Асет Мукашбеков. Кабан шошкага жайдак мiнуiм

(Болган окига іздерімен)

Бул окиганы баяндаушы: Шыгыс Казакстан облысы, Уржар ауданы, Науалы ауылынын тургындары  Жумагали Нуркусанулы Абылханов жане маркум Кайырбек Толеубеков.

1967 жылы аскерден келіп колхозда істедім. Ол кезде Науалыда «Ленин» атындагы шаруашылык болатын. Мені кабілетін бар деп 3 айлык К–700 тракторынын окуына жіберді. Осы алып тракторлардын алгашкы шыккан кездері. Оку бітіріп келгеннен кейін маган осы трактордын жанасын сеніп тапсырды.

Сол жылы кыс катты, кар калын болды. Біздін шаруашылыкка казіргі «Барлык–Арасан» курорты, Еміл озенінін бойы, Алакол колінін терістік жагалауы «Сартерек–Аксукум», Корпебай, Баракбай: ені 100, узындыгы 200 шакырым аумакты алып жататын. Колхоз баскармасынын торагасы Казак ССР жогары кенесіне екі мартебе депутат болып сайланган Усатов Леонид Федорович, маркум жаксы кісі еді.

Баскарма бір куні мені шакырып алып: «Жумагали, сен тракторына жылы тіркеме тіркеп алып Еміл бойындагы жылкыга комиссия апарасын» - деді. Осынын алдында гана шаруашылыктын жылкысына каскыр маза бермей жур, біреуін жеп кетіпті деп шуласып жургендерін естігенмін. Содан жабык тіркеменін ішіне комірмен жылыйтын пеш орнатып, ішіп жейтін азык – тулігімізді, мылтыктарымызды бітеу шанага сыкап тиеп алып, Еміл кайдасын деп тартып кеттік.

Баратын жеріміз ауылдан 150 шакырымдай, Маканшы ауылынан аскандагы Бармак кумынын бір шеті, мидай дала, кантар айы кар калын, кун суык, боран. Шанага тексеру комиссиясянын торагасы маркум Казбеков Касен, баскарманын шаруашылык жоніндегі орынбасары Измайлов Иван Сидорович, бастыктын жеке жургізушісі Ануфриев Владимир деген неміс жігіті, Ыкыласов Турсын т.б. шопандар бар. Діттеген жерімізге жеткеннен кейін, каскыр жеген малдарды аныктап, хаттап–шоттап болганнан кейін шопандар айтты: «Осы манда бір табын уялы шошка жур» - деп. Осыны ести салысымен келген адамдар бір–бір мылтыктарын алып шошка атуга кетті, мен тракторымнын касында калдым.

Бір заманда шыдай алмай менде тракторыммен солардын касына, Емілдін бір тубегіне бардым, барсам торапайы бар, мегежіні бар 8 бас шошка атып алыпты, тек кабаны гана жок. Сол кезде Измайлов айтты: «Булардын кабаны киын болады, бул енді ызалы, буган тиіспейік, біреумізді мерт кылуы мумкін» - деп. Осы токтамга барі келісіп мылтыктарын К–700 тракторынын жанына суйеп койысты.

Ол кезде мен аскерден жанадан келген, кылшылдаган жас кезім, казакша айтсам «тобелесті толеп журіп табатынмын». Сонан сон адамга білдірмей, суйеулі турган мылтыктын карабинін тандап алдым да, аналарга корінбей шошканын ізімен кеттім.

Шошка муздын устімен журіп, биік жаркабактан секіріп Еміл озенінен отіпті. Онын артынан мен де тырмысып жаркабактан жагалауга шыксам, калын камыстын арасында жатыр екен. Ойымда тук жок 20 метрдей жерден коздеп тыныш жаткан кабанды атып калдым, тиді ме тимеді ме білмеймін шошка атып турегеп кайта айланып карсы жугірді, сол кезде кайта атуга муршам келген жок, кабан касымнан зу етіп оте шыкты, мен бір шетке секіріп улгердім.

Кайта айланып аягымнан тістей бергенде, жанушырып мылтыкты лактырып жіберіп кулагынан устап аркасына каргып міндім. Одан кабан шынгырды, оган косыла мен де шынгырдым «Аттан, аттан!!!» -деп, содан койшы шошка шынгырып жур, шынгырып жур, мен устінде екі кулагынан тастай кылып устап, кенеше жабысып «Аттандап!!!» айкайлап  журмін, бір заманда кабан шаршады гой деймін ынкылдап калды, устіндегі мініп отырган менін де сілікпем шыкты, онын уні, менін карлыгып даусым шыкпай калды.

