Намаз
Олардан гебірат алып, журт не угар?
Мын рет намазыннан артык деген,
Адамга істеген бір ізет, курмет.
Майлыкожа.
Бір жолы ауыл жайлаудан кошіп, кыстакка келіп конды. Ауылдын дені кедей шаруа болгандыктан, жазда тігілген жаман – жаутік киіз уйлерін аяп, куздікке шошала салып коятын-ды.
Шошаланын пайдасы коп. Біздін жердін ауасы кубылмалы, асіресе кузі. Бугін жылкы бугелектеп, сиыр соналап турса, ертеніне окпек желді, кар араласкан кара жанбыры согады да, кайта шайдай ашылады. Сондай кездерде шошала жас бала, кемпір – шалдарга жылы. Арі журт кыскы уйлерін, кора – копсыларын жондейді, жаздай тігілген киіз уйлерінін жыртык –тесігін жамайды, кереге - саганактарынын узілген когі болса кайта коктейді. Кыста шошала, ас – су коймасы болады. Ол кезде ауылда дукен жок, керосинді жиырма – отыз шакырым жердегі орыс поселкелеріндегі дукеннен акеледі. Сондыктан, куз бойы шошалага тамак пісіру ушін жагылатын от жарыгын пайдаланады. Солардын бірі біз.
Кайша екеуіміз отка койылган кішкене казандагы сутті пісіріп отыргамыз. Терезесі жок шошала кара коленке, арі кеш мезгілі еді. Касым агатайым екінді намазын окуга дарет алып журген. Бір мезгілде агатайымнын такбір айткан (азан) дауысы шыкты. Дастур бойынша мен уйып, кулак туре тындай калдым. Бірак азаннын макамы бір болганымен, созі баска шыкты. Кудайдын кутты куні бес рет атамнан, агатайымнын озінен естіп, саби кунімнен кулагыма сініп, жатталып калган азан былай шыкты.
Аллам акеп бер, аллам акеп бер!
Кай жагыма барам, кай калтама салам..
Ашадан айналайын, ашадан айналайын...
Байкасак, «Аллам акеп бері» - аллах акбар, «кай жагыма барамыны» - ха, ягалассала, «кай калтама саламыны» - хаиягалалфане, «ашадан айналайыны» -аш аді ан лахилаха екен.
Кайша екеуіміз алгаш таныркап калдык та, кейін шыдамай куліп жібердік. Сонда «азаншы» артында отырган бізге бурылып: «Намазга неге кулесіндер, алдамшы дуниенін кунаккар фандаларі? Кияметте отка куйесіндер гой сорлап. Куранда: «Я монне аштагала» деген деп бізге шаригат айтады, атамнын неше жыл молда болады деп окыткан «молдасы» - Касым агатайым.
Бірак, атамнын ол енбегі боска кеткен жок. Жасы алпыстан аскасын уйде – тузде аят оку былай турсын, сол елдін бір молдасы болды. Жасы 93-ке келгенше таяк устаган жок. Алишерім айткандай «шауып журді». Аруагыннан айналайын, Касым агатайым атамша ауырмай дуниеден отті.
Агатайым намазды кудайдан коркып емес, атамнан коркып окиды екен. Атам жок болса намазын, шаждага мандайын тигізбей – ак бітіре салады. Ондайын атам да сезіп журсе керек, бір куні агатайым намаз окымак боп жатыр еді «Аллага гибадат кылсан, намаз окысан, дурыс окы, айтпесе каза болады. Каза намаздын пайдасы жок, кунасі ауыр, ол кудайды алдау екенін білесін гой? Біле тура кунага бату хаюанмен тендестік, оны да білесін» , - деді атам. Агатайым атамнын созін аягына дейін унсіз тындап болды да;
Ерап лоиимні корган озін сан,
Уршиб аркам німа урган да озін сан.
Емон манми, якши манми кандок куллам?
Тахдирда манлайыма бирган алла озін сан, –деді.
Бул атамнын коп айтатын байіттерінін бірі болатын. Муны агатайым атама неге айтты, магынасы не еді, оны ол кунде білмегенімен озін жатка білетінмін. Атам агатайыма бір карады да ундемей далага шыгып кетті. Бул атамнын созден тосылгандагы мінезінін бірі еді.
