Шахмария

Каламаймын, жан ата,
Сулуды да, малды да.
Мандайыма жазган бар,
Бакытым жатыр алдымда.
 
            Дулат акын.



Бул Шахмария деп отырганым нагашы апамнын екінші аты. Жергілікті орыс, украин солай атап кеткен. Нагашы апамнын аты Шакан. Менін анам Разиланін сінлісі. Жездеміз Кабдолла, жалгыз інісі Дуйсембай екеуі 1921 жылгы ашаршылыкта кошіп барыпты. Сонан бері деревнянын жаз - малын багып, кыста етіктерін тігіп, пималарын жамап, касіп істеп отырган. Балаларынын алды  інісімен косылып мал багуга жараганнан кейін жездем озінін аузын – аулак шаруасымен журеді. (Ол жакта артель малын, жекеменшік малын багатын казактарды еріксіз колхозга тыкпапты.) Бейсембай, Есембай, Далабай, Каппас, Канапия дейтін улдары, Бизарке, Тайгок дейтін кыздары бар. Осылардын оз алдына мал багуга жарайтыны біреу, калгандары комекші. Біз кошіп барганда жездейдін інісі Дуйсембай бірге турады екен. Онын айелі, баласы, кайын атасы бар. Біз де бірталай жан. Акем, ага – женгем, олардын бір сабилері, Кайша екеуіміз. Осынша жаннын устіне жездемнін елінен Габбас дейтіп кошіп келді. Онын айелі, екі баласы бар. Шакан апам оларды да бауырына тартып, «Шиеттей жас балалармен жаяу кайда барасындар, азын – аулакты бірдей коріп, бірге болайык» деп баска деревняга жібермеді. «Кырсыкканда кымыран іриді» дегендей, жеккен жалгыз сиырлары жолда оліп, арып – ашып, оздері зорга жеткен  екен.

Біз де солар  сиякты  сонау Есілден жалгыз сиырымызды жегіп, жаяулап жеткенбіз. Баріміздін жеке тігетін уйіміз жок. Ыдыс – аяк, тосек – орын да шамалы... Баріміз жездейдін алты гана канатты уйіне тыгылдык. Тунде сиганымызша иін тіресе жатып, симаганымыз арбанын устіне, астына, агаштын коленкесіне жатамыз. Тунде жауын жауса уйде жаткандарымыз турып, жарым тосегімізді да даладагыларымызга беріп, бірімізге біріміз суйеніп уйыктаймыз. Кейін жапырагы мол агаш коленкесіне сабаннан костар салып алып рахаттандык. Карын ток болса  барлык жерде де жумак.

Казакта «Агайын бар болсан коре алмайды, жок болсан асырай алмайды» деген макал бар. Менінше,  ол агайыннын барлыгы, жоктыгына емес, адамгершілігіне, кайырылымдылыгына карап айтылган. Мысалыга, мен сол Кабан жездей мен Шакан апамды аламын. Мал дегенде екі бузаулы сиыр мен бір кулынды бие бар. Інісінде тігерге туяк жок. Жумыс істейтін уш адам, онын біреуі менімен тетелес бала. Бейсенбай семьясы жогарыда айтылды... Кошіп келгендер жайы тагы белгілі. Торт уйден куралган шаныракта 24 адам бар. Кашан баріміз оз нанымызды озіміз тапканша сол уйден кун кордік.

Сол енкейген шал мен енбектеген балага толы улкен шаныракты бір адам баскарады, ол Шакан апам. Бул ондай таршылык, жокшылык заманда

ер адамнын колынан келетін жумыс емес еді. Ойткені, толып турган дукені жок, ала коятын акшасы жок. Калайда 24 адамды куніне уш мезгіл тамактандыру керек. Жумыс колынан келетіндеріне жумыс тауып беру, мал багысатын жасоспірімдерді мезгілімен жаткызып, тургызу, шиеттей сабилер мен шалдардын  кутімі озіне баска.  Мунын устіне Шакан апам баска деревняда мал багып туратын казактардын дау – дамайына араласады. Бірі мен бір урсысып калса, болмаса орыстар  казактармен бір нарсе жайында келісе алмай калса, екі жагы да  шауып Шакан апама келеді. Ойткені, Шакан апам сол жердін сельсоветіндегі «Батырак комитетінін» мушесі. Жане де сол мандагы торт – бес деревнянын халкы  Шахмарияны коп жылдан біледі, барі таниды. Орыс, украин тілдеріне  шебер, арі хат таниды. Шынында, ол кісі бек акылды шешен адам еді. Сондыктан болу керек, дау – шардын кобі сельсовет алдына бармай, сол кісінін алдында біте коятын. Сонысына карап біз : «Осы мандагы казактардын ауылнайы» дейтінбіз.

