан алсіздігі бар, арі кунде суытып келеді.

Айкорік ертенінде жумыс пен коса баспана іздеуге кірісті. Тагдырдын кейде адам баласын кырына аямай-ак алатын кезі болады. Алде омірдін заны солма, жок алде касиетті кітаптарда жазылгандай адам баласынын басына ауыртбалык пен турлі киындыктарды беріп, онын тозімін сынайма екен?

Айтеу  Жараткан Иесі Айкорікті мыктап колга ала бастады. Табаны таусылып іздеседе, бірінін аузына бірі тукіріп койгандай ешкімде оны жумыска алгысы келмеді. Ал, баспана тым кымбат, арине, Айкорік ушін солай сезілді, калтасы котеретіндей бірлі-жарымды «баспананы» козрді де шошып кетті, шындыгында ол адам емес, ит байлайтын уйшік сиякты бірденелер еді.

Айкоріктін тусінбегені: «Казіргі адамдар баскаларды не деп ойлайды? –деген сурау еді, «Сол адамдар оздері осындай жерде турар ма еді?, баскаларды да адам ретінде неге ойламайды? Бірак ол ойынын да жауыбын тапкандай болды. «Бундай адамдар ушін озгенін адам немесе ит болуы манызды емес, бастысы, акша болса болды,  заман калай, адам калай озгерген, иа, буларга да не деп согіс айтам, осы жолмен акша тауып, бала-шагасын асырап отырган шыгар. Олардан емес, озімнен коруім керек шыгар, егер мен де кезінде Конайга сеніп калмай, жанталасып жумыс істесем, тауар сатып акша тапсам, мен бугінгідей кунге калмас едім-ау.

 Конайды арка суйер азаматым, гумыр бойы тірлігімнін тірегі деп тым сенім артып калыптым, мына жалган дуниеде адам баласы ешкімге де сенбеу керек екен, тек озіне гана сен, тек озіне гана сенуін тиіс екенін кеш тусіндім гой, амал нешік»- осындай ойлармен шаршап уйіне тус ауа жеткен Айкорікке арсалан кагып екі окушы жетті. Олар есіктен кіре:

- Тате, тате ! емханага тез жетінізші, Гулім сонда жатыр!
 Айкорік катты шошып кетті, журегі атша тулап, денесін суык тер басты. Ол емханага жеткенде Гулім узын зал бойына койылган орындыктардын бірінде сулык тусіп жатыр екен. Айналасында оган карап тагы бірнеше окушы тур. Гулімді коріп онын козінен аккан жасы жузін жуды. Оны караган дарігер:

- Кызыныздын дене куаты азайган жане жуйкесіде алде неден, маселен, коркудан, жабыркаудан, куйзелуден  закымдалган. Бір созбен айтканда жуйке жуйесі аздап шаршаган онын устіне жаксы азыктанбаган соган байланысты кан аздыгы да бар. Деседе аса аландайтын данене жок. Емханада біраз жатып ем кабылдау керек. Ол ушін кассага барып кепілге бір мын юань акша салуыныз тиіс, ем тек содан кейін гана басталады-деп тусіндірді.

Айкорік бір мын юань керек екенін естігенде не істерін білмей катты тарыкты. Онын колында муншама акша жок болатын. Не істеу керек? Онын омірінде каншама киыншылыктар болсада, дал осындай сабырын тауыскан, журегін кысып, миын мужыган шарасыздык болмаган еді.

Ол жугіріп далага шыкты, коше толы адам, айкаскан автоколіктер, самсыган тауар саткан жаймалар, заулім аспанмен астаскан гимараттар, мандайында улкен кызыл крест ілген емхана, адамдардын жаркын кулкісі, кумбірлеген музика уні, койшы айтеу, айнала толы кызылды-жасылды коздін жауын алатын озі де шырайланып , елді де озімен коса елітіп шырайландырган  тан-гажайып дуние. 

Айкорік емхананын алдында сілейіп тур. Кайда, кімге барарын білмей дал болып, тамшыдай бір мейрімге зар  болып тур. Бул калада, тіпі, кала манында онын бірде-бір жакын жанашыр адамы жок еді. Онын бар туган туысы тым алыс аймакта туратын. Ал, Конай жетім балалар уйінде тарбиеленген бала болатын, ол тіпті озінін ата-анасынын кім екенінде білмейтін.

