Балалык шагымнын базарынан

И.Б.Иманкулов - менін акем (1915-2009 - Казак КСР-не енбегі сінген артист, согыс жане енбек ардагері, драматург)   "Осы ма Колмек атты туган жерім..."  ("Уш киян", Алматы, 2006) кітабынан  узінділер:

Ыстык урттап, аузы куйген - салкын деп
Иегіне шулгау орап, шарфым деп.
Жылтыраса, санын согып, «алтын» деп,
Сырткы козбен бага берген балалык.
                С.Донентаев.

Улы бабам Бекбау дейтін кісіден алты ул, екі кыз тараган екен. Менін акем Иманкул солардын ен кішісінін бірі. Акем орта бойлы, кескіні казактын «біз мурын», «шунірек коз», «шокша сакал» деп атайтын адамдарына келуші еді. Не себепті екенін білмеймін, мен акемді «ата» деп атап кетіппін. Акемді улкендер: «Улы атасы Архарга тарткан,  тусі салкын» дегендерін естігенім бар. Олары , сіра, текке айтылмаган болу керек, акемді тосын корген  кішкене балалар тым – тыракай каша жонелетін. Бірак, озі баланы жаксы коруші еді. Атам енкіштеу келген арык, тарамыс денелі, кара торы кісі еді. Озім ес білгелі ол кісінін бір гана рет ауырып, тосек тартып жатканын кордім, онда да озінін колынан жасап алган «шайтан арба» - велосипедінен кулап, мертіккен-ді. Онан баска «басым», «белім» дегенін естігеміз жок. «Кайтыс болганын намазын окып отырып, басын жайнамазынан котере алмай калганда, бір-ак білдік» - дейді  колдарынан  жонелткен ага -  женгелерім.

Акем бала кезімде маган : «Кескінін акеме тартканымен мінезін осе келе нашагыларын Косшыбай, Жуматайга тартып кетпесе не кылсын» деп кауіптенетіндей болатын-ды... Бабамнын кескінін коргенім жок, ал озінен аумайтынымды , сіра, ангармаса керек , маркум. Ойткені, мені тосын коргендер , жон сурай калса, алдымен кай улт екенімді сурайды. Кейде ондай адамдарга кайтер екен деп турікпен, калмакпын, татармын дей саламын, олар да соныма нанып, «Е, басе» дегендей, кете барады.

Біз бір аке, бір шешеден алты ул, уш кыз туылыппыз. Олардан ер жеткеніміз Жагыппар, Шарипа, Касым, Кайша тортеуіміз гана екен, калгандары саби кездерінде шешектен кайтыс бола беріпті.  Сонан кейін шешеміздін озі сол дерттен кайтыс болады. Кайша екеуіміз жастай жетім калдык. Кайша анамызды білмейді, менін есімде комескі елесі гана бар.  Анамыз Разиля жасында сол  елдегі  кыздардын ішіндегі уздік аншісі болыпты. Жиын – тойда жігіттермен айтысып, олен шыгаратыны да бар екен. «Акен косылганнан кейін олен – жырына тиым салып тастады гой» деп анамызды жас кезінде корген улкендер ангіме кылып отыратын-ды.

Шынында, атам маркум, анді, куйді, домбыраны катты жек коретін. Оларды тындау кудай алдында кешірілмейтін кунанін зоры деп санайтын діндардін діндарі еді.

