Шебер, зергер, уста

Атам казактын «Темірден туйін туйеді, агаштан алаша тереді», «Он саусагынан онері тамады» деп айтатындай аскан шебер. Агаш – темір  устасы еді. Онын кымыз куятын тегене, керсен, шара, тостаган, ет салатын табак, кырып шыгаратын «кыргыш» деп аталатын станогі болды. Омір бойына сонысымен корігі, балга – тосімен касіп істеп, 86 жасында дуние салды.

Бір жылы атам Кызылжарга барып кайтканда, «Губайдолла азаншынын уйінен «шайтан арбаны» колыммен устап кордім, улгісі гажап, керек дуние екен» деп келді. Біз онысына тан калдык. Себебі, ол кезде велосипед ауыл арасында болмаганымен, жакын мандагы Марьевка, Николаевка деп аталатын орыс поселкелеріндегі базарларга озімен барганда, дукенде кормегенімен, кейбіреулердін мініп жургендерін талай коретінбіз. Сурай келсек, атам бурын «шайтан арбасы» болгандыктан, устап  кормек тугілі, коз тастап, карамайды екен. Арада коп узамай велосипед педалінін  улгісімен , агаш буйымдарын істейтін кыргышын, туйык ремень аркылы, екі адам екі жагында  отырып бурап, айналдыратын жасап алды. Бурын екі адам катар жерге отырып, кыргыш білегіне (валына) ширатыла оралган аркандарды кезекпен тартып, киналушы еді. Педаль оны алде кайда женілдетті. Тостаган, тегеш сиякты усак затты бір кісі айналдырып, кыратын болды.

Атам шана, тарантас, арба сияктылармен бірге, киіз уйдін есігі, кебеже, жукаяк, «богіребас»  сиякты уй муліктерін де жасайтын. Оларды неше алуан турлі сырлармен бояп, кептіріп, онын устінен  кошкармуйіз оюлар жургізіп, безендіруші еді. Тіпті согыстан кейін де атамнын колынан шыккан талай буйымдарды Кызылжар, Кокшетау, Костанай жерлерінде коріп журдім. Акемді  коздерімен корген  кариялар да кездесті. Олар атамнын гажап шеберлігін, «нагыз мусылмандыгын» жер – кокке тигізбей мактап, маган «Акене кескінін усаганмен, касібін усамайды екен, шырагым.

«Аке корген ок жонар деуші еді...» деп мені мактамен бауыздап, аркама каккандары да болды.
Атамнын устаханасы ауыл шетінде бір болек болатын-ды. Онда кыс тусе ат тагаланып, шананын табантемірі тартылып, балта, суймен жузделіп жататын. Жазда сол орында зергерлік буйымдар жасалады. Колдары кыска кедейлердін жаматуга акелген тесік шойын казаны, турбасы агып тускен самауыры, тубі тускен темір шелегіне шейін кезек кутіп, катарласа сонда турады. Атам бейсембі, жума кундері гана уйде болады. Калган кундері шеберханасында отеді. Жане де копшілігін сауап болады деп тегін істейді. «Зару туту куна» деп бергендерін алады.

- Бул заказына пален сом акша, болмаса  козылы кой бересін..
Заказын пален уакытта даяр болады, малынды акеп беріп аласын, айтпесе жок,- деп бірак кайыратын адамдар да болады. Олар даулеттілер, аткамінер пысыктар, олардын ішінде , асіресе, намаз окымайтындар.

Атамнын осы мінезінен келешек уакытта «діншіл сопы», ораза устап,
намаз окитын молда, елді канаушы» деген ауылдагы кудайсыздар уйымына бір «кан алушынын» домалак арызы тусіп, атамнын бес уакыт намазына тиым салынады. Маган «молда баласы» деген каргыбау байланады. Сондыктан, алдын - ала томендегі кезенге адейі токталдым.

Бір жылы жазга салым атамнын мініп журген «каракер тугыр» деп аталатын аты олді. Айт намазына, жума намазына, олген –жіткендердін жаназасына, баска ауылда наукастанып калган таныс адамдарын  конілін сурау сиякты жумыстарына мінетін. Атамнан баскамыз онын манына жуымайтын едік. Ойткені, ол жануар шабу, шокытып журу тугілі, желіп журуге ерінетін шабаннын шабаны еді. Арба жегiп божыласан, не камшылап тебінсен, басын шулгып, куйрыгын шипандатып оскырып, жер тарпып, буаз сиырдай карны шартиып турып алады. Атамнын айтуынша 35 жастан асып каріліктен оліпті. Онан баска бір гана ат болатын, оны Касым агатайым салт мінеді.  Арба – шанага уйретілмеген. Сондыктан, атамнан баскамыз жуымаймыз. Сол кара кер олгеннен кейін бес шакырым жердегі Макат дейтін кажынын мешітіне атам жаяу барып журді. Сойтіп журіп, амалсыздан калада корген «шайтан арбасын» істеуге мажбур болды. Бірак, баскасын істегенімен, покрышкасы, камерасы колынан келмеді. Олардын орнына жуан аркан есіп тартты. Ол журуге ауыр болгандыктан, жунін сыртына караткан шикі терінін ішіне ширатып сабан салып тігіп, кептіріп, журіп корді, о да ауыр болды.  Акыры, мертігуімен аякталды. Жазылганнан кейін  тагы ауреленді. Бір куні, менін досым Жангали дейтін бала екеуімізді шакырып алып, «донгелегінін ішіне жел урленеді» дегенде, «ай, колымнан келер ме екен» деп озім де кудіктеніп едім, солай болды. Енді сендер мініп коріндер. Бірдеме ойлап тауып, женіл журетін етерсіндер деп кара сырмен адемілеп сырлаган «шайтан арбасын» бізге берді. Біз коп ойлангамыз жок, ауылдын букіл балаларынын ортасына салып, екі кунде шаруасын бітіріп, калдыгын атамнын  «койындар» деген жеріндегі коп темір – терсектеріне коса салдык.

Сонан кайтып, кашан НЭП – жана унемдеу саясаты дауірі келгенше атама жеке ат біткен жок, жаяу журді.

Егер де намаз палуан паик шыкса,
Олардан гебірат алып, журт не угар?
Мын рет намазыннан артык деген,
Адамга істеген бір ізет, курмет.


Рецензии