Асан Омаров - Шакарiмнiн ан мурасы

//Х.  АЗ  ШАКАРІМНІН АН  МУРАСЫ//

Екінші Аристотель атанган ал-Фараби бабамыз аса ірі ойшыл философ кам композитор болган еді. Шакарім де сол сиякты. Кос алыптын 4-5 тілді менгеруі мен узак омір сургендерінен де адемі уксастыкты кореміз. Иа, кудіретті Хак тагала Шакарімнін басына  коп онерді уйіп-тогіп бере салган десек, сонын бірі – композиторлык дарыны. Ягни ан шыгарушы ретінде казак мадениеті тарихында Шакарімнін оз орны бары елдін баріне белгілі жай.

Шакарімнін тунгыш андер жинагы «Аманат» деген атпен 1989 жылы Алматыда «Онер» баспасынан жарык кореді. Ахат аксакал акесінін поэзиясы мен прозасын калай сактап калса, музыкалык мурасын да солай сактап калган екен. Жанагы «Аманат» жинагын баспага азірлеген халык музыкасын зерттеуші галым Талига Беккожина.
Жинактын алгысозінде ол Казак ССР Гылым академиясынын М. Ауезов атындагы адебиет жане онер институтынын гылыми кызметкері болган кезінде Ахат Шакарімулымен кездескенін былай деп есіне алады: «1966 жылдын февраль айында институттын музыка боліміне алпысты алкымдаган, узын бойлы караторы кісі келді. Ол кезде болім бастыгы академик Ахмет Жубанов еді. Екеуі шуйіркелесіп, біраз ангімелескеннен кейін Ахмет Куанулы мені касына шакырып: «Мына кісі – белгілі акын Шакарімнін баласы. Сен осы кісі айткан андерді жазып ал, ноталарынын бір данасын маган, екіншісін мына отырган Ахат агана бер», деді.

Ахат Кудайбердиев композитордын он торт анін магнитофон лентасына жаздырды. Мен оларды тональдык турін сактай отырып нотага тусірдім. М.Ауезов музейінде бул андерді пианинода ойнап, айтып бергенімде Ахат агай катты толкып, козіне жас алды. Ризашылык білдіріп, алгыс айтты. Ахат бул андерді Шакарімнін озінен уйренген. Ол озі де композитор болгандыктан, андерді далме-дал уйренгені даусыз».

Коріп отырмыз, мукым мурасы сиякты Шакарімнін андері де бугінгі кунге Ахат аркылы жеткен, негізінен сонын айтуымен нотага тусірілген.«Аманат» жинагына  енген Шакарімнін андері: «Жастык», «Шын сырым», «Ажалсыз аскер», «Насихат», «Жылым – кой, жулдызым – июль», «Бул ан – бурынгы аннен озгерек», «Жана ойдан шыгарган бір болек бул ан», «Коркыттын сарыны», «Коркыт, Кожа Хафиз тусіме енді де», «Анадан алгаш туганымда», «Кетермін, артымда соз, анім калар», «Тыныштык жок, тыным жок», «Сураган жанга салем айт», «Ойладым бір соз жазайын-да»,  «Енлік-Кебек», «Лайлі-Мажнун» – жиыны 16 ан.
       
Аталган андер жайлы корнекті композитор Теміржан Базарбаев «Сахаранын улы сазгері» атты макаласында мынадай тужырымды пікір айтады: «Шакарім андерінін барі дерлік басынан аягына дейін мулде ерекше. Соган карамастан казак кулагына жатык арі жылы тиеді. Ан творчествосында басканы кайталамау деген тек кана улы таланттардын колынан келген. Бул тургыдан келгенде Шакарім музыкасын профессионал композитордын колынан шыккан туындылар деп айтуга абден болады» (Абай. – 1994. -№9. – 44 б.).
      
Ойшыл акыннын композиторлык мурасы жогалмай бугінге жетуіне устіде аталган Ахмет Жубанов, Талига Беккожина, Теміржан Базарбаев жане Мынжасар Мангытаев сынды корнекті сазгерлер улес косты. Сондай-ак, Абдірахман Асімжанов, Гайса Сармурзин, Аргынбек Ахметжанов сиякты онерпаз  азаматтар да елеулі септігін тигізді.  Сазды мураны  терен зерттеп, зерделеу алдагы уакытта да жалгасатын гылымдык жумыс.
      
Томендегі біздін міндет – кажынын сазгерлік кызметіне жалпылама шолу жане ан мураны кейбір кырларынан карастыру гана.
      
Музыка, ауен - адамнын жан сарайын нурландыратын куралдын бірі. Сондыктан акын «Кетермін, артымда соз, анім калар» деп кос онерді бірге  атайды. Ягни улкен мадениет иесі Шакарім олен создеріне зор иждикатпен келгені сиякты, музыкалык мурасына да ерекше ман берген.
      
Маселен, ол «Байшешек бакшасы» атты енбегінде ан сулуы кандай болуы керек деген маселені козгап, ой-пайымын былайша кестелейді: «Жиі токылган жібек буйымдай кулакка жумсак, татті пісірілген сінімді тамактай журекке жайлы тиетін, жаксы унді, сулу созді акындар май айынын кызыл гуліндей, кыршын жастардын кызыкты, кымбат омірлерінін киын сырын сипаттаса, кейде кыс айынын декабріндей жайнаган жасыл гулді куартатугын, талай-талай журектердін тамырын солган жемістей суалтатын баянсыз омірдін бакытсыздык мундарын сипаттаса, сол айтылган соз, салган ан куаныштын да, кайгынын да озіне лайыкты соз унаулы унмен айтылса, дуниеде осыдан жаксы жанга жайлы адемілік, жарасымдык бар ма екен? Бет сулулыгы – тан сыйы болса, дауыс пен соз сулулыгы – жан сыйы гой, арине, тан сыйынан жан сыйы артык екеніне дау жок, бірак бет сулулыгын аркім-ак таниды. Соз бен ан сулулыгын танушы аз».    
      
