Асан Омаров - Шакарiмнiн сонгы кунi, акыргы саттер

//Акыннын сонгы куні, акыргы саттері…//
 
Ахат аксакал «Фантазия» атты оленінде сонгы кундері ойга шомып, тау басында отырган акесінін халін былайша елестетеді:
               
Ол алысты ойлайды,
Олместей белгі, жузінде ар.
Теренге ойы бойлайды,
Журекте жалын, омір бар.
               
Кырау баскан шашы бар,
Кумістей жылтыр ак сакал.
Жетпістен аскан жасы бар,
Не істеп жатыр осы шал?
….Бул не гажап, бул не хал?

Хакім Шакарім тані куйресе де, рухы алсіремейтін сирек тулгалар катарынан. Сондыктан Ахат жузінде «олместей белгі» бар деп аке халін дал танып, тамырын устаган. Ал, «журекте жалын, омір бар» деген созден тозган денеден гарышка, жарык нурга самгауды куткен, ансаган кушті рух деген магына токылса керек.
               
Кыранша карап далага,
Шарыктап ойы кезгендей,
Алдынгы жакка кадала,
Жарыгын нурдын сезгендей, -

деп устемелеуі осынын далеліндей.
      
Ахат аксакал акесінін сонгы кундерін осылай елестеткен. Осы жырдын асерімен менін де ой-киялга біраз ерік бергім келді.

1-ші казан. Тан сал бозара бастаганда турып кеткен карт акын адеттегідей булактын басына беттеді. Унемі сергек куйде журетін ол бугін суык сумен жуынып шайынса да, жер тарткандай енсесін тіктей алсашы. Журек шіркін алденеден секем алгандай ауызга тыгыла берді.

Заман алпеті шошыткан сон, сонгы бір айдай уакыт кітап болып басылмаган колжазбаларын жонге келтіріп, кейбірін кайта кошіріп жазумен гана шугылданган еді. Кеше кешке сонын бір данасын буып-туйіп: «Енді сенер ешкімім де жок. Кайда болсан да, козіннін карашыгындай сакта, балам!», - деп кымбат дуниесін Зияттын колына аманат еткен-ді. Ойткені, онын алдында Азімбай келіп, бугін-ертен Кытайга отпей болмайды, Керегетаста кутем деген жане, торжорганы тастай сап жонелген. Торжорганы мунда устаудан улкен кауіп-катер  жок.  Ойткені, онын каза болган коммунист Олжабайдын аты екенін балага дейін біледі. Демек, бугін сонгы кун…
Куні бойы сыр шертіскен, ара-арасында бірі-бірінін шашын алып, сакал-муртын басып, кузеп акелі-балалы екеуі тун ауа гана жастыкка бас койган.

Зият абден тыныксын арі кугыншыны бакылаймын деп абыз карт тау басына отыра турмакка шешті.    Дуние тып-тыныш. Саф ауа. Айнала сарала куздін асем суреті. Бірак ешбірі де ішкі куйзелісті кеміте алмады. Алдене иыктан албастыдай басты да турды. Сондыктан уйреншікті сокпакпен тау басына калай шыкканын озі де андамай, кей-кейде «Я, Раббім!» деп ауыр курсініп койып, коп уакыт селт етпей отырды да койды. Шындык пен елес алмаса береді. Ой деген кок доненге шек бар ма, акесі Кудайбердінін тізесінде отырган ерке булдіршін кезінен бастап, бугінге дейінгі узак та килы тагдыры, жаксы-жаманнын барі-барі корген тустей коз алдында елестеп отіп жатыр, отіп жатыр. Жан алемі бірде айнала тунектен, канды капырыктан туршіге куйзелсе, енді бірде алдебір беймалім алыстан жарык нурдын ангарын болжагандай тыншыга калып, лаззат куйге боленеді.  Калтарысы кат-кабат ойлардын кушагына енгені соншалыкты, козден кейде-кейде ыршып тускен жастын аппак кардай сакалын жуып аяк астындагы киыршык тастарга сырт-сырт тамганын да елемеді.

