Асет Мукашбеков. Олiп, озiне-озi жоктаган адам

Озімнін бал-бул балалык шактан Науалыда тай-кулындай тебісіп бір кошеде оскен Саркыт деген курдасым бар. Екеуміз бір жылы, бір ай, бір кунде дуние есігін де, мектеп есігін де бірге ашыппыз. Бірак, онын аке-шешесі ерте оліп, агасы Касенннін, женгесі Нуркастын колында ості.

Саркыт Кажыгалиулы Тайлакбаев бала кунінен созге пысык, еті тірі, мінезі шалкім-шалыс болатын. Омір жайлы толгаганда: «Пах, пах! Осындай да созге жуйрік адам баласы туа береді екен-ау!», – деп еріксіз ойлайсын, іштей суйсінесін. Біз он жылдыкты бітіргенде, ол аупірімдеп 8 жылдыкты тамамдады. Кейбір сыныпты «унаганы сонша» екі кайталап жіберді.

Ол кезде мектепте нашар окысан, сол отырган сыныбында – усак балалардын арасында омалып, ен арткы партада онкиіп отыра бересін. Мугалімдер де кудер узіп: «Сен бадырак маган тиіспе, мен саган тиіспейін», – деп онын тыныш отырганына куанады. Сабакка келмесе шаттанады!
Мектеп осындай сабак окымайтын, тентек улдарды, жылына бір кабат жиып-теріп, жасы 16-га толса, колына 8-ді «ойдагыдай» бітірді деген кужат беріп, корші «Южный» ауылындагы трактористер дайындайтын училищеге жіберетін. Тамагы, киімі, жатар орны барі тегін, мемлекеттін мойнында.

Осы оку орнын Саркыт курдасым да бітіріп, аскерге барып келген сон, ауылдан 120 шакырымдагы Алакол колінін жагасындагы «Сартерек» болімшесінде трактор жургізді. Жаз айларында дайындаган шопті, кыс бойы ауылга тасиды. Кей жылдары біз жакта кыс оте катты болып, тфу деп тукірсен, тукірігін жерге туспей катып калатын сары шунак аяздар жиі болып турады.

Осындай какаган кыстын бір куні Сакен ауылга ымырт жабыла шоп алып келеді. Тіркемесін агытып, арак ішеді. Ішкенде сілейіп тойып, сілекейі акканша, есінен айырылганша ішеді. Тун коюлана тракторымен  олендетіп уйіне кайтады.

Біздін ауылды как жарып агатын Кусак озені бар. Копірден оту керек. Бул «ерін» копірді таба алмай, тап копірдін жанындагы жарга, калын омбы карга тракторымен шонкиып асылып калады. Кардын калындыгынан трактор жарга куламайды. Асылып калган трактор – арткы екі донгелегі шыр айланып, айналаны азан-казан кылып, ауылды басына котеріп дарылдап тура береді...

Тап осы жардын басында Людмила Павловна дейтін мугалім орыс айелі туратын. Уйінін іргесінде дарылдап турган трактор уйкы бермейді. Мезгіл тун жарымынан ауган. «Неде болса барып, мынауынды дарылдатпай ошір, айтпесе бул арадан кет», – деп айтайын деп куйеуі екеуі келсе, трактордын тубінде – бір колы жогары котеріліп, бук тусіп катып калган адамды кореді. Дереу ауылдык, аудандык милицияга телефон шалады.

Олар іле-шала жетіп келіп караса, аязда катып калган адамнын майітін кореді. Майіттін аяк-колын созайын десе, шеге болып катып калган. Милициялар майітті тексеріп, біраз уакыт тракторды айналшыктап  журеді. Тонган сон, оздерімен бірге  майітті мугалім айелдін уйіне ала кіріп, майіт жібісін деп пештін устіне агаш салып, колын кокитып жаткызып кояды.

Оздері жылыну ушін арак, ыстык шай ішіп, біраз ангіме-дукен курып отырады. Майіт жібімейді. Майіттін бір колы жогары котерілген калпы, ашык машинага тиеп, аудандык милиция боліміне алып келеді. Олар: «бізге оліктін кажеті жок» деген сон, аудандык ауруханага акеледі. Олар да: «біз олікті емес, сыркат адамды гана кабылдаймыз», – дейді. Олікті майітханага (морг) апарып тастап, онын уйіне, агайын-туыстарына, колхозга  каралы хабар естіртеді.

Саркыт тонып оянады. Жан-жагына караса бірнеше адам, анадан жана тугандай шешініп тастаган, каперлерінде тук жок, уйкыны согып жатыр. Колын созып біреуінін жамылгысын жулып алады. Екінші жагына караса кішкентай бала уйыктап жатыр екен: «Алда бейшара-ай! Суык уйде жаланаш жатканы несі?!», – деп жаны ашып, койнына алып жатады, суп-суык. Бала оянбайды.  Оны кымтап жауып кояды. Кайдан келіп-турганын білмейді. Устінде лыпа жок, анадан тугандай жап-жаланаш. Бас анкі-танкі.

