Асан Омаров - Шакарiм жане Елтай

//Шакарім жане Елтай//

Шебер тагдырдын киылыстыруын койсанызшы, жана соз болган кысылтаянда, ягни 1931 жылдын жазында, замана толкыны тудырган аттанбайлар мен шолак белсенділердін «ен улкені» Казакстан Орталык аткару комитетінін торагасы Елтай Ерназаров, кудай айдап, Шынгыстауга ат басын тіреген гой. Азан шакырып койган атын актай алмаган бул пакырын Шакаріммен жуздеседі. Кыскасы, драмага ма, алде  киносценарийге ме озі суранып турган сирек окиганын куасі боламыз.

Аулие Шакарім мен шолак белсенді Елтайдын кездесуі жайлы маглуматты К.Мухаметхановтын  «Шаккарім» атты макаласынан алайык. Онда Шакарім мен Елтайдын Шынгыстаудагы кездесуін оз козімен корген Аюбай Кенесарин (1906 жылы туган) мынадай естелік айтады: «Осы ауданга Казак укіметінін бастыгы Елтай Ерназаров келгенде (1931) Шакарім сол кісіге кіріп, узак ангімелесіп, шыгып турганда кордім. Жаздыкуні болатын. Елтайга арналып, Карауыл озенінін жагасына бірнеше казак уйі тігілген-ді. Елтай отырган уйді милиция адамдары кузетіп турды.  Арыз айта келгендер оте коп еді. Біркатары кіруге руксат ала алмай кунузак тосумен болды. Сол куні атакты онер иесі, анші Агашаяк ретін тауып кіріп, сиырымды кайтарып беретін болды деп куанып шыкты. Баскалары арызымыз шешілмеді деп ренжіп шыгып жатты.

Бір кезде Елтай отырган уйден Шакарім де шыгып келіп, турган халыкка: «Малдан айырылган елдін ашыга бастаганын айтып, тауір-ак сойлестім. Конбеді. Маселе шешетін басшыга уксамайды. Боска ауре боп кірмей-ак койындар», - деп атына мініп, журіп кетті».
Осы кездесудін белгісіндей мынадай олен жолдары бугінге жетті:
               
…Казактын басшы баласын
Сойлестім, коріп шамасын.
Калайша калап койган ел
Сезімсіз, ойсыз шаласын,
Тук келмейтін колынан?!         
               
Ел мунын ондай уга алмас,
Бастык та болып тура алмас.
Мансапка озін мактансан,
Еліннін басы куралмас,
Адасар айкын жолынан…

Бірінін білімі теніздей терен, бірінін ой-сауаты шуканактай гана екі адамнын тілдесуі мен пікірлесуі калай отті екен? Ой жугіртелік.

Шакарім салем беріп кіріп келгенде, тускі асты асыкпай ішкен Елтайдын енді карынын сипалай казакы устелдін торіне жантая тускені сол еді. Улкен акын, дана адам дегенді естіп журсе де, катты шаршап журген адамнын кейпімен аксакалдын салемін алган сон кайта жантайды. Канігі шешен Шакарім созін жайлап орбітіп, былайша туйді: «Озін де білесін, карагым, озегін ортеп турган аштыкка ушыраган адамда да, елде де акыл-ес калмайды. Сол аштык кургырын, согып кетпесе игі... Казакта я егін, я ондіріс жок кой, колдагы азын-аулак малы кетсе не болады?». Дуалы ауыздан шыккан соз шымбайына бата бастаган мезетте басын котеріп алган Елтай кителін иыгына іліп, малдас курып отырды. Сухбат курганда кімге де болса   аса кішіпейіл, лепіріп лагуды білмей, созді адеппен тосып сойлеу Шакарімнін дагдысы еді. Ол тебіренте сойлейтін, пікірін салмакпен куйылтып, ой козгайтын толгаулармен, туйінді термелермен адамды еріксіз озіне тартып отыратын айтулы шешен адам болган. Осыган коса, соз арасында атакты ойшылдардан мысал келтіріп отыруды унататын-ды.

Бул жолы да отыргандарды иіріп алган еді, кенет Елтай жын ургандай атып турып: «Сендер тукте тусінбейсіндер! Маселе алемдік революцияда, иа, иа нак солай. Мына Сізді халыкшыл, кедей табынын сойылын сога ма десем... Жок, бул елдін улкені де, кішісі де контра!» деп айгайга басканын озі де андамаган сыкылды.

