1-ши мугалим

Арманым  коп - біту кайда,
Айта берсем - куні – тун.
Тек мен білем - не пайда,
Менен баска білер кім ?

Бернияз.

Исидор атай.

Кыска карай сельсовет малшыларга уй берді, о да Шакан апам арызы бойынша беріліп жатыр. Уй болганда кандай десенші! «Пятистенной, крестовый» деп мактайтын конфискеленіп, жер аударылган байлардын асты –усті сырланган, карагайдан бурап салган кок шатырлы уйлер.

«Біз тугіл елдін би - болыстарынын кейбірлеулері гана турды мундай уйде» деп куанды атам.  Бізге тиген уй, Андрей Журавлев деген бай диірменшінін уйі екен, ат корасынын оттыгынын астынан, бошкеге салып комген коп кездеме, бірнеше икона, бірнеше бума ескі акшалар тауып алдык. Атам оларды «енбекпен келмеген дуние, харам» деп дереу сельсоветке тапсыртты.

Улкен шанырак тортке болініп, журт катарына косыла бастадык. Кыс келе колхоз малын кутісуге комектестік. Егін – шоп болгасын малга да, жанга да жайлы болды. Біз сиякты аштыктан жан сактай келген казак байгустар дастур бойынша бірін бірі кыска согымдарынан дам таттырып, ерулікке шакырып, кысты тіпті конілді откіздік. Атам озіміздін торт уйге келген меймандарга, сол мандагы шакырган жерлерде алып келген екі киссасын окып, журтты тіпті риза кылып отырды. Бір кызыгы, атам жатка білетін баска киссаларын айта алмады.

Келер жаз нагашы апам мені Оконев – Крикун деген жекеменшіктін сиырын багатын шалга подпасок (комекші бакташы) етіп косты. Мен  орыс тілін білмейтінімді айтканда, Шакан апам : «Міне, сол ушін адейі сол шалга косып отырмын. Онын «бакырауык» деген косалкы аты, баска Оконевтардан ажырату ушін койыла салган ат болу керек... Болмаса, жас кезінде сондай болды ма, кім білсін, айтеуір, айгай –шуы жок, жаксы адам.  Мен ол кісіні коп жылдан білемін. Балалары жок, туган – туыскандары да шамалы, кемпірі екеуі гана. Онан сон озінін аздап окыганы бар, сені орысша хат тануга окытатын болып келістім. Мусылманша окуын жетеді, тез  уйреніп кетесін. (Кабан уйінде бір адам бірімен бірі орыс тілінде  сойлеспейді. Орысша соз араластыратын жалгыз Дуйсенбай агай, о да ара – тура байкамай калганда.  Сондыктан, уйренгенім де «мая, тбаянын» маны болды.) Мынау кысылшан жылдар отіп, егін барлык  жерге шыгып, журт аркасы кеніген  сон окуга кетесін калага. Бул жайлы атанмен де келістім. Жездем енді окініп жур екен. Уакытын боска откізбей тым болмаса аты – жонін орысша жазып, орысша сойлеп уйренсін, солай ет  деді».

Сойтіп, маган орыс тілінен сабак берген бірінші мугалімім, бірінші устазым, сиыр бакташысы Исидор Исидорович Оконев – Крикун шал болды. Мектебім сол кісінін шатыры сабанмен жабылган екі болмелі уйінін алдынгы болмесі болды. Менін арабшадан кейінгі ен улкен мектебім – университетім сол десем онша артык болмайды. Арабшанын озін медреседе емес  Шаяхмет молданын уйінде окыгамын. Долгий дейтін улкен кумды колдін жагасына сиырды жусатып тастап, мал баспаган шетіндегі майда кумга келіп отыратын едік. Исидор атай сиыр кайыратын узындыгы сегіз метр цыган кунытынын кыска сабымен, болмаса менін колымдагы таякпен кумга жазуга кіріседі. Кара такта, ак борымыз да, карандаш - кагазымыз, сия – каламымыз сол болатын.

Исидор атай мені катарынан жаттап сыдыратып айтпасын  деп аліппесін оз орындарына жазбай, араластырып жазады. Мысалы, «А» арібінен кейін келетін «Б» орнына «Д» арібі, не баска біреуі жазылу мумкін.  Сондыктан, маган ылги кадагалап жіті карап отыру керек. Исидор атай аліппесін жазып болып, трубкасын асыкпай тутатып, бірер сорып алып: «Ну, Искак, чего тут написано?» дейді.  Баска орыстар «киргиз Исаак» десе, Исидор  атай киргизді айтпайды. Жане жобага келтіріп Искак дейді. (Кейінде атымнын Искак, Ескак, Ыскак, тіпті атамша аталып Исхак болып турлі документтерімде турлі жазылып кетуіне осындайлар себеп болуы керек.)

