Асан Омаров. Шакарiмнен тараган урпактар

Кудайбердіулы Шакарімнен 7 ул, 6 кыз тараган (2 ул, 2 кыз жастай олген) – жиыны 13 урпак.
    
Бірінші айелі Мауеннен улдары: Абусуфиян (Суфиян), Ахметтауфик (Тауфик жастай олген)  жане кыздары – Меймана, Галия.
      
Суфияннын келіндей алган айелі Сафурадан туган улы Талгатбек (1911-1971). Талгатбектен Берік, 1950 жылы туган, Талдыкорган жакта турады.  Суфияннын женгедей алган айелінен - Шамел, одан Бану Абай ауданынын тургыны.
      
Ал Шакарімнін Мауеннен туган кыздарына келсек, Мейманадан – кызы Мампаси Алматыда турады.  Галиядан – Кабыкен. Кабыкеннен – улы Нурбек, 1964 жылгы,  Семейде турады. Мектеп директоры.
      
Шакарімнін екінші айелі Айганшадан: улдары - Гафур, Жебрайіл (жастай олген), Кабыш, Ахат, Зият, кыздары – Кулзия (жастай шетінеген), Жакібала (Жакім), Гуллар.
       Гафурдын айелі Макейден – улы Баязит, кыздары Лабиба, Нагима, Камила. Гафур 1883 жылы туган, 1930 жылы Семей турмесінде корлыкка шыдай алмай, озіне озі кол салган.  Гафурдан корген немерелері жайында акыннын: «Гафурдан калган коп жетім» дейтіні сол. Гафурулы Баязиттен (1905-30) урпак жок. Баязит те акесі сиякты омірін озі кияды.
      
Гафурдын кыздарынан тараган урпактар. Улкен кызы Лабиба 1907 жылы туып, 1980 жылы кайтыс болган.  Екіншісі Нагима 1912 жылы туып, 1982 жылы дуниеден отті. Екеуі де Семейде турды. Лабибадан Кадиша, Клара, Рыскайша. Кадишадан Нуржан, Ержан, Сауле. Нуржан мен Ержан Кантаевтар улы атасынын атына лайык азаматтар. Нагимадан Толеубек, Забира.
    
Гафурдын кенжесі Камила (1918-2000) Талдыкорганда турган. Шакарімнін Камиладен тараган жиендері: Раушан (1947), Бакытжан (1949), Мейрамхан (1951), Разида (1954), Максатжан (1959). Бакытжан мен Мейрамхан Габдуллиндер техника гылымдарынын кандидаты, Алматыда турады. Раушан Талдыкорганда, сонгы екеуі Павлодарда турады.
      
Шакарімулы Кабыш 1898 жылы туган, 1931 жылы аштыктан олген. Айелі Машімнен Капият атты бір кызы болган, ол детдомга откізілген екен.   Ахат аксакал агасы туралы: «Кабыштын кабілеті барімізден артык еді, Ол агай оленді колма-кол айтып, ойын доп тусіретін, 33 жасында кайтыс болды». Кабыштын акесі туралы оленінде томендегі шумактар бар:
               
Хажы, галым, мухтасыр,
Туыс кадір сый болган.
Болыс, акын, писатель,
Облыстык би болган.
               
Акыл таппай калмаган,
Сауыгы жок салмаган.
Білім, талап, жулдесі,
Мансабы жок алмаган.      
      
Ахат Шакарімулы Кудайбердиев (1900-1984) улкен акындык куат иесі. Коп олендері бар. Бірак ол оз шыгармашылыгын ысыра турып, куш-жігерін акесінін мурасын халкына жеткізуге сарка жумсады. Осыган коса, акесі туралы естелік жазып, барінен артык, барінен толык маглумат берді. Алматы облысынын Тастак, Байсерке деген жерлерінде узак жылдар (1939-1960) устаздык кылып, курметті демалыска шыккан Ахат ага 1968 жылы еліне кошіп келді. Абай музейінде гылыми кызметкер болып істеді.
      
Шакарімулы Ахат бірінші айелі Сагиладан Рух атты бір ул жане бір кыз корген, есейіп калган олар аштык жылдары Семейде Шакенін кызы Райханнын уйінде коз жумады. Озі 1931 жылы бес жылга сотталып, одан сон да елге жолай алмай, Алматы жакка орныкканда екінші айелі Хадишага (Каден) уйленген. Хадишадан – Сара (1928 ж., акесі болек), улы Фзули (1942-1983). Сарадан – Лаззат, 1950 жылгы. Фзулиден – Даулет, 1982 жылгы. Барі де  Алматыда турады. 1967 жылы Ахат Батима шешейге уйленіп, осы кісінін колында дуниеден отті.
      