Орыстар да ол кісіні баскамыздан озгеше сыйлайтын.  Баскамызга оздерінше ат койып, оган «киргиз» деген созді косып, мені Исаак киргиз, Бейсенбайды Борис киргиз десе, ал Шакан апамды оздерінін койган аты Марияга Шакан атынын жарымын косып «Шахмария» дейді.

Кейде балалар біз де бір – бірімізбен жанжалдасып, тіпті тобелесіп те калушы едік. Сонда Шахмария барлык балаларды жинап алушы еді де, кіналіні ортага шыгарып: «Міне коріндер, бул пален атты бала, бугін жаман бала болды. Тату журген сендердін шырыктарынды бузып, жанжал бастаган. Сонын айыбына келер жексенбі дем алып, сендермен ойнамайды. Кол диірменге бидай угіп, сендердін нандарына ун даярлайды.  Сонда сендер орманда саныраукулак теріп, не суга шомылып журесіндер»,- дейтін. Акыры сол айтканын орындамай коймайтын. Сондыктан, бізде жанжал болмайтын, бола калса, Шах алдына барып «бокмурындар» ортасында кызармау ушін тез татуласып кетуші едік. Ал кішкене балаларды замандастарынын алдына шыгарып «Больше не буду» , «Ендігі арі олай істемеймін» дегізіп, екі тілде айткызатын. Онысы, орыс тілін білмейтіндері тусінсін дей ме, алде тілдері орысша казакшага бірдей жатыксын дей ме, кім білсін?  Шахмария апамнын айтканын уй иесі Кабан жездей де булжытпай орындайды. «Каба, палендей шаруаны баскалары тындыра алмай жатыр, соган сен баршы»  десе, «болды», «Кудай  шебер- ай, шаршап отыр едім, бар болгыр, ол не шаруа еді?»  деп жумсаган жеріне томпандай жонеледі. («Кудай шебер –ай, бар болгыр» созінін мателі еді  жездемнін. ) Мен жездемнін сонысына карап, Шах апамнан коркады деп ойлаушы едім. Баксам, ата – ана семьянын басы гана емес, косемі, жол бастап  із тастайтын, улгі корсетіп тарбие беретін ул – кызынын бірінші мектебі екен. Арине, оны есейген сон білдім. Мен алгаш рет Бейсембайга еріп кой багуга шыккан кезімде бір  куні нагашы апам Бейсенбай екеуімізге «Кешке багымнан кайтканда тунде  кулын жейтін бір – бір колтык жас курак орып ала келіндер» деді. Багымнан кешке уйге келе жатып: «Танертенгі нагашы апам айткан куракты ертен апарамыз, бугін шаршадык кой» дедім Бейсенбайга. Расында сол куні кун анызгак боп, кой  желде беріп журе – журе шаршаган едік.

- Жок, болмайды! Калайда мамамнын айтканын орындап, тапсырган
куракты апаруымыз керек - деп , жарты шакырымдай бурыстагы камысты колге бурылды.
- Немене, урсады деп коркасын ба? Онда нагашы апама мен айтайын.
- Жок, урсады деп корыкпаймын, ертен улкен кісілер сусынсыз
калады гой?
- Калайша?
- Біз апарган куракты бие мен кулынга беріп, тун узакка байлап
сауады.  Жемі болмаса аш мал сут бермейді гой? Жане, сутінен айырган аш кулын кыста «сакау» деген аурумен ауырады , - деді  Бейсенбай.
Міне, бул ата – ана мектебінен алган білім.

Тагы бір куні Шахмария жиырма торт адам тегіс катысатын
«жиналысында»: «Бейсенбай, Ескак! Сендер ертеннен бастап  койларынды бурынгыдай кошеге кіргізе тастап кайтпандар! Иелеріне коздеріннен санап тапсырындар! Ана Журавлевкада токты  - торым жогалатын бопты... Енді , кудайга  шукір, екеусіндер, ерінбендер! Малынын алдынан шыкпаган уйдін алдына келгенде, фамилиясын айтып, білсендер аты – жонін айтып айгайлап, шакырындар! Шал – кемпірлердін уйінін какпасын ашып, кіргізіп беріндер! Улкендер рахмет айтады, - деді.