Атам дін – исламді молдалардын уагызынан естіп кана емес, кітаптардан озі окып, катты устайтын-ды. Ол кездегіше айтканда, атамнын кітаптары орасан коп болатын. Олары уш турге болінуші еді. Жайлауга  кошкенде кітап салатын сандыгы да уш болекшеден туратын. Бірінші болекшесінде артурлі колемде, ак, саргыш кагаздарга жазылган курандар жатады. Аріптері де араб жазуынын манерімен турлі – турлі болатын-ды. Біреулерінін аріптерінін соны сиректеу коспакталып, айкыш – уйкышы кыскалау келсе, біреулерінін соны,  бірін-бірі басып озып, кайта айналып , кейін созылып, ширатылып кеп, жолынын астына, не устіне шыгып токтайды. Бурын ондай аріптерді кормеген адамдар «сымбатты ашекей – манер-ау» деп калган болар еді. Атам мундай жазумен жазылгандарды «Мекке кураны» деп кеудесіне басып, ернін тигізіп, сонан кейін мандайына тау етіп барып, ак шуберекке орап, жеке – жеке салар еді сандыгына.  Булармен бірге «Муктасар», «Кырык кадес» сиякты колемі улкен, калын кітаптар, «Аптиек», «Иман-шарт», «Тажуит», «Ісім агзам дугасы» сиякты жука, колемі анагурлым кішкене кітапшалар жатады. Екінші болекшеде «Сал – сал», «Заркум», «Шахмуран», «Дарига», «Баба гумыр» сиякты арабтын колемді діни киссалары мен «Зулзалал», «Бакыргани», «Такигажап» секілді жыр жолдарымен жазылган «коріпкелдердін» кітапшалары болады. Осылардын барі казак тілінде емес, татар, озбек, азірбайжан секілді турік тілдес халыктын тілінде, араб аріптерімен жазылгандар.  Ушінші болекшесінде «Зылика мен Жусіп», «Коруглы», «Рустем дастан», озіміздін «Кыз Жібек», «Айман – Шолпан», «Біржан мен Сара», «Козы Корпеш - Баян Сулу», «Орынбай мен Арыстан» сиякты дастан, айтыстар жатады. Булар да араб  аріптерімен «жадитше» жазылган болатын-ды. Осы кітаптарын атам колы бос кезінде кезек окиды, озінде жок кітаптарды колкалап бірнеше басіне акшага, не болмаса малга айырбастап алып, журтка ажуа боп журеді.

Кейбір замандастары атама келіп: «Имеке, козылы койга алган кітабын алтынмен жазылган дейді гой, рас па?» дегендерге, атам:
«Тот баспайтын темірді, темір  деме , асыл де,
Созі жаксы китафты, китаф деме, акыл де!» - дер еді жымиып. Болмаса, сол алган кітабынын керекті жерінен окып, сонында : «Фален – афанда, енді даддагынаком!» дер еді. Онысы –«паленше азамат, енді кош болыныз» дегені арабша.

Атамнын оз алдына кітап оку дастурі болатын-ды. Мысалы, Куран хадистерін тек бейсембі, жума кундері, букіл отыз кун ораза бойы мешітке баратын киімі, салдесімен отырып, туннін бір уагына шейін алдына жайып койып, соган карап отырып, окитын –ды. «Неге карап окисыз, жатка да білесіз гой» дегендерге, «Гарап аріптері «сакінмен» озгеріп отырады, байкамай , кате айтылып кетуі мумкін, ол улкен куна. Куран созі - кудай созі гой» дер еді. Солай окып уйренгендіктен бе, кім білсін, озіміздін «Козы – Корпеш» киссасын да жайып, карап отырып, кадуілгі казактын терме андерімен сызылта окиды.

Кыстын узак тундерінде, кешкі астан кейін майшамды сондіріп, жермай  шамын жактырып, озі кітап сандыгынын касына жайгасады. (Жермай шамын тек кітап окыганда гана жаккызады). Сонан кейін «Кане, каралдым  Исхак, Гайша, бері келіндер, хисса окиык» дейді. Біз барып оз орнымызга, мен атамнын он жагына, Кайша сол жагына отырамыз. Атам басымыздан бір – бір иіскеп, оки – оки тозыгы жетіп, жыртылуга айналган  «Салсалды», не  баскасын зарлата жонеледі. Біз оларын жатка білсек те, ыждахатпен тындаймыз, аке созін біздін де «Курандагы кудай созіндей» деп тусінгеміз гой ол кезде.

