Кок домбыра

«Домбыра тартпа» десем тіл алмасын,
Коп сырын ол шіркіннін біле алмайсын.
Кеудене сункылдаган уні конса –
Жумакка журтпен бірге кіре алмайсын !
Газиз акын.


Кыстын суык айларынын бірі. Атам жолаушылап кеткен. Агатайым соны пайдаланып, шошаладагы ескі кебежеге тыгып  устайтын кок  домбырасын акеліп, сол кезде ауылга тарай бастаган бір анді айтты. Аннін аты «Кагаз шай» болатын. Ані казір  есімде жок, жадымда бір шумак олені калыпты.

Салмаушы -ем салдыкпенен  балагымды,
Ораушы - ем ак торгынмен тамагымды.
Турмеде енді міне ан шыркаймын,
Даусымды естіп, келер деп  карагымды.

Кайырмасы:
Ей, кагаз шай, кагаз шай, айхай, айхай.
Секілді саулем Мария –ай...

Казір ойласам, оленнін торт жолы Балуаншолактын оленіне уксайды. Ан биік шыркалып, калыктап барып томендеп, кайырмасы ойнакты бітетін. Сол анді , агатайым айтып, біз косылып, бірімізді біріміз тузеген боп шуласып отырганбыз. Бір уакытта «Торткоздін» абалап ургені естілді. Біз шулап отырып, ангармасак керек, ол анау – мынау дыбыска мынкылдай салатын еріншек ит еді, жануар. Кайша екеуіміз  атам біреумен келген екен деп куанып есікке умтылдык. Сасып калган агатайым домбырасын купісінін оніріне тыгып , шошалага умтылды. Бірак, шыгатын есік біреу гой.

Есікті ашып карасак, коранын іші жарык, фонарь устаган біреу тур.
Байкасак, атамнын сопы достарынын бірі Дайыр пірадар екен. Атам бір жакка кетерде «балалаларыма коз кырынды сала жур» деп сол кісіге тапсырып кететін-ді. Дакен бізге коз кыры емес, кулагын да туре журеді екен. Атам, агатайымнын намазды калай окитынын Дакен пірадардан біліпті деген сыбыс естігенбіз. Бул жолы  Дакен не естіді, нені корді онысын білмедік, айтеуір, ол кісі кеткесін «ерте урмегені ушін», -  «Торткоз», какпаны мыктап жаппаганым ушін - мен, домбырашыдан біріміз шапалак, біріміз тепкі жедік.

Арада біраз кундер откесін, атам сапарынан оралды. Атама салем бере келгендердін ізі сиреді. Журт катарлы Дакен пірадар да келіп шай ішіп кетті. Жаздай  кымыздарынан уйге акеп беріп туратын Балбосын, Магрипа, Нуркыш, Ажар дейтін келіндерін атам маган  кезекпен шакыртып алып, «келін, карагым , мына бір ораганды саган деп арнап алып едім, кабыл ал» деп акелген сыйын алдарына  койып, келіндері беттерін жаулыктары, не  кимешектерінін шетімен  колкелей бір тізерлеп кырындай отырып, рахметтерін естілер – естілмес  кубірлей айтып, иіліп – бугіліп кететін дастурлері де бітті.

Уйде бие жок, сауатын кісі де жок. Сондыктан кымыз болмайтын. Ертеден кешке шейін агашпен, темірмен алысатын атамды сол келіндері сусындандырады. Оларга атам сыйлыксыз келмейді.  Жузден алда кашан асып, карттыктан тура алмай жаткан  Татау дейтін кемпірдін, токсаннын ішіне мол кірген Усембай дейтін карияларга барып, салем беріп, атам да парызынан кутылды.