Осыдан былай Сумка деревнясындагы торт кошесінде туратындардын фамилиялары гана емес, аты – жоні, косымша аты, семьясында кімдері бар тугел танысуым басталды.  Пален атай, пален шешей, пален женгей, туген женгей деп аттарын атаймыз. Бул жумысымызга риза болган журт рахметімен коса жексенбі кундерінде гана беретін дастурлі калаштарын жай кундерде де беретін болды.  Біз кунде кешке алдымыздан жугіріп шыгатын жеті – сегіз іні – карындастарымыздын колдарына бір – бір жумыртка, не бір – бір калаш устататын болдык. Кейде ертенгі табынга акететін нанымыз уйде артылып, баскаларга калатын болды. Мумкін, нагашы апам айткан уры да жок, наннан тарыкпасын деп адейі істеген болар? Несі бар?

Осындай тапсырмаларды кунде кешке астан кейін тугел отырып тындаушы едік.  «Шах» агаш тубірінен кесіп жасалган «тагына» барімізден биік боп отыратын да, коп устамай тапсырмасын тез – тез айтып бтіріп, «Тусіндіндер ме?Ендеше биенін бір сауынына ойнандар да жатып  уйыктандар» дейтін. Ертеннен кара кешке ыстыкта, жаяу мал сонында журіп дінкеміз курыган біздер коп кешікпей тырая кетуші едік.
Егер  озіне деп салынган тосекке шешініп, жайланып жатпасан, ертеніне о да соз болтын. Сонда журт уйыктап жатканда турып, кім кайда жатыр, тексергені гой? Ал жексенбі кундері тустен кейін кейде кун узакка орнымызга колдары бостау біреуді жіберіп, мал багатын балаларды босатып, барымызды киіндіріп, орыс балаларымен ойнап кайтуга, болмаса кармак салып, шомылып серуендеуге, саныраукулак теріп, орман кезуге жібереді. Міне, Шахмария апам осындай кісі.

Бір куні нагашы апам кешкі астан кейін маган : «Коптен олен естіген жок едік, біздін балалардын ан салатыны жок, елдін анін сагындык, бір – екі ауыз ан салшы, тындайык» , - деді маган атамнын козінше. Булай дегеніне тан калып, баріміз атама карадык. Атам ундемей, томен карап, таспигын жерге койып отыр. Ол, атамнын біреуді ыкыласпен тындайтын дегендег адеті болатын-ды. Мунысы калай? Сонда атамнын олен тындагысы келгені ме? Жок. Ол мумкін емес... Жане , кок домбыра отка жагылганнан кейін атамды ренжітіп, уйге домбыра акелмеуге, уйде олен айтпауга ауде беріп, оленайтуды достарым Нургази, Жангали уйлерінде уйренгемін. Нагашы апам айт деп отырганда маган ундемей калу тіпті коркыныш еді. Себебі, егер мен олен айт дегенде бас тартсан, таспигыны домбырага косканынды атана айтамын деген. Ол кісінін айтканын орындамай тынбайтыны белгілі.Мумкін , Шахмария айт деп буйыргасын айтканыма ренжімес? Сол ушін де таспигын жерге койып отырган шыгар? Ал, кудай созін домбырага косканымды естісе, «Сен діннен бездін, енді балам  емессін! Екі дуниеде сенен бездім» деп колын теріс жаяды. Ол маскара, ол сумдык. Онан да нагашы апам кыстап отырганда айтып , кутылайын, жазасы женіл болар... Екі оттын ортасында заресі ушып отырган адамнан кай жонді дауыс шыгады?
Жасымда болдым балдырган,
Талайды созге кандырган.
Айналайын халкыма,
Мандайдан шырак жандырган...

Оленнін уш ауызы біткенше журтка да, атама да карамадым. Ан біткен сон да карамай, кысылганнан шыккан мандай терімді женіммен суртіп отыра бердім. Тындаушыларда  да ун жок. Сіра , аніме риза болмады – ау деп ойлап, кунде табын басында ауыз жаппай , каксайтынымды естіп журген Бейсенбайга коз кырын тастасам, ол «Керемет жаксы айттын, капа болма» деді. Барі атамнан жасканып отыр екен. Тек Кабан жездем гана  ун шыгарып: «Ыбекеннін «калдырганы гой» деп ан танірісі укілі Ыбырайга ризалык білдірді. Атам болса, сол отырган куйі тас мусіндей унсіз катып калыпты.