Егер жазылганды дурыс айтып шыксам Исидор атай куанып, едауір желпініп «Добре, добре» дейді.  Дурыс айта алмасам: «Міне, кордін бе? Баска тілде окып сойлеудін кандай киын екенін? Тіпті бір талай аріптерге тілін келмей жатыр. Ойткені, сенін тілінде жок аріптер бар екен бізде» дегендей, сыгырая карап, унемі аузына тістеп, тутінін анда – санда бір бурк еткізіп журетін трубкасынын сабымен, тутіннен саргайган  комакты муртын, каугадай бетін жапкан ак сакалын тараштап отырып: «Трошка кумикай, хлопец, кумикай трошка» дейді. Бір куні «Т» арібін тани алмай коп отырдым. Астына арап арібімен жазылган аліппеме карауга улыксат етпеді. Сойтіп, дагдарып отырганымда Исидор атай касында куйсеп турган озінін жалгыз сиырынын ала бузауына карады. Сонда «Т» арібімен басталатын орысша бузау деген соз есіме тусіп, куанып, бар дауысыммен «телёнка, телёнка» дедім, айгайлап.  Исидор атай сал жымиып кулді де касында куйсеп турган бузауына бірдемелер айтып, тумсыгына туртті. Онысы маган: сабак устінде біреуге аузынды кимылдатып  ымдамай, жайына тур дегендей болды. Мумкін солай деген де шыгар? Атайдын созіне менен артык тусінген бузауы: «Макул , молдеке» дегендей, кулактарын калкан еткізіп, куйсеуін токтатып, арі бурылып кетті.

Бір гажабы, ала бузауы енесінін касына бармай, унемі Исидор атайдын касында журіп, касында жатады. Исидор атай да онсыз журе алмайды. Баласымен  сойлескендей еркелетіп сойлеседі. Оган ала бузау жаксы тусінетін сиякты. Ойткені, тускі астан кейін сиыр оргенше аздап коз шырымын аламыз. Сонда Исидор атай бузауына: «Бурка, сиыр оргенде мен уйыктап калсам сен оят! Жарай ма?» - дейді. Оган бузауы абден тусінеді. Себебі, кейде сиырлар оріп кетіп, біз уйыктап калсак, ала бузау Исидор атайды тумсыгымен турткілейді. Егер Исидор атай бір себеппен уйінде калса, ала бузау мені де, енесін де керек кылмай монірей – монірей уйіне тартады. Кейінде онын себебін тусіндім. Орыс  халкы казактай сиырды бузау емізіп идірмейді екен. Туа салысымен енесінен айырып, тамак беріп осіреді екен. Оны істейтін кобіне Исидор атай  гой. Сонан былай «Т» арібіне келгенде атай екеуіміз де ала бузауга карап, кулетін болдык.

Исидор атай орысша аліппе уйретіп кана койган жок, созді калай дурыс айту керек оган да катты коніл болді. Мысалы, «кароба» емес, «корова», «траба» емес «трава», «бада» емес «вода». Екі етікті «сапок» демейді, «сапоги». «Бауышка» емес «бабушка» деп айту керек екен. Кудай сактасын... Исидор атайдын айтуынша орысша мен тугілі озі шала біледі екен. Мунысын да кейін білдім, озі орыс емес украин – хохол  болды. Айткенімен, кузгі мал коралаганша  тілім  ептеп оралымга келіп, бурын білмеген аріптерімді біліп, орыс, украин тілі араласкан болса да бірталай созді уйреніп, солардын маніне озімше «жап – жаксы» тусіне бастадым... Ал, «бисмиллахи» деген жалгыз ауыз араб созінін казакшасы калай екенін Куранды бастан аяк бір аударсам да білмеген едім. Коп адамдар онын не соз екенін омір бойы білмей отеді. Бірак, «Кудай созі, Куран созі» деп ауыздарынан тастамайды. Отырса да, турса да, тіпті бір нарседен шошып кетсе де «бисмиллахи», болмаса быт – шытын шыгарып боршалап «пысмылда, бісмілда» деп жатады. Калай айтса да мейлі гой... Айтеуір, казакшасы «Кудай атымен бастадым» деген соз екен.  Бар болганы сол.  Міне, менін білім мухитына жузу ушін талаптанатын, талпынатын жас шагым осындай тусініксіз Куран созін жаттаумен откен...

Салкын тусе, малды иелеріне тапсырып, кол босай бастады. Исидор атайдын уйі деревнянын шетінде болатын-ды. Уйдегі шаруадан колым босанысымен сонда жугіремін. Картобын казысып, отындарын уактап, уйісіп, Исидор атамен жазда шабысып, уйіскен жалгыз сиырларынын шобін  акелісіп уйісемін, балалары жок шал – кемпір оган да маз боп калады.