Барі есінде… Міне, мойны катты шуу асаудай 20 мен 30 жас. Кунанбай мырзанын немересі, арі онерлі. Озі болыс, озі би. Сал-серілік. Ойда тек ойын-кулкі болмаганда кайтеді...  20 мен 40-тын арасы, танге кул, гылымнан тул болып бос откенін карашы. Атак-абырой, мансап пен даулет сананы шырмауыктай орап, озіне тарта берді. Кайран Абай асыл агам-ай, арен кайырып, акыры уйіріне де костын-ау. Барінін алды болсам, анау да, мынау да менікі болса деген алаокпе арі арнеге аландап, малтымага коп тускен кезі.

Сонан Абайдын катты сынына кезікті, асіресе, «арсыз жігіт» деген устаздын созі журекке октай кадалган. Ку напсіні сындырып, озімшіл мінезді жугендеу, жене калу онайга соккан жок. Ішкі курестін сыры озіне гана малім.. Кай жылы екені есінде жок, устазбен екеуара бір терен ангіме болган. Сонда Абайдын «Менікі деп жургеннін барі Онікі» дегені… Осы создін манісі акыл-санасына нык шокті. Білімді Жаратушы бар ма? Омірдін мані неде?  Бейне сикыры бардай оз иіріміне тарта жонелген осы сурактардын жауабын кайтсе де табуга шешкені, сол саттен кокірек козі ашылып женілейіп сала бергендей халі аркез жадында.

Екі жылдан кейін, Мукыр окигасы… Бул елде тура алмаймын! Кетем! -  деп Абай атка конганда, аттын тізгінін мойнына орап алып, солкылдап турып жылаганы дал кешегідей есінде. Ойткені, ол камсыз жастык шак пен бурынгы мінез-адетке де кош айтуы еді. Сойтіп, иждикатсыз, мехнатсыз табылмайтын гылымнын ауыр жолына тускен. Орыстын гылымы, Мекке сапары оресін осіріп, кокжиекті кенейтті. Бірак конілі токмейілсіген емес, бір берген сертіне бекем болды. Жанкештілікпен баскыштай берді. Жанды нурландыру, рух азыгын жинауга 30 жылын сарп етті. Тапкан иманы - сау акылмен тексеру жонімен гана. Елден безу, саяси тонкерістер… опасыз пани жалганда, узак омірінде нені кормеді, ненін дамін татпады.

Жасы алпыстан асканда гана тіршіліктен оянып, козін анык ашты. Осымен, алдебір тылсым куштін шапагаты мен жетегін сезіне бастаган. 70 жастан асканда куз-киянын шынына шыгарган да сол беймалім нурдын куаты, сіра. Енді міне аулиелік биікте турып, омірде де, философияда да баксынын моласындай жалгыз калгандыгын корді. Томенге караса кужынаган аттылы-жаяу коп халык. Солардын ішінен, ана бір тайпалган торжорга козіне оттай басылды. Апырау, кайдан корді оны… Сакалы желбіреген аулие мейірімді Танірінен халкынын мына наубеттен аман шыгуын жалбарынды, аттен дуние-ай, отыз жыл жиган мурам жогалмай, халык игілігіне асса, олсем армансыз болар едім! Осыны да тілеп дуга кылды. …О, кудірет! Осы сатте озінін акку кейпіне еніп, канаттарын бірер рет нык кагып, улы гарыш тунгиыгына тік котерілгенін, сонынан тек нуктедей гана шок сауле калганын корді.

Шакарім дал осы коріністі не деп жоруды біле алмай, онім бе, тусім бе деп кубірлей сойлеп отырып, томеннен есті Коныр аттын иесіне «туспейсін бе енді?» дегендей катты окыранганын естіді. Киял-тустер кезек алмасып, узак отырып калганын сонда гана байкаган карт, жалма-жан алдагы жазыкка коз жіберді. Байкошкар багытында бірер салт аттылар карандагандай. Гылымбайлар ма, алде Карасартовтын адамдары ма? Кажы тау басынан шапшан тусіп, шошалага бет алды. Булар Гылымбай, Керімкул, Идаяттар еді.

