Экологиялык тазалык
Аса камкор, ерекше мейірімді Алланын атымен бастаймын.
1. Жер екіленіп дірілдеп сілкінген сатте,
2. Озінін ішіндегі жугін устіне котарып тастаганда,
3. Адам баласы (шарасыздыктан): «Буган не болды?» – дегенде,
4. Сол Куні –
Жер озінін хабарламасын хабарлайды,
5. Озінін Жаратушысынын ашылуымен.
6. Сол Куні –
Адамдар болек-болек топтанып,
Ентелеп жугіреді.
Оларга жердегі істеген барлык кылыктары корсетіледі.
7. Кім, тозаннын туйіріндей кайырымдылык жасаса, оны Кореді!
8. Кім тозаннын туйіріндей зулымдык жасаса, ол да кореді.
КОРАН перевод смыслов и комментарии Иман Валерии Пороховой. – 8-е изд. – М. РИПОЛ классик, 2005. – 800 с. Сура 99. стр 632.
(Аударган Асет Мукашбеков)
Гылыми адебиеттерде экология «табигаттын тазалыгын, сулулыгын сактай, коргай отырып, оны адам кажетіне укыпты пайдалану», – деген аныктама беріледі.
Узак гасырлар бойы біздін ата-бабаларымыз табигат кушагында кошіп конып журіп, онын сырын жан-жакты білуге дагдыланган.
Адамзат оркениеті гылыми-техникалык дамудын жолына тускенге дейін (алтын узікті киіз уйді еуропалык тас сарайга алмастырып) гасырлар бойы тірнектеп жинаган табигат кубылыстарын терен білу тажірибесі, улы дала тургындарынын арасында астрономиялык, географиялык, матеметикалык, гидрометерологиялык зерденін айырыкша дамуына ыкпал етіп, нагыз табигатты терен тануга, табигатпен мінсіз ундесуге негізделген – ешкімге уксамайтын кошпеліліердін экологиялык мадениетін дуниеге акелді.
Поляк революциенері Б. Залескийдін «Казак даласында тіршілік тынысы» очеркіндегі: «....дала карияларынын барін де білгір ботаниктер десе болгандай...туйеге мінген казактардын ырган-ырган журісін теніздін кемені шайкауына баласак, жулдыздарга карап багдар аныктайтын олардын откір жанарлары бакылау дурбісіне караган тенізшідей», – деп суреттеуі – эколкогиялык мадениетіміздін белгілі бір даму сатыларынын белгісі.
Бізге жеткен ата урпактын пайымдауы бойынша мысалы: шагалалар кол устінде ушып журіп, кенеттен ушуларын токтатса, ілі-шала ауа-райы бузылады. Ал егер шабак балыктар су бетіне кайта-кайта шыгып шоршыса, не жазда шырылдауык шегірткелер шырылын токтатып, жым-жылыс болып, айналада мулгігіен тыныштык онаса, коп узамай жанбыр жауады.
Ашык кунде карлыгаштар ушуын догарса, біраздан кейін дауылды куте берініз. Кыста акбокендер жайылымын тастап, баска жакка жосылып коныс аудара бастаса немесе сексеуіл тогайы мен кум тобелерді паналаса, онда коп узамай сол аймакта боран басталады.
Коктемнін жанбырында кун куркіресе, шоп шуйгін шыгады; кун батарда аспаннын солтустігі коныркай тарса жел турады; кун бултка батса, келесі куні жауын-шашын болады, ашык батса – кун жайма шуакты болады.
Жеті каракшы жамбаска ойысыпты, – деп уакыт пен ауа райын болжау; уркерге карап уакыт белгіліп, темірказыкка карап жолаушынын тунгі багытын айкындауы; желмаясын желдіртіп халкына Жеруйык іздеген Асан-кайгы бабамыздын ар онірдін кадір-касиетін капысыз айткан: «Алты кунде ат семіртіп мінетін жер екен», «Агар суы бал татыган, ак шабагы май татыган» деген создері, табигатпен тіл табысудын ен бір улкен айгагы, калыптаскан экологиялык мадениеттін кагидалары.
Кошпелі казактын экологиялык мадениетінде жер казбаларын аныктау да улкен орын алган. Егер жер астында казына немесе байлык болса, ол жерде кар токтамай еріп кетеді. Жер асты байлыктарынын бір нышаны: урыгы себілмеген жерге райхан гулі осіп шыгады.
Тау баурайында, журт мекендейтін жерден аулакта кунжіт немесе баклажан оссе, сортан жердін ортасында бука терісіндей жаксы жер немесе домбаз, кірпіш куюга жарайтын топырак болса, жемтік-олімтік жок жерде кузгындар айналып ушып журсе, ол жерлерде де казына-байлыктын болганы.
Жанбыр жауып турганда шункырсыз тегіс жерге судан как турса, кыстыкуні кайсыбір жерде кар тез еріп кетіп, айналасы кар болса, тас бейне бір майлап койгандай жалтырап корінсе жане оган жанбыр мен су жукпаса, таудан бірге ойнап, курылдасып тусіп келе жаткан кыргауыл мен кекілік козге шалынса, немесе кенет, кутпеген жагдайда бал аралар бір жерге топтана конса, кайсыбір агаштын бірер бутагы баскаларман салыстырганда жуандау, куаттырак болып оссе, бул жерлерде бабалар болжамы бойынша казына-байлык бар дей берініз.
Зейінді, білгір, сезімтал бабаларымыз табигаттын бундай жумбак коріністерін назарга алып отырган, тіршілік тажірибе-шешімдерін урпактан-урпакка жалгастырып, тиімді кимыл, іс-арекеттер істеген.
Ал енді, экологиянын негізі тазалык жонінде айтар болсак, мусылман казактын куніне 5 кабат дарет алуын тан тазалыгы десек, жан тазалыгынын мысалы аз ба?
«Сиырды теппейді, сутті токпейді», «судын да сурауы бар», «акты токпейді», «сызга отырма», «тырнагынды тунде алма», «топыракты шашапа», «кокті жулма», «кулді баспа», «нанды, кірдін суын баспа», «кендірмен мал байлама, жынгылмен мал айдама», «шандатпа», «ортеме», «тутіндетпе», «былгама», «булдірме», «ластама», «кулді коміп таста», «су сеуіп сыпыр», «кораны тазала», т.б. бабаларымыз урпактарынын санасына сінетіндей етіп бір-ак тиым созбен жеткізген.
Кагаз бетіне жазылып, жарлыкпен бекітілмеген тутас халыктын, казак ултынын рухани экологиялык кодекісіне айналып кеткен мундай дастурлер – біздін арымыз, уятымыз.
Окінішке орай, казіргі оркениетті заманнын мадениетінін осы бір кыры жетісппегендіктен, адам баласы ушін экологиялык шыргаландардын бугінгі куні шешілмейтін шырма-шату туйіндері, уакыт откен сайын ширыгып келеді.
Свидетельство о публикации №210060200201