Етик саудасы
Еш пайдага аспады
Мусылманша молданыз
Шекесіне тиген сон
Амалсыздан айтып тур
Абубакір жорганыз
А.Кердері
Нагашы апам уйінде тамагым тогайып, онім кіріп, азірге конак ретінде журген кезім еді, бір куні нагашы апам Канапия дейтін алты – сегіз жастагы баласы екеуімізге : «Ана каптагы етікті Оконёв Кривойдін уйіне апарып беріндер. Акшасын кейін толейтін боп келіскен» , - деді. Ол етік жуырда касіпке кіріскен Касым агатайымнын колынан алгашкы шолак ултандалып, жамалган етіктердін бірі еді. Агатайымнын ондайга да колы епсекті болатын. Жане етік тігу нагашы жездейдін улкен касібі еді.
Жездем уйі жазда деревнядан жарты шакырымдай жердегі шок кайыннын шетіне киіз уй тігіп жалгыз уй отырады екен. Ол деревняда баска казак жок. Кошеге кірісімен Канапия маган : «Кривойдын уйі анау» деп бірінен бірін айырыксыз канылтыр шатырлы боренеден бураган уйлерді сілтей салып, жугіре жонелді. «Ай, кай уйді айтасын?» дегенше, анандай жердегі ойнап журген орыс балаларына косылып кетті. Канапиянын сілтеген уйінін біріне кіруім мун екен, алдымнан бір кемпір бажылдап шыга келді. Мен онын не айтып турганына тусінбегенмен, косеу ала умтылганына карап, уры деп калды – ау деп ойлап: «Шешей, мен уры емес, сапогінізді акелдім» , - дедім казакшалап. Кемпір менін оныма пыскырган жок, далага айдап шыкты. Кемпір сонда да ауыз жаппай сойлеп жур, мен тугіне тусінбеймін. Есігінін алдына шыкканнан кейін, кемпірдін сойлеуі саябырланды. Соны пайдаланып: «Сіз менен бекер коркасыз, шешей, мен сіздін сапогты акелдім – деп кабымнан етікті алдым. Кемпір алгісінен де саябырлап , етікті коріп – коріп озіме кайтарып «тикай – тикай» - деді. Кемпірдін баска созінін біріне тусінбегеніммен «тикайына» тусіндім.
Жездемнін інісі Дуйсенбай агай, насыбай угіп отырганда касына кішкене бала бара калса , «темекінін ушкыны козіне туседі», «тикай – тикай» дейді. Сонда балалар каша жонеледі. Тикай – кет деген созі. Етік иесінін уйі бул болмады деп ойлап, касындагы уйдін какпасына келдім. Ауласында бір шал камыт жамап отыр екен, соган етікті кабымнан алып: «Мынау сіздін етігініз болар, алыныз» - дедім, кемпірге айтылган «тбая сапокты» косып айтуга шамамды келтірмей, куып шыккан кемпірге айтылмаган «зрастиди» шалга, какпасынын алдында турып айткамын. Онан артык орысшаны жерден казамын ба? Шал байсалды сойлеп канша тусіндіргісі келгенімен ештеме укпадым. Менін созімнен шалдын тусінгені де «здрасти, тбая сапок» болу керек... Шал етікті кайтып беріп: «Гроши нема» деді кайта –кайта. Баска уйге кіргемін жок, алгашкы жумысты осылай орындап, кері кайттым.
Уйге келген сон нагашы апама : «Оконеп дегенініз етігін алмады» дедім нагашы апама.
- Алмаганы калай?
- Біреудін етігімен ауысып кетсе керек , менікі емес деді,- дедім,
шалдын «гроши нема» дегенін «не мой» деп айтты деп тусінген басым.
- Иесі не деді?
- Нема деді.
- Онысы несі?
- Кайдан білейін? Кайта –кайта «гроши нема, гроши нема» деді.