«Ан сулулыгын танушы аз» деп айтса айткандай, озіндік беті бар, палсапалык терен ойга курылган Шакарімнін андерін орындау, узак олендерін бір карпын калдырмай жаттап, озінікіндей етіп алу кім кімге де онайга сокпайды. Кажы андерінін насихаттаушысы семейлік сазгер А.Ахметжанов озінін «Шакерім андері нотага калай тусті?» деген естелігінде осы жайды ескерте отырып, былай деп жазады: «Шакарім андері ар ауескойды, ар тындаушыны ынталандыра, кызыктыра, оз бойына дарыта бермейді. Бул андермен айналысатын онерпаз алдымен терен ойдын сонына тускіш, ойлы анге кумар болары анык» (Абай. – 1994. - №9. –56 б.) 
       
Осы туста маркум Т.Базарбаев агамыздын: «Шакерімнін андерінін барі дерлік басынан аягына дейін мулде ерекше» деген пікіріне кайта оралып, осы мулде ерекшеліктін сыры неде деген маселені тексеріп, каузап корелік.Бугінгі танга жеткен андерінін барі дерлік Шакарімнін 60 жастан сон шыгарган андері. Демек, олар ойшыл хакімнін андері, былайша айтканда философиялык музыка. 
      
Неміс акыны Гетенін Фаусты сиякты казактын Коркыт атасы да олмеудін, дуниеде мангі жасаудын жолын іздегені белгілі. Дал осы себептен болар-ау, Шакарімнін ан саздары а дегенде кайгылы сарын сияктанады.  Тек жан-журегімен беріле тындаган адам гана ар жагынан оптимистік ауеннін жаркылдаган шугыласын сезіне алады, ягни санадан тыс алемнін ангары кылан бергендей асер калдырады. Ал, бул дуние куйбенінен бір сатке арылу, тылсым нурына малыну деген соз. Міне осындай айырыкша бір куйге тусуді кажет ететіндіктен Шакарімнін андерін ойлы, ягни философиялык музыка деуге керек. Ан мураны мулде ерекше кылып турган гап осы, сіра. Сойтіп, Шакарімнін ан мурасы казак андерінін ерекше бір саласы. Осы талдап айтылган себептерден коргені аз, омір откелектерінен алі отпеген аншілер, асіресе, жастар жагы, хакім композитордын тылсым саздарын орындай алмайды.
      
Олай болса, Шакарім андерін орындаудын озіндік шарттары кандай? Біріншіден, биік, зор дауыс керек. Екіншіден, улкен ішкі дайындык кажет. Оз ауендері цикліне Шакарімнін «Коркыттын сарыны» деген жалпы атауды беруі жайдан жай емес, оларда философиялык сарын расында да ерекше кушті.
      
Аншіге койылар талаптар жайлы философ акыннын оз пікірі мынадай:
               
Манызсыз айгай ан болмас,
Татымды онда ман болмас.
Сазды унмен билеп ал,
Тындаушы ойын.
Елжіретіп журегін,
Асер беріп, ан балкытсын бойын.
      
Сойтіп, талаптар биік болган сон, Шакарім анін орындаушылар да сирек. Бірак, бір гажабы, кажынын сазына бір енген жандар оны омір бойы тастай алмай адалдыкпен отеді екен. Маселен, Шакарімнін андерін козі тірісінде Абдігали Алдажарулы (1899-1937), Алмагамбет Капсалямулы (1870-1932), акын Уайіс Шондыбайулы (1873-1925) сынды атакты аншілер орындаган. Кенестік кезенде Керімкулов Кабыш пен Абдігалиулы Ниязбек (1914-1988) Шакарімнін бар анін білетін уздік орындаушылар болды.
      
Мынаган караныз - Абай андерінін орындаушысы арі насихаттаушысы болган Макен Турагулкызы (1912-1999) Шакарімнін андерін де жаксы білген екен. «1939 жылдын маусым айында, - деп ангімелейді Макен апай, - Мухандардын (М.Ауезов) Калинин кошесіндегі жана патеріне келдім. …Абайдын андерін орындаганнан кейін:
- Иа, тагы кандай андерді білесін? – деді.
- Халык андерін коп білемін.
- А, онын дурыс екен. Ал, менін білгім келіп отырганы Абай тонірегі!..
- Абай айналасынан, Майбасардын баласы Мухаметжаннын уш анін, Шакарімнін оншакты анін білемін.
- Ойбай-ау, озін ундемей журіп, ан казынасын кокірегіне сактай бергенсін гой!… Мухаметжан мен Шакарім жас жагынан тетелес. Екеуі де ан шыгарумен катар, оздері де келістіріп ан шыркаган, кыр далада салдык курган адамдар. Ешкімге коп жария етпей, буларды да жаздырып кой. Тубінде барінін керегі болады!», - деп ескертті» (Жулдыз. – 1995. - №7-8. – 11 б.).   
       