Екі аягым салбырап карга тиіп жур, камыс арасындагы кардын асты батпак екен, шошка болганда да оте дауіне мініппін, нак кабанынын озі, сыртка шыгып турган тістері сояудай кайшы сиякты бір карыстай, жалы жылкынын куйрыгына уксас, кулагы уй шошкасінікі сиякты емес, кішкентай жумсак. Салмагы молшері 200 кг  тайынша сиякты, кеудесі дау.

Канша уакыт откенін білмеймін, жалт карасам Ануфриев колында кос ауыз мылтыгы бар аткалы тур екен. Жанушыра айкай салдым: «Атпа, атпа маган тиеді!!!» - деп. Осы айгайды естіген шошка тіпті шынгырып секірді, мен кайта «Аттан, аттанга!!!» басып жан даусыммен кайта айкайладым.

Карасам, Емілдін тубіне карды уйіп тастаган жаркабактан Володя домалап ойга тусті. Мылтыкты кезеп маган келе жатыр, казакша: «Жумагали жіберме, жіберме!!!» - дейді. Мен устінде мініп отырмын, басымды унсіз изеймін, колым кулагында, шошка тулап жур. Сол мезетте Володя келді де, мылтыкты кулагына тіреп турып, кос ауыздын шуріппесін бірак тартты. Октын кірер жері білінбегенмен шыгар аузы, кабаннын екінші кулак жагынан етімен коса бурк еткізді, сол кезде куйырыгынан сыпырылып тура каштым, кабан алдыга журді де етпетінен тусті. Карасам мылтыгын устап козі когеріп, озі дір–дір етіп катты корыккан Володя да келді, мен есім шыгып кашып кеттім.

Осы кезде калган жігіттер де Емілден отіп жугіріп жетті: «Не болды? Не болды?». Володя да шошынган, мен де шошынганмын, ундемейміз. Баскарманын орынбасары Володядан сурап жатыр, ол айтады «Жумагали кабанга жайдак мініп алды» - деп. «Калай жайдак мінеді?» - деп кайта кайталап сурайды. «Кадімгідей, екі кулагынан устап алып аркасына мініп отыр екен, мен кабаннын жанына келіп, дал кулагына мылтыгымды тіреп турып аттым» - дейді. Сенер сенесін білмей олар шошып тур, менен сурады, мен коп ундеген жокпын, себебі аяк колым алі дірілдеп турган. Озім каралау жігіт едім, турім мулдем бозарып кеткеннен сон олар мені онша мазалаган жок.

Алгі дау кабанды атпен суйретіп кыстауга азер апардык. Кабан шошкага мініп ойкастап жургенде мылтыкты жогалтып алыппын, оны жабылып журіп калын камыстын арасынан іздеп азер дегенде тауып алдык. Содан 9 бас шошканы тіркемеге тиеп, шопаннын уйінен тамак ішіп, ауылга кайттык. Шошкаларды Володянын уйіне тусірдік, тракторды койып тунгі 12 молшерінде уйге келдім.
 
Уйде карі апам мен жанадан уйленген келіншегім гана бар. Уйленгенімізге бір ай молшері гана болган, ол менін, мен онын сырын алі жонді білмейміз. Апам мен келіншегім тамак іш дейді, тамакка заукым жок. Жуынып шайынып жатып калдым. Туннін бір мезгілінде турып алып «Аттан, аттан!!!» - айкай салады екенмін, оны озім білмеймін. Екі–уш рет кайталанганнан кейін касымдагы жубайым коркып апамды оятады. «Апа, апа!!! Жумагали ауыра ма, туні бойы аттандап шыгады». Апам карі кісі болатын: «Ей, акем! Ауырганы несі жана гана аскерден келді. Біссімілла деп жатындар, кайдагы ауру ол сау, отірікті айтпа!».