Сонан былай намаз туралы аке мен баланын арасында соз болмады.
Сондыктан болу керек, агатайым намазын бірде окып, бірде окымай журді де акыры тастап кетті. Сойте – сойте агатайым уйыктар алдында айтатын «калиматун» дугасынын орнына ынылдап олен айтатын болды. Оган да атам ундемеді.
Келер жылгы жазда болу керек.. Ауыл жайлауга шыгып, Жалтыр дейтін колдін басына конды. Журт катарлы біз де ескі киіз уйімізді тігіп жатырмыз. Атам шанырак котеріп тур, агатайым екеуіміз уык байлап жатырмыз. Бойым керегенін басына жетпеген сон, аяк астыма агаш шелекті тонкеріп койып алгамын. Кайша жерден уык аперіп турган. Бір уакытта касымыздагы корші тігіп жаткан уйдін бойжеткен кызы :
Есен – аман журмісін, лайлім шырак?
Жана таптым ауылынды коптен сурап..
шыркай жонелді. Кайша екеуіміз елегізіп, уыгымызды тастай беріп, сонда жугіргіміз келді. Бірак, касымызда атам тур. Олен тындау куна екенін сабиімізден естіп, біліп келеміз емес пе? Кыз оленнін кайырмасын айтып, екінші шумагына тусе бергенде, агатайым тосынан:
Ау, Шадияр бір – дейді,
Жаксынын конілі нур – дейді.
Алдында анші турганда,
Аузынды мыктап жум – дейді... деп шыркай жонелді. Дауысы кандай асем шыкты десенші!
Атам енді колындагы баканымен агатайымды келістіре согады-ау деп Кайша екеуіміздін заре – кутымыз калмады. Ан салып турган кыз да жым – жырт тына калды. Иманкул пірадар, баласы тугіл озге біреудін анін естісе кулагын басатынын бул онірде кім білмейді? «Бір пале казір басталады, сен коя тур, шырагым» деді ме касындагы біреу, айтеуір сонан кайтып кыздын уні шыкпады. Бірак, ешкандай пале болган жок. Атам шаныракка уыктар шаншылып бекігеннен кейін , баканын кулдіреуіштен босатып алды да, озінін сайман салган жашіктерінін біріне барып отырды. Кайша екеуіміз «атамнын мунысы калай?» дегендей, ан –тан болдык.
Агатайым атама коніл де аударган жок, оленін жалгастырып, даусын соза тусті.
Ау, Шадияр жетіде – ей,
Бозбала неге кокіді – ей?
Бай алмаган кыздардын,
Багы неден бекіді – ей?
Осы шумакты бітірген кезде атам, унін сал гана шыгарып, сылкылдай кулетін кулкісіне басып, ал кул, ал кул... Салден кейін кулкіден шыккан коз жасын орамалымен суртіп болып:
- Ай, шайтан соккан ауейі неме? Айтсан жонділеу бірдеме айтпайсын
ба? Ана кыз баланын коніліне келер –ау, жанындагы естігендер не дейді деп ойламайсын ба?- деді.
- Аке, бул халык олені гой, - деді агатайым жайлап.
- Тайт арі... Халыктыкі деп кыз баланын алдында табагы туйір тарыга
татымайтын олен айта ма жас жігіт? О несі? Оленнін гулін айтпай кулін айтканы? Озі жане менін алдымда, менін шанырагымда айтып тур! Ауей неме – ау, тым болмаса ізет тутып,
Ау, Шадияр, егестім !
Озінменен тол остім.
Аніне анім косылып,
Журек сырын кенессін... демейсін бе?
- Аке- ау, ол кыз менен улкен гой? – деді Касым агатайым.
- Онда неге тиісесін, журт козінше уялтып? Гафіл болды гой?
Атам кыз уйі жакка карады да тагы сылкылдап кулді.