Кейде Касым агатайымды шакырып алып, «Орынбай мен Арыстан айтысын» , не «Кыз – Жібек» киссасын  онын алдына койып : «Окышы, тындайык» дейтін. Ойтетіні, Касым агатайымнын дауысы жаксы. Жане де «Алкисса» жеріне келгенде, сондагы жазылгандарды озі айтып отыргандай айтады. Жыр макамдары  ардайым озгеріп, бір есе жыраулап кетсе, біресе зарлап, біресе андетіп, термелетіп кетеді. Сол кезде акем таспигын жерге койып, рахаттана, анда – санда «уа де» деп котеріп койып , тындайды. Агатайымнын солай окыганына кызыгады. Сойте тура, ан – куйге, домбырага сонша карсы болганына тангаламын... Кей кундері бізді шакырмай, мын кайтара окыган титакандай «Такиргажапты» алдына койып,  козайнегін киіп:

Ахыр заман болганда нилар болгай,
Дінияга турлан – турлан фале толгай.
Дамлалар шараф ичап, зина килгай,
Алден артух тахи гажап тандары уа.. Болмаса, «Ісім агызам» дугасын жайып:
Корен кадыр кудыретін,
Білгін даю сунгатен.
Мустафанын умматен,

Мундагы тажрип кылдия...деп  екі жагына тенселе, кунірене жонеледі. Ондай кітаптарын окыганда да істік  такияга оралган ак  жібек «Бухар» салдесімен отырады.
Атам Касым агатайымды жастайынан молдага беріп окытып, уйде озі Куран – кітаптан бас алдырмай , кадагалап, «Кырык кадес», «Мухтасар», «Накусарыпты» тамамдатып, улкен молда етіп шыгарды. Алай да, агатайым молда болмады. Себебі, Жагыппар дейтін улкен агамыз  калындыгына урын бара жатып  тосыннан кайгылы казага ушырайды. Коп кешікпей шешеміз сонын кайгысынан каза болып, бар шаруа Касым агатайымыздын мойнында болыпты. Келін алуга атамнын даулеті келмейді, калын беріп койган Жагыппардын калындыгы агатайымды жассынып келмепті. Сондыктан, барлы – жокты сауынды сол сауып,  не біреуге саудырып, бізге тамак пісіретін де, киім – кешегімізді жуып, жамап беретін де агатайым болыпты.  Улкен апамыз Шарипанын барган жері алыс жакта болыпты.  Атам, шешеміз олгеннен кейін «жетім балалар токалдан кагажу кореді» деп екінші айелге уйленбепті. Менін Шаяхмет дейтін  молдадан «Аліп-биді»  жана бастап окып журген кезім. Бір куні атамнын такуа достарынын бірі Кулмахан дейтін кісі келді уйге. Шай устіндегі ангімеде Кулмахан атама:

- Уа, Имеке, кудайга шукір, балаларын ер жетті. Шарипан кутты орнында. Ыскагын жігіт болып, устаз алдына  жугінді. Кайшан бой жетіп, шынаяк жууга жарады, енді Касымына келіншек апер, коп болып  комектесейік, -деді.

- Касым деген менін уйгарган кызымды  алгысы келмейді, зорлау
куна. Онын унататындары алгі шашын кестіріп, білезік – шолпыны лактырып, жын – шайтаннын  ауеніне еріп, елдін жаксылары – кажы – молдаларды мыскылдайтын дінсіз фергауындар. Олар намаз оку былай турсын , шаригатка келгеннен кейін  гусыл  куйынбайды, кудай біледі. Олардын уасихун  колдарынан дам тату харам.  Дін  нашарлады, жастар бузылды, ол акырзаманнын белгісі , Кулеке, - деді атам.

- Е, онда озін уйлен. Киім – кешегінді аркімге бір жудырып журесін
бе? Саган катын табылады, ойлап журген кісім де бар. Алде картайып калдым дейсін бе? , - деді Кулмахан досы.

- Ей, Кулмахан – ай,
Жырма бестен аскан кыз карі болар,
Тусі озгеріп , шырайы сары болар.
Ер елуден асса да ештене етпес,
Ар уакытта біреудін жары болар деп Шал акын бекер айтпаган гой?
Алі карілік кайда... Катын алуды білмей жур дейсін бе, достым – ау? Бул дуниеде енді маган Разилямдай айел кайда?

