Зияратка бата

Кабыл болсын жамагат,
Зияратын жасаган.
Албетте болсын ак кадам,
Аттап шыккан босаган.

Кабыл болсын садакан,
Нурга толсын алакан.
Кабыл болып, тілегін,
Жарылкасын Жасаган.

Аруак берсін ак бата.
Колдап  іштен журекті.
Шапагат жасап биіктен,
Котерсін коса білеті.

Бойдагы бар кеселін,
Каралыктан арылсын.
Шыгар жері кенейіп,
Кірер жері тарылсын.

Кунанді Алла кешірсін,
Сауабынды осірсін.
Киелі Аруак басында,
Алдыннан ак жол косілсін.

Ар пенденін амалы,
Жумсаган акшан шамалы,
Босагана   оралсын.
Даулет болып коралы.

Ниетін осіп, агарып,
Балана тисін сауабы.
Шипа дарып дертіне.
Кетірсін таннен жараны.

Сактасын Алла індеттен,
Орындалмас міндеттен.
Колдауын салып білектен,
Орын алсын журектен.

Берекен, болса шашылган
Кайта оралсын касына,
Багын болса айрылган,
Кайта консын басына.

Балалы болсын курсагын,
Баталы болсын урпагын,
Аруагын болсын риза,
Тубаге келсен шырагым.

Міндетсіме карагым,
Жасаган арбір кадамды..
Сынайды Аруак арине,
Талай сынмен адамды..

Иманга баулы баланды.
Білсін адал, арамды.
Ата-аналык міндетін,
Уйрету жаксы, жаманды.

Осы батам аманат.
Жасына да каріне.
Кабыл болсын ак батам,
Осы отырган баріне.

            


Рецензии