Аят оку сыны
Ыкыласпен окыган сон сабак білдім.
Сол жылы Аптиек пен Куран шыгып,
Ойынды кош айтысып талак кылдым.
Абубакір Кердері.
Касым агатайым ораза – намазды тастап, фарсынын кайдагы бір байітін тілге тиек етіп, акеге дау айтып, нагашыларына тартып, домбыра устап, «ауей» боп кеткен сон, атамнын кушыры маган тусті. Ол кезде менін Аптиек окып, Куранды аударып (бастан аяк шыгып), парыз, уажіп дегендердін не екенін білмек боп, пушайман болып журген кезім. «Бір уйден екі дінсіз шыгып кете ме» дегендей, атам кауіптеніп , уйде бар кезінде аягымды кия бастырмайды. Сол кезде агатайымды коре алмай, журегіме кызганыш пайда болады, мен де сойтсем кайтеді деймін. Себебі, ол мен сиякты кудайдын кутты куні, кысы – жазы Куранды ежіктеп мужи бермейді. Молдадан таяк жеу былай турсын, атам да урыспайды. Касым агатайым муртынан куліп, жиын – тойда кисса жырлап, ан салады. Атам сапарга кеткенде уйде де айтады, жасырып устайтын домбырасы да бар.
Апыр – ай, осыным коре алмаушылык емес пе? Атам коре алмаушылыкты, біреудін байлыгына, барлыгына кызыгуды куна дейді гой? «Куна» деген жаман деген соз. Молда, сенбі куні сабак алдында «жумалык» акша акелмеген баланын койлегін туріп койып: «Ол дуниенін камын ойламайтын кунаккар» деп аркасын кок шыбыкпен бекерге ашекелемейді деп алгі ойымнан кайта коямын. Молданын жумалык акшасын ол дуние емес, бул дуниедегі озінін камы ушін алып, оны акелмегеніміз ушін пак денемізді дуылдатып, назік танімізге жара тусіріп, уратынын білсек те білмеген болатын едік... Себебі, «Куранда солай деп жазылган» деп аузымызды жабады.
Ал, ол дуние деген не деп сурасан, молдам да, атам да, атамнын діндер достары да бірінін аузына бірі тукіріп койгандай бір жауап кайтарады. Ол жауаптары былай: «Кияметкайым болганда Исрафиль періште сорын уреді. Сонда барлык олген адам бір жерге жиналады. Сонан кейін «кылыштан откір, кылдан жінішке» сират копірінен айдап отеді. Копірдін бір жагы терен су, бір жагы лаулаган от. Куналі адамдар сонда не отка, не суга кулап, гарык болады, ал кунасіз адамдар тіке отіп жумакка барады. Ол жерде оларды хор кыздары алтын кумырага куйылган каусар суын алып шыгып, шолінді кандыра, сіміртіп карсы алады. «Гарасат майданы, ол дуние деген осы» дейді.
Ал, осыларды естіген мен, сол копірден тура отіп, музыка унімен барып, каусар суына кенелетіндердін катарында болгым келгендей устазымнын, атамнын айтканын булжытпай орындап Куранды кеудеме кыса тусемін. Бекер домбыра тартып, олен айтып журсін – ау, бауырым? Тубінде хор кызынан, каусар суыннан кур калатын болдын – ау дегендей, агатайымды аяймын.
Ол заманда акелер балаларын сабакка бергенде молдага : «Міне, молдаке, баламнын еті сенікі, суйегі менікі, жаны кудайдыкі» дейтін. Сондыктан, молда баланы ура ма, етінен ет кесіп ала ма, араб созіне тілі келмесе тілін орамалмен устап бурай ма, оны молда біледі. Акеге тек суйегі калса болды. Сол себепті молдамнын айтканын орындамауга шамам да жок еді.
Албетте, атамнын - устазымнын мундайлармен катар баска да кулагыма куйгандары коп. Мысалы, адалдык, адамгершілік, енбек суйгіштік, талапкерлік, халкынды, туган жерінді сую, оны жаудан коргау, тагы тагылар. Акеміз оте жаксы адам еді, сондыктан да ел сыйлап курметтейтін-ді. Бойындагы жалгыз «аттегене –ай», домбыра мен анді жек коретіні еді. Бірак, біз де акемізді катты сыйлап остік. Енді калай? Осы куні кай аке жетім калган балалары токалдан кагажу кореді деп бойдак отеді? Осы жаска келгенше агалы – карындасты тортеуіміз (алдымыз сексен бестен астык) журген елімізде ешкімге касастыгы жок адал жандар, балалары да оздеріне тарткан, енбек суйгіш, момын дегеннен баска соз естімей келеміз. Бул бізге сабиімізден бастап акеміз еккен жемістін лаззаты.