Нагашы апам бетіме таныркай карап, сал отырды да, «Алда карагым- ай, Канапиясыз жалгыз барып па едін? Орыс тілін білмегеннін корген куні осы. Баска Оконёвтін уйіне баргасын гой. Ол сені етік сатып жур деп ойлаган. Онын «гроши нема» дегені акшам жок дегені. Бул деревнядагылардын біразынын фамилиялары солай. Оларды бірінен бірін ажырату ушін койылган екінші аттарымен атамасан таба алмайсын. Онсыз оздері де ажырата алмайды. Тіпті касымызда Оконёвка деген деревня бар. Мына Журавлёвка деп аталатын деревняда жиырмага тарта уйлердін иелері Журавлёвтар . Булар оздерін двоедань, хохол, чалдон деп атайды. Улкендерінін айтуына караганда Чал, Дон, Днепр деген Ресейдін улкен озендері. Бабалары сол жактан келгенге усайды. Фамилияларына караганда барі бір атадан тараган сиякты.. Оларын оздері де білмейді. Тілдері де біздін жактын орыстарындай емес. Оздері жаксы халык, міне паленбай жыл осы мандагы деревняларында турып келеміз , жамандыктарын коргеміз жок. Діни мейрам деген буларда коп болады. Сол кундерде айелдері малдарын табынга косканда, уй бас сайын малшыга бір – бір калаш нан береді. Солардын озінен кептіріп алган сухариымыз жылга жетіп отырады. Алмаймын деу оларша куна, калай да алу керек. Малга бергенінді корсе деревнядан куыласын. Бір жаман жері шынара болмаса, копшілігі казактарды ауыз уйден жогары кіргізбейді. Малшылардын кезегі келгенде, тамак беретін орындары, ыдыс – аяктары, орындык - столдары оздерінікінен баска болады. Бурын байлары уйіне казак барса, ол кеткесін отырган орнын, есігінін туткасына шейін жуып тастаушы еді» - деп нагашы апам ашык есіктен корініп турган шіркеуге карады.
Біздін жактын орыстарынын «киргиз» дегені болмаса, казакты уйіне кіргізбейді, кіргізсе отырган орнын жуып тастайды дегенді естіген жок едім. Анда – санда келіп, бір дастарканнан тамак ішіп, тіпті етті бізбен бірдей колымен жеп, озімізбен катар жататын Тихын (Тихон), агатайымнын тамыры Жакып (Яков) атайдан ондай тазалык сезілмейтін-ді. Агатайым екеуіміз Жакып атайдын Карашок деревнясындагы жел диірменге бидай тарттыра барганымызда, уйіне конып, бірге тамак ішіп, менімен жас Жагорка (Егорка) дейтін баласымен пешінін устіне бірге жаткамын. Жатарда шокынгандары болмаса, уйлерінде де ондайлары сезілмеген еді. Сондыктан, бір сыры болар деп ойлап: «Нагашы апа, олары несі?» - дедім.
Оздерінше жеркенгендері ме, болмаса діні баска дей ме, кім білсін?
Олардын копшілігі байлар, шіркеу иелері, діншілдер еді, конфискелеп, жер аударганнан кейін калгандары саябырлады. Айтсе де, алі жеткілікті. Ертен малын бага бастаганда оларды озін де коресін гой , - деді.
Сонда барып манагы кемпірдін мені не ушін куып шыкканын білдім.
Мен оны уры деп ойлап калды деп тусінген едім.
- Нагашы апа, сіз барганда да сойте ме олар?
- Жок, маган ойтпейді.
- Сіз «Батырак комитетінін» мушесі болгасын коркатын шыгар?
- Жок, онан бурын да торгі уйлеріне кіре беретінмін.
- Манагы мені куып шыккан кемпірдін уйіне де ме?
- Айтуына караганда, ол Ангелина Зубайдовна деген кемпір болу
керек. Ол тугілі ана шіркеу побынын уйіне де кіре беретінмін – деп мунараларындагы крестерімен, конырауынан журдай болган манагы шіркеуді нускады.
Мешіттін имамы отырган жерге куйеуі бар айелдін кіре алмайтынын білетін мен таныркап калсам керек.
- Немене, нанбай отырсын ба? Онда турган не бар? Айтпакшы, сенен
сурайыншы...
Нагашы апам ешкім естіп калмасын дегендей , жан – жагына карап, дауысын басендетіп:
- Мен уйлеріне кіргенде образдарына бас ие саламын, соган маз боп,
мені оздеріне санайды, - деді сыбырлап.
- Образ деген не нарсе, нагашы апа?
- Ана уйлеріне ілінетін кудайларынын суреті – икона. Сен муны атана
айтып койып журме! Колымнан тагам ішпей кояр , маскара кып.
- Сонда сіз шокынасыз ба, нагашы апа? – дедім, зарем ушып.
- Тек! Жаман соз айтпа! Шокынганы несі, маскара... Мен уй иелерінін
конілі болсын деп жай иіле салам... Немене, ол куна ма? Сен окыдын гой, Куранда не айтады екен бул жайында?
Мен шалдын «гроши нема» дегеніне тусінбесем де, нагашы апамнын ол сурагынын бакайшагына шейін шагып беруге шамам келетін еді. Жане Кураннан пышак сыртындай ауыткымай..