Атам кемсендеп, жылап коя берді. Атамды мундай халде еш уакытта
корген жок едім. Атамнын енкіш бойы онан жаман букірейіп, суйір мурны кусырылып, узарып, екі жагы суалып, табанда картайып, каусап калгандай корінді маган. Атамды катты аяп кеттім бе, алде анамнын булдыр елесі коз алдыма келді ме, білмеймін, айтеуір шай куйып отырган менін де  козімнен ыстык жас ыршып – ыршып кетті.  Салден кейн атам: «Жок... Бул дуниеде кушагым Разилямнан баскага ашылмак емес, олгенде суйегім онымен катар жатады, енді барі  кунфаякун », - деген еді.  Бірак, анамыздын кабыры касынан озіне деп  калдырган орыны бос калды...

Сол жылы кар тускен сон атам Кызылжар   базарына апарып сатып, керек – жарак алып келем деп бір огізшені алып, калага кетті.  Ол кезде машина дегенді тусімізде де кормеген мезгіл, огізшені атшананын жетегіне  косак байлап айдап акеткен. Кала біздін ауылдан екі жуз шакырымдай жерде болатын. Арада он куннен астам уакыт отті, сонда да атамнан хабар – ошар болмады. Біз  заре – кутымыз калмай корка бастадык, ойткені, атама шаруалары болып келгендер: «Аман болса ештеме етпес, калада «болшайбек» хукіметін «меншейбек» келіп, кайта кулатыпты. «Алаш» соларга косылып, казактардын ат – коліктерін еріксіз алып жатыр деген кауесет бар. Ол рас болу керек. Атбасар базарында Майкоттін Алібегін журт козінше казак – орыс солдаттары атып тастапты. Солардын ішінде «Алаштын» жігіттері де бар дейді. Есіл бойындагы бір ауылдан Карамукан дегенді Кокшетауга апарамыз деп алып шыгып, былтыргы озіміздін Кызылжардагы Сутіштін Карімі кусатып, азаптап олтіріп , денесін комбей, карга – кузгынга жем кылыпты. «Лейнен» укіметіне комектескендердін барін кырып жаткан корінеді» дегендерді айтты.

Бул хабар жиырма уйден аспайтын біздін Жаманкул  ауылына тез тарап, журттын заресін алып, кутын кашыра бастады. Біз – балалар ойнап жургенімізде біреу келіп «Меншейбек – актар келіп калды» деп ойнап айтса да, тым – тыракай уйді – уйімізге каша жонелетін болдык. Тіпті улкен кісілер де коркып, бой жеткен кыздары болса кемпірлердін киімін кигізіп, не уйген отын – шоп арасына жасыратын болды.

Арине, «болшайбектін» - большевик екенін, «меншейбектін» - меншевик екенін, «Лейнен» дегендерінін Ленин екенін бала біз тугілі улкендердін кобі білмеген  кез. Бірак, Ленин укіметінін кедейдікі екенін, онын басшысынын атын дурыс айта алмаса да Ленин екенін біле бастаган. «Айел тендігін аперген Лейнен, кенес хукіметі» деп атамнын айткан «фергауын – дінсіздері» текке желігіп журмеген болу керек.

Атам бір куні сапарынан аман оралды, куанышымызда шек жок. Акелген заттарын Касым агатайым уйге кіргізіп жур, Кайша екеуіміз кейбіреуін ашып карап журміз. Барі озімізге бурыннан белгілі, таныс, шеге – сайман, сыр – бояу,  кендірмай – керосин сиякты атама керекті заттар.

- Не іздеп журсіндер, каралдым, – деді атам.
- Кант, кампит, - дедік.
- Олар жок, каралдым, кала курып жатыр. Сірінкенін озін дукеннен

таба алмай, саудагерден уш басіне зорга таптым. Барі алыпсатарлардын колында корінеді. Бул жана патша елге кесапат акелген «бадбахыттын» озі бопты, журт кан жылап жур, акырзаман болмаса не?

Атам бір ораган затын ашып, сонын ішінен Кайша екеуімізге бір уыс кампит аперді.  Біз атамнын айткан патшасы кім, ол не істейтін бадбахыт, алыпсатарлары не? Онда шаруамыз болган жок, кампитпен ауре боп кеттік. Ол кезде  ажептауір жастагы бала едік, бірак сол жасымыздагы осы кунгі балалардан алде кайда томен, саби катарында болатын едік.

Бір сатте агатайым ауыр бір капшыкты уйге зорга котеріп кіргізіп, устіне отыра кетіп: «Аке , мунша кагазды не істеймін деп алдын» деді.