Исидор атай Шакан апам айткандай жаксы адам еді. «Крикун» деген лакап аты болмаса, адам тугілі малга айгайламайды. Олармен де адамша сойлеседі. Мысалы, сайгелшіл сиырга «Сен, сайтаннын козіне шошакай кыз сиякты журттан алаботен не  корінеді осы? Шошандап, тыныш жаткандарды дурліктіресін де журесін! Кордін бе ане? Сенін  кесіріннен Искак екеуіміздін канша жер жугіргенімізді? Сен  немене жылдан жылга мені жасарып келеді деп ойлайсын ба? Есінде болсын, буйтіп шошандай берсен муйізіннін арасына токпак байлап коямын...» Казактар кашаган жылкынын кекіліне агаш токпакша байлайды. Кашаган шапкан кезде токпак мандайга ургылап ауыртады, сондыктан кашаган журісін басендетуге мажбур болады. Тегі орыстар да солай етеді – ау деймін.
 
Кемпірі Марфа ажей тіпті жаксы кісі еді. Кейде жексенбі кундері моншасын жагып, тамагын пісіріп, мені кутіп отырады. «Искак, сескенбей жей бер, бугін сенін келетінінді  біліп, шошка етін салмадым, тауыктын еті» дейтін. Баска уйлердін кемпірлеріндей емес, Марфа ажей ас ішетін ыдыстарымды оздерінін ыдыстарымен араластыра береді. Кейде тіпті ауысып та кететін-ді. Тамак ішілісімен Крикун атай бурыштагы иконына калай болса солай туртіне салып, оку куралы дегендегі бары жалгыз ескі аліппесін атам кусап алдына жайып: «Ну, Искак,  сидай поближе, трошка побалакаем» дейтін, сонген трубкесін аузына салып. Шіркін, о да бір оралмас, шуагы мол, кызык кундерімнін бірі екен де ...

Сол жылы турган жерімізде ауа райы колайлы боп , егін тагы шыкты. Бірак, баска олкелердін бірталайында кургакшылык еді. Сонын бірі тагы Казакстан аймагы еді. Осы жерде улкен кателік жасап, Казакстандагы Петропавл каласына оку іздеп кеттім.

Атам журерімде шакырып алып: «Балам, журт мені «гулама» деуші еді. Мен де озіме сеніп солай сезінуші едім. Ел ішіндегі молдалар былай турсын, Бухардан, Казаннан окыган Кожакымет, Сейдакымет дейтін казыреттермен шаригат таласына тускемін. Міне сол гылымым орыс арасына келгенде нан сурап жеуге жарамады. Оган оз басым окінбеймін.  Омірімнін кобі кетіп азы калды, лаухолмакфузда не жазылды соны корермін... Сені молда етемін деп Мутакаллимиден   окыган молда тугілі, тоте молдасынан да окытпадым. Обалына калганымды  енді білдім.  Окуды басынан бастауга кешіктін, балигы жастан астын... Енді тек ата касібіміз, колонер окуы болса, соган тус. Соны жете біліп менгерсен озегін талмас. Ондай оку Кызылжарда ашылып жатыр дейді.  Бірак  «кент » тілін білмеген сон оган тусе аласын ба, жок па... Ескендір шал  (Исидорды атам солай атайтын) оз білгенімді уйреттім, кент тілінде аты – жонін жаза біледі, газетті жап – жаксы окып тусіне бастады дейді. Ол, арине, тенізге тамган тамшыдай. Озі шала сауатты байгус, бір жылда кітап - куралсыз, мал сонында журіп онан артык не окыта алсын? Онысына да коп рахмет, енбегі жансын устазыннын! Умытпай, оган да хат жазып тур! Устаз алдында  шакірттін ол улкен борышы. Онан сон мен де  медреседен коп окымадым, онер куып, касіп куып журіп, оз бетіммен окып, білімімді котердім. Гылым инемен кудык  казгандай деген гуламалардын созі бар. Оган улкен кайрат, тозімділік керек. Осы есінде болсын! Расульгалайссалам Мухаммед пайгамбарымыз ..» Атам  кенет  токтап калды. «Мухаммед те жетім боп жасында окыган жок» дегісі келді ме, алде «осындайлармен басын катырганым жетер» дегісі  келді ме, кім білсін? Салден кейін атам: Ия, жауын тамшыдан  куралады. Тамшы молая берсе носерге айналады, носер халыкка мол ризык, наубет акеледі емес пе? Білім де сондай тамшыдан куралады. Ескендір устазын  «шакіртіме сенемін, омірден бос отпес, жумысына тынгылыкты» дейді. Аке балага сыншы деген халык созі рас болса, мен де солай ойлаймын... Тетелестеріннін ен алды да, ен соны да болмассын тузу журсен. Бірак, казір жыл ауыр. Турмыс билеп, жел аударган канбактай бір жагына алып кетпесін! Колга алган ісінді аяксыз калдырма! Енбек суйгіш бол! Кішіпейіл, кайырымды бол, адал бол деп жасыннан уйретіп, акелік парызымнан кутылгамын, улым, оган кудай куа! Айтпады, уйретпеді деп мені кіналама! Ендігі ерік озінде! Алла жардем беріп, мунан былай жолынды онгарсын» деп батасын беріп, мандайымнан иіскеді.  Ол мені фак жанды, жан акеме сонгы иіскетуім екен.