Атам кешкі астан кейін озінен озі отырып, соз бастап, Карауыл Орынбай акын бір куні жалгыз баласы Омарга: «Балам, журт сені олен шыгарады, балана батанды бер, сенін акындыгын конайын деп жур дейді. Онына катты куанам. Елді бетіне каратпайтын би – торенін мінін акындар именбей шаршы топта оленмен сынайды. Ол ушін уйлесімді создер курау керек. Сен оленінді калай бастап журсін, айтып корші, зергерлігінді байкайын» депті. Сонда Омар куанып, акесінін домбырасын ала –сала:
«Орынбайдын баласы атым Омар,
Айдалага бітеді куйген томар» дегенде, аргы жагын Орекен жарыктык айткызбай: «Тайт арі, саппас! Куйген томар мен менін арамызда кандай жакындык бар? Уйкасы келеді деп ой тастамас соз курай ма акын болам деген адам? «Арзан олен басына коп келеді, жаксы олен жанынды жеп келеді». «Айдалага бітеді куйген томар» дегенше: «Оленге жастайымнан болдым кумар», «Сойлесем тындаушынын конілі толар», немесе , «Алла десем коніліме иман толар» дегендей, мані бар, уйкасы бар толган создер турганда, куйген томарын кай шатыганын? Шырагым – ау, томарды казак бітеді дей ме? Озі жане «ай далада» деген екен , жарыктык»,- деп бітірді атам созін. Бул ангімені атам неге айтты, нені нускап айтты, агатайым болмаса Кайша екеуіміз тусінген жокпыз.
Жайлауга шыкканда ойдагы - кырдагы елдін басы косылып, бір сайрандап калатын адеттері емес пе. Жалтыр колін айнала конган Конай , Койсары, Ырсай дейтін рулардан тараган ел, ауыл – ауыл боп отыратын мезгілдін бар кезі. Шанырагын ат устінде екі кісілеп котеретін тогыз канат, он екі канат ак шагаладай байлардын уйлері колдін шыгыс жак беткейіндегі когорайга тігіледі. Олардан томенірек, жеті канат, сегіз канат акбоз уйлері аралас алді шаруалар, аткамінер, пысыктар, «партия басы», поштабай дегендердін уйлері болады. Колдін кунбатыс жагындагы кукасыз донесте торт канат, бес канат коныр уйлі, боз уйлі орта шаруа мен кара лашыкты кедей – кепшік, «Кудай солай жараткан» дейтін акка аузы жарымайтындар, болмаса «Елбесіп – селбесіп «кун корейік» деп бірін – бірі паналап, бірін – бірі жакын тартып келген, жерлері жок , атам сиякты, кірмелердін уйі болады.
Байлар кыстан шыккан сере казылы согымдарынын сурін, семіз маркаларынын етімен араластырып, сары кымызын сапырып , бірін –бірі ерулікке шакырып, «сен же – мен же» боп копіртіп жатса, кедей – кепшік те карап жатпай, барын бірінін аузына бірі тосып, кыз –бозбаласы кешке жиналып, ойын – сауык курып жатады. Кеш болса сол кыз – бозбала тагы жиналып, котанга жусаткан барлы – жокты кой – ешкілерін каскырдан кузетіп танды ан – куймен аттырады.
Агатайым солардын жуан ортасына кіріп алды. Желіден босаган кулындай, шапкылап ана жиыннан мына жиынга барып сунгиді. «Касымын домбыра тартып, ан салып жур» дегендерге атам : «Заман бузылды, жастар киямет – кайымды ойламайтын болды, ол акыр заманнын белгісі.
Тон жыртылып жагасы калар,
Пышак сынып, сагасы калар.
Билік келін мен балага кошіп,
Кемпір – шал далада калар
деген екен бурынгылар... Сол айткан заман осы. Бул хактын ісі. Хактын ісіне пенденін конбеуі куна» дейтін болды.
Осыдан былай агатайым дін жолынан мулде тайып, атамнын жек коретін домбыра жолына мулдем тусті. Бул:
Жігіттер, гибадат кыл, маган нансан,
Намаз окы, алланы есіне алсан!
дейтін атамдар заманынын соны, «Кудайсыздар уйымы», «Конфискелеу», «Кара тізім», «Кулак», «Колхоз» деген жана создерді ала келген менін заманым арасындагы жайлы жаздардын бірі еді...
Свидетельство о публикации №211122200492