Карыз беру керек пе, бермеу керек пе?

"Сарандыктан, пасыктыктан артык ауру жок". Пайгамбарымыз Мухаммед (с.г.с.)

– Асет Ризаулы,   карыз беру, карызга алу керек пе?
– Егер сізге біреу келіп бірдеме сураса ойланыныз.  Алемге бірдеме беретін кезіміз жетті. Не беру керек? Озінде бар нарсені гана бере аласын гой. Суйіспеншілікті, мейірімділікті, махабатты, куанышты, шаттыкты! Адамдарга осыларды силаудан бастаныз.

Егер де артык акшаныз бар болса, акша берініз, тек кана карызга емес! Сонынан окініш пен кудіктен, дамеленуден азаптанбау ушін былай гана бере салыныз. Силык ретінде марапаттаныз! Берсе берер, бермесе кояр. Кандай айырмашылык бар?! Сіз кысылып турган адамга комектестініз, кайырымды іс жасадыныз.

Акша беруге мумкіншілігініз болмаса не бергініз келмесе, онда карызга акша бермейтінінізді, ал осы акшаны казіргі сатте силай алмайтынынызды, біракта баскаша колдан келетін комегінінізді аямайтынынызды тусіндіріп айтыныз.

Адамдар адетте акша бермей коя ма деп «жок» немесе «бар» деп айтады. Бул жагдайда онын жанын «коркыныш» билеп алган, буйтіп алган акшада береке болмайды. Сондыктан да, осы сатте жан-дуниенізді кандай сезім билеп алганы оте манызды.

Оте кызык бір жайт бар. Карызга акша алганда, куат сакталу заны бойынша, кепілдікке дуниенді салмаган жагдайда, кепілдікке – жанынды, ар-ожданынды, уятынды саласын. Ескерте кететін жайт – егер кепілдікке озіннін дуниенді салсан, осы саттен бастап ол дуниен сенікі емес, куат денгейінде осы дуниенізді баска біреу баскаратын болады. Ягни, сіздін ішкі жан-дуниеніздін мазасыздыгы артып, жанын жай таппайды. Осы сізді алсіретеді.

"Карызынан кутылмай дуниеден откен адам, сол карыз узілмейінше корінде кісендеулі калады".  Пайгамбарымыз Мухаммед (с.г.с.)

Кыскаша кортындылайык:

Адам озін-озі, сондай-ак коршаган ортаны негурлым суйіп, силаса – согурлым карызы аз болады немесе мулдем болмайды.

Ешкім – ешкімге карыз емес. Біз баріміз – біртутаспыз. Осыдан шыгатын зандылык: «Негурлым коп берсен – согурлым коп аласын» немесе «Береген колым – алаган».

Егер де, бірдемеге пулыныз жетпей турса, онда оз мумкіншілігінізді толыктай пайдаланбай турсыз. Ішкі жан-дуниенізге назар аударыныз. Біздін аркайсымыздын ішімізде шексіз байлык козі, булагы булыгып бугып жатыр. Біракта, ескеретін бір шарт бар. Бергенде ак конілінізбен, шын ниетінізбен, шексіз суйіспеншілігінізбен берініз. Берсеніз – тек кана карызга емес!


Рецензии