Коріп отырмыз, Макен апай гана емес, улы жазушы Мухтар Омарханулы Ауезов те гулама Шакарімнін аншілігін де, ан мурасын да жаксы білген.
    
Казіргі куні алдынгы толкын орындаушылардын орнын басып, Шакарім андерінін туын устаушы семейлік анші Келденбай Олмесеков (1952 жылы туган) кана. Ол кажынын «жан сыйы, ан сулулыгы» деп жазган андерін узак жылдар бойы шаршамай-талмай орындап кам  насихаттап келеді. Осы урдістін болашакта да узілмей жалгасуы казак аншілік онері ушін аса манызды нарсе екені созсіз. Енді Шакарімнін куйшілік онеріне келсек, жогалмай жетіп, нотага жазылганы жалгыз гана куй. Ол «Бозторгай» куйі. Окінішке карай, гуламанын озгедей куй мурасы сакталмаган. 
         
х   х    х
       
Шакарімнін музыкалык онері такыр жерде пайда болмаган. Онын озіндік кайнар-бастаулары бар. Сондай-ак жастык кездегі музыкалык онері бір тобе.
ХІХ гасырдын екінші жарымы казак-калмак жорыктарынан сон кыр казагынын дастурлі онерге, онын ішінде ан мен куйге  кайтадан оралып, сауык-сайран, той-домалактын жиілеген кезі. Ягни Абай атка мініп, ел агасы болганда Аркада онер корігі кыза тускен-ді. Осы кездері откен арбір ас пен тойды акын-жыраусыз, анші-куйші онерпазсыз козге елестету киын.

Абай айналасы Тобыктынын оз ішіндегі улкен шогырды (Майбасардын Мукаметжаны, Капсалямнын Алмагамбеті, Ырысайдын Ыскагы, т.б. анші-куйшілер) айтпаганда коршілес елдерден келіп, Абай ауылында айлап, жылдап кыстаган атакты онерпаздар: каракесек – Маукай, керей – Уайіс, уак – Мука, аргын - Асет, найман - Аріптерді жаксы білген, сырлас, дамдес, мажілістес болган.

«Тутас журтты имандылыкка, бауырмалдыкка, адалдыкка тарбиелеудін бір жосын улгісі - онер, улттык онер деп білген Абай агамыз, - деп жазады М. Ибраев жанагы макаласында, - соз бен музыканын аражігін ашпай, екеуін де осы багытта куатты курал ретінде жумсай білді».  Шакірттеріне улгі-онеге шашкан устаз композитор Абайдын 40 тарта ан, алденеше куй шыгарганы копке малім.

Осы ортанын игі асері бар, оган табиги таланты косылып, улы акыннын бас шакірті Шакарім ержеткенде кез келген сазды аспапта ойнайтын оз заманынын уздік онерпазы болып калыптасады. Музыкага жасынан бейім ол ан мен куйді суырып-салмалыкпен де (экспромт) тоге салатын болган.

Сонын бірі - «Шымылдык узер».  Бул куйдін тарихына мен акын Мергали маркумнан канык едім. Уй арасы жакын болды да, ол кісімен кызметтен кейін де жубымыз жазылмай бірге журдік, сыйласкан дос болдык. Уйіне барып жайгасканда Мекен «ал, енді Шакерімнін «Шымылдык узерін» бір тындап алайык» деп осы куйді жиі тартушы еді. Куйдін шыгу тарихы былай болган деп, майын тамыза ангімелеп те берген-тін. Сол ангімені томенде келтіремін. 

Алдымен куйдін сакталу тарихын айтайын. Мергали оны акесі Жангалидан (Жаміш), ал Жаміш оз акесі Ыбырай Елеусізулынан уйренген екен.«Олен дарыган аулет» атты макалада: «Тобыкты Жуантаяк ішінде Толебай-Кебек аулетінен улы Абай «шапашотым» («алып кел, барып келге» шапшан, ширак деген магынада) деп атаган Елеусіздін жалгыз улы Ыбырай» делінген.

Бірде Абайдын уйінде талай анші, куйшілер онер корсетіп жатканында, тартылган куйлердін ар тусында босагада отырган 9-10 жастагы Ыбырайдын ыкылык тигендей, естірте «ынк-ынк» деп калатынын байкаган Абай: «Анау жамантымак бала кім?, - десе керек. Журт: «Е, ол Елеусіздін баласы гой, Сізге уксасын деп, атын Ыбырай койган» дейді. Абай: «Ал, бул неге ыкылыктап отыр?», - десе, Ыбырай бала жулып алгандай: «Абай ата, куйшілерініз ар жерде кате жіберіп отыр емес пе?», - депті. Тура созге катты риза болган Абай баланы касына шакырып алып, озіне де бірнеше куй тарткызып, ак батасын беріпті  (Молдабек Жанболатулы. «Тобыкты Шынгыстау шежіресі». – Алматы, 2004. – 534 б.) 

Шакарімнін «Шымылдык узерін» озі де суйіп тарткан, кейінгіге де жеткізген міне осы бала Ыбырай болатын.

Белгілі галым-жазушы Акселеу Сейдімбектін «Казактын куй онері» кітабын (Астана, 2002) карап шыкканда байкаганым, «Шымылдык узерге» катысты екі бірдей жансак пікір айтылган екен. Кітаптын 399-400 бетіндегі деректі сол калпында келтірейін: «Семей каласында туратын белгілі акын Ыбыраев Мергали, - деп жазады автор, - домбыраны шалыс бурауга келтіріп, Таттімбеттін «Балбырауын» («Шымылдык узер») дейтін куйлерін тартады. Бул куй Тобыкты руынын ішіне «Шымылдык узер» деген атпен тараган».   