Уйкысы канып турган Зият та сыртта карауылдап тур екен, достар абыр-сабыр амандасып жатты. Жан алып, жан берген кысылтаянда жанашыр достармен бірге отыр, акылдасу кандай ганибет!

Бір создін алетінде: «Баканастын сабаздары Сізді котерілген халык ак киізге отыргызып хан сайлапты, кажы оларга ауданды басып алындар деп батасын беріпті! десіп даурыгысып канку созді таратып журген корінеді, Шаке!» деп калды Гылымбай. Керімкул: «Баска баска, дал Сізге катысты сондай гайбатка калай гана сенеді мына журт! Ай, батуасіз пакырларым-ай! Корсокырлар!» – деді. Журт озінен ток етер созді куткенде Шакарім санкылдай сойлеп: «Казір буырканган толкыннын уакыты. Бірак бул уакытша гана. Откінші емес ештене де жок. Артка басудын жанылыс, кателік шегінісі. Кайта шегіністе де кері куш, кері агын болмак. Осыны сабырмен куту керек. Амал не, наубет келгенде халыктын козін шел алып, адасады. Жанагы толкыннан бузылмай, бурылмай адал, адамдык арынды жоймаган калпында оту. Міне казіргі ен киын да, ен кажетті іс те, менімше, осы!» - деді.

Шакарімдей сирек аулие адам бул фани туткыны болмак емес, онын тамам сынагынан: кайгы-куанышынан да, тагдыр-талайынан да  жогары турмак. Онын мына бугінге бурылмай, алдагыга сенімі, жарык саулені болжап айткан жігерлі созі жиылгандарга катты асер етті. Соз арнасы Бердешке ауыскан бір ауыкта аулие акын:

«Большевиктер деген калын орыс. Оларга карсы турам демендер. Куресіп жене алмайсын. Толкыннын кері кайтуын кут деп кудайдын зарын кылдым… Кезінде Абайды кан жылатканнын бірі оз туысы Азімбай еді-ау, муны оздерін де білесіндер, енді баласы Бердеш менін сорымды кайнатты! Онсыз да лай омірді лан кылды, сапалактай боп мына Зиятты да батпакка тартты. Не кыласын, осы туыс абден жуйкені тоздырып бітті, иа, Зиятпен де коштасам, баска амалым не… окіметтін курыгы узын!» - деді. 
      
Корада байлаулы Торжорга, дамі таусыларын сезгендей, кайта-кайта окырана берді. Муны сыр шертісіп отырган уйдегілер де естіп отырды. Осы аттан кутылмай тыныштык жок, неде болса Байкошкарга, одан арі тунделетіп, Керегетаска жетіп алган жон. Осылай деп бірауыздан шешілді. Шакарім Коныр атты Зиятка ерттеп, торжорганы озі мінген. Ойткені, ол сыры белгісіз жылкы. Ал, Кытайга отпекке бекінген Зиятка Коныр аттан артык серік жок. Кейіннен Кытайдын Сарсумбе каласында жазган оленінде Зият коныр аттын гажайып касиеттерін былайша сипаттайтын болады:
               
Уйреткен оз колымен оны иесі,
Тан асырмау, суытпаудын бар киесі.
Шауып келіп, отка койып суарса да,      
Індетті жуктырмайды сом денесі.
               
Арка басы жауыр болып корген емес,
Еркашты болып бірде журген емес.
Канша киын жагдайга тап болса да,
Иесін далага тастап кеткен емес.