Кызыгын дуние  откен  кун,
Кейінгі куып жеткен кун,
Байланбаган асаудай.
Сырт айналып тепкен кун,
Кара бура картайып,
Жар басына шоккен кун...
деп атам, оленді онан арі жалгастырып, ішінен солкылдап жылап отырган секілді корінді маган.  Катты аяп кеттім. Акемді сыйламай, онын козінше біреудін айтактаганына еріп, менін бул кай кылыгым? Жаксы бала акесін осылай журт алдында улыксат етпеген ісін істеп, жерге карата ма? Не деген жексурын, не деген онбаган бала едім деп озімді озім кіналадім. Туган анамды коз алдыма елестетіп, жаным жаксы коретін Шакан апам, атам екеуіміздін арамызга от салган нагыз душпан болып корінді. Жалгыз женгем Жакай сол туні онаша шыгарып алып: «Торем, бул не кылганын, атамды ренжітіп? Тым болмаса ізет сактап, «атам улыксат етсе» деген де созін шыкпады... Атамекен, ел – журтынан айырылып, тілі ботен елге келіп, капада журген сорлы шалды аямадындар, оншен шокындылар» деді, Шакан апама агатайымды коса урсып.

Ертеніне, арба устіндегі тосегімнен тура алмай , катты ауырып калдым. Жакай женгем тунде урсуын урысса да келіп, арбамнан тусіріп, оздерінін куркелеріне апарып, ыстык шай беріп кетті. Бірак, катты ауырган басым мулдем котертпей кайта жатып калдым.

Бір мезгілде акырын басып біреу кірді. Жазбай таныдым, атамнын журісі. Атам журт уйыктап жатканда солай журетін-ді. Мен козгалмай, теріс караган куйі жата бердім. Атам касыма келіп, адетінше шарта жугініп отырып, темірдей катты колынын сыртымен мандайымды басты. Салден кейін каусыра кушактап, озіне каратып, адетінше басымнан иіскеді. Мен катты ун шыгармай солкылдап жылай бастадым. Атам калтасынан орамалын алып, коз жасымды суртіп боп, «Исхак, сен «Балгынкол» деген анді білесін бе?» -деді кулагыма сыбырлап.  Жок, бул менін тусім болу керек. Айтпесе атам олен туралы ангіме айтпаса керек еді деп ойлап, козімді ашып аныктап карасам - онім , отырган атамнын озі... «Сен шынымен «Балгынкол» деген анді білмейсін бе?» – деді атам тагы сыбырлай сойлеп. «Білем» деуге даусымды шыгара алмай, булыккан куйімде «Ия» деп басымды изедім. Атам мені бурынгыдай еппен жаткызып: «Шакан апан мунан былай олен айт десе, «Балгынколді» айт, жарай ма?» Атам басымнан тагы иіскеп, орнынан турды. Мен алі де онім екеніне сенбегендей кетуге айналган атама бурылдым. Атам есікті аша беріп, кайта оралып келіп: «Бул ангімені екеуімізден баска ешкім білмейтін болсын!». Атам шыгып кетісімен журегіме катты куаныш кіріп, серги бастадым. Ойткені, атам маган ренжіген жок екен. Салден кейін басымнын ауырганы  шайдай ышылып, каным жай тауып , уйкыга кеттім.

Арада бір жумадай уакыт откен болу керек... Тагы бір кеште нагашы апа Дуйсенбай аганын ас – су жакта ілулі туратын домбырасын алып, бірер  дынгырлатты да: «Сойлеп тур екен. Енді домбырага косып, бір ан салып жіберші», -  деп домбыраны колыма устатты. Арине, домбыра сойлеп тур, ойткені, ішектері жанарып, шаны суртіліп, тиегі озгеріп калыпты. Демек, нагашы апам адейі жондеттірген. Айтпесе, ол домбыранын ілулі турганы болмаса, ешкім колына устамайтын. Домбырага аз – маз жакын дейтін баласы Есенбай екен, ол атамнан жасканып жуымайды. Дуйсембай ага болса, ертеден кешке дейін мал сонында, арі атамды сыйлайды. Жане бул уйде  домбыра тартканнан кім кандай лаззат алады? Біріміз кіріп, біріміз шыгып аранын уясындай гулеп жатамыз.

Мен тагы кысылдым. Жакай женгем болса маган ала козімен карап, домбыраны колымнан жулып алайын десе, Шахмариядан зорга отыр. Мен атамнын олен жоніндегі ойын білгеніммен домбыра жоніндегісін білмей, сасып отырмын. Атама карасам, дагдасындай таспигын жерге койып, томен карап отыр. Сонда да домбыра дыбысын шыгаруга батылдыгым жетпеді. Улкен унсіздіктен кейін Шахмария: «Ия. Бул калай, Ескакжан? Жездеме, не Капакама тартпай, жаман жасык болганын ба? (Капака дегені менін анам. Жас кезінде Разила деуге тілі келмей солай атап кетіпті.) Мен нагашы апамнын «акене де, анана да тартпапсын» дегеніне катты намыстандым. Бірак, домбыра дыбысын шыгаруга батылдыгым жетпеді. Себебі, ол  акені екінші рет ренжіткелі турган іс, тагы да аке ризашылыгы болмаган куналі іс еді.