Енді аят оку сынына оралайын.
Бір жылы кыс мезгіліндегі оразанын ішінде ауылымыздагы даулетті адамдардын бірі Елембай дейтін кажы акесіне «катым» окытпак болып, Какімжан дейтін кариды алгызыпты . «Катым» деген, Куранды бір адам жатка уш тунде боліп окып бітіріп, атаган адамнын аруагына багыштайды. Оны окыган жерге сол ауылдын ораза устайтындары тугел жиналады. Ол кезде ораза устамайтындар он уш жастан томенгі балалар мен тосек тарткан ауыр наукастар гана болады. Жиналгандар ауызашардан саресіге дейінгі тамакты сол уйден ішеді. Ягни, куннін батуынан тан алдына дейін. Баска шыгындары шаш етектен оз алдына. Сондыктан, корінген адам тугілі, байлардын озі окыта бермейді. Кыскасы, «Катым» елге байлыгын корсету ушін жасалатын ырым деуге болады.
Какімжан кари, ел арасы тугілі Кокшетау, Кызылжар еліне тугел малім гулама. Ауызашар шайы ішіліп бітісімен атам: «Кари, аятты менін балама окуга улыксат етінізші»,- деді
- Е, Касым ба? Окысын, окысын, - деді кари токталмастан. Себебі
атам агатайымды да ол кісіге сынаткан.
- Жок, кари! Екінші улым, Исхагым,- деді атам.
Е, онынды да «молдасымак кылмак па едін?» дегендей, кари:
- О, фаруардигар – ай... Солай ма еді? Е, окысын, - деді Кари
токталынкырап. Сіра, журт козінше бір айтып калгасын «жок» деуге
болмай калды – ау деймін. Арине, мен секілді медіресе емес, ауыл молдасынан окыган шакірттерге «Ауалайсаллази» сиякты кыска аяттардын бірін оки салуга болатын еді. Онашада атам, кари аят окы десе, «Табарик пен Ясиннын бірін окы» деген. Коп адамнын буымен, ауызашардын сагаттап ішетін шайынан кейін моншадай болган уйдін как ортасына шыгып, шарта жугініп ап, жаман борікті баса киіп, Табарікті оки жонелдім. «Жыгылсан нардан жыгыл» дейтін казактын баласы емеспіз бе? Нардан жыгылсак онбайтынымызга караймыз ба? Онын устіне жанылып кетсен, немесе кате окысан, токтатып кате кеткен жерінен бастап каридын озі окиды, тартіп солай. Дурыс окымаган аятты тындап, кари неге куналі болсын? Бала тугілі анау – мынау молдасымактарды да токтатады. (Арине, «сен токта» деп айтпайды, косылып оки жонеледі. Сонда бурын окып отырган адам, кате окыганын тусініп, унін ошіре кояды. Бірак, аят біткенше сол шарт жугінген куйі орнынан козгалмайды, маскара боп отыра береді.)
Кари мені токтаткан жок. Неге токтатсын, анамнан шырылдап жерге
тускеннен бері тындап, жаттап, бойыма абден сініп калган екі аяттын бірі емес пе? Атам кудайдын кутты куні бірін «Тан» намазында, екіншісін «Яшигы» намазында дауыстап окиды. Онын устіне алты ай кыс молдамнын окытатыны тагы солар гой? Басын тастан, не темірден жаралган болса амал жок кой... Менін балалык дауірімнін базары соларды оку, сондайларды жаттаумен отіп келе жатыр емес пе!
Атамнын бір гажабы , кейбір молдалардай «кез келген» аятты оки бермейтін. Курандагы жузден астам суренін кейбіреуін гана окып, маган соны гана жаттататын еді. Онысынын манін кейін білдім. Мысалы, «Та – сим –мим» деген суреде анга жылдын кай мезгілінде шыгу керек, жукті айелдерге кандай жагдай жасау керек, тагы баскалар жонінде соз болады екен. Куранда Мысыр шахарынын патшасы Араон сол кездін улкен акыны Маулен жайында да ангіме бар екен.
Сойтіп, менін аятымнан кейін кол жайылып, дастаркан жиналды. Камаган журт кари не сын айтар екен деп соган телмірді. Баска болмедегілер кулак туріп, кейбірлеулері есіктен карасты. Гулама алдында шакірт аят окыса, міндетті турде сын айтылу керек, атам да сол ушін окыткызып отыр гой?