Шакарім ауелде укімет басшысынын мына кылыгына асыкпайтын, орныкты Олжабай Шалабаев жане жанадан келген иыктары козгалактап, коздері ойнакшыган сабырсыз жас нашандік Абзал Карасартовпен бірге аныра карап калып, салден сон кок етігінін конышы тунліктен тускен сауледен жылт-жылт ете, галифесінін екі балагы елбендеп, аты-шулы косемдерге еліктей колын кеудесіне койып ерсілі-карсылы кезген укімет басшысы езуіне кулкі уйірді. Бул онын кім екенін танып калганы еді, енді жагдайды ушыктырмау ушін гана куйбен тіршілік ангімесіне ауысып, сабаз сабасына тускен туста «ал амандык болсын» кыска кайырып сыртка шыккан.

Бул, арине, біздін киялымыз. Айтсе де алденеше сагатта коп жайлардын козгалганы анык. Егер Шакарім анші Агашаяк сиякты тек жеке басынын шаруасымен кірсе, оны шешуге сут пысырым уакыт та жеткілікті болар еді.

Сыртта тоскан копшілік «Ау, мунша уакыт не сойлестініздер? Соз саптасы калай?» деп каумалаганда кажынын не дегені устідегі Аюбай естелігінін сонында келтірілген еді. Буган косымша «Былгары ерін, кур карын, алі-ак ертен корерсін, бул карыннын былгарын» депті-міс.

Иа, улт данасы Шакарім мен шолакбелсендінін кокесі Елтай бірін бірі кайдан тусіне алсын.  Бірак укімет басында Елтай емес, ел мунын угатын озге біреу отырса аштыктын алдын алу мумкін бе еді, алде жок па еді. Кесіп айтуга киын, ойткені, гап аярлыкпен казактын боркі мен шапанын киген шала сауаттылау адамды касына отыргызып койып, сонын атынан аксуйек аштыкты колдан жасаган кудайы жок капір Кужак-Голощекиннін «Казакстанда кіші Октябрь жасамак» жоспарына тірелгені казір ешкімге купия емес.

Сонымен, мемлекет басшысын да коріп, аділет ауылы алыстыгына бурынгыдан да бетер козі жеткен Шакарімге Коныр аттын басын кайтадан жапандагы жалгыз тамына тузеуден озге не калсын. Ондагы максатын ашык айтып:
               
Мен кеттім, сендер елде койдын калып,
Ешкімнін кеткенім жок малын алып.
Елу бес жинаган казынамды,
Онашада корытам ойга салып, -
дейді.

//Акын мен арамза//

1984 жылы Жайык Бектуров деген арі акын, арі кайраткер азамат «Орталык Казакстан» газетіне «Акын мен арамза» деген 400 жолдык поэмасын жариялап жіберді. Бул поэма Караганды гана емес, республика бойынша сенсацияга айналып, Шакарімге улкен козгау болды. Міне, Абай ауданын узак жылдар баскарган ардагер аксакал Хафиз Матаев озінін «Шакарім есімінін жангыру тарихы» атты макаласында (Семей таны. – 2004. – 16 кантар) осылай дейді.

Сенсация десе дегендей, аталмыш дастан жуздеген мын адамдарды толгандырып, коптеген белгілі азаматтарды акикатты ашуга ширыктырган болатын. Сонын бірі – Карагандыдагы айгілі галым Евней Букетов. «Евней Букетов 1984 жылы озінін кабинетіне келген Карасартов Абзалмен Шакерімнін олімі туралы жасырын сырласып, сухбат откізді, - деп жазады Х.Матаев. – Бірак жазу столынын астында магнитофон косылып турганын Карасартов білмейді. Ол агынан жарылып, 18 минут сойлеп,

Шакерімді олтіргенін мойындады, созі таспага жазылып калды».
Таспага жазылып калган осынау сухбат «Білмедім, Шакарімді кім атканын…» деген такырыппен 1989 жылы «Казак адебиеті» газетінін уш номірде (10, 17 жане 24 акпанда) жария етілген-ді. Колемді сухбатты баспага азірлеген жазушы Бейбіт Сапаралин озінін сонгы созіне «Тарих алдындагы сот» деген такырып койып, тапкырлык таныткан екен.Томенде 1984 жылы откен «тарихтын сотынан» узінділер алайык.   Евней Арыстанулы Букетов: …Сонда бардым деп айта берініз. Кызметке барганыныздан бастап, 1931 жылдан.

