Асан Омаров - Шакарiм сонгы кузде

1931 жылдын шілдесінде Шакарім алты мушел - 73 жаска толды. Тарихтын бетбурысты шагына тап келіп, букіл гумырын арпалыспен откерген акын омірінін сонгы кузі де таяган. Табигаттын кузі кандай болса, адам омірінін соны да сол сиякты  - карілік келмек. Кыста, буркасынды акпаннын сонында, устіде айтылгандай, акын катты наукастанып, жудеулікке урынган халде еді. Сакал-шашы ак кумістей болып толык агарганы да осы жолы. 

Шакпактын кунгей етегінде орналаскан Саяткоранын сол жагында шыксан, айнала алаканга салгандай корінетін биік карауыл тобе бар. Еті кетіп, каукиган суйегі калган, сакал-шашы кумістей карттын кобіне-коп барар жері – сол обалы биік, оз созінше «таудын» басы. Жаз бойы соган шыккыштап, кат-кабат ойлардын коршауында узак кунге нар сызбай бір орнында отыра беретін адетті тапкан. Октын-октын касына таяп «негып отырсын» дегендей окыранган Коныр ат болмаса, коніл болетін озге ешкім де жок.

Ойшылдын тозган жаска келгені растык десек те, бірак ол карттыкка мойынсунды ма? Алде денсаушылыгы сыр берді ме? Жок, олай болмаган.Маселен, 1930 жылдын кысында откен жайды баяндаган «Елсіз корада» деген оленін:
               
Жапанда жалгыз жаттым, елден жырак,
Коп іші болмаган сон маган турак,
Жасымнан суйген омірім онашалык,
Картайып, алжып тур гой деме, шырак!, -
деп бастайды. Жане осы ойын:
               
Ешкімге тезегімді тер демеймін,
Ет асып, шай кайнатып бер демеймін, -
деуімен ныктай туседі.
      
Ал, К. Оразбекулы озінін «Нактылы болган жагдай еді»  деген естелігінде былай айтады: «1931 жыл, шілде айынын орта кезі. Акжардагы ауылдын ортасымен астында сымбатты каракок аты (Коныр ат – А.О.) бар, канжыгасында колемді коржыны бар, узын бойлы, шокша сакалды бір кария адам булкілдек аянмен, манайына карамай отіп бара жатты. Біреулер «Шакен, Шакен, ані Шакен кетіп бара жатыр» деді. Мен акемнен бул кісі кім деп едім, акем: «Шакарім кажы деген осы кісі болады, данышпан адам, акын, жарыктыктын суйегі асыл адам гой, жасы келсе де, атка тіп-тік отыруын карашы. Бул кісі Шакпак тауында жалгыз озі турып олен жазады. Ауданнын 20-шы дукенінен азык-тулік акетіп бара жаткан болу керек» деді» (Абай. – 1994. -№9. – 65 б.). 

Иа, оле-олгенше ат устінде каккан казыктай тіп-тік отыратын, болмаса козінін нуры таймай козайнексіз окып-жазатын карияларды казак «суйегі асыл» дейді.
               
Еш адамды алдырмай касыма да,
От пен су, озім журем асыма да.

Бул да акыннын оз айтканы. Денсаулыгы алсіз адамнын елсіз корада жалгыз жатып, бар шаруасын озі аткаруы екіталай екені былай да белгілі. Ал, шыгармашылык табыстарына зер салганда, акыл-ой, санасы жагынан ой данасы тіпті орлеу устінде болган сияктанады. Хакикат ушкыны іспетті аулиелік жырлары мен «Мутылганнын омірі» атты омірбаяндык тамаша дастанын осы кезде тамамдауы созімізге далел. 
               
Кажыма, ойым, кажыма,
Карама тозган жасыма,
Адаспасан ак жолдан,
Конады бакыт басына, -

деп озін-озі сабырга шакырып, жігерін кайрайды акын.
Амал канша, 1931 жылы 2 казанда ГПУ отрядына кез болып, жазыксыз окка ушпаган жагдайда кайран бабамыз жарык дуниеде алі де жасап, талай асыл шыгармаларын жазуы мумкін еді-ау.