- Иа Алла, мейірімді жараткан ием, Сен гана маган жар болатын жакынымсын, маган жар бола гор!- Айкоріктін жасы жузін жуып турды. Ол іштей мінажатін жалгастыра берді, - Иа Алла, тек Сен гана мейірімдісін, Сен гана камкорсын. Мына дуниеде адам баласы бір-біріне жанашыр болудан калды, тек, акша, акша гана барін устемдік ететін халге жеттік, Сені танымай, акшаны таныйтын, соган сажде ететін дарежеге тустік.

 Ей Алла, озін уаде етен акыр заманын болса, тез болса екен. Мынау меніреу тобырлар мен зулаган коліктер, заулім сарайлар, тіпті, рахымы жок мына емханада Сенін кудыретінмен бір саттін ішінде кулі кокке ушса екен. Жалгыз аяулы адамы ушін акша тауып емдете алмаган мына менін де сорлы жаным бір жолата жай тапса екен! – онын жан дауысы осылай деп айкай салып турды. Бірак, онын аузынан бір ауыз соз шыккан жок, тек, козінен булак болып аккан жасы етегін жуа берді..

Осы сат алдына аспаннан тускендей болып, Бектас пайда бола кетті. Ол Айкоріктін жузіне кулімдей карап турып:
- Иа, сылкым, бала ауырып калды дейме? –деді жайбыракат кана.
Айкорік лам деп аузын ашкан жок. Бектас шикылыктап куліп алды да:

- Сен бе, сен тым тон мойынсын. Озінше намыстысын. Кімге керегі кургак намыстын. Мына заман намысты адамдардын, адал адамдардын заманы емес, соны біл. Заманын тулкі болса, тазы болып шал, міне бул омірдін заны осы! Сен баланы емдетуге акша таппай тарыгып турсын,оны озін айтпасанда, козін айтып тур. Егер акша бермесен Гулімге ем жасалмайды, ал, онда ол Оледі!- Бектас сонгы созін бар ынтамен сесті етіп, тез айтты.

 Айкоріктін журегіне біреу тосыннан канжар сугып алгандай есі ауып кетті. Жалт етіп Бектаска карады. Онын козіне Бектас адам кейпіндегі аса урейлі, оте жауыз да, ересен кушті бір тылсым махлуктай елестеп кетті.

Мынау туксиген заулім уйлерде, тунерген аспанда Бектастын  зорайып, сомдалып, устіне тоніп келе жаткан  алып бейнесіндей корініп кетті. Айкорік екі колымен бетін басып отыра кетті. Бектас кол сумкасынын ішінен бір бума акша алып шыкты да Айкоріктін алдына тастай салды:

- Ма, ал, уш мын юань, баланын емделуіне толык жетеді. Бала сауыккан сон маган жумыска келесін жане айтканымды орындайтын боласын! – деді катал арі буйрыкты унмен. Ол осына айттыда машинасына отырып кетіп калды.

Коз алдындагы бір бума акшага карап Айкорік унсіз отырып калды. Онын козіне осы бір бума кокала акша адам баласынын бойындагы ізігілік жане кісілік касиеттерін аяусыз жутып жаткан алып карасур жыландай корінді.

 Алса, озінін де оган жутыларына сенімі каміл, ал, алмаса ше? Онда алгі есер айткандай Гулім шынымен ажал кушама? Гулім! Айкоріктін коз алдына ес-туссіз жаткан кызы тускенде, ол жылан емес, арыстаннын болсада аузына тусуге дайын еді.
Айкорік акшаны ала салыпжынды адамша, карсы кездескендерге кагыда-согыла жан уштырта,  кассага карай жугіре жонелді.   

  Арада он шакты куннен сон Гулім сауыгып емханадан шыкты. Алайда, аліде дене куаты алсіз болгандыктан жалгасты уйінде дем алып, кутініп жатты.  Ал , Айкорік ше? Онын казіргі тагдыры, айдында еркін жузген  акшабактын, балыкшынын жайган ауына тускен сон, бар бостандыгынан айырылып, пушайман куй кешетін халіне бек уксас еді. Ол Бектастын курган ормекшінін торындай тузагынан кутыла алмады. Онын шартын амалсыз кабылдап, шарапханага жумыска барды.