- Е, жездем сені нагашыларына тартып, ауей болып кете ме деп
кауіптеніп жур еді, тіпті кокеме тартпапсын гой, - деді Шахмария дауысын манерлей созып.
- Сонда кімге тарткамын?
Алди - алди баладан,
     Тауып алган даладан
     Далада бала жата ма?
    Тусіп калган шанадан.. ба?

Жок, олай болуы мумкін емес! Анада озін: «Сен согып кеткен жиен, оскесін кокеме тартып, сері боп кетесін – ау, сіра?» дегенсін! Ендеше мен нагашыма тарткамын

Есігімнін алдында Балгын колім,
Балгын колдін балыгын алгым келді.
Кішкентайдан бірге оскен кыз Балгия,
Туган жерде сенімен калгым келді.

Айналайын атыннан Балгын колім,
Сабиімнен ойнактап оскен жерім.
Жазгытургы шуласып кайткан каздай,
Косылатын кун бар ма кайран елім.

Ой, заман – ай, заман – ай,
Курыды гой біздін амал – ай.
Ойнап – кулген дос – курбы,
Жур ме екен есен аман – ай...

Намыска куйіп кеткенім сондай болу керек, домбырам бір жакта, дауысым бір жакка кетіпті. Оны оленнін ушінші жолына тусерде біліп , домбырамды токтатып, екінші шумакты бастарда жондедім. (Осыдан болды ма білмеймін, келешекте музыканын тонына, ягни бірден музыка уніне тусе алмайтын жаман гадет пайда болды.)

Атам  айт деген «Балгын кол» оленінін ані оте зарлы еді. Отыргандар тым – тырыс тындады. Атам  кыбыр еткен жок, сол томен караган куйі отырды. Отыргандарга да солай болган болу керек... Салден кейін жездем тыныштыкты бузып: «Япыр – ай, осы оленді Разила маркум айтатын еді – ау? Кайдан, кімнен естідім деп отырсам... Сенін есінде ме, Шакан? Дуние – ай... Ойын – сауыкка жиналганда журт Разила маркумга осы оленнен бастатушы еді- ау... Дауысы кандай еді, шіркін... Ан олмейді, ан картаймайды деген осы екен – ау? Айткандай, бул олен мунан узак болатын еді, Ескакжан анін білгенімен созін тугел білмейді-ау, сіра... Касым, сенін есінде жок па? – деді агатайыма бурылып.

- Ия, апам бес – алты ауыз кылып айтушы еді, мен де умытып
калыппын, - деп кенет токтап калды. Ойткені, атам томен караган куйі солкылдап  жылап отыр екен. Журт атамды корді де маган бурылды.  Жок палені бастап, домбырамен ан салып, акесін жылаткан мен жексурын деп ойлады. Ал мен, соз жок, оган кіналі домбыра, сонын кесірі деп ойладым. Сол кезде Шахмария ойындагысы орындалгандай масаттана : «Е, жездемнін жас кезі есіне тусіп , толкып отыр да, таирі. Есінде ме, жезде? Ол кезде мен тулымым жалпылдап журген кызалак бала едім... Онда сіздін ел мен біздін ел «Жаланаш  Торангулды» жайлаушы еді. Сол жайлауда сен Капакамнын осы анін уйренемін деп келіп таныскасын. Акырында Капакам сенін жалгыз атты кедей екенінді біле тура, айттыргалы журген бай жігітке бармай, сенімен кеткен. Кокем де сенен калын - мал сурамаган. О да сенін ан – домбырана, кол онеріне кызыккан, солай емес пе еді, жездеке», - деді.
Атам туралы бурын мундайды естімеген біз Шакан апам  жездесімен азілдесіп отырган шыгар деп езу тарта бастадык.

- Неменеге жымындай калдындар? Міне, жездемнін козі отыр, озі
айтсын. Ан – домбыра деген жездемнін озінен калган. Онын жасыратын несі бар. Солай емес пе , жезде? Міне, жезде, заман озгерді, біз картайдык. Бірак, ан картаймапты, сол жас куйінде жастын колына тиіпті.  Балаларым озіме тартпай, нагашыларына тартты деуші ен... Онын рас. Жуматкеме де, кокеме де тарткан, озіне де тарткан. Асіресе, момындыгы озіне тарткан, шеберліктерін кім білсін  келешекте. Жаксы – жаман касиетті екеуіннен де боліскен. Мен осылардын барін осылар естісін, осылар білсін деп адейі істедім. Оган сіз ренжіменіз, жездей.. Бала жастарынан окыган дін окулары орыс арасына келгенде не болды? Енді Ескагыннын бетінен какпа! Жана окуга барсын, журт катарлы білім алсын, адам болсын. Тартсын домбырасын, айтсын оленін !
Карілер бесік тербетіп,
Жастар гул боп оскен кун.
Берейін жастар батамды,
Сендерге тізгін кошкен кун ... деп Ыбырай «пері» бекер айтпаган. Сен
де бер жезде батанды Ескакка, - деді Шахмария.