- Е, балам- ай, ол кагаз емес, кызыл огізшенін акшасы
- Акша?..
- Ия. Омбыдагы жана патша акшаны осылай алып журетін етіп
жасапты, кан жаугыр.
- Не дейсіз, аке, сонда бір огізшеге осынша акша келгені ме?
- Мунын тагы бір капка жакыны бар еді, мынау усак – туйекке бердім
гой. Санауынын озі бір киямет екен, асыгыста артык та беріп жіберген шыгармын деймін... Астынгы жагында «Керин» акшасы да, «Мекалай» акшасы да бар. Бірі журмесе, бірі журер деп араластырып алгамын - деді.

Агатайым каптагынын барі акша дегенде нанар нанбасын білмегендей, тездетіп капты ашып, ішінен бума – бума кок – ала кагаздарды алып, ас ішетін аласа донгелек столдын устіне коя бастады. Стол усті ап-сатте толды. Ондай коп акшаны бурын кормеген Кайша екеуіміз де таныркап карап турмыз.

«Керин» акшасы дегенді, капка ендемеген сон  екі буктеп тыгыпты. Бір парагынын колемі осы кунгі газеттін бір бетіндей болу керек. Сол парактагы акшаларды керегінше киып алып , жумсауга колайлап, жолак сызык калдырыпты. Біз бірнеше парагын кайшымен киып, шагын акша жасадык.. «Керенский марка» деген акша сол екен. Ал атамнын Омбыдан шыкты деген жана  патшасы  адмирал Колчак. Казір есімде жок, онын шыгарган акшаларында бес сомдык, он сомдык тугілі елу сом , жуз сом сомдыктар да болмау керек. Ойткені, он мын сом, жуз мын сом, миллион сом деп санап жататын. Карттардын «акшаны капка салып журдік» дейтін мезгілдері сол кездер еді. Ол уакытта сары ала, кок ала «акшалардын» талайын коретін едік.

Сопак шеке, каска бас адамнын суреті бар «Мекалай» акшасы деп  аталатын , «Ак куйрык кызыл», болмаса «Ак кулак» деп аталатын Совет акшасы да солармен араласып журетін–ді. Осылардын  ішінде «ак кулактын» басі баскаларынан жогары болды. Ойткені, атама жумысы боп келген кейбірлеулер : «Даркан, мына бір затымды кезек куттірмей істеп бере койыныз, акысына «ак кулак» беремін» деп жатады.  Ондай акшаны аузына алган адамды  атам да кідіртпейтін. Кейінде атам Марьевке базарына апарып бір сиырымызды сондай акшанын 35 сомына сатканын козімменен кордім.

Сонан кейін атам откен кыста огізшені сатып акелген сары ала, кок ала акшаларынын улкен парактарынан кигылап, сандык, кебеже, киіз уйдін есігі сиякты жана істеген буйымдарын ашекелейуге улгі – ою –трафареттер жасады. Киылгандарын, жыртылгандарын, сопак бас адамнын суреті барларын бізге беріп «Ойнандар, каралдым, енді булардын керегі жок, Кенес хукіметі енді куламайды. Тыныштык орнады. Кудай каласа, мунан былай кант – кампит коп болады»,- деді.

Бірак, атамнын онысы тым ертелеу екен, тыныштык копке созылмады. Кант – кампит те тез болмады. Актар солдаты, алаштар солдаты, «Мустариза», «Жетпіс» бандасы дегендер бірінен сон бірі келіп, ат сурап, азык – тулік сурап, бермесе тартып алып, немесе тапа – талтусте тонап, елдін берекесін алды. Ел ішіндегі байлар, атка мінерлер соларга косылып, Совет Укіметін жактаушыларды асып – атып , кыргын жасап отырды.

Біз – балалар да еркін ойнай алмай, кайсысы кай жагымыздан келіп калар екен деп коркып, бір козіміз тобенін етегінде болатын-ды. Бізді улкендер биік жерге ойнауга адейі жіберетен еді. Остіп жургенде, ел улкен аштыкка ушырап, кырыла бастады. Ол 1921 жылгы ашаршылык еді...