Абзал Карасартов: 1931 жылы мен Бескарагай ауданында милициянын райотделі болып істеп турдым. Ертенгі сагат 9-да Семейде болсын деп приказ келді. Облотделде … «Сізді Шынгыстау ауданына жіберейін деп отырмын. Онда жагдай жаксы емес. Бандылар шыгып ар жерден, соган елендеп елдін котеріліске ынгайланатын турі бар. Ол Абайдын немере інісі Кудайбергенов Шакарімнін туган жері. Шакарім деген кісі тек кана Казакстан емес, букіл жер жузіне атагы шыккан адам деуге болады. Шакарім авторитет, беделді де. Сондыктан сені жібергендегі максат, сол кісіге барганнан кейін, сол кісіні тауып алып, ангімелесу керек. Пікірін білу керек…», - деп маган катты тапсырма берді. Сонымен мен Шынгыстауга келдім.
Букетов: Мынау, орыс жігіті мен начальнигі кім еді? ОблГПУ-дін сізді жіберіп отырган?

Карасартов: Панов деген орыс жігіті. Менен улкен орта жастан асып кеткен адам.
Букетов: Сака адам гой тегі?
Карасартов: Заместителі Волков деген. Ол да орыс. Осылай жагдайды тусіндіріп жібергенсін Шынгыстауга келсем, менен бурын Юдин деген кызмет істейді екен, райотделдін начальнигі болып. Ол барлык жумысты маган тапсырды.
Букетов: Бул июнь айы гой, 1931 жылгы?
Карасартов: Сол июнь айы.

Осы арада азгана тусінік кажет. Семей облысы басшылыгынын  Шакарімді жаксы білгенін оган галымдар мен гылыми экспедицияны аркез багыттап отырганынан андаймыз. Мысалы, неміс галымы Макс Кушинский (1921 ж.), онан сон Шыгыс Казакстанда болган КСРО Гылым академиясы экспедициясынын (1927 ж.) этнография жагын баскарган галым Ф.А. Фиельструп (Ахат оз естелігінде Филистратов деп жазады) Шынгыстауга арнайы келіп, Шакарімнен манызды маглуматтар алганы малім. Ен бастысы, осы аталган екі галымнын да сахара турмысы туралы кітабы жарык корген болатын. ОблГПУ басшылыгынын Карасартовка Шакарімді «Тек кана Казакстанга емес, букіл жер жузіне атагы шыккан адам» деп таныстыруынын бір себебі осы болар деген ойдамыз.   

ОблГПУ «барганнан кейін сол кісіні тауып алып, ангімелесу керек» деп шегелеп жібергесін, осы тапсырмага сайкес Карасартовтын Шакарімге жолыгуы занды. Кандай жагдайда? Милиция начальнигінін оз созінше,  Шакаріммен ол алгаш  Шынгыстаудын бір сай-саласында кездейсок кезігеді. Отрядын ертіп, бандыны іздеп жургенде…
Карасартов: …Алгі тапсырма да бар шыгар, бірактагы ол кісіні мен бір коруге кумармын. Сондыктан Шакарім дегенде аттан секіріп тусіп салем бергем. Бурынгы атагына карай жане улкен кісі. Женіл киінген, басында борік бар. Тогілген сакалы бар, денелі, улкен карагер аты бар. Карагер аттын бір жагында саба корініп тур, коржыннын бір басында суйретпе (кымыз сактайтын улкен тері кап – А.О.) бар. Бір басы тагы толык. Сосын, мен сізді бір коруге кумар едім, іздеп бара алмай жатырмын, кызметке келгеніме де коп болган жок деп…

Букетов: Озінізді таныстырып турсыз гой енді?
Карасартов: Таныстырып турмын. «Карауылдан алыс кеткен жоксыз. Уйіме журініз», - дедім.
Букетов: Бойы сізден бойшан гой жобасы?
Карасартов: Бойшан! «Оган рахмет! Мен казір канжыгама коржын байлап журіп барганымнан горі, адепкі калпымда баруым керек кой?! Жане сізге еріп барган сон устап акелді дейді гой», - деді. «Мына Шынгыстын боктерінде, ары жагында жайлауда отырмын. Келініз, сол жерде менімен ангімелескініз келсе», - деді. Мен: «Муныныз да дурыс екен. …Ана бір таудын астында отрядым бар…».
Букетов:  Сіз бар шынын айтып жатырсыз гой?