Алайда 1931 жылдын кыркуйегі денсаулык турыпты, талайдын жанын жаншып, тагдырын таптап, куйретіп откен сумдык уакигаларга толы болды. Томенде осы жайларга келейік.
 
1931 жылдын 3 кыркуйегінде уш ауданда (Абралы, Шубартау, Шынгыстау) бірдей наразылык думпуі бурк ете калады. Ойткені, бар жерде уксас жагдай - ел малсызтугын. Тігерге туяк калдырмайды екен деген урей-дубірменен копшілік малдарын кызыл-жоса кан кылып, 1928 жылгы кампескеден кейін кырып тастаган-ды. Маселен, осы жылдын басында Шынгыстау онірінде 54 мындай жылкы,  36  мындай сиыр, 362 мын бас кой жане 13 мынга жуык туйе болса, уш жылдан сон жылан жалагандай болып, жылкы небары  747, сиыр  241, кой  6 мын бас, туйенін  186-сы гана калган.

Кыскасы, жері шурайлы, шобі шуйгін, малы оріске толы, ар жерде ауыл-ауыл болып отыратын елдін мамыражай тіршілігі   быт-шыт боп бузылган-ды. Гасырлар бойы калыптаскан дастурлі тіршілікті ескермей, ешбір дайындыксыз бір-ак секірмектік, ягни тонкеріс жолымен кілт озгертем деушілік осыган урындырган-ды.
Котеріліс карсанын «Аштык азабы» оленінде Ахат былай жазады:
               
Казактын басшысы Елтай, елге келген,
Белдеудегі бузауды козі корген.
«Белдеуде жалгыз бузау калмасын!»-деп,
Какарга мініп, катты буйрык берген. 

Елтай кетерінде какарына мініп: «Аштык дейтін тук те жок, бул Тобыкты шетінен контра!» деп акырган деседі. Осымен, елге аштык кіріп, кункоріс онсыз да киындап турган жагдайда «аша туяк калмасын» деп алаботен урандаткан шолак белсенділер бала-шага айран-катык кылып отырган жалгыз-жарым аша туяк – ак сиырга да ауыз салган сынайлы. Шыдамнын шегін узген сонгы тамшы осы болган. Думпудін ел аузында «Аксиыр котерілісі» аталып кетуі де осыдан.

Ауелінде Шынгыстау котерілісі аудан орталыгынан 3-4 шакырым «Уйсінбай корасы» деген жерден асканда тап алдан шыга келетін Акжардын тубінде отырган Олжабай Шалабаев бастаткан аудан белсенділерінін 8-10 казак уйлі ауылын баскан. Себебі, мунда орналаскан «Оркенді» деген кооперацияда  журттан жинап сойган малдын еті сакталган койма бар -ды.  Ап-сатте Карашокы жактан мылтык атып,  «Аксарбас» деген айгайымен кужынаган  коп атты адамдар баса коктеп кірген корінеді.
Бір киыны, осы шабуылда чекист Олжабай Шалабаев (1887-31) коз жумады. Оны озен жарына карай жаяу кашып бара жаткан жерінде Кожаканов Карабала деген малшы адам балтамен бастан салып калып олтіреді. Олжабай туралы кыска малімет мынадай: Семейдегі кеме жондеу зауытынын жумысшысы. Байыргы адал коммунистін бірі. Калада Кенес окіметі орнауына белсене ат коскан. Семейден Карауылга «Жумысшы-шаруа инспекциясынын торагасы» деген кызмет бабымен жіберілген. Арі Шынгыстау ауданындагы 32 коммунистке басшылык еткен. 1930 жылдын басында милиция начальнигі болып ауданга Карасартов келгенге дейін, ГПУ-дін кызметкері Юдин деген адаммен тізе косып, іс жузінде ауданды баскарып турган. Олжабай алпамсадай толык денелі, шашын тап-такыр етіп кыргызып тастап журетін, журіс-турысында асыкпайтын адам бопты.