Булардан баска балалык базарымда откен тагы бір кун бар. Ол кун осы кунге шейін сол  калпында есімде. Оган екі себеп болды. Біріншісі, атамнын катты кайгырып, сонан шошынганым да, екіншісі, тап сол кундердін бірінде ауылдын он шакты кемпір – шалдары жиналып кеп, Касым агатайыма атамнын козінше олен айткызгандары.

Кыстын іші, тукірсе тукірік муз боп кататын кызыл шунак аяз кундердін бірі. Кол - аягым сау, уп – улкен баламын. Бірак, босагадан аттап далага шыга алмаймын, етігім жок, жалан аякпын. Далада кармен ойнаган балаларга терезеден карап, кызыгамын. Тіпті, устімдегі кенеп койлек – дамбалым да жыртык – жамау. Анасыз кедей балаларынын ол кундердегі жайы белгілі гой... Тус мезгілі еді. Атам ынырсып байіт айтып, жумысын істеп отырган. Есікті ашып біреу кірді. Алгаш онын кім екенін ангара алмай калдым. Себебі, катты аязда сырттан кірген суык уйдегі жылы ауамен кездесіп, аппак туман болады гой. Озі кас какканша тез басылады. Келген Жукен дейтін маган тетелес бала екен. Ол ентігін баса алмай, салемін зорга айтканнан кейін : «Пірадар, сізге Сейпи агам Зікірия кокем уйіне тез келсін деді. Журт сонда жиналып жатыр, біреу олсе керек, соны естіртеді білем», -деді. Атам саскалактап, «Ай, балам, ол кім екен» дегенше уйдін іші тагы тумандап, Жукен жок болды. Атам  жанталаса киініп журіп, дугасын кубірлей окып, шыгып кетті. Кайша екеуіміз ауылда біреу олген, болмаса отын акелуге тогайга кеткен Касым агатайыма бірдеме болды ма екен деп жан ушыра жылай бастадык.

«Кыз бала оз уйінде бес кун конак,
Кутпеген кыз баланы болар дорак» – дейтін казак, озі ішіп – киіп жарымаса да барын кызынын аузына тосып, устіне іледі емес пе?  Кайшанын киімі де бутін, етігі де бар еді.  Бірак, атам кеткен уйді таба ала ма жалгыз?

Коп уакыт талыктыра куттіріп, бір мезгілде атам келді. Біз ун шыгарып, сурауга батылымыз жетпей, калшиып турып калдык. Ойткені, атамнын оні тусінкі кабагы, онан жаман тусіп кетіпті. Атам шешінбестен , унсіз барып , сакінін бір шетіне отыра кетіп, сакал – муртына каткан муздактарды колымен ерітіп  алып, тастап отырып «Я расул алла, я паруардігар, кіріптар фанданді кандай ауыр казана неге ушыраттын? Лейнен жарыктык «атталиябо, атталиябо» деді, озінен-озі сойлеп, курсініп. Мен атамнын Ленинді кайда кетті дегенін кейін білдім, сонан бір кун бурын Ленин каза болган екен.

Арада канша кун откенін білмеймін, бір куні інір жабылган кезде корші туратын Байкен дейтін кісі келді. Касында ауылдын он шакты кемпір – шалдары бар. Кыстын узак тундерінде атамнан  кисса тындап, конілдерін котеріп, шай – пай ішіп, ангімелесіп, тундерін кыскартатын кемпір – шалдар уйге жиі келетін – ді. Оздері де уйлеріне шакырып, мажіліс курып, кысты откізетін–ді. Атам да оларга киссаларын жанын сала окып, риза кылып жонелтетін.  «Байкен аган» (балалар солай атайтын едік) арі корші, арі атамнын достарынын бірі. Бірак, «Байкен аган» атамнын баска достарындай молда да, кажы да, сопы да емес. Тіпті  бес уакыт намазын дурыс оки білмейтін карангы кедейдін бірі болатын. Озі акжаркын, туйгені коп, созге шешен сунгыла кісі еді. Атам сол себептен оны жаксы коріп, кадыр тутатын.