Кугыншы отряд кезігіп калса анга шыкканды коз кылу кажет. Сол ушін Шакарім мылтыгын да атка онгерді. «Я, Раббім, я сат» деп іштей дугасын кайырган сон, озі бас болып, торт серігімен Байкошкарды бетке алды…

 
х   х   х

Улы ойшылдын сонгы куні калай откенін біз там-тумдап жеткен деректерге суйене отырып елестетіп кордік. Ал, енді омірінін сонгы саті калай отті, ягни сонгы ок кімдікі? Осыны гана каузай туселік. Бул жолгы естелік Марат Тунлікбаев (Марат пен Айтмырзанын арасында туыстык жок) жазып алган Оміртай Смагулов деген кариянікі. «Бірде мал алып, Кытай аспак болган «бандыларды» устауга жарлык болды, - дейді ол. - Командиріміз – Абзал Карасартов деген. Онын айтканы зан, ак дегені алгыс, кара дегені каргыс, жат десе жатамыз, ат десе атамыз. Біздін отрядтан есімде калгандары Абдірайым Шарбаев, Мауітхан Баймышев, Журттыбек Мешелов, Зейнел Оспанов, Айтмырза Тунлікбаев, Жакыпжан Бармаков, Рахметолла Халитов, тагы да кісілер болды, аты-жондерін умыттым.

Мезгіл кара куздін кезі. Суыт журіп, талай жерді кезгенімізбен ештене байкалмайды. Жеті карангы тун болып кеткен сон бір ыктасындау жерге кона кеттік. Уйыктап кетсек керек. Окыс атылган мылтыктын дауысынан атып-атып турдык. Байкастасак, мылтык атып жаткан кузетте турган Рахметолла Халитов екен. Бізге карсы таудын беткейінде ат-матымен кулаган енгезердей адамга козім тусті. Алгі адам атпандар дегендей он колын котерген куйі шекелей тура беріп еді. Сонгы атылган мылтыктын огы онын тубіне жетті. Барып білсек, кансырап жаткан Шакерім кажы екен».

Томендегі естелікті де тебіренбей оку мумкін емес. «Арыстай аксакалды туйеге колденен танып, серейтіп алып келгенде не болганымды білмеймін, - дейді сол кездегі Баканастын тургыны Укыш Козбаева. – Жылауга, жоктап дауыс айтуга руксат жок. Еркектер майітті шешіп, шидін ішіне койды. Астындагы тор жорга атка да ок тиген екен. Бауыздап, етін алып келіпті. Кетер-кеткенше оздері жеп тугесті.
Жетібай атам: «Олетін адам олді. Озіміз арулап жерлейік. Тым курыса суйегіне иелік етейік» десе, нашандік бергізбепті. Танга жакын ел уйкыда жатканда кажынын майітін Баканас озенінін он жагалауындагы кур кудыкка койып, асыгыс-усігіс бетін жасырган болыпты. Бул жерде бурын Ажекеннін зираты болатын. Ажекен деген Ахметжаннын (Майбасардын баласы) айелі. Ауелде бул кудык сол Ажекене зират согу максатында казылган-ды».

Оміртай аксакалдын естелігіне оралайык. Ол 1930 жылдан органда істеген, сырга саран, аузы берік адам  екен. Сондыктан оз еркімен емес, «білгенінді неге жасырасын, молана ала кетпексін бе?!» деп такымдаган сон арі Бердеш сиякты олері алдында гана (1987 жылы) сыр ашкан. Сондыктан бул адам жалган айтты ма деп, кудіктенуге, иланбауга негіз жок сиякты. 

Аныгы, кажыга тиген ок екеу, омірін сонгысы киган. Алгашкы ок, акесінін суйектерін оз колымен казып алган Ахаттын айтуынша, «он жактагы токпак жіліктін басын узген». Кузеттегі Халитовтікі ме, басканікі ме, октын бірі тізесіне, бірі астындагы тор жоргага тиіп, онымен бірге кажы да  жерге кулаган. Бірак омірге кауіп азірге жок. Кансырап жаткан кария топырлап жеткен топка басын котеріп: «Мен жау емеспін, мені ауданга апарындар» дегенін барі де естіген. Бірак, «нашандік» жібіп, иілмеген. «Екінші аткан ок тос суйектін ортасынан отіп, он жак омыртканын канатын сындырган», - дейді Ахат. Міне, осыдан сонгы окты кім атканы айтпаса да тусінікті.