Арада бір жума откен кезде нагашы апам Кабан жездеме бір кой саткызып алып, сойып, сол мандагы мал багатын казактарды шакырып, атамнын ризашылык батасын аперді. Сонан кайтып нагашы апам да, атам да маган олен айт деген жок. Мен де ун шыгармай оку іздеп кеттім. Онда менін он бестен он алтыга  шыгатын жылым еді.

Алдын ала айтайын, осы окигадан он жылдай кейін Кабан жездейлер елдеріне кошті. Сол кезде бір барганымда «Балгын колді» Кабан мен Шакан апам оздері сурап айткызды. Олен сонынан Кабан апам туралы баягы созін кайта кайталады. Сонда: «Жезде, осы оленді, анді шыгарган менін анам Разила ма?» деп сурадым. Сонда Кабан : «Жок, Разила емес, откен заманда осы олкеде  Сегізсері деген сал отіпті, сонын ані. Осы кунгі халык ані деп радиодан айтып журген «Гайни», «Каракоз», «Балкурай», сенін айтатын «Панкойлек» сол Сегізсері  салдын ані. Сегізсерінін оннан астам ані бар»,- деді. Біз неге ол серіні білмейміз дегенде, Кабан былай деген еді. «Сегізсері ертеректе Омбыда окыган. Сонда  окып жургенде патшага карсы шыккан орыс азаматтарымен дос болады. Соны білген орыс  тыншылары патшага шагым еткесін , кашып Жайык  бойында  котеріліс шыгарган Исатай Махамбетке барып косылады. «Панкойлек», «Жыл ой»  андерін сонда журіп шыгарыпты»,- деді. «Панкойлек» ані кіші жуздегі Ергали деген аншінікі деп естіп едім дегенде, Кабан : «Айта береді». Кеше гана озіміз коріп, даусын тындаган Акан сері, Біржан сал, Укілі Ыбырайдардын андерін де халык ані деп жур емес пе? Біреу шыгарып, екінші біреу айтып, елге тарамаса озінен озі ан шыга ма?» деген еді. Кабдолла жездей согыстан кейін елуінші жылдардын бірінде жуз тортке келіп, кайтыс болды.  Бул анык. Коп жасаган кария біледі гой. Соган караганда Сегізсері анші  композитор Исатай Махамбет котерілісін колдаушы осы кунгі  Солтустік Казакстан облысынан шыккан адамнын болганы рас болу керек.  Онын жогарыдагы аты аталган андері осы кунге шейін халык ані  деп  аталады.
Тагы бір айта кететін жай, атамнын жас кезіндегі ондай онерін біздін елдегілер білмейді.  Себебі, бабамыз Бекбау олерінде тиісті жер – суын алты баласына боліп беріпті. Ен шырайлы Сулытомар, Аганас деген шабындык жерін онерлі, колы шебер, жаксы коретін екінші айелінен туган  кенжелері  менін акем мен Калдарбай дейтін балаларына беріпті. Бірак, кейін агалары :

«Пішен шабатын малдарын жок, жер неге керек сендерге» деп еріксіз оздері боліп алыпты. Соган ренжіген менін акем мен Калдарбай бір тунде баска жакка кошіп кетіпті.  Колдары шебер, малы жок, момын адамдар корінген, елге сиысып кете барады. Совет Укіметі орнаганнан кейін отырган  елдерімен бірдей болады.  Куні бугінге шейін сол екеуінін урпагы, бабалары келген елдін бірі боп кетті.

Ал атамнын олен - домбыраны калай тастаганы, такуалык жолга калай тускені кейін айтылады.  Енді нагашы апамнын «Жуматкем» деген жайына келсек , ол Жуматай деген менін нагашы атам , шешемнін агалары. Бірак, біреуі байбішеден, біреуі токалдан туады. «Кокем» дегені акесі. Косшыбай –нагашым, ол кісіні бала кезімде талай кордім, ерте кайтыс болды. Анші, домбырашы, сері кісі еді. Атам олен домбырасын жактырмай «ауей» деп унатпаса, ол кісі атамды «сопы» деп унатпайтын. Сондыктан болар, нагашым уйге сирек келуші еді.  Косшыбай нагашымнын мынандай бір кылыгы есімде. Біздін  уйге бір келгенде атамнын айт намазына киемін деп адейі тіккізіп, іліп койган кенірдек макпал бешпентінін калтасына нагашым насыбай атып турып, шакшасын салып жіберді. Нагашыммен  туйыктау журетін атам оны кормей калды. Оны сезген нагашым: «Ойбай, жазган басым –ай, оз бешпентім екен деп шакшасы кургырды калтасына сала койсам, сенін бешпентін екен гой, пірадар? Кап, байкамай калганымды карашы...» деп шакшасын кайтып алып, оз бешпентінін калтасына салды.