- Нагашы апа, алдымен кудай жерде де емес, кокте де емес.Ол ар
пенденін журегінде. Ол ешбір адамнан туган жок, тугызбайды да. Ол дуниедегі ешбір жанга, ешбір тіршілікке усамайды. Оны ешбір адам кормейді, корген де жок. Кудаймен бетпе – бет сойлескен Мухаммет галайсаламнын озі де кормеген, біркырын отырып, дауысын гана естіген. Сондыктан, мусылман еместердін сиынып шокынатыны кудайдын суреті емес, Гайса пайгамбардын суреті. Кураннын «Аль ангам» деген суресіндегі аяттардын бірінде адам аттары бар, сонын бірі менін атым. Уа Закария, уал Исмагил, уа Исхак. Ла тухмигалайна уа Яхия уа Муса уаль Гайса ... дейді. Сонын Гайса дегені Иисус. Оны Иса деп те атайды. Орыстардын уйінде ілулі туратын сол Гайсанын суреті, оган иіле салганнын кунасі жок. Ол кудай емес, Мухаммет галайсалам сиякты адам – пайгамбар.
- Тайт, согып кеткен! «Шала молда дін бузар...» Орыстын иконы
Куранда жазылушы ма еді... «Орыстын кудайы кудай емес» деп айтты деп Виноградовтердін біріне біреу жеткізсе, озінді бір тунде пышактап олтіреді, жап аузынды! Окыды гой, білетін шыгар деп сурасам, Куранды келемеж кылганы несі- ай?
Нагашы апамнын шынымен заресі ушып, ашу шакырып:
- Акелерін сендерді адам болсын, журтка жаксы онеге таратсын деп
окытса, біреуін намазды келекелеп едіндер. Енді сен Куранды ойыншык кылдын ба?
Нагашы апамнын маган тимейтінін білем. Атам да уйде жок еді. (Атам онда баргасын жумыс істемесе де колхоз устасы Соломон дейтін озіндей шалдын устаханасына барып, бірдемесіне комектесіп, кунін откізетін-ді. Акыры сонда жумыска кірді.)
Соны пайдаланып:
- Мазак емес, нагашы апа! Курандагы «Аррахмани» деген суредегі
«Фабиайяля ираббикома тугаззибан» деп сонгы тынысынан кайталана беретін аят дуга емес, байіт – жыр. Оны олікке дуга кылып окымайды. Ораза кезіндегі тарауыктарда айтылатын «Таспик» сиякты байт – жыр, олен
- Болды, жетті! Куранда олен жазылыпты деген тагы не сумдык?
Мунынды атан естісе уйден куар озінді!
- Нагашы апа, бул да жалган емес, шын. Куранды ежіктейтін
«Халасатул массагати» дейтін кітапта да солай дейді» - дедім пышак сыртындайдан аз ауыт кып.
- Кой дедім гой, Ескак саган!
Салден кейін:
- Сен, согып кеткен, Куранда атымды калай жазылган дедін? – деді
нагашы апам жимыип.
- Уа Исмагила, уа Исхак ...
Нагашы апам атымды бірер кайталап, тілі келінкіремегесін «Жездемнен баскамыз атынды дурыс айта алмайтын болдык кой» деп бетіме біраз карап отырып: «Сен, согып кеткен жиеннен, тірі болсан талай сумдык шыгар- ау», - деді.Нагашы апамнын «Ой, согып кеткені» балага гана айтылатын-ды. Баланын бір кылыгына, істеген ісіне катты риза болганда да айтылады. Бірак, онда айту манері, уні баскаша шыгатын.
- Сойтіп, Куранда олен жазылган де? Ой, согып кеткен- ай, а?
Окымаган, орыс арасында журген нагашы апам, не айтсам соныма нана береді деп отырсын гой? Солай ма? – деді жымыип. Онысы маган : «Кане, онда бір оленін айтып жіберші» дегендей, корінді. «Иланбай отырсыз ба , нагашы апа? Онда казір...» Керегенін басына ілулі турган Дуйсембай аганын домбырасын ала сала, урысса, каша жонелуге ынгайлы есікке жакын отыра калып , «Таспигы» байітінін макамын домбырага косып : «Субіхан азелмулки уалмалакут» андете жонелдім. Таспигы байітінін макамы Куран макамынан алде кайда болек болады. Домбырага косуга оте колайлы. Нагашы апам байітті сонына шейін ыждахат койып, тындап болып, куып шыкты. Оны естімегеніне де талай жылдар болган болу керек. Кейін ойласам, «Кудай созін» менін домбырага косканымды куна жасады деп куган жок, акеме біреу айтып койса уйден куар мені деп коркып куды деп ойладым. Домбырага коспасам, акем озі таспигын жерге койып, тындайтын еді. Кейінде Г.Мусіреповтын «Акан сері – Актокты» атты пьесасында Науан хазіреттін шакірттері таспигы айтады екен. Сол пьесіні Гурьев театры койганда таспигыны макамымен умытпаганымнын комегі тиді.
Фото: Біз папам екеуіміз Шал акыннын фанатымыз.
Свидетельство о публикации №211122600551