Шакерімнін талай рет жуздесіп, жаксы карым-катынаста болганы міне осы адам. Козі коргендердін айтуынша, корген-білгені коп, озіндік окып-токыганы бар Олжабай озіне тусініксіз тарихтын, философиянын сауалдарын тастап, кажы онын сурактарына аркез байыпты жауаптарын береді екен. Ол абыройлы Шакеріммен оз беделін котеру ушін тіл табысты ма, алде жан кумары сол болды ма, бул жагы бізге карангы. Айтеуір, кайталап айтканда, карт акынмен жаксы карым-катынаста журген. Мысалы, Шакарімге жауапты кызметкерлер дукенінен айына бір рет азык-тулік алып туруга руксат береді. Ал  Шакарім оган шакша силаган деген ангіме бар.

Булікшілер «Оркенді» кооперациясын куйреткен кезде кермеде байланып турган Олжабайдын Торжорга атын Касымбек Солтабаев жетектеп іле кетеді. Осы тор жорганын жыры коп. Бердештін озі жорганы Олжабайга уакытша міне туруга берген Шакарім еді дейді. Бірак Олжабайга торы жорганы силаган Бердештін озі деген соз тагы бар. Осы созде жан бар сиякты. Ойткені, котерілістен сон, Касымбектін астындагы торжорганы  Бердеш «менін атым бул» деп тартып алганы шындык.

Абай шыгарган екі куйдін бірі – «Торжорга». Музыка зерттеушісі Уали Бекенов бул куйдін шыгу тарихын тексерген екен. Ол Торжорга атты Магауия Алматыга катты сыркаттанып жаткан Абдірахманга барганда сыйга тарткан Дат деген азаматтын созін былай деп жазады: «Еліне ала бар. Абай агамызга тарткан сыйым болсын. Улы жуздін бір жігіті салемдемеге жіберген бір тайы еді деп ала кеткін».

Осы тай журісі тайпалган жоргага айналганда Абай суйікті атына жанагы куйді шыгарган екен. Мунын озі Олжабайдын торжоргасы улы акын мінген тор жорганын тукымы емес пе деген ойга жетелейтіні бар. Калай болганда да, ат Ыргызбай жактікі секілді.

Жа деп, жогарыда «Уш анык» газетінде жарияланган материалдагы Бердештін созіне тагы бір кулак турелік. «Акыры біздін арекетімізді, - дейді ол, - Шакарім де естіп койыпты. Ол маган келіп, большевик деген улы орыс халкы деген соз, оны тарихта ешкім женген емес, халыктын обалына каласын, кайт райыннан деген-ді. Мен конбедім. Акыры  кыркуйектін 3 куні (1931) Керейден Айдынкол, Жабагытай бастаткан 200-дей адам келді. Бул колга Шынгыс болысынын адамдарын ілестіріп, тауекел етіп ауданга шаптык».

Бул маліметтен Шакарімнін котерілістін рухани косемі болмаганы, керісінше оны тиюга куш салганы анык танылып отыр. Сондай-ак, негізгі куш пен басшы азаматтардын кай жактан екенін де коріп отырмыз. Ойткені, Шынгыстан косылган кол Керейден келген колдын жарымындай гана. Десек те, Шынгыс жактын басшы адамы кім? Шынгыстаудагы котеріліс басшысы Касымбек Солтабаев деген ресми дерек рас па?

Сонгы суракка Бердеш былай дейді: «Мен Касымбекті жаксы білемін. Жайшылыкта жанына екі адам ермеген кісіге котеріліс баскарды дегенге кім сенеді? Халык та акымак емес кой, корінгеннін артынан ере беретін.

Касымбекпен агасы Саниякас руы Бокенші Ахметжаннын балалары, улкен акесінін атымен Солтабаев деп жазылатын. Онын шын кінасі – Олжабайдын тор жорга атын алгандыгында.