Екі козі туа сокыр Какімжан кари, сол шарта жугінген куйі, уйірін карауылдаган ата каздай , мойнын созып, кормесе де алыска карап, бірталай отырды. Алде сын айтып , мені жылатуга атамнын коніліне карады ма? Болмаса, «осы бокмурын немеге несіне ауыз былгаймын» деді ме, кім білсін, айтеуір, отырды. Не болса да болары болды деп кен болмеде жагалай отырган шалдардын ортасында шокиып, терге малынып мен отырмын. Алден уакытта кари орісте журген каздай , мойнын соза канк етіп, тамагын бір кенеп ап: «Пірадар, баланыныздын уні жаксы екен.. Озі алі жас кой деймін, нешеге келді?» - деді.
Атам менін жасымды айтканнан кейін кари «басе» деп тагы унсіз калды, журт тіпті ынтыга тусті. Салден кейін кари: «Жаман окыган жок, бала болгасын демі жетпеді деп токтатпадым, айтпесе, «Коль араайтом ин аспахама» дегендегі «мимсіна», дорталіп хадар созылу керек» , - деді. Онысы, музыка тілімен айтканда, сонгы буын «мані» жартылык нотада торт тактта устау керек дегені еді.
Сонан кейін кари тамагын тагы бір канк еткізіп, кенеп, «міне былай» деп анырата жонелді. Неткен комей, неткен ун десенші, шіркін! Онымен салыстырганда агатайым дауысы ширегіне келмейді екен. Шіркін – ай, мынандай дауыспен ан салса гой деп ойладым. Осы куні анда – санда радиодан Шаляпиннін даусын естігенде, Какімжан кари есіме туседі.
Кари, жіберген катемді тузегеннен кейін атама:
- Имеке, баланызды кадагалап, кайталатып отырыныз, айтпесе
ыждахатты окымай, кунасіне каласыз. Баланыз жас болган сон бетін кайтармайын дедім... Ал уні жаксы екен, тубінде мешітке азаншы болуга абден жарайды, тек гумырлы болсын , - деді.
Атам куанып кетті – ау деймін, «сары кулактын» бір сомын каридын колына кысты.
Какен карига осы кунге шейін танданам. Екі козі туа сокыр загип, Куранды калай окып, калай жаттап алды екен? «Хатым» окыганда уш бірдей молда Курандарын алдарына жайып, тексеріп карап отыр, сонын бірі атам. Куран деген ертегілер жазылган кітап емес, бір окысан есінде калатын. Онда да накпа -нак барін айта алмайсын. Куран калындыгы уш елідей, колемі казак энциклопедиясына жакын, жеті жузден астам парагы бар айдік том. Арі ана тілінде емес. Онда жузден аса суре, алты мынга жуык аят бар. Какімжан кари жайында тагы бір есімде калганы бар. Согыстан келген жылдардын бірінде Явленька дейтін село манындагы Есіл озенінін бір откелінде ат шомылып журген жас жігітке кездестік. Касымдагы ат иесі алгі жігітпен амандасып, уй – жайынын амандыгын сурай келе , «карттарын мыкты ма» деді. «Азір, кудайга шукір, озі ане отыр» деді, откелдін шыга берісіндегі уйенкінін коленкесінде турган арбаны корсетіп. Біз жакындап, арбамыздан тусіп барсак, алгі кісі намаз окып отыр екен.
- Намазын бітірсін, кутейік , - деді касымдагы жолдасым сыбырлап.
Намаз окыган кісі жайнамаз орнына тосеген шапанын жиып бізге бурылганда бірден таныдым Какен кари екенін. Ол кісіні кормегеніме коп жыл болган еді. Жолдасымнан ілгерілеп барып, кол усынып , салем бердім. Кари бетіме караудын орнына «алыска карап»:
- Япыр – ай, сен Исхак емессін бе? Аман – есен журмісін, жаркыным,
- деді.
Мен атымды айтып таныганына танданып, «Ия, мен Исхакпын»
- Калай таныдыныз, Кари ага? – дедім.
- Неге танымаймын? Алгаш колхоз боп курылганда акен маркуммен
екі жыл корші турдык емес пе? Дауысыннан таныдым ... Мына балам сіздін уй ішке кошерде туып , есімін Имекен койган еді, сені танымады гой, - деді ат жегу камына кіріскен жігітті нускап.
- Кари ага, бул баланыз нешеге келді?
- Биыл он сегізге толады, кудай каласа, жылы «жылкы» гой , - деді.
Сонда менін унім Какімжан каридын кулагында 18 жыл бойына
сакталып калган гой? Бул гажап емес пе?
Свидетельство о публикации №211122200894