Міне, кітапта куй Таттімбеттікі делінген. Кате пікір деген ойдамын. Ойткені, аталган екі куйдін бір-біріне ешбір катысы да, уксастыгы да жок, оз алдына болек куйлер. «Шымылдык узерді» Мергалидін орындауында музыка мамандары Амантай Исин мен Серік Малаев та тындаган екен, олар да осыны айтады. Кайталап айтайын, куйдін Шакарімдікі екеніне Мергали  шубаланган емес, ойткені, онын калай дуниеге келгенін акемнен естігем дейтін (жана Ыбырай аулетіне токалуымнын себебі де осы).

Енді кітапта кеткен катенін екіншісіне келейік. «Кунанбай аулетінде Шакарімнін Кабышы тонірегіне белгілі сал-сері болган, - дейді А.Сейдімбек жанагы ангімесі жалгасында. – Бірде Кунекеннін керей ішіндегі Кырыктыбай деген кудасынын бір баласы уйленіп, осы тойга Тобыкты елін де шакырады. Арине, мундай тойдан Кабыш сал кала ма, арнайы дайындалып, Таттімбеттін «Балбырауын» деген куйін уйреніп барады. Содан, уйлену тойына келген Кабыш сал келін тускен уйде бір сулу кыз отыр дегенді естиді. Сол-ак екен, салдык еркелігіне басып: «Осы мен келін тускен уйге туссем», - дейді.

Ел кісілері: «Е, тусініз», - дейді.  Сойтіп, Кабыш келін тускен уйге кірсе дастур бойынша шымылдык курылган. Кыздар шымылдык ішінде. Кабыш сал торге шыгып жайгаскан сон, алгі сулуды калай коремін деп ойлайды. Жан-жагына караса, бір домбыра суйеулі тур екен, колына алып, Таттімбеттін «Балбырауынын» сылкылдата жонеледі. Сонда шымылдык ішіндегі кыздардын бірі сыгалап карап: «Уйбай, ана кісінін колы жыбырлап барады», - депті. Осы кезде жанындагы кыздар да карамакшы болганда шымылдык узіліп туссе керек. Бул куйдін Тобыкты ішінде «Шымылдык узер» болып тарауынын сыры осында».

Окінішке орай, бул соз де жансак айтылган: «Кабыш сал» деген тіркестін орнына Шакарім есімі турса керек-ті. Гап мынада: Шакарімнін Кабыш есімді ортаншы улы 1898 жылы туган. Онын акын арі куйші онерпаз болганы рас. Бірак оны білетін адамдардын бірде бірі «Кабыш сал-сері» демейді. Ойткені, онда мундай касиет болмаган, жарайды, болды деген куннін озінде сал-серілік куратын шагы алеуметтік тонкерістердін ойпыл-тойпылына доп келді емес пе. 1917-31 жылдар арасында жуан атанын тукымына кайдагы серілік, кайдагы сайран-сауык?! 
Ал, Шакарім кажынын алпыстан аскан шагында жастыгын:
               
Кайран
Кайгысыз, камсыз кундерім,
Сайран,
Сауыкты рахат тундерім!, -

деп сагына еске алганын білеміз. Ойткені, онерлі, епті жігіт Шакерімнін аншылыктын да, «аска, тойга баратугын, жаны асыгып жас жігіт» деп Абай айткандай, сал-серіліктін де кызыгын бір кісідей коргені созсіз. Басканы айтпаганда, акыннын киім киісінін озі де ешкімге уксамайтын ерекше болган. Муны елдін барі біледі. Маселен, акесінін онерлері жайлы Ахат былай айтады:
               
Кыс болса, анга шыгып, кеткен костап,
Мылтыгын сап, буркітін колына устап.
Домбырашы, куйші, анші жыршы болган,
Байгеге жас болса да озін коспак.
Киімді озі пішіп киген колдан,
Порымын ішбір журтка уксатпастан.
 
«1889 жылы менін 14 жасымда, - деп жазады Турагул оз естелігінде, - улкен шешемнен туган Райхан деген апамды, найман Серікбай баласы Кудайбергенге беріп, узатып, уйдін ішінін барі жолаушы кеткенде, акеммен екеуміз гана калдык».
Міне, осындай кудалар тобына (кыз узату, мейлі куда тусу болсын), Абай адетте Шакарімді бас куда кылып, аркез жумсап отырган. Ойткені, бул, устіде айтылгандай, отыздын ішіндегі  Шакарімнін онерлі, шешен арі сал-сері атагы букіл Тобыкты ішіне жайылган кез.

Жогарыда Шакарімнін «Шымылдык узер» куйін Абайдын батасын алган Ыбырай Елеусізулы аксакал баласы Жангалига, ол оз кезегінде Мергали Ибраевка уйреткен дедік. Ал, куйдін шыгу тарихы калай болган? Муны  Мекеннен калай естідім, сол калпында баяндап корейін.

Шакарім бастаткан кыз алатын жігіттер тобы, жараулы жуйріктер койсын ба, кудалар ауылына межелі уакыттан бурынырак жетіпті. Тамылжыган жаз айы. Жасыл желек. Айнала той карсанындагы абыр-сабырга толы: жугіріскен улкен-кіші, ар туста асулы казан-ошак, алтыбакан тонірегінде ан шыркаган кыз-бозбала, айда! Осынау санді корініс акыннын коніл куйін аскактата кубылтып, шаттык куанышка болейді. Жасыл жайлау тосіне арнайы кигіз уйлер тігу камында журген улкендер сыйлы конактарды карсы алып, бас кудага куйеудін отауы жабдыкталганша кыздын отауына жайгаса туруды отініпті.