Олай болатыны, онсыз да жаралы жаткан адамга командирдін руксатынсыз оз бетінше мылтыкты кезеу аскери тартіпті орескел бузу болып табылады, бул бір. Екіншіден, карт акыннын «атпандар!» деп белгі беріп, колын кайта-кайта жогарыга котергенін екі жактын да адамдары коріп, бакылап турган. Демек, кездейсоктык тагы жок. Кім атса да біліп аткан (аскери отряд курамында  Шакарімді танымайтын, білмейтін бірде-бір ботен адам жок).  Осы фактілерді ой таразысына салып, Шакарімді кім атты деген суракка жауап беруді аркімнін оз еншісіне калдыра турайык.
Айтып-айтпа, кансырап жаткан каукарсыз жаралыны атып тастау, адамдык ар турыпты, согыстын занына да кайшы. Не корінді, сонша?!

Бір улттын рухани косемі болган аулие адамга ок атылса, бул, соз жок, кездейсоктык емес. Бір терен ман бар мунда. Турасына келгенде, Танірінін бізге берген улкен сабагы бул. Сондыктан «карасартовшылык кубылыстын» алеуметтік-философиялык аспектілерін тагы бір сабактайык.
               
Оздерінді тузелер дей алмаймын,
Оз колыннан кеткен сон енді оз ыркын, -

деп улы Абай білмесе айта ма. Соз етілген азалы жылдарда Абай заманында басталган алеуметтік дерт терендеп «Елді алып, Еділді алып» кала мен кыр арасына шабылган бірлі-жарым Кунту, Кулембайлар орнына атын ойнактаткан, копке наганын кезеп акыра сойлеген коп мансапкорлар - «аттанбайлар» шыккан-ды. Мансапкорлык, озімшілдік бул мінез туралы Шакерім былай дейді: «Бул мансапкорлык, акім болсам, барлыгына озім кожа болсам, бар адамды бір шыбыкпен айдасам деген ен айуандык пигылга апаратын, дуниені бузатын кеселдін бірі». Жане мундай пысыкайлар, Абайдын созінше «казакты жеген кайратты «ер»-лер, Маскеуден гана келген жок, «Кудай жок» деген идеология топырагында ар жердін, ар ауылдын озінен осіп-онгені созсіз.

Сойтіп, Кулембай мен Карасартов алеуметтік дерттін курбандары. Казак адебиетіне бірі – «болыстыктын» жиынтык бейнесі болып енсе, бірі – сталинизм тудырган кубылыс – «шолакбелсендінікі» болып калары даусыз.

«Жылдар бойы коленкесіндей касынан калмаган осы урей оган акынды бір емес, екі дуркін олтіртті. 1959 жылы жогарыда айтылган арекеттерін істемей жайына журе берсе де ешкім онын жагасына жармаспас еді. Ал, акыннын мол рухани мурасы осыдан отыз жыл бурын-ак ел даулетіне айналган болар еді. Карасартов сталинизм тусындагы психологиядан елдін алі де болса арылып болмаган кезенін шебер пайдаланды».

Х. Ергалиевтын Карасартов туралы айткан аділ пікіріне кім кім де колын коятын шыгар. Шектен шыккан озбырлыктан еніреген елін коре тура, куткаруга шарасыздыктан Шакарім:
               
Канды канау айналам,
Соларды коріп ойланам.
Куткарып алар куат жок,
Кур саламын байбалам, -

дейді. Осылай куйзеліп, зарлаган елшіл акынды, акын гана емес-ау, аулие адамды «халык жауы» деп сендірген саясат пен заманнын октемдігі еріксіз бас шайкатады.
      