Исидор атайдын берген білімі Петропавлдагы темір жол ФЗУ-на тусуіме жетті. Аштыктан босып келген озімдей казак балаларынын кобінде ондай орысша «білім» жок екен. Сол табыска колымды жеткізген Исидор атайга рахметімді айтып, озінін уйреткен аріптерімен, уйреткен оз тілінде білгенімше хат жаздым. Жолым болып, колым зор бакытка жетті деп куандым. Бірак, куанышым узакка бармады. Катыран дейтін «кырагы» мугалімнін туртіп жіберуімен, баска облыска кошіп барып, пара беріп алган сол жердін документімен окуга тускен байдын баласы, кой терісін теріс жамылган «тап жауынын сілімтігі» боп мектебімнен куылдым. (Катыраннын фамилиясын адейі айтпадым. Артында мені танитын балалары бар. Озі 37 жылы халык жауы боп карасы батты.). Ол ФЗУ-да менен бурын окып журген, жогарыда айтылган Кабай Балтабаев, Айтікен Алімбаев дейтін , ет комбинаты ФЗУ- ында Жангали Хасенов, мал дарігерлік техникумда Баймыш Базарбаев дейтін біздін ауылдын балалары бар еді. Олардын мені кедей баласы деп берген куалігі іске аспады. Кейде адамнан корі кагазга кобірек сенетініміз бар емес пе... Ол кезде паспорт болмайтын. Расында, документім туган жерімнен емес, мал баккан деревнямнын Советы берген, колдан жазылган справка. Онын устіне менін «бай баласы» екенімді аныктай тускен жуздеген жалбыр тонды, жырык борік, елден келген балалардын ішінен козге тусіп, куа болган Жакай женгемнін сыртын жасыл баркытпен тыстап, тігіп берген тулкі малакайы мен Екатерина Тайчина деген кемпірдін,  ашыксан нанга айырбастарсын деп берген алтын шашакты, кызыл ала куйыскан белбеуі болды. Япыр-ай, сол куйысканды, етегі олпы – солпы тіземнен томен тусетін конетоз шекпен купімнін сыртынан жаркыратып неге буынганымды озім де білмеймін. Тегі, кенеп шалбар, басы кайкы агатайымнын улкен етігімен шілбиген денеме катты жарасады деп ойласам керек! Казір есіме туссе, еріксіз кулемін, арі катты окінемін де.

Сойтіп, танымайтын калада, тыйын акшам жок, каптаган ашыккан журттын бірі боп кете бардым... «Біреудін сабак жібін сурамай алма» деп атамнын жастайымнан уйреткен  акылы да естен шыкты...


Рецензии
Гулжан карындасым!

Атаннын жазган енбектеін окып суйсіндім. Не деген карапайым арі тусінікті жазады десенізші. Атаннын топырагы торка, жаны жаннатта болсын! Осы талант озіннен баска немере-шоберелерінін біреуіне конды ма?

Асет Мукашбеков   03.01.2012 12:44     Заявить о нарушении
Рахмет. Әкпем Әбілханова Зәуреш бір кітаптың авторы, сіңлім Молдабекова Ұлжан өлеңдер шығарады,жазған мақалалары бірталай басылымдарда шығып жатыр, өткен желтоқсан айында "Түрік әлемі" деген газетте 12 нөмірінде "Особенности речевого этноэтикета народов Казахстана" деген макаласы жарыққа шықты. Ағам Иманқұлов Муратбек- өлең жазады, бәріміз бірігіп бір жанұялық кітап шығардық. Немере -шөбелеріне де қонды деп ойлаймыз- бәрі де өлең жазады, бірақ-та, жазғандары -орысша...

Гульжан Иманкулова   04.01.2012 14:02   Заявить о нарушении
Нағашы атамыздан (мамамның әкесі) бастасақ - Ж.Ә.Жәнібековтің екі кітабы бар -"Айна" -1908 ж.,"Кұран құралы" -1915ж. (Орынбор қ.), "Қазақ", "Кедей" газеттерінің бас редакторы болған. Атамыз Иманқұл кітапты құрметтеген адам болған -ол туралы папамның әңгімелерінде жазылған.

Гульжан Иманкулова   04.01.2012 14:04   Заявить о нарушении