30 жаска жана ілінген капсагай бойлы Шакарім устіне фасоны казак киіміне мулде уксамайтын, озі тіккен аппак шалбар-костюм киген екен. Мундагы журт осыган да тан-тамаша. Ол ол ма, киіз уйдін торіне жайгаскан сон,  портсигарын сыр еткізіп ашып, папиросын асыкпай тутатып алып, тутінін жай емес, сакина-сакина гып донгелетіп кеп шыгарган дейді, ар донгелек шыккан сайын кутуші жігіт-желен мен келін-кепшіктер «о, гажабым!» деп шу ете тускен дейді. Сол кезде желбіреген укілі шымылдык ішінде узатылатын кыз оз нокерлерімен отырган гой. Ол кыздар калай шыдасын, «апырай, не карамат екен» деп, бірін бірі бастырмалап сыгалаганда шымылдык та узілсін. Кыран-топыр кулкі.

Осы сатте Шакарім сал «Акел, бері!» деп, укілі домбырага кол созган дейді. Туйгын кустай туйіліп, салалы саусактары домбыраны шабыттана кагып-кагып жібергенде онын шанагынан тогіле жонелген бурын ешкім естімеген, мулде ерекше бір куй кумбірі, шалкыган ауен отырган жаннын барін тастай кылып баурап алган, олар кулактан кіріп, бойды алган халде отырып калган еді дегенді айтады.
Мен естіген окига міне осы. Ягни Ыбырай аксакалдын куалігінше, «Шымылдык узер» 1880 жылдардын сонында алгідей жагдайда туган. Шакарімнін жас кезінде шыгарган ан-куйлерінін барі дерлік сакталмаган. Мергали аганын орындауында талай адамдар естіп-біліп журген мына «Шымылдык узердін» де нотага туспей калуы озекті ортейтін окініш.

Тагы бір пысыктай кетелік, бугінгі кунге жеткен 16 аннін барі де жастык шактікі емес, Шакарімнін кемеліне келген, алпыстан аскан шагында шыгаргандары. Такуа азиз аулие кісінін ауендері. Ягни акын олендері калай палсапалык жолмен жазылса, андері де дал солай туылган. Анді шыгарушынын ізашар жанашылдыгын осы арадан іздеген жон деймін.

Сойтіп, алемдік ойга оз созін айткан гулама Шакарім, казактын музыка онеріне, ан жанрына мулде ерекше ауендер акеп, соны мелодиялар  сыйлаган улы сазгер де.
Жогарыдагы «Сахаранын улы сазгері» деген макаласында: «Шакарімнін ан творчествосында, - деп жазады Т.Базарбаев, - Прокофьевке уксастыгы бар деп айта аламын. Ал, букіл дуниежузі Прокофьевты жанашыл, новатор композитор деп багалайды». Жане озінін талдау енбегін былайша сабактайды: «Абай мен Шакарімнін андері классикалык шыгармалар, оларга еліктеуге болады, ал кошіруге болмайды. …Абай мен Шакарім андері казак музыкасынын алтын коры. Алтын корга кол сугуга ешкімнін какысы жок». 
 
Ахат аксакал акесінін алпыстан аскандагы (1919 жыл) «Бул ан – бурынгы аннен озгерек» деген анінін шыгу тарихын былай айтады: «Жылда жазгытурым ел, мал Бауырга кошіп кеткенде акей екеуміз корада калатынбыз. Бір куні:
- Атты  ертте, тауга шыгайык, - деді. Екеуіміз Жылкыайдар озенінін жагасындагы Уштастын жотасына келіп шыктык. Дала гулденген, гулдер шыккан. Тогайда булбул сайрап, укі, кокек, байгус дауысы. Айнала бір турлі жарастык корінісіне боленген.
Сонда акей касында отыр ем:
- Сен жаратылыстын анін угасын ба? – деді.
- Жок, - дедім.
- Осынын барі: мынау шакырып турган кокек, сайрап турган булбул, осы жаратылыстын озінін табиги ані. Мен бір ан шыгаргалы отырмын, - деді. Соны білгеннен кейін, кетіп калдым касынан.
       Кайта келсем, ынылдап отыр екен.
- Атты акел, жол болды, мен бір ан шыгардым, - деді».
      
Енді осы анге байланысты тангажайып бір окиганы окырман назарына  салайык. Бул халыкаралык фестивальдердін лауреаты, казір Мангыстау облыстык филармониясынын аншісі болып кызмет істейтін Тамара Жанкулова (1976 жылы туган) деген аншінін Семейге келгенінде оз аузынан жазылып алынган окига. Ол Молдабек Жанболатулынын устіде аталган «Тобыкты – Шынгыстау шежіресі» кітабында былайша баяндалган.
      
«Алматыдагы «Ак жауын» ансамблінін аншісі Тамара Жанкулова туган елі Актау каласына кыдырып барганда колік апатына ушырайды. Каншама уакыт ессіз жатканын білмейді. Ауыр операциядан кейін бір аягынан айырылып барып зорга катарга косылады. Кейін арбамен журетін халге келгенде дарігерлер «Халын калай, анші кыз?» – деседі. Уйткені, Тамара алгаш комадан шыгып есі кіргенде андетіп ояныпты.
      