- Сайтан араласкан іс солай болады... Окасы жок , -деді атам,
шакшасын бешпентінін калтасынан алып, катар ілулі турган оз бешпентінін калтасына салып жаткан нагашыма бурылып.
Ертеніне нагашым аттанайын деп жатканда атам Касым агатайыма:
«Бешпентімді апарып бер нагашына! Маган  енді оны киюге болмайды, калтасына насыбай шакшасын салып, «макіру» кылып кетті»- деп беріп жіберді.

Сонынан байкасак, нагашымды біреу кудалыкка апармакшы болган. Ботен ел, киіп баратын жана киімі жок. Біреуден сурайын десе барі озіндей. Атамнан сурайын десе намаз окымайтын кісіге киімін бермейтінін біледі, онын устіне насыбай атады, олен домбырасы тагы бар. Татулык жагы да онша  емес... Сондыктан, кайтер екен деп  адейі істеген екен. Кудалыктан кейін біреуден беріп жіберген бешпентін атам алмай, басы бутін, бердім деп кайта кайырып жіберді. Онысына рахмет айтудын орнына нагашым былай депті:

Мінгенім жазы – кысы буырыл каска,
Жылкым жок аяк артар онан баска.
Насыбай атып, домбыра тартпа дейтін,
Сопылардын созіне кулак аспа!

Насыбай кыздырады бойдын канын,
Атпаган кайдан білсін онын манін?
Каткан тон, сіремен етік кисе дагы,
Ан –домбыра келтірер жігіт санін - депті.

Беріректе нагашым Косшыбай туралы Кабдолла жездейден тагы бір естігендерім бар, оларды да айта кетейін. Нагашым елімен коршілес  «Маныбай» дейтін елде Нуркожа деген кісі бопты.  Нуркожа жасында жылкы урлайтын баукеспе екен. «Жылында біреудін малын акеп малыма коспасам даулетім шайкалады» дейді екен. Сойте – сойте абден байыган Нуркожа кунадан «фак» болу ушін Мекке барып, кажы атанып» , еліне оралады. Кажыны кундік жерден карсы алуга шыккан журттын бірі боп, жур демесе де кызыктап кайту ушін  нагашым да болады.  Бір коналкы кезінде нагашым касындагы ерігіп келе жаткан жігіттердін біріне: «Осы Нуркожа дагдысынан шынымен кайтып, шынымен таубеге келді ме екен, алде кажылыкты буркеу кылып бурынгысын кайта бастар ма екен?» , - деді.
- Кой, олай етпес. Кагбага  шажда кылып, иманын уйірген гой...
- Ай, кайдам... Жырынды болган  жаутіктері, балды сезген арадай камалап жур... Кажынын пейілін сынап корсек кайтеді?
- Оны калай істейміз?
- Ертен конатын жерде ауыл жок, кешегі конган ауылымыз Шырак
озенінін аргы бетінде калады бастап келген коше, косагасы сойыстык малды айдап жургендерге : «Шарыктын кун шыгыс жагында кутіндер» деп жаткан, соз жок, жала конамыз. Біреуін ешкімге білдірмей ілгерілеп барып, бір жерден кулынды бие, болмаса бір – екі жылкы тауып акеп, кажынын тобындагылардын аттарына косып жіберіндер! Олардын атшыларына айтып коярмын. Танертен кажы калып бара жаткан жылкыны коргенде не дер екен? Мал иесіне де ескертіндер, біз журер кезде малын іздеп келген болсын! Егер кажы ештеме демей малы калып койса, онда ундемей кала берсін, - дейді.