Улы ойшыл казасынын алеуметтік кырынан философиялык аспектісіне ауысалык. Бакыр басты пендеге жарык дуниедегінін барі де оз-озінен болып,  суга тускен шоптей кездейсок агып жаткандай корінеді. Ал, шындыгында не нарсе де тек Танірінін катан буйрыгымен, яки булжымас занымен гана аткарылмак. Халкымыз «Кудайсыз курай да сынбайды» деп біліп айткан гой.
      
Алла тагаланын осы хикметі, албетте, улы тулгалардын олімінен де корініс береді. Маселен, Абайдан 40 кун бурын Магауия, ал озінен сон Акылбай кайтыс болып, осы уш олім кезінде аныз-апсана болып куллі казак даласын аралап кеткен-ді. Сондай-ак, орыс ойшылы Толстой палендей себепсіз-ак озінін уйінен безіп кетіп, беймалім стансада жан тасілім еткенде букіл алем дур сілкінген болатын. Кайталап айтсак, Шакарімнін кайгылы олімі мен онын жаукар мурасынын  30 жыл туткында калуы да тек емес. Олай болса, онын гибраты мен сабагы неде?
      
Осы аталган евразиялык уш алыптын да руханиятта ашкан аса манызды жаналыгы – он сегіз мын мына галам аділет кам махаббат занына тауелді дегенге саяды. Маселен, Абай басты философиялык шыгармасы - Алланын затын танып, хикметін ізерлеген 38-ші карасозіне косымша толыктыру ретінде калам тербеген 45-ші созінде былай жазады: «Адамшылыктын алды – махаббат, гаделет сезім. Булардын керек емес жері жок, кіріспейтугын да жері жок. Ол – жараткан Танірінін ісі». Міне, барша діннін де, рухани гылымнын да тіні мен алтын аркауын бір ауыз созге сыйгызган.
      
Айтайын дегенім – тарихи аділеттін туптін тубінде салтанат курмауы мумкін емес.  Улы ойшыл акын Шакарім Кудайбердіулынын кайгылы казасы аркылы мейірімді Танірінін тірілерге бермек зор гибраты мен сабагы, сіра да, осы. 

х   х     х
      
…Сонгы саттегі адамды тузету ілімін жасаган кеменгер тулга мен козі канталаган революционердін  кездесуін елестету киынга сокпайды. Ягни кансыраган тізесін арен басып колын жогары котерген Шакарім мен каруын  кезене ентелеген тусі суык чекист унсіз тек жанарларымен гана, сіра да, шарпысты. Екі арада – шексіз ымырасыздык. Сондыктан маузерін как журектін тусына кезеп шуріппені калай басканын чекистін озі де андамай калган шыгар-ау.   

Сойтіп, улы гуманист акын ен сонгы кас-кагымда олен-жырларында ащы тілмен аясыз сынап, куресіп, тістесіп откен жан дуниесі мылкау тобырдын окілі – катігез тасжурек, кыныр, мансапкор, партияшыл, оз созінше «байыргы революционер» жаналгышпен беттесті. Бул, жана айткандай, шебер Жаратушы кудіреттін ісі.  Иа, иа со жолы аділет жер кушты, ал зулымдык женді. Мунын устіне мурасы да жарык кормей мулде олген сияктанды. Бірак кокірегінде Кудайы жок шолакбелсенділер тобынын женісі уакытша женіс болды. Кашанда тупкілікті натиже ак, аділет жагында болары хак.

Казак халкынын улы перзенті аяулы есімдер катарынан ойып орнын алды. Ендігі камілі: казак тілі тірі болса, Шакарім есімі де мангілік. Ешкашан мутылмак емес. Асыл мурасын жердегі біздерге калдырган улы ойшыл данышпаннын жаны бейіште болып, биік рухы гарыштан, тамам улы рухтар шогырымен тутасып, туган халкын, журтын «берекелі, тыныш бол» деп желеп-жебей бермек. Осыган бек сенгіміз келеді.


Рецензии