Содан жубайым кайта келіп жатады, сол кезде мен тагы да «Аттан, аттанга!!!» басады екенмін. Апамды кайта оятып «Апа журініз, корінізші» - дейді. Апам маркум касыма келіп отырады, сол кезде мен «Аттан, аттан!!!» - деп кикулап атып турып, кайта жатады екенмін. Осы кезде апам да шошиды: «Бул балага аяк астынан не болды?!». Басыма коргасын куяды, анау мынау емін жасайды. Мені оятады, не болды деп сурайды, мен ундемеймін, сонымен танды атырдык.

Танертенінде апам сурайды: «Балам, не болды саган, тунімен ойбайлап шыктын?». Айткан жокпын, танертен шайімді ішіп колхозга бара жатсам бастыгымыз Усатов Леонид Федорович кездесіп колын сілтеп: «Жумагали аманбысын? Келесі жолы Емілге ан аулауга барсан ертокымынды, жугенінді ала кет» - деді. Сол куні тракторыма барып, жумыс жок демал дегеннен кейін кайта уйге келдім. Келсем апам, жубайым барі коркып отыр екен, сонан сон асыкпай отырып болган жагдайды айттым, шошынып калыппын дедім. Елдін барі сурайды, баріне жырдай кылып айтып беремін.

Біздін колхозга бурын Аксаковка ауылы «Свободный путь» деген колхоз косылган. Екі колхоз бір колхоз болган, енді солар кайта болінетін болды. Ол кезде Семей облысы болатын. Колхозды болу ушін комиссия келеді. Ол уакытта арак–шарапты акесі олгендей коп ішетін заман. Баскарма мен орынбасары осындай отырыстын бірінде бізде кабан шошкага жайдак мінген жігіт бар деп ангіме айтады. Бірак олар сенбейді, сол кезде баскарма: «Ертен ол жігітті мен шакыртамын, оз аузынан естисіндер».

Танертен бастыктын хатшы кызы келіп: «Жумагали, сені бастык шакырып жатыр» - деді. Келіп бастыктын кабинетіне кірсем коп кісі отыр екен. Бастык мені корсетіп: «Міне кабан шошкага жайдак мінген мына жігіт» - деді. Олардын барі осы рас па деп сураганнан кейін осы окиганы бастан аяк айтып бердім. Олар куліп бастарын шайкап: «Корыккан жоксын ба?» - деп сурады. «Корыктым, казірде коз алдыма елестетсем коркамын» - дедім.

//Жок іздеуші (экспедитор) болуым//

Осы тракторымда 15 жылдай жаксы істеп журдім. Абырой да, атак та бар. Жумыска да ерінбеймін, окуым онша болмаса да озіме бекітілген техникага мукият караймын, тілін жетік білемін. Озім казакша окысам да орысшага жетікпін, улкеннін де кішінін де тілін табамын. Ата бабадан берілген тукым куалаушылык касиет пе білмеймін, есеп–кисап пен жумысты уйымдастыруда да ерекшеленіп журдім. Осынын барін тапіштеп айтып отырганым жасым 70-ке келді, енді откенді еске алудан баска не калды. Біз де бір тарихтын белгілі бір дауірінде омір сурдік, адал кызмет еттік.

1982 жылы колхозымызга 30 жасар жас жігіт, озімізде зоотехник болып істеген Селиханов Дуйсембай Магзумулы бастык болып сайланды. Бурынгылар омірдін агымымен зейнеткерлікке, демалыска, Ресейге кетіп дегендей жастарга орын босатты.

Жана бастык мені шакырып алып: «Жуке, енді экспедитор боласыз. Сізге 2–3 тапсырма беремін. Біріншісі шаруашылыкта егін коп, топан таситын тіркеме тап. Ресейге барасын ба, баска жакка барасын ба шаруам жок».

Содан самолетке отырып Ресейдін Алтай олкесінін орталыгы Барнаул каласына «Сельхозтехникага» келдім, директоры улкен аксакал кісі екен. Отырып ангімелесіп, менін карапайым тракторист екенімді білгеннен кейін бірден 20 тіркеме берді. Осыларды алып бастыгыма келдім. «Ой жарайсын, сенімімді актадын, енді екінші тапсырма беремін. Шопандар Алаколдін бойында кыстайды кыста, кузде камыста, сорда журетін, жазда Тарбагатай тауына шыгатын токтамайтын «вездоход» машинасы керек. Осыны тауып кел».