Сонда айткан анінін созі «Кайран кайгысыз, камсыз кундерім, Сайран сауыкты рахат тундерім» деп келетінін дарігерлер естеріне тусіреді. Тамара болса, мундай созі бар анді бурын айтканын есіне тусіре алмайды.
      
Бір жылдан кейін аягына турып, Актаудагы Абай атындагы мадени-демалыс кешеніне жумыска орналасады. Бірде кітапханага барып, артурлі олен кітаптарын карап отырып, Шакарімнін озі білмейтін, бірак есенгіреп жатып айткан анінін созін кезіктіреді. Режиссерге келіп, сол оленді тапканын, енді оган ан шыгаргысы келетінін айтса, ол бул оленнін ауенді сазы бурыннан бар айтып, оны табуга комектеседі.
      
Анді уйреніп алып айтып жургенде озі бурын білмейтін анді ессіз жатып калай айтканына тан-тамаша болады.  Аннін созіне ман беріп оны накышына келтіре айткан сайын бойы сергіп, ой орісі осіп, жігер-кайраты артканын сезе туседі. Ойлана, толгана келіп, кауіпті апаттан аман калуыма осы ан себепкер болар деп жориды. Егер улкен сахнага шыгатын сат болса осы анмен шыгуды максат етеді. «Ол мені омірге акелді. Мен оны онер биігіне шыгаруга тиіспін» деп іштей бекиді.
      
Тамара 2003 жылы Маскеуге Онер институтына окуга барады. Тандау, іріктеу оте катал. Кезегі келгенде кірген Тамарага комсына карап «тындай салайык» деген сынаймен сарапшылар торагасы: «Оз ултыннын анін айтып кор» дейді салгырт кана. Катты толкып турып «Бул ан – бурынгы аннен озгеректі» калай бастай жонелгенімді озім де білмеймін дейді анші кыз. Шыгарманын магынасын укпаса да онын сазды сарынан философиялык толганыс кокірегіне уялаган сарапшылардын жузі жылып, ыкылас-ілтипаты кілт озгереді. Бірауыздан окуга кабылданады.Сонымен озін екі сыннан мудірмей шыгарып омірге, онерге канаттандырган анді де, оны шыгарган Шакарім кажыны да Тамара пір тутатын болады.
      
Озінін ен алгашкы бейнеклиппін осы анге жасайды. «Арманнын ак желкені» атты деректі фильмге де осы анмен шыгады. Актаудын ару кызы бул кунде ан кудіретімен улы Шакарімге етене бауыр басып, онын киелі касиетінін шапагатымен онер биігіне самгауда» (Аталган кітап. 2-том. – Семей, 2004. – 126 –128 бб.).
      
Шынында да мына болган окига киелі касиеттін кудіреті емей не. 
               
Шыгардым андер жаналап,
Саларсын сынга саралап,
Жараса ойладым,
Аншілер салсын деп.
Белгі болып бір мура,
Кейінгіге анімнен де калсын деп.

Аз Шакарімнін ешкімге уксамайтын андері туралы шагын ой-толганысымызды «Ойдан шыгарылган бар турлі андерім» деген оленіндегі ойшыл акыннын оз мурасынын болашагын болжап айткан осы создерімен туйіндегіміз келді.

//ЭПИЛОГ//

Коне Семей мен карі Шынгыс арасын жалгаган куре тамыр - тактайдай кара жол бір сагатка жеткізбей-ак Ертіс ойпатынан Кушікбай асуына, кыр тосіне алып шыгады. Міне, улы жазушы М.Ауезовтын кіндік каны тамган Боріліден де оте шыктыныз, ане-міне дегенше улы Абай дуниеге келген сырт Каскабулак та кол булгап артта калмак. Енді коп узамай-ак жуйткіген автоколік айнегінен кен жазык сахарага жанарын кадаган кырагы коз жолаушы алыста  сагымга орана агарандаган кос биікті байкап калар, сіра. Ол, арине, дал евразия кіндігіне орналаскан Абай-Шакарім кесенесі. Казак поэзиясынын Кагбасы – касиетті Жидебайдын самалын кокірек кере жутып, Сіз кесенеге бет тузейсіз, журегініз алденеден лупілдеген халде кесене баспалдыгымен жогары котеріліп, кос гуламанын мрамор тасын сипалап тауіп етерсіз. Іштей кубірлеп білген дуганызды жасарыныз каміл.

Осымен, сапар тамам, максат орындалган сияктанар, достым, бірак білініз, Сіз жарым жолдан кайттыныз. Казір куні екінін бірі білмейді, кошпелі заманда Шынгыс тауынын Жидебай жагы «Бауыр», ал, таудын аргы беті сырт Шынгыс немесе «Жон» деп аталган-ды. Міне, казак поэзиясынын алтын бесігі - «улкен Жидебай» сол Сарыарканын жонында, достым.

Олай болатыны, Абайдын алгашкы лирикасы «Жазды кун шілде болганда…» (1886) – дан бастап, казак поэзиясынын асылы, ондаган шедеврлер сырт Шынгыстын Баканас, Байкошкар озендері алабында кагаз бетіне тускені шындык. Иа, иа, дал болжадыныз, Шакарімнін Саяткорасы да сонда.