Айткандай, ертеніне дала конады. Ертемен аттар айдалып келіп, жегілгенде бір бие кулынымен оттап журеді. Оны  козі шалып калган Нуркожа: «Ана бие неге калып барады» , дейді. Оган атшылар: «Кімдікі екенін білмейміз, танертен аттармен жургенін бірак  кордік» деседі. Сонда Нуркожа : «Жануар – ай, мен Меккеге аттанганда осы  жиренім донен еді, аман – есен елге оралсам курмалдыкка шалармын деп едім сонда. Бабамнан калган киелі жылкымнын тукымы  гой жануар, менін келе жатканымды біліп, кулынын ертіп алдымнан шыкканын карашы. Кулынына біздін уйдін танбасын салындар да, енесін ауылга жакындаганда курбандыкка шалындар» депті. Мал иесі куып келіп  кажынын алдында биесінін ен – танбасынын барын айтканда: «Апыр – ай, малга мал уксай береді екен – ау» -деп бетін  салдемесімен  колкелей беріпті.

Осы жолда Косшыбай нагашым касындагы жігіттерге ынылдап олен айтатын корінеді.
Нуркожа Мекке барып – жи;ан кезген,
Конілді байытады ол дуниемен.
Жармасып бір кедейдін сауынына,
Білсе де білмеген боп иемденген.

Нуркожа озі кажы болган адам,
Даулеті камел бітіп толган адам.
Меккеден келе жатып урлык кылып,
Уяттан екі беті солган адам.

Агаш уй – алты болме сарайы бар,
Мынгырган малын багар малайы бар.
Арамнан жиган малмен азірет барып,
Кажынын кудайды алдар тагы ойы бар.

Нагашымнын Нуркожага ар кезде айткан мундай олендері коп болган. Бул оленді мен  жуз тортке келген Кабдолла жездейден жазып алдым. Томендегі ангімені айткан да сол кісі.

Бір жылы Жалак жайлауында осы Нуркожанын ауылымен  біздін ауыл катарлас конады. Жайлауда ел аралас болгасын мал араласпай тура ма? Біздін уйдін лакты ешкісі, Нуркожанын кой – ешкісіне косылып кетіпті. Апамнын жана тускен келіншек кезі болса керек, ешкісін іздеп барып тауып, жетектеп кой ішінен шыга бергенде, Нуркожанын уш тобеті тарпа бас салып, камап аттатпайды. Ешкісін тастап , озі кетейін десе, тобеттер талап жеп кояйын деп тур. Онан бурын Нуркожанын токалынын уйіне кірген біреуді есігінен шыга бергенде талап олімші кылган екен. Сойте ме  деп апамнын  жан ушырып айгайлаганына жугірген бір  койшысына : «Улыксатсыз ауылыма келіп, жусап жаткан койларымнын тынышын алган иттін карындасын таласын, кайт кейін», - деп акырды Нуркожа. Сіра,  апамды сыртынан коріп таныган болу керек Нуркожа. Нагашымнын жогарыдагы олені, онан кейін де айткан олендері елге тарап кеткен, сонын ошін калай алам деп журген адам аясын ба? Апам сол куйі катты жауынга ушырап, ешкісінін лагын кушактап, озі бауырына кіріп, інірге дейін отырады. Иттер андып отырып алады. Кажы інір намазына кіріскенде, кажынын токалы мен манагы койшы апамды куткарып жібереді.

Жауыннан салкын тиген апам келе ауырады. Оны естіген нагашым уйге келіп, апамнан ауруынын неден болганын біледі де, атама: «Айелінді Нуркожанын иттері талап жеп койса да жайнамазына мулгіп отыра берерсін- ау, сен кудайдын суйіктісі» деп атама бір карап, атына мініп, Нуркожанын ауылына  карап кетіп отырады. Агасынын мінезін білетін апам атамды сонынан жібереді. Нагашым токтамастан Нуркожанын ауылына барып, улыксат сурамастан уйіне кіреді. Кажы, кусжастыкты шынтактап, токалынын уйінде шай ішіп отыр екен. Торге таман тоселген болекше кілемнін устінде кажынын тобеттерін бастайтын  Кокшолак атты арланы, нагашым есіктен кіргенде атылады. Сонысын білетін нагашым дойыр камшысын иыгына салып, даярланып барган екен, тобетті каракустан согып жібергенде ит мынк етіп нагашымнын алдына кулайды.

«Руксатсыз кірген озіннен кормей, басыннан артык итімді олтірдін- ау, жалба тымак, бузык»,- деп Нуркожа орнынан турады.

«Итінмен катар жатайын демесен орныннан козгалма» деп Нуркожанын бетін  кайырып тастаган нагашым олген итті торге карай аягымен бір аунатып: «Бар, кажынын орнына жат! Сонда жумакка бірге кіресін. Нуркожаны байытып, кажы кылган уры иттердін бірі сен» - деп шыгып кетіпті.
Істін аягы улкен дауга айналды. Айтеуір, токалдын уйіне кірем деп таланып, ауруга айналган жігіттін елі дау котеріп, сонын аркасында нагашым аман  кутылады.


Рецензии