Е, «Кагаз шай» анін Дакен пірадар естімеген, домбыраны кормеген екен гой деп біз де куанып жур едік, бір куні атам, Кайша екеуімізді ертіп , шошалага барды. Баска журтта кыста шошала азык – тулік коймасы болады. бізде от жагылып, атамнын темір согуына комір даярланады. Арі айелі жок уйде береке бола ма? Кул – комір шашылып – тогіліп , бырыгып жатыр. Атам соларга карап аз турды да , «жок, булай болмайды екен»  деді кубірлеп. Сонан кейін атам кен шошаланын как ортасына саз балшык кірпіштен комір даярлау ушін салынган «пушык» пештен  кызара бортіп, кайын агашынын кок ала жалыны басылмаган жудырыктай – жудырыктай шоктарын  шымшуырмен алып, екінші жагындагы жерошакка салып, буктырып отырган агатайыма бурылып:

- Касым, осы ананын ішінде не бар? – деді, босага жакта турган ескі
кебежені нускап. Агатайым жумысын сал токтатып, бетінін терін тонынын женімен суртті де, сезіктене карап :  Онда ... онда  алгі... каракер тугырыныздын камыт – сайманы... Кілам –сіламдар гой, аке, - деді.

- Тагы да не бар?
- Есімде  жок, аке..
Агатайым саскалактап калды.
- Е... Енді осылай жалган сойлейтін болдым де... Онда сен айтшы,
Исхак, тагы не бар?

Атам маган тусінкі кабагынан сал  корінетін коныр коздерімен сынагандай карады. Мен токталмастан «домбыра бар» дедім, келіп калган коз жасымды  зорга тиып. Ойткені, бул ушін домбырашыдан шапалак жейтінімді білем гой. Бірак, атама калай отірік айтамын? Атам маган отіріктен біреуді сыртынан жамандаудан аулак бол, ол куна деп уйреткен. Атам ненін жаксы, ненін жаман екенін журттын барінен жаксы біледі. Атам менін тек жаксы болганымды калайды. Агатайым акеге отірік айтып , кунага батты гой...

Атам агатайыма домбыраны кебежеден алдырып, оган зер сала, аударып – тонкеріп карап, «Муны істеген сенсін бе, Исхак? – деді.
«Уяда не корсен ушканда соны ілесін» дегендей, колым карап отырмай, агаштан, темірден оны – муны жасауга уйір болатынмын. Атам ондайыма риза болып, «Ата касібіміз, адал енбек, уйрене бер» деп колымды какпайтын еді... Менін орныма агатайым жауап беріп, «Оны істеген мен едім, аке» , деді кумілжіп, томен карап.

- Осылай агаш киындастырып буйым жасай ма кісі? Курал – сайман
жок болса бір сарі. Бул «ауейдін ермегін» корген журт не дейді? Озін жане сырлапсын... Какпагын сырлаган домбыранын дауысы шыга ма?

Атама сырлаган домбыранын дауысы шыкпайды деп кім айтты екен? Нагашымнан естіген – ау деп ойлап едім сонда. Атам домбыраны тагы бір  айналдырып коріп, агатайыма беріп, «Жак отка! Мундай  баленді корсетпе козіме» деп шыгып кетті.  Атам домбыранын істелуіне риза болмады ма, алде домбыраны жек коргендіктен айтты ма, муны да білмедік. Атам есіктен шыгысымен агатайым маган карап, «озін жек  коретіндей такылдап айта койдын гой, кор ендеше» дегендей, домбырасынын ішегін алмастан маздап турган отынга салып жіберді. Алдыменен домбыранын ішегі сырт етіп узіліп, содан кейін озі шытырлап жана бастады. Сол кезде есіме «Кагазшай» анімен  Дакен пірадар тусті.

Осы окигадан кейінгі жазда атам, агатайымды Жакай женгеме уйлендіріп, болек отауга шыгарды. Жогарыда «Жок, бул болмайды екен» деп айелсіз уйінін уй болмай бара жатканын сонда анык байкап, айтса керек. Ал отау етіп, болек шыгарганы, Касым  домбырасыз, ансіз отырмайды, озімен озі болсын десе керек. Бірак, кок домбыра отка жагылганнан кейін агатайым  анді де, домбыраны да тастап, шаруамен айналысты.

Сонан кейін ан - домбырага мен кумарттым.. Бірак...


Рецензии
Гулжан! Жана 2012 жылынмен! Табысын таскындай берсін! Домбырага кумар болсан менен ал. Уйіне бак, бакыт, молшылык уялайды.

Гаухарбек Баянбайулы Кунхожаев   02.01.2012 13:13     Заявить о нарушении
Рахмет. Бірге болсын!

Гульжан Иманкулова   04.01.2012 14:05   Заявить о нарушении