Гулім отбасы жагдайында озгеріс болганын сезіп, куанып журді. Бурынгыдай емес, татті-дамдіні жиі жейтін болды, киім-кешегі де баскада оны-муны керек жарагы да толыкталып калды. Арине, бунын барі анасынын енбегі, сонын тапкан акшасына келіп жатыр.

Бул тургыдан ол анасына ерекше разы, бірак, тусінбейтіні, турмысы жаксарган сайын анасынын кун санап жудеп бара жатканы, шаралы нурлы жанары неге солгын тартып барады?

Аскак, сулу тулгасы неге иіліп барады?, бурын аймалап-уйіріліп туратын мейірімді кушагы неге аластап, салкындап барады? Анасы неге бунын козіне тіке карамайды? Ашылып жаркылдап кулетін кулкісі мен жайдары уні кайда?

 Міне бул сурактар Гулімнін саби журегіне де маза бермейтін болды. Ол муны анасынын жумыстан шаршап жургенімен байланыстыратынды. Алайда, саби кыз анасынын баска емес ар азабынан азып бара жатканын кайдан білсін.

Бір демеліс куні тус алпетінде уйге кангырып кеткен Конай оралды. Ол бурынгыдан да бетер тозып кеткен, сакал-шашы устара кормегеніне де талай заман болгандай, онын устіне денесінен колканы кауып, журекті локсытып, ішкен жегенінді кустыратын сасык, кулісі иіс мункиді. Оны корген Айкоріктін тобе шашы тік турды.

 Есесі кеткен ата жауын коргендей оган карай тура жугірді де есіктен енді басын суккан Конайды кеудесінен бар кушімен итеріп келіп жіберді. Аузынан мылтыктан тогілген октай талай создер атылып жатты. Шыбын жанына гана ілініп, кур сулдері журген Конай Айкоріктін соккысын котере алмай омакаса барып жыгылды.

Иесінен алде калай унамсыз ісі ушін аяк асты таяк жеген иттердін бір неше рет канкылдап, кынсылап ауылдан узай беретіні сиякты Конайда озіне гана тусінікті тілмен біренелерді айтып уйінен узай берді. Есікке тусыртымен суйеніп турган Айкорік ашудан калтырып кетті. Бір корімі уйде Гулім жок еді.

Гулім бугін танды уйкылы ояу аткызды. Анасы жумыска баргалы кейде тун ішінде, кейде тіпті тан ата келіп журді. Алгашында Гулім иен уйде жалгыз калудан коркушы еді, оган да біртіндеп уйрене бастады. Деседе, бугін озгешелеу, журегі кобалжып мазасы кетті. Тан рауандай сал мызгып кеткен Гулім уйге анасынын кіргенін білді. Ол анасынын турін коріп шошыганын айкайлап жіберді.

Айкоріктін беті-ауызы кан жоса, козінін іші кан талап, айналасы когеріп, колкілдеп ісіп кетіпті, шашынын уйпа-туйпасы шыккан, аягын зорга басып тосекке жакындады. Гулім ушып турып анасын суйемелдеп жаткызды, су акеліп бетін жуды. Гулім алгашында байкамапты, анасынын басында уыс-уыс жулынган шаштын ізін коріп Айкорікті бас салып еніреді:

- Ана, айтшы, кім сені осынша сабаган?!
Айкорік иегі кемсендей, зорга тіл катты:
- Кызым корыкпа, алі-ак сауыгып кетемін.

Айкорік уйінде тапжылмай он кун жатты. Гулім мектептен уйіне оралганы сол еді, тупкі болмеден ата-анасынын айкайласып урыскан дауыстары естілді. Ол кіруге журексініп, босагада турып калды.
- Мені кет дейсін гой, бай тауып алдым дегенін гой!
- Тарт тілінді, ошір унінді кайыршы!
- Мен кайыршы болсам, сен салдакысын, тапканын арам акша!

- Кайдагы арам акша, озімнін адал енбегім, сонымен баламды асырап отырмын, егер сенін бойында намыс болса, Гулім ажал аузында жатканда кайда болдын? Кай жерде аузынды итке жалатып жаттын?