Жанды шупірекке туйіп алып, бір Аллага сеніп Семей «Казсельхозтехникасына» келдім. Келсем директоры баягы колхоз болінгенде комиссия торагасы болган Куликов деген азамат. Бул кісіні мен бірден таныдым, себебі баягыда шошкага мінген ангімемді тындаган.

Кабинетіне кіргеннен кейін жагдайымды айттым, конетін турі жок. Ол кезде машина тапшы, ерекше руксатпен гана ала аласын. Болмаганнан сон: «Сіз білесіз бе, кабанга жайдак мінген ерін мен едім!» - деуім мун екен, орнынан атып турып кос колын берді. «Мен сені білемін, сол кезде Усатов таныстырган».

Екеуміз жаксы ангімелесіп, осы окиганы кайта айтшы деп, ішек–сілесі катып рахаттанып отырып тындады. Осы окиганы сол жерде журген жолдастары мен мамандарын жинап алып менін айтуыммен кайта кайталап тындады.

Менін аты жонімді кайта сурап алып: «жарайді Жумагали, жумысынды шешіп беремін. ЗИЛ–157 аласын бірак жапкышы жок». Ішімнен Аллага тауба айтып куанып отырмын. Осы машинаны алып ауылга кайттым, болган окиганын барін бастыгым Дуйсенбай Магзумулына айттым, ол кісі де: «Кандай жаксы болган, кабанга ертокымсыз, ауыздыксыз жайдак мінбегенде жагдай калай болар еді, будан 15 жыл бурын жасаган ерлігініздін карымтасын колхоз болып коріп жатырмыз» - деп маз майрам болды.
Осындай енбектердін натижесінде сынактан сурінбей отіп, шаруашылыктын туракты жок іздеушісі (экспедиторы) болып шыга келдім.

//Оліп тірілуім, ну орманда Кайырбектін тастап кетуі//

Осыдан кейін мені Ресейге Канскі каласынын манындагы ну орманга (тайга) агаш дайындауга жіберді. Негізгі жолдан 100 шакырымдай. Озімізде 4 Камаз машинасы бар осылармен тасимыз.

Бул сібірде болган окига. Жана жыл болып калган. Бастык шакырып алып айтты: «Жуке, бір Камаз колігімен жылдамдатып тіркемесіз барып кайтсан, кайтарда біраз шырша ала келсен» -деді. Кайырбек Толеубеков деген жургізуші екеуміз кеттік, баратын жеріміз 3000 шакырымдай жер.

Аман есен жетіп, орманнын ішінен агаш тиетіп, 25 шыршага руксат алып, палаткамен жауып тез ауылга кайту керек. Жана жылга да 2–3 кундей уакыт калды, жол боран. Бірак жалгыз машинанын артыкшылыгы, аландамай агыза бересін. Содан кайттык, Канскіден Красноярскіге жеттік, одан Ачинскден Малинскіге келдік. Осы Малинск мен Кемерованын ортасы 80 км аралык иен елсіз аймак.

Ол кезде «Беломор» темекісін тартамыз, машинанын жылу пешін коскан кезде пештін желі темекіні угітіп ушырып жібереді. Сондыктан да журген кезде темекіні тонымнын калтасына салып аламын да, бук тусіп кабинанын бурышында тонымды жамылып жатамын.

Кайырбек журіп келе жатканда менін тонымнын шетін колымен сипалап: «Темекі берші» - деп акырын тартады. Мен калтамнан угітілмеген темекі алып беремін. Остіп келе жатып акырын уйыктап кетіппін.

Оянсам машина токтап тур, байкасам жургізуші Кайырбек жок. Далага шыкканын біліп, менде келесі есіктен сыртка шыгып кеттім. Ауаша барып женіл дарет сындырдым, бір мезетте кабинанын есігі тарс етіп жабылгандай болды. Бір–екі рет газ берді де Камаз «шу кара куйрык» журді де кетті.

Айдалада калдым, басымда малакайым устімде кастомім бар. Тунгі 2–нін молшері, аяз 45–50 градус. Жана жылга карсы, жолда жыбыр еткен колік жок. Жан жагым ну орман, тайганын как ортасы,  айналам кап–кара тунек, ішін тартып уілдеп жел гана согады. Тоным машинада кеткен, малакайымды тусіріп алып жугіріп келемін. Камаз кетті, даусы да естілмейді. Аяз да кысып барады, аттаган сайын шыкыр–шыкыр етеді.