Келгендер торге шыгып, жайласып отырганнан кейін, «Байкен аган» соз бастап:
- Имеке, бул жолы сізге «кисса», «айтыс» окытпаймыз. Мына кемпір
– шалдардын сізде бір улкен тілегі боп келдік... Оздері айтуга батылдары жетпей, мені кинап акеп отыр.. Оны сіздін алдынызга келмей- ак , Касымга орындатуга болатын еді. Бірак, біреу – міреуден естісеніз, бізге ренжіп журер деп адейі сізге келіп отырмыз.
- Кудауанда – ау, ол сонша немене еді, Байкен? Айтсаншы,- деді атам
таныркап.
- Онда, Имеке , - деді «Байекен аган», созін накпа нактап. - Мына бір 
казиттегі жазылган оленді бізге Касымыныз андетіп, олен кылып айтып берсе екен деп келіп отыр мыналар , - деді. Атамнан ун шыкпай тунжырап калды.

«Илахиды» аузына алганнан кейін атамнын кайтпайтынын білетін «Байкен аган» созін жалгастырып:
- Ауылда былай окитын Сейсембек, Зікіриялар бар гой, Имеке, оларга
окыттык. Бірак олен зарлы - анді, дауысты тілеп тур. Такпактап окыган олен журекке онша асер калдырмайды гой, пірадар... Оны озініз бізден артык білесіз, - деп атамды «Байкен аган» бір котеріп тастады. Атам улкен унсіздіктен кейін:
- Домбыраны, ан – куйді тындау кунакарлік  кой, жамигат – ау?
«Каламшарифте» пайгамбарымыз Расулгалайссалам...-  дей бергенде, Байкен ар жагын айткызбай,
- Жок, пірадар, ол не дегенініз, домбырасыз андетіп айтады.
Кудай сактасын, сізді кунага  батырып, неміз бар? Домбырасы курысын! Домбырасыз андетіп айтады, - деді кайталап, касындагыларга «костасандаршы» дегендей, ымдай карап.
«Айтты – айтпады, муныныз не?» дегендей, отыргандар:
- Ия, ия, домбырасы курысын!
- Бізге андетіп айтып берсе болды.
- Соган ризамыз , пірадар , - деп шуласып кетті.

Атам «Байекен аганнын» ол кулыгын байкаган жок. Атам біреуден салем алганда, болмаса озі
салем бергенде гана кісі бетіне тура карайтын айтпесе тура карамайтын, асіресе айел кауымына. «Айелге тура карау «намахрам» дейтін. Онысы «куна» дегені.  Акырында атам , «Домбырасыз болса улыксат, айтсын! Мен атымды сугарып келейін» деп орнынан козгала бастап еді, «Байкен аган»:
- Имеке, «не корсек те елмен бірдей» дегендей, бізден жырылып
кайтесіз? Арі меймандарынызбыз... «Атын олсе сойылар, атан олсе койылар» деп оздерініз айткандай... Атынызды балалар суарады гой... «Алланын кешірмейтін кунасі жок» деп тагы озініз айткандай бізбен бірге отырыныз , - деп  атамды созбен буып тастады. Атам амалсыз отыруга мажбур болды.

«Байкен аган» агатайымды шакыртып алып, газетті жайып, алдына койды. Агатайым, сіра, газеттегі оленді бурын бірнеше окып, анге косып, жаттап алган болу керек, газетке анда – санда гана коз тастап, сай – суйегінді сыркырататын бір зарлы анмен шыркай жонелді
Тускендей кокті жарып кандай хабар?
Дуниеден Ленин отті кайтпас сапар.
Селк етіп енбекші тап куніреніп,
Моншактап ыстык жасы бір – бір тамар.
Аспаннан жай тускендей тан мен жанды
Егіліп коздін жасы бір – бір тамды.
Журекке дал кадалган суык найза,
Кек кайнап кокіректе жалын шалды.
Кемпірлер сылпылдап жылай бастады. Шалдар : «Уа, жалган – ай, уа, сум ажал – ай, аттен жарыктык – ай» десіп отырды.

Уа, дуние болмап еді мундай ерін,
Мезгілсіз жутты ане кара жерін.
Кол созган жалпы алем бакытына,
Жылады жетім калып енбекші елін.
Осы жеріне келгенде шалдар да кемсендеп кетті. Ані де созіне сай оте зарлы еді. Атамнан дыбыс шыккан жок, бір – екі тамагын кенеп, томен карап, кыбыр етпей, анді тындамагандай болып отырды.