Шакарімнін кенже улы Зият 1903 жылы туган, 1931 жылдын кузінде Кытайга отіп, акесінін колжазбаларын озімен бірге сонда апарган. Ол 30-шы жылдардын сонында кытайдын абактысында азапталып кайтыс болган. Шакарімнін тол колжазбаларынын тагдыры белгісіз… Зият та, агасы Ахат сиякты зерделі, улкен парасатты иесі. Кытай казактары арасында ол акесінін мурасын насихаттаган, озі де олен жазып, ан шыгарган, кыскасы, зор агартушылык кызметтер аткарган зиялы ретінде атакты болган.
      
Зияттын бірінші айелі Кулжікеннен – бір ул болган (аты – Мырзаказы болса керек). Аласапыранда Кытайга откен Зият екінші рет уйленген. Сол жакта Сейтказы Нуртаев деген оку болімі бастыгынын кызын алган. Зияттын екінші айелінен бір ул - Мереке деген, 1937 жылгы. Мерекеден – Нурлан (1966), Гаукар, Меруерт, Сауле – Алматыда турады.
      
Зияттын «Акеме» деген оленінен бір узінді:
               
Жиырма сегіз жасымда,
Жалганнын кордім тарлыгын.
Кайгыны салдын басыма,
Ен ауырын, барлыгын.
               
Акекем, Сізді сагындым,
Ойласам, естен жанылдым.
Жас омірді сондіріп,
Тагдыр-ау, саган не кылдым?!
       
Кунанбай урпактары барып турган геноцидке ушыраган. Шакарімнін 72 жасында жазган «Есіз корада» деген коштасу жырында мынадай жолдар бар:
               
Сыр білдірмей, сыйлаган,
Суйенішім деп ойлаган,
Олім тугіл бейнетке
Біреуі мені кимаган,
Макей, Машім, Сагила,
Кулжікенге салем айт!
      
Мунда есімі аталган тортеуі де озінін келіндері:  Макей – Гафурдын, Машім – Кабыштын, Сагила – Ахаттын, Кулжікен – Зияттын айелі. Замана тарлыгын осыдан білініз: торт келіншек те жарынан екеуі - олідей, екеуі – тірідей айырылган!   
      
Енді Шакарімнін Айганшадан туган уш кызына келсек, улкені Кулзия (Кампит)  анасы жане агасы Кабышпен бірге Карасартовтын «азап лагерінде» он ай камалып, аштыктан коз жумган.  Бул кайгылы окиганы Ахат «Аштык азабы» деген оленінде былайша жазады:
               
Жонелген Кулзия мен анамды айдап,
Осы емес пе акетті деген байлап.
...Оныншы айда босатып жібергенде,
Бір Гуллардан баскасы олді аштан.   
      
Шакарімнін ортаншы кызы Жакім 1920 жылы Сулейменулы Кабышка турмыска шыккан. 1932 жылы Шынгыстауда «бандиттін кызын алдын» деп Кабышка маза бермеген сон, ол уш баласы мен айелін алып, Кытайга кетуге мажбур болады. Екі баласы Кожахафиз (1924 жылы туган) бен Кожанияз (1928 ж)  Аякозден Уржарга келе жаткан жолда кайтыс болады.
      
Жакімнін тунгышы Кожакапан 1921 жылгы (одан кейінгі екі ул аштыктан олгенін жана айттык), Тауфик, кызы - Назипа. Кожакапан мен Зиятулы Мерекені Кытайдан Азімбайулы Бердеш алып откен корінеді. Кожакапан 75 жасында Алматыда кайтыс болды, урпагы туралы біле алмадык. Тауфик Досаев (1933-2004) Семей педагогикалык институтында доцент болып кызмет етті. Кыздары: Сауле (1963), Шолпан (1966). Жакімнін кенжесі Назипа (1940 жылы туган) Алматынын тургыны болган.
      
Шакарімнін озі оленінде «саркыншак кенжем, шын жаным» деген кіші кызы Гуллардан (1914-1970) – улы Фатих (1942), кызы  Батен, шын аты - Батиха (1945). Булар Алматыда турады. Акесі олгенде 1931 жылы Гуллардін айткан:
               
Сарыарканын Жонында
Хакикат-ардын сонында,
Отырган акем тамында,
Серігі – калам колында, -

деп басталатын узак жоктауы бар. Жоктаудын сонында озі туралы былай айтады:
               
Торга тустім тутылып
Алім жок кетер кутылып,
Басымнан кешкен коп – кайгы,
Кетпейді ойдан мутылып.
               
Он жеті толар жасымда,
Айыкпай козден жасым да,
Дос тугіл, душпан кормесін,
Казаны тарткан басымда.
      
Гуллар – Карасартовтын азап лагеріндегі адам айткысыз кинауга, кундіз-туні тергеуге шыдай алмай, у ішіп олмек болады. Бірак жанындагылар сут ішкізіп, ар турлі шаралар колданып, аман-есен алып калады. Елден кетіп, Алматы жакта турмыс курады. Балалары Алматыда.

Ескерту: келтірілген шежіре-тізбе Ахат Шакарімулы, Тауфик Досаев, Макен Турагулкызы, Камила Гафуркызы, Ниязбек Алдажаров тузген шежірелер мен жазып калдырган деректер бойынша жасалды.


Рецензии