Небары 50 шакырымдай Жонга жету киын. Ойткені, онкей асуды киялаган тар жолмен отесіз. Колігініздін табаны будірлі, мыкты болуы шарт.    Айтсе де, екінін бірі алыс шетелге де шыгып жаткан заман емес пе, жайдары жаздын айында нартауекел деніз де, Абай, Шакарім жайлауына тартыныз. Ой-хой, керегедей кен Шынгыс! Ежелгі гундардан бермен саган жеті журт келіп, жеті журт кеткен деседі. Кошпенділерді какарлы косемі Шынгыс ханды корген жота-асуларды тамашалаудын озі неге турады! Абай, Шакарім кошінін ізімен оту кандай ганибет!

Міне, сырт Шынгыс табалдырыгы – Акбайтал асуына да табан тіредік. Алда Баканас, Байкошкар алабы! Енді бір сат киялымызбен кус боп аспанга самгайык та, Саяткораны кіндік нукте кылып, айнала тугел корінер биіктен томен карайык.
О, бул «Кен коныс» деп бекерден аталмаган бір гажайып жасыл алем! Бауырдагы Жидебайымыз да, Шакарімнін екінші устазы орыс данасы Толстойдын «Ясная полянасы» да алдагы шалкармен салыстырганда куйтакандай арал секілді. Иа, иа куллі тоскейге - берісі «Барлыбай» арісі «Кен коныс» жайлауына коз жіберген адамнын лаззат куйге боленбеуі, яки  тынысы ашылып, жаны жадырамауы,  сіра да,  мумкін емес.

Саф ауа мен шурайлы топырак Абай мен Шакарімнін шабытына шабыт, ойына ой косканы хак. Олардын оз омірінін кунгейі, саулесі, шугыласы молдау болігін дал осы аумакта откергеніне куман жок.

Баканас жеріне ынтык, гашык болган Муханнын (Ауезов) каламы былайша  толгайды: «Кенозек жайлаудагы шалкар коныстын бірі еді, бунын жері биік, кен тоскей болатын. Терісакканнын елі жиылып кошкенде, кей кездерде Кенозекте он бес-жиырма ауылдай ел сиып кететін коныс бар еді. Койнын ашып, тосін керген жалпак шалгынды озектін ортасында Кенозектін жінішке суы агатын. Бул коныстын озге жайлаулардагы коныстардын ішінде ен ерекше жері – жаздын кандай ыстык куні болса да, озге жерден ерекше бір салкыны болатын.

Солтустіктегі биік таулардан асып келіп, узіліп-узіліп майысып согып туратын коныр салкын желі болушы еді. Озектін айналасындагы тобелер ылги жасыл шопке оранып, мангі жастык тусінен айрылмайтын сяктанушы еді». Міне, айгілі жазушы «Барымта» атты ангімесінде озі оле-олгенше суйіп, жадында мангі сактаган жер майегін осылай суреттеген. Бул арада  коркем шыгармадагы Кенозек – омірдегі Кенконыс алабы деп далел алудын озі артык та шыгар. 

Айтсе де айталык, аталган ангімесін жазушы 1924 жылдын жазында «Баканас» артеліне келіп, онірді асыкпай аралап, аунап-кунап кайткан сон жазган. Осы сапарында Баканас тургындарымен талай ангіме-дукен курган, асіресе, Саяткорадагы данышпан кария Шакаріммен коп ангімелесіп, Абай жане онын заманы  жайында кунды маглуматтарга каныкан-ды. Кыс бойы ансап, Баканаска келер жазда да сагына жеткен-ді. Айтпакшы, «Буркіт аншылыгынын суреттері» деген ангімесі де осы сапарларынын жангырыгы. 

Ылги жасыл шопке оранып, мангі жастык тусінен айырылмайтын деп Мухан айтып отырган кен озек айналасындагы тобелер мен жоталарга келсек, олар: онтустікте – Каранай, Тазкызыл, Балга, Тектурмас, Кур жоталары, шыгыста – Буратиген, Егізкызыл, Жанібек, Тезек шокысы, Акшатау жоталары, батыста – Коксенгір, Жорга, Жауыртагы, Шоркашкан, Шымылдык, Жосалы биіктері, ал солтустікте – Керегетас, Каражал, Кызылжал, Айдарлы койтас, Бушантай, Ділда жоталары. Суйкімді, адемі атаулар. Міне, ыстыкта коныр салкын желі осы биіктерден саумалап, майысып согып турады. Кенконыстын «озге жайлау ішінде ен ерекше» болуы содан.

Иа, коныстын кен арі жанга жайлы болуынын жоні бар: сайып келгенде, бул тоскейде Арканын  уш тауы (Акшатау, Шынгыстау, Шубартау) оз етектерімен уштасады. Енді мынаган караныз: Абай, Шакарім, Мухтардын жолы (шыгармашылыгы гана емес, жуткан ауа, баскан топырагы жагынан да) осы географиялык нуктеде киылысуында символикалык адемі ман­магына бугулі сияктанады. Балкім, уш алып тулгамыздын алемді тан калдырган эпикалык карымынын сикыры осы арада шыгар.

Жана уш алыпты да баурап, сезімтал журектерін тербеткен алтын бесік   кырат-жондар ішінде бір таудын аты аталмай калды. Ол Шакпак тауы. 

73 жыл бурын (1858 жылы, шілдеде) осы таудын Бала Шакпак деген етегінде отыз жастагы Кудайбердінін ак отауында жана туган сабидін шыр еткен ащы  дауысы тангы тыныштыкты бузгантугын. Осы жайлауда ол кулындай кулдырап осіп ержетті, узак омірінде би, болыс, ел агасы да болды, алаш аксакалы да атанды. Омірінін сонында, иа, иа алгі саби кия-шынга, казактын улы ойшыл шайыры биігіне жеткен кезенінде … мутылды.