Ол жылдары біздін ауылда бул оленді жаттап алмаган жастар болган жок. Кыз – келіншектер бастары косылса косылып айтатын еді. Кай жерде, кім айтпасын, барі Касым агатайым айткан зарлы анмен айтушы еді. Атам жокта тіпті Кайша екеуіміз де косылып айтушы едік. Олен он шакты шумак болатын-ды, кобі есімде жок, соны:

Кек кайнап кокірекке жалын толган,
Тайдырмас улкен ага салган жолдан.
Лениннін тігіп кеткен кызыл туын,
Ешбір жау кулата алмас біздін колдан... деп бiтетiн;

Бір гажабы, осы олен Касым аганын домбыра тартып, ан салуына жол ашып кетті. Буган атамнын коз карасы калай болды, ол кейін айтылады...

Арада коп жылдар отіп, осіп ер жетіп, баскалар туралы шыгарылган олендерді, андерді айттык... Байкен ага бастап келген кемпір – шалдар дуние салып, оздерін жылаткан оленді оздерімен акетті, коп узамай олен де, ан де естен шыкты...
Арада тагы да жылдар отіп, есті тандыра соккан Отан согысы дауылы
да басылды. Сол жылдардын бірінде гастрольде журіп, ойламаган жерден баягыда умытылган осы оленді кайта естідім. Колхоздын пішеннен кайткан бес – алты айелі косылып айтып, бара жатты. Оленді зарлы анінен таныдым. Кімнін олені, кімнін ані екенін білейін деп айелдерден сурасам «Тускендей кокті жарып кандай хабар?» деген олен дегеннен басканы олар да білмеді.

Ауылга барганда анді алгаш естіген Касым агадан сурасам, ол созі тугілі анін умытып калыпты. Авторын да айта алмады. «Бул олкеде авторын бір білсе Галым  біледі, сонан сура»,- деді.

Ол ауылдасымыз белгілі акын Галым Малдыбаев еді. Сол жолы Гакана адейі барып, шай устінде отырып, сурасам, ол кісі «Естіген де, окыган да емеспін.. Мені біледі деп саган біреу айтты ма? Ол саган неге кажет болды?» - деді. Мен ман –жайын айтканымда, Гакан «Касым агай да жасына жетпей алжиын деп  жур екен, жокты айтып». Осымен ангіме бітіп еді, Гакан кетерімде онаша шыгарып алып:

- Ескак, сен манагы оленді бір жерде айтып, не авторын біреуден
сурап, ошпейтін палеге калар деп амалсыздан айтып отырмын. Аузына мунан былай сак бол, жаркыным! Ол олен , 1924 жылы «Енбекші казак» газетке шыккан Сакен Сейфуллиннын  олені, -деді сыбырлап.

Денем муздап, зарем ушып, капелімде не дерімді білмей калдым.  Тек
кімге айттым, кімнен сурадым, кімнен естідім? Касым ага байкамай біреуге айтып коймаса жарар еді деген ой гана болды басымда. Галым  ага соны білгендей: «Касымга озін ескертерсін. Ана сор турткен айелдердін бірін озім тауып алып айтамын. Олар мына Жана жолдын пішеншілері гой, солай ма?»  - деді

Бул оленге сонша токталган себебім, ол балалык базарымда, «Байкен аган» сиякты сауаты жок, карапайым, ауылдын такыр кедейлерінін мейірімін Совет укіметіне, оны орнатушы Ленинге тусіріп, азалы оліміне жылатса, бір кезде социализмді курып, коммунизмге аттадык деген сауатты елде, сол оленді ауызга алган адам, кісі олтіруден ауыр жаза тартатын. Озі орнаткан Совет Укіметі «Халык жауысын» деп Сакен Сейфуллинді жане тагы баскаларды атып тастаганы да балалык жастык базарымда болды демекпін.


Рецензии
"Алтын,кумiс, коргасын,
Кандай асыл болмасын,
тартады туп негiзге"- тукымын тектi,асылдын туягы екенсiн Гульжан.

Бакытбай Сеитов   26.12.2011 11:05     Заявить о нарушении