- Оттама жезокше, мен арак ішсемде, зинакорлык жасаган емеспін. Ел сені не деп жургенін мен де естідім. Бетіндегі таяк табы кайдан тусті? Бектастын катыны туыстарын бастап келіп итше тепкінін астына алыпты гой сені, тагы адалмын дейді!

- Мен кіммен тосектес боламын, сенін жумысын болмасын, балам ушін баріне дайынмын!
Гулімнін будан артык тындауга даті жетпеді. Жугіріп келеді, жылап келіді. Озіне жумбак болып келген сырдын беті ашылгандай болды. Ол осынын барлыгына тубін куганда озім кіналімін деп сезінді.

Гулім кешіккен сон Айкорік оны іздеп шыкты, барды-ау деген уйлер мен орындарга барды, бірак, бірде-бір адам оны мектептен шыккан сон кайда барганынан хабармыз болып шыкты.

Ертесі сиы тус мезгілінде каланын онтустігіндегі тоспа колден Гулімнін суйегі табыды. Тоспанын айналасына оскен балауса талдардын біріне сумкасын, киімдерін шеші іліп кетіпті, тіпті, аяк киімі мен наскиінде сол жерге калдырыпты. Анасына арнап бір парша хат та жазып корнеу етіп сумкасынын аузына салып та койыпты. Хаты былай жазылыпты:

- Кош ана, мені каншалык жаксы коретінінізді білемін. Біле тура неге осылай істеді деп маган налыманызшы. Сіз бар омірінізді маган арнадыныз, мен ушін жанынызды да, танінізді де корлаттыныз, мен ушін барін істедініз, мені деп кунага баттыныз, мен есейіп озімді-озім камтамасыз еткенше, мен ушін алі талай кунага батарсыз.

Буні біліп турып мен калай тозейін, калай сіздін колынызлан нан жей аламын? Сіз ондай адам емессіз, бірак бул омірде мен болгандыктан сіз соган бардыныз, сондыктан менде куналімін. Мен сізді жанымдай жаксы корем, мулде кия алмаймын. Бірак кунадан коркам, озініз айтушы едініз: куналі адам олген сон отка жагылады-деп, сол оттан коркам ана.

Сол ушін куна аркалагым келмейді, омірге калай келсем солай кетіп барамын. Мынау жамандыкка толы дуниеден ештене алып кеткім келмейді, бар затымды сол ушін калдырдым. Ана сіз сонгы кездері маган: балам, егер мен оліп кетсем, Кудайдан мен ушін кешірім тіле, Алла баланын тілегін кабыл етбей коймайды деуші едініз, мен Алланын алдында ерте барып, сіз ушін кешірім тілеймін, біз ушін сол дурыс. Жаным ана кеш мені!...

 Айкоріктін шашы бір-ак кунде агарып кетті. Орнынан тура алмай екі буктетіліп калды. Канша адамдыктан кетсе де, пенде баласы гой, Конай жылап журіп баласын жерлеуге катысты. Бірак, осы олімнен сон ол мулде жынданып кетті.

 Гулімнін кабірінін басына окушылар орактай етіп ай белгісін орнатты. Ол белгі Айкоріктін козіне «Кош жан анам»-деп булгап турган Гулімнін саби колдары кусап коріне берді.

Осы окигадан сон Актерек кошесіндегілер Айкорікті кайта коре алмады. Біреулері: торкініне кетіпті десе, енді біреулері баска калага кетіп калыпты деп айтып журді. Ал, енді біреулері: кала сыртындагы бір диханмен коніл косып алыпты деп коріпкелдік танытып жатты. Айелдер жагы тіпті белсенді:

- Бейшарага обал-ак болды, бала деген бауыр еті гой адамнын.
- Соны айтам, кісіге кылар зияны жок, ак коніл жан еді.
- Жаксы айел аркашанда жаман еркекке кез болады, анау байы гой тубіне жеткен.
- Айкорік десе дегендей, бет біткеннін коріктісі, кошеміздін сані еді гой шіркін.
Кундер оте Айкоріктін ангімесіде саябырси бастады, Актерек кошесіндегілер ангіме етер енді кім бар екен дегендей жан-жагына коз тігіп, кулак туре бастады.

 


Рецензии