Токым кагар батасы

Ер баланын бір тойы,
Токым кагар білгенге.
«Жігіт болды» деген соз,
Балан атка мінгенде.

Мыкты болсын такымын.
Куансын алыс, жакынын.
Атка кондын жігіт боп,
Толсын енді акылын.

Алтыннан болсын жугенін.
Аргымак болсын мінгенін.
Узенгін болсын кумістен.
Талмасын атын журістен.

Жолдын алыс жакынын,
Атка мінсен білерсін.
Кімнін алыс жакынын,
Отка туссен білерсін.

Байлаганын нокталы болсын.
Айдаганын жортпалы болсын.
Акшан алтынмен болсын.
Ойын халкынмен болсын.


Рецензии