Біраз уакыт жаткан сон: «Кой, біреуден шылым алып шегейін», – деп ойлайды. Уят болмасын деп жамылгысын жамылып, шыгатын есікті іздесе, бір жарыктын сызаты корінеді. Есікті акырын ашып сыгаласа, калгып-шулгып бір орыстын кемпірі отыр екен. Шошытып алмайын деп жайлап барып орысша: «Апа! Темекі бар ма?», – деп сурайды. Козін ашкан кемпір бакырайып карап турып: «О, Кудайым-ай!», – деп айкайлап барып шалкасынан туседі де, талып калады.

Саркыт кемпірдін бетіне су буркіп тірілтіп алганда, кемпір торт тагандап тонкандап, ойбайлап каша жонеледі. Караса тан сібірлеп атыпты. Кемпірдін кылыгына тусінбей, жаланаш шыгуга уялып, Сакен босагада, аліптін артын кутіп отыра береді.

Бір уакытта у-шу болып дарігерлер, медбикелер жетеді. Киіндіріп аудандык милиция боліміне: «Мына бален тіріліп кетті», – деп апарып тастайды. Аудандык милиция болімінін бастыгы Жидебаев: «Омірімде талай сумдык, талай баскадай нарселер коріп едім, біракта, оліп-тірілген адамды бірінші рет коріп турмын», – деп ауылына апаргызып тастайды. Уржар мен Науалынын арасы 12 шакырым.

Саркыт милициянын машинасынан кайкайып, кошесінін басынан тусіп калады. Тус кезі. Уйіне жакындаса, ауласы каптаган адам, асылган казан. Айгай-шу, бір-бірімен «Ой, бауырымдап» корісіп жаткан адамдар. Миы айланып турган Саркыт: «Е, мен жокта уйімде біреу оліп калган екен гой. Булар кешеден бері мені таба алмай жур. Естімедім деп айтсам уят. Одан да хабар алып, білетін кісіше айгайлап, жылап, корісіп барайын. Журісім болса мынау, озіме де обал жок», – деп, тундегі корлыкка намысы келіп, озінін кылыгы есіне тусіп, онсыз да басы ауырып, кіналі екенін сезініп, конілі босап жылагысы келген Саркыт:

– Ой бауырым-ай! Кырышында кеткен арманым-ай! Асылым-ай! Ардагым-ай! Коре алмай, сонгы созінді тындай алмай арманда кеттім-ау! Есіл ерім-ау! Боздагым-ау! – деп окіріп жылап, озін-озі жоктап айгайга, жоктауга басады. (Біздін жакта даладагы таяк устап турган агайындарына жылап коріседі. Сонан сон айелдермен коріседі. Айелдер токтамай жоктау айтады. Саркыт суырып салма акын, керемет анші, даусы адемі болатын). 

Алдымен катар-катар каздай тізіліп турган агайын-бауырларымен корісіп, аныраган куйі, уйде жоктау айтып отырган апайлары, женгейлерімен бірігіп, токтамай сункылдап жоктау айтады. Ен сонынан айелімен коріседі. Еш бір адам танымайды.

Бажайлап караса бала-шагасы, агайын-туысы тугел аман. Балалары ол кезде кішкентай, каперлерінде тук жок, «Акеміз келді! Акеміз келді!» – деп, ойнап-шауып жур. Агалары тугелдей таяк устап тур. Олген кім болды екен?!, – деп ан-тан болып отырганда: «Алтын басты, кара касты, жалбыр шашты, жылкы ерінді, кыр мурынды, озі косем, созге шешен кайным-ау! Сенін орнына егін егеміз бе, кайтеміз?!», – деп бетін тырнап жоктап отырган бір женгесі: «Ойбай!!! Оліп, катып-сіресіп муз болып, жібімей жатыр деген Саркыт тіріліп кеткен бе?!», – деп кулап барып, талып туседі.

Мундай сумдыкты кормеген ел: бала-шага, катын-калаш, кемпір-шал урейленіп шошиды. Жиналган нопір халык тым-тыракай уйді айлана кашады. Аруак екен деп касына жан адам баласы жуымайды. Дауыс естілер жерден айкайлап: «Ай! Саркытпысын?! Алде онын аруагымысын? Аруак болсан жоніне кет!», – деп алыстан турып жон сурасады.

Саркыттын тірі екеніне козі жеткен ел: улап-шулап енді Саркытпен  коріседі, аяк-колын, басын сипап, шашын жулып, нукып, шымшып кореді. Аруак емес екеніне коздері жетеді. Талып жаткан адамды тірілтуден тажірибесі бар Саркыт отыра калып женгесін тірілтуге кіріседі. Бетіне су буркіп, мурнына дарі иіскетіп, онын да бетін бері каратады...

Саркыттын ата-бабаларынын аруактары оны осылайша жазалап, «о дуниеге алып барып» маскунемдіктен сактап, омірлік сабак береді. Негізінде, Саркыттын Тайлакбай атасы аркасы бар, киелі адам болган деседі...

Менін курдасым сонан бері ішімдік баласын аузына алмайды. Салауатты омір салтын устанып, мешіттін имамы сиякты: «Арак – жынды су, оны ішпендер, ол харам! Айтпесе аруактардын кахарына ушырайсындар!», – деп елге уагыз шашады.  Казір осы шытырман окигасынын майын тамызып айтып, аман-есен ел катарлы Науалыда журіп жатыр.


Рецензии