Кара суык пен жел онменімнен отіп барады. Бір жагынан корынышты. Алі тона койган жокпын, содан бір–екі шакырымдай желе жортып, жугіріп, аяндап денемді суыкка алдырмай келе жатсам, жолдын жиегінде карама–карсы бетінде Иркутскіге карап 08 маркалы жана «Жигули» машинасы тур. Ол кезде осы машиналардын жанадан шыккан кезі. Акырын барсам машинанын шамдары барі жанып, моторы істеп тур. Карасам екі жап-жас жігіт біріне–бірі басын суйеп уйыктап жатыр.

«Кой мыналар менін мына турімді коріп, шошып кетпесінші» - деп алысырак турып, терезені акырын тыкылдаттым. Сол кезде жанындагы жолаушы жігіт жалт карады да, кайта жата калды. Арі–беріден кейін терезені кайта кактым, жургізуші оянды да сасканынан ол да жата калды. Енді екеуі де отырып алып машинаны бажылдатып жатыр, машина орнында тур. Естері шыккандары соншалыкты, жылдамдыкты коса алмай кур газды баса береді.

Жылдамдыкты косу естеріне тускен мезетте, донгелектері шыр айналып машина орнынан ытки ала жонелді. Екі жас жігіттін де имандары келсаптай болган шыгар деймін, катты шошынды білемін. Озініз де коз алдынызга елестетінізші. Алдымен екеуі жан-жактарына карады, ештене корінбейді, жым–жылыс. Айдала ну орманнын ішінде, басында малакай 50 градус аязда женіл киінген кап–кара біреу, аты жок, жоні жок терезенді тунгі 2–де тыкылдатып турса не істер едін? Олар алі кунге дейін сайтан кордік дейтін шыгар.

Коліктен умітім узіліп урейім ушып, коркып желе жорта келе жатырмын. Жан-жагым кара тунек, тонып бара жатсам жугіріп аламын. Канша уакыт откенін білмеймін, бір заманда алыстан машинанын сарыны естілгендей болды, ойладым айтеуір бір машина келе жаткан шыгар. Бір есептен ойладым, озімнін Камазым гой, мені іздеп келе жаткан деп. Бір мезетте алыстан оте катты жылдамдыкпен зулап келе жаткан Камаздын жарыгы корінді.

Алдымдагы жарык жакындай тусті, касыма жете бере агызып келіп токтады. Камаздын кабинесінен парлап аккан козінін жасын сурте-мурте Кайырбегім: «ой бауырымдап!!!»  домалай тусіп: «Ой Жуке! саусын ба, барсын ба?!» - деп озіне сенер-сенбесін білмей кушактап, аймалап усті басымды сипалап жур. Мен де оны кушактап: «Ой саумын, жагдайым жаксы» - деп Кайырбекті азер иландырып, коліктін басын ауылга карай бурып алдык.

Енді Кайырбектін ангімесін тындайык: «Машинага отырысымен айдап жонелдім. Біраз уакыт откеннен сон темекі сурадым. Жорик! темекі берші, темекі берші! Жумагали не оянбайды, не темекі бермейді. Содан оятпай ак темекіні алайын деп тонды озіме карай тартсам, тон озіме карай жетіп келді. Тоннын ар жагын карасам ештене корінбейді, жаткан кісі жок.

Сол кезде тежегішті калай басканымды озім де білмеймін. Ойладым, басып кеткен екенмін» -деп. Кайырбек корыкканынан тежегішті баскан кезде, жолдын шетіне ушып кетіпті. Осы аралыкта 70–80 км журіп жіберіпті. Машинаны кайта артка бурып алып бар жылдамдыгына салып: «Мыжып таптап кетсем суйегін ауылга алып кайтайын» - деп ботадай боздап келе жатса, калбалактап, малакайы жалпылдап жан ушыра жугіріп келе жаткан Жумагалиды коргендегі куанышын ауызбен айтып жеткізу мумкін емес!

Сонымен екеунін де куаныштары койындарына симай, котерінкі коніл куйде ауылга жетеді.  Жылда жана жыл келген сайын маркум Кайырбек екеуміз, осы бастан кешкен шытырман окигаларымызды туыстарымызга, балаларымызга, немерелерімізге жырдай кылып, майын тамызып отырып айтып береміз деп Жумагали ангімесін тамамдады.


Рецензии