Карасартов: «Менен комек болмаса, баска жагдай болмайды деп, осыган сенсеніз болады», - дедім. Сосын «жаксы» деді ол. Бірак «карагым, шырагым», - деп лыпылдап турмайды.
Букетов: Ондай жаксы соз шыкпайды деніз?
Карасартов: Ол кісі отірік айтса да, «карагым, шырагым», - деуге болады гой. Жок, ойын біркалыпты устайды ол кісі. Сонымен тарастык, ол жоніне, еліне кетті. Сонымен бірталай уакыт откен сон мен кісі жіберіп шакырттым оны.
Букетов: Бул июль айынын іші ме?
Карасартов: Бул июль айы болар шамасы. Кашан аттанганша мен ол кісінін касынан ешкайда шыккам жок. Кандай кызмет болса да сырттай жауап бердім.
Букетов: Кондырдыныз гой?

Карасартов: Кенсеге кондырдым. Конып, шайын ішіп жайланып: «Жагдайыныз калай, менен жасырмай айтыныз? Не айтасыз», - дегенде, «Бір кезде торде турып лактырган суйегіміз аузымызга тимей, козімізге тиіп калушы еді. Бул кунде біздін халіміз осындай халге ушырады…». Ол кісі кампескеленген гой. Сол жылдын басында Елтай Ерназаров келген екен, оны устауга. Сол келгенінде 16 бас малын кайтарып беріпті.

Букетов: Жаксылыгын онша білмей отыр гой, малын кайтарып бергенін?
Карасартов: Ырзашылык ондай созді айткан жок.
Букетов: Бул кісі колхозда бар ма екен, Шакарім?
Карасартов: Дал колхоздын озінде турмаган. Осылай бір кун, бір тун сойлескенде менін бетіме тура карап бір сойлемеді гой. Ал, енді маган караса куллі денесімен бурылып, «каскырша» карайды да. кайтадан калпына отырып сойлейді. Бір кун, бір тун сойлескенде езу тартып бір кулмеді!
Букетов: «Карагым» деу жок баягы…
Карасартов: «Карагым-шырагым» деген созді далада да, уйімде де, еш жерде естігем жок!
Букетов: Сізге Абзал дей ме, Абеке дей ме?
Карасартов: Абеке де демейді, Абзал да демейді.
Букетов: Кызык екен?!
Карасартов: Ал енді ертенінде «Енді руксат болса кайтайын. Сый-курметке рахмет!» деді. Сосын пар атты жеккізіп, ун-шайын, керек-жарагын бір абдіреге салгыздым. Міне коргенім осы!

Букетов: Бул енді екінші рет кой. Бірінші рет таудын ішінде амандастыныз?
Карасартов: Ал турін алі умытканым жок. Менін умытпайтыным сондай, бірталай жыл болып кетті. Менін озім міне жетпіске келіп отырмын. Менін ешкандай журегімде…
Букетов: Енді сіздін сол шыгармаларымен, жазгандарымен жугінуініз калды гой, сол. Озінін сол ангімесі салкын болса да?

Карасартов: Солай калдым… сосын озінін отырыс, журіс-турысы… Мен ондай адамды сирек корген нарсем. Сонын озі ол кісінін… бір галым сиякты еді.   
Букетов: Нагыз аксуйек кой?
Карасартов: Алаштын аксакалы болып бірінші сьезде соз сойлеген. Сосын даулетті, бай болган кісі.
Букетов: Сізді бала деп менсінкіремей отыруы да мумкін гой! Сака кісі гой абден, копті корген?!
Карасартов: Ол кісіге мен колына су куйып, кушагымды жайып, озім дамімді аузына шайнап бергем жок, озгесін – жаксылыктын