….Бурын дайындалган НКВД жендеттері бізді октын астына алып, ауданга кіргізбеді. Бізде кару жок. Коп адамдар окка ушты. Біз каштык. Тірі калгандарымыз Шынгыстын сыртына токтадык. Осы жерде Касымбектін астынан тор жорга атты коріп, оны маган бер дедім. Ол бермеді. Акыр аягы жанжалга баратын болган сон, онын агасы Саниякас атты маган алып берді. Ал, Касымбек болса – менімен кектесіп, сол туні кашып кетті. Содан кейін кайтып коре алмадым».

Дал бір ай откенде акын окка ушады. Сол кезде кажымен бірге торжорга да кансырап жерге кулаган болатын. Олай болса, бул атка кажы кай кезде, кандай жагдайда  мінген? Осыган келейік.

             х    х     х
Шакарімнін калай атылганы, кім атканы жонінде, жалпы думпу басталган 3 кыркуйектен акын окка ушкан 2 казанга дейінгі окигалар жайында кауесет, ангімелер коп арі дерек-дайектердін бірі-біріне кигаш келіп жататыны бар. Мунын озіндік себебі бар. Шакерімнін оліміне тікелей катысты басшы адамдар сол кездін озінде-ак копшілікті куаге тартып, оларга «кылмыска бізді апарган Шакерім десендер, босатамыз, айтпегенде оздерінді айдап-байлап жок кыламыз» деп, «ол жалгыз болмаган, карулы бандымен бірге келе жаткан» деген сиякты   «мифтерді», жалган куалік кагаздарды жаздырту аркылы сумдык кылмыстын ізін жасыруга, сойтіп, оздерін актап алуга тырыскан.

Міне, 1963 жылы Абай аудандык партия комитеті жанынан Шакерімді актау максатымен 9 кісіден курылган комиссия 3 айы бойына 300-дей адамдармен сойлескенде аныкталган жайттін бірі осы.   Томенде коп материалдар ішінен іріктеп, «осы накты-ау, далелді-ау» дегендеріне гана ой шолу жасамакпыз.

Алдымен Карасартовтын тобында болган Айтмырза Тунлікбаев сойлесін. «Бул окига тусында Карасартовтын карауында чекистік кызмет аткардым, - дейді ол. – Бандалар Карауылды шауып, Олжабайды олтіріп кеткен сон арага уш кун салып Шакарім ага біздін уйге келді, катты ауырып жаткан токсандагы акемнін конілін сурады. Сонда ол: «Карауылдын балшык уйін киратып, кісі олтіргенде жексурын корінгеннен баска не шыгарды?… Оншен акымактардын ісі бул!» деп, буліншілікке катыскандарды катты жазгырып отырды. Сонда онын банда болганы кайсы?... Ал, акын казасына келсек, ол былай болган. Тан мезгілі. Куздін бір булынгыр куні еді. Жерді кырбак кырау баскан бокырау шагы.

Кузетте турган башкурт Халитов анадайдан мунартып корінген бір топ аттылардын бізге карай беттегенін корген. Осы хабар кулагына тиісімен оларды банда деп ойлаган Карасартов бізге бірден-ак «Атындар!» деп буйырды. Одан-будан мылтык атыла бастаган сон аналар іркіліп калды. Сол кезде іркілген топтан біреуі узіліп шыгып, атынын жоргасын тогілдіре бізге карай беттеді, жане де кайта-кайта колын котеріп, залалсыз адамбыз дегендей белгі берді. Жакындаганда Шакарім екенін баріміз-ак таныдык. Бірак, «Атысты токтатындар!» деген буйрык болмаган сон Халитов екі дуркін тагы атты. Шакарім атынын жалын куша беріп жерге кулап тусті. Аты да онбай жаракаттанды. Шакеннін бізге бірдене деуге де шамасы келмеді. Ат, туйе мінген калпымызда біз оны коршап біраз уакыт унсіз турдык. Бул кезде Шакен серіктері зым-зия жок боп кетті.

Капелімде жан тасілім кыла алмай киналып жаткан карттын каруын, устіндегі киімдерін буйрык бойынша журт улесіп ала бастады. Каскыр ішік, тымак, саптама етік, сырма бешмет, шалбар дегендерініз бір-бірден алынып болган сон ак кыраудын устінде ак жейде, ак дамбалымен кан жоса боп ак сакалды шал жатты. Сонда начальник маган:

- Ай, тобыкты, сен неге алмадын? – деп зекіді.
- Мен алатын несі калды? – дегенді мен ызага булыгып айттым.
- Озін ал! Баканаска жеткіз! – деп буйрык берді. Мен туйемді шогердім де, астымдагы оре киізді жайып жіберіп, соган олікті узын куйінде орап, екі жерден арканмен бунап, туйенін бір жагынан екі оркешінен ілдім. Озім туйеге жайдак мініп, Баканаска жеткіздім. …Біздін аса киындыкпен ойган жерімізге карттын узын денесі симаган сон соган отыргыздык та жузін жасырдык».
      
Айтмырза Тунлікбаевтын оз колымен жазып берген осы жазбага нанымды дерек козі деп карауга тиіспіз. Ойткені, мунда баяндалган жайт бір ол емес, алденеше адамнын  жазбаларында бар.
      
Бірінші корытынды - Карасартов, балкім, окига ішінде болмаган, катынаспаган шыгар деген кудіктен дым да калмай сейіліп отыр. Муны оз созінен де кореміз, Букетовтын: «Сіз олер алдында корген кезде сакалын кузеп тастаган екен дедініз гой?» деген сурагына Карасартовтын жауабы: «Сакалын кузеп тастаган екен. Баягы озім корген сакалы кайда, сол тогіліп туратын, тосінен томен тусіп туратын. Сойлегенде он колымен сакалын тарап отырып, сол колынын саусагын жайып койып, соган карап сойлейтугын». Адейі койылган «олер алдында корген кезде» деген суракка осылай жауап беріп, жауапкер озінін созінен усталган жайын андамай калган.
      
Начальник бар жерде арбір арекет буйрыкпен гана аткарылмак. Асіресе, жазалаушы аскери отряд тобында баскаша болуы мумкін емес кой. Маселен, ол киім-кешекті боліп алуга шейін буйрык бергенін коріп отырмыз. Айтмырзанын созінен шыгар екінші корытынды осы.
      
Шакарімнін киім-кешегі демекші, «Катты ауырганда» (1930) деген оленінде бул жайлы да озі жазып кетеді:
               
Булактан арман белігір бар,
Ренжімей, сонан кор казындар,
Терендеп барып лакаттай.
Кебісім, масім, шапан, шалбар,
Такия, тымак, желет, тон бар,
Болісіп алсын таласпай!
      
Бірак бул киімдердін Байкошкардагы агайынга емес, ботен адамдарга буйырганын Айтмырзанын созінен біліп отырмыз. Айткандайын, чекистердін бірі кажынын Стамболдан сатып алган алтын сагатын осы болісте колынан шешіп алады.               
      
Керегетас окигасынын куагерлері лам-мим демей, оздерімен бірге ала кеткен бір гана жумбак жайт бар. Ол ушінші октын иесі кім екендігі. Халитов жакын жерден аткан екі октын бірі Шакарімге, бірі торжоргага тигені жана айтылды. Бірак ушінші ок та бар гой?  Онын иесі кім?

Муны аныктауды сал кейінге калдырып, енді Шакарім тобындагы Бердеш Кунанбаевка кезек берейік. Жогарыда айтылгандай, котерілістін белсендісі де, Кытай жеріне отіп кетіп, кейіннен елге оралган арі азап-бейнетті белшеден кеше журіп, тангажайып турде аман калган адам да - Бердеш Азімбайулы Такежан немересі (1885-1963). Бердештін азан аты – Фердоуси. Онын окигалардын басы-касында болганы, тіпті котерілісті баскарганы талассыз. Ал, томендегі естелігін айткан 1963 жылы карі кокжал 78 жаста арі наукас жагдайда болган, ягни укіметтен каймыгатын, туысы Шакарім туралы сыр жасыратын ештене де калмаган шак.

1963 жылы Казакстан басшылыгы Шакарім маселесін егжей-тегжейлі тексеріп, содан корытынды шыгару ушін он екі адамнан комиссия курып, торагасына белгілі жазушы Хамит Ергалиев тагайындалган болатын (жанагы Тунлікбаевтын жазбасы осы кезде жазылган).

Томенде Х. Ергалиев комиссиясынын Бердештін аузынан жазып алган дерегі: «Біз оз туыстарымыз торт-бес адам жиналып Шакарім аганын хал-куйін білгелі Шакпактагы саят-мекеніне барганбыз. Аганын бір ауык ан аулап, сендермен бірге коніл сергітейін деген тілегі бойынша шыккан бетіміз сол еді. Тан мезгілі. Кун булынгыр болатын. Бір жазыкта аттылы-туйелі адамдардын шогыры мунартып корінді. Солай карай беттей бергенімізде неше марте атылган октан секем алдык та іркіліп калдык. Шакен: «Тегінде булар анеугі банданы куып журген отряд шыгар, мен соларга жолыгып жонімізді білгізейін, сендер осы арада аялдай турындар» деді де, журіп кетті. Барган бетінде екі дуркін мылтык атылды. Шакенді атып олтіргенін бірден сездік. Булар кім болганда да оны олтірген сон бізді сіра да аямас дедік те, сол бетімізбен Кытай отіп кеттік».

Кыскасынан кайырган Бердеш Азімбаевтын мына созі мен Айтмырза Тунлікбаевтін устідегі созі бір-біріне сайкес келіп, куйылып тускені онай андалады. Маселен, Шакарім карсы топка таяганда мылтык екі дуркін атылганын екі куа де растайды.
«Уш аныкта» жарияланган Кабден Есенгараулынын материалында тагы Бердеш жанагы созін былайша толыктыра айтады: «Тор жорга атты бір ай шамасы (котерілістен кейін) откен сон Шакарімге мен апарып бердім. Ондагы ойым Шакарімді Кытайга алып отпек еді. Оган ол конбеді. Атты да алмады. Ойланар деп атты тастап кеттім. Онын устіне Шакарім мен Зиятта жалгыз коныр аттан баска бут артар коліктері де калган жок еді.

Келесі куні, умытпасам, казаннын 1 куні кешке таман жанында Гылымбай Топжанов, онын немере агасы Идаят жане Зият Керегетаста жаткан бізге келді. Шакарім менін берген салемімді алмады. Ол адетте бір конілі калган адамга кайтып тіс жармайтын. Маган алара бір карап аттан тусті.

Келесі куні тан атар-атпастан мылтык тарс етіп атылганда баріміз шошына орнымыздан турдык. Біз атка мініп карсы бетке шыкканымызда, жаткан жерімізге 15-20 адам келіп токтады. Сол туні сілбі жауып, кун булынгыр еді. Олар бізге, біз оларга карап біраз турдык. Сол кезде Шакарім Зиятка карап: «Кош, жан балам!» – деп НКВД адамдарына тура тартты. Ол НКВД адамдарына таяп барганда екі дуркін мылтык атылды, торжорга ат кокке бір секіріп барып кулады. Шакерім атпен бірге кулап тусті де орнынан атып турып, колын жогары котерді. Онысы «атпандар» деген белгісі еді. Оган караган жан жок. Тагы да мылтык сарт етті. Шакерімнін жогары котерілген колы он колы сылк тусті…

Шакерімнін олгенін козбен коріп турсак та, колдан келер кайран жок, керейлерге карай бет алып, олардын комегімен Кытайга кеттік». Акын Керегетаска кандай максатпен келген, онан сон неге карсы топка беттеген екен? Бул туралы Бердештін созі: «Кейін Зияттан естігенім, Шакерім Шакпактан шыккан бетте Зиятты маган косып, озі тор жорга атты НКВД – га апарып бермек болыпты. Міне, ол максатына жете алмай окка ушты».

Осы создерде нагыз шындыктын негізі жатыр деген ойдамыз. Себебі, карт акын озінін колжазбаларын буып-туйіп кенжесінін колына тапсырганы анык. Ягни Зияттын Кытайга отуі озара келісілген шаруа болган. «Бала адамнын бауыр еті» дегендей Шакарім кенжесі Зиятка кимас серігі Коныр атын береді. Журіске мыкты арі кугын болса, сытылып кетуге тусі де лайык, елеусіз. Ал ен кымбатты мурасы - колжазбаларын коржынга буып, туйіп Зияттын колына тапсыруы жана окіметке де, алдагы тагдырына да сене алмаганынын айкын куасі. Барар жер, басар тауы калмаган адамнын байламы!

Сонгы бірер кунді Шакарім мен Зият бірге откізген сиякты. Сонгы кеште шошалага достары келгенін де жоруга болар. Барі Шакпактан інірде шыгып, Байкошкарда тунеген болар, тегі. Ойткені, Керегетаска дейін касына ерген серіктері сол ауылдікі.
 
«Абай» журналынын 1994 жылгы №9 санында басылган Зият туралы макалада (кімдікі екені малімсіз) мынадай дайек бар: «1931 жылы казан жулдызынын бірі куні Шакарім жанында Идаят, Гылымбай деген жолдастары жане кенже улы Зият тортеуі Шакпактастагы корасынан «Керегетас» деген жерге аттанады. Осы сапарга аттанар алдында Идаят пен Гылымбайга Шакарім былай дейді: «Мен коп ойландым, барар жер, басар тау калмапты.  Тіпті байламым Кытайга отетіндерге Зиятты косып, Кытайга жібермекпін. Ондагы ойым, менін олімімді ол, онын олімін мен кормейін», - дегенім гой». Достарымен дал осылай сыр боліскені шубаландырмайды.

Мансур Гылымбайулы (1933 жылы туган) былай деп дерек береді: «1931 жылы Шакарім кажы атылганнан кейін 2-3 куннен сон акем Гылымбайдын інісі Карімбай аудан орталыгынан суыт келіп, кажынын «куйыршыктарын» устайтыны туралы хабар жеткізеді. Гылымбай сол туні бір ул, бір кызын алып Аякозге тусіп, ат-арбасын сатып Талдыкорганга кетеді. Мен сонда тугам». 

Иа, котерілістен кейінгі бірер айда ГПУ-дін каріне ушырап опат болгандар, жогалып кеткендер жуздеп саналады. Мысалы, Тобыктынын 70 адамын Семейге акетіп, атып олтіреді (онын ішінде Абайдын Турагулдан кейінгі баласы Мекайыл бар). Ал, Шакарімнін кайгылы казасынан сон, Карауыл манында  халык «Абзалдын азап лагері» деп атап кеткен коркынышты лагерь курылып, коп туткындарды сонда усталган. Осы лагерьде он ай отырган Шакарімнін айелі Айганша, кызы Кулзия мен улы Кабыш титыктап шыгып, жолда оледі. Ахат бул турасында:
               
Оныншы айда босатып жібергенде,
Бір Гуллардан баскасы олді аштан,-
деген.

Шынгыстау котерілісінін, бугінгі кун биігінен караганда, шексіз зорлык-зомбылыктан,  тозак отына какталгандай аштыктын курсауына камалган журттын шарасыздыгы мен наразылыгынан туганы хак. Бірак, заманында булай саналмаган, себебі «когамды жабык жасау ушін айнала біткеннін барін жау деп аныктау кажет еді» (Г. Есім). Маселен, котерілістін бас уйымдастырушысы деген «кіна» Шакарімге танылды.


Рецензии