Жетінші мушелге аяк баскан жасында кіндік каны тамган топыракта капияда мангі козін жумды. Тартылган булак, сонген шырактай онегелі гумыр киылды. Казак ой-сана когінін самаладай жарык жулдызы агып тусті. Кайран тагдыр-ай, жумбагын неткен тупсіз, шешімін кандай катал сенін. Абайдан кейінгі кеменгер тулганын суйегін  арулап, аза тутып колдан кою мумкіндігі болмайды деп кім ойлаган.
Данышпаннын «Коніл» деген оленінде: «Калам ба мола боп сайда?» дегені келді.  Суйегі сайга, кур кудыкка тасталды. Сонгы олендерінде айткан «Апармай елге, коміп мунда» дегені, сондай-ак:
               
Егер олсем бул жерде,
Бір куні тауып аларсын.
…Келмеске бір бугін кетермін,
Жалганга, сіра, сенім жок,-

деген создері де шынга айналды.
 
Жендеттердін мылтыгы тарс-тарс атылганда, копті корген карі Шынгыс, сенін манкиган тау-тасын да селт ете: «Ай, адам-заты-ай, озбырлыгында шек болсашы!» деп, ауыр курсінген шыгар-ау. Ойткені, елім, журтым, барша адамзатым деп букіл саналы гумырын сарп еткен гуманист акыннын, асыл адамнын дал осындай кайгылы казасы, ай алем тарихында да сирек...

Иа, иа, тауба делік, Тауелсіздіктен сон данышпаннын мурасы туган халкына оралды, рухы женіп шыкты. Аулиенін 30, 30 емес-ау, 55 жылгы  ізі сайрап жаткан Шакпакка бара калсаныз, абай болыныз, агайын. Онын арбір тасы киелі экспонат… Тасы деймін… айгілі жалгыз тамнын орны алі де жермен-жексен болып жогала койган жок. Онын кулаган кабыргаларын айыра аласыз. Ат корасы кай жагында… Коныр атты суарган тас булак кайсы? Анау бір жер сол булактын табаны­ау, сіра.
 
50 де, 100 жыл да алі-ак оте шыгар. Кудай каласа, казак кабыргалы калын елге айналып, киелі мекен - Шакпакты іздейтін урпак та осіп жетілер. Шакарімнін су алган булагынын козі аршылып, куркудыкка, там, корасы турган жерлерге мармар  тастар да койылар. Абай туралы пікірлесіп отырган Шакарім мен Мухтарды кескіндеген енселі ескерткіш те турар осы тоскейде. Семей-Жидебай-Шакпак арнайы маршрутымен алыс елдерден ат арылтып жеткен курметті конактар онын етегіне гул шогын койып жатар (евразия кеністігінде Абай, Шакарім, Мухтардан аскан аулиен кане?!). Арине, мунын барі азірге «балкім» деген созбен айтылуга тиіс туспалдар. Кок туманданган келешек кана.

Анык акикат бір нарсе бар, ол алем ойы алыптарынын улы кумбез-мангі ескерткішті оздеріне оздері калап кететіндігі.  Мейірімді Танірінін суйген кулына силаган аділ сыбагасы, жогары гарыштын буйрыгы болган сон, муны ешкім озгерте алмак емес, жок кыла алмак емес… Шакарім мурасы мангілік!

//ПАЙДАЛАНЫЛГАН  НЕГІЗГІ  ДЕРЕК  КОЗДЕРІ//

Шакарім шыгармалары // Олендер, дастандар, карасоздер. Кураст. М.Жармухамедов, С. Дауітов, [ А. Кудайбердиев]. – Алматы: Жазушы, 1988. – 560 б.
      
Шакарім // Олендер мен поэмалар. Кураст., алгы созін, тусініктерін жазган М. Магауин. – Алматы: Жалын, 1988. – 254 б. 
      
Ауезов М.О. Абай Кунанбайулы // Монографиялык зерттеу. – Алматы: Санат, 1995. – 320 б.
      
Ауезов М.О. Абай жолы. Роман-эпопея. Бірінші, екінші кітап. – Алматы: Жазушы, 1990.
      
Шакерімулы Ахат. Менін акем, халык улы – Шакерім // Шакарімтану маселелері. – 1 том. – Семей-Новосибирск, 2006. – 145-239 бб.
      
Мухаметханов Кайым. Шаккарім  // Шакарімтану маселелері. – 1 том. – Семей-Новосибирск, 2006. – 48-100 бб.
      
Мухаметханов Кайым. Абайдын акын шакірттері. Торт кітап. – Алматы, 1994.
      
Ыскаков Архам. Абайдын омір жолы  //  Улы Абайга адалдык. – Семей, 2005. – 56-245 бб.
      
Архив айгактары: КР ОМА корынан, энциклопедиялык корсеткіштерден, «Абай», «Жулдыз», «Шакарім», «Шакарім алемі» журналдары, «Семей таны», «Совхоз туы» газеттері т.б. мерзімді баспасоз беттерінде жарияланган деректерден, Шакарім омірі мен шыгармашылыгына арналган гылыми-тажірибелік конференция материалдарынан алынды.


Рецензии
'nj heccrjzpsxysq cfqn!

Владимир Кокшаров   28.12.2011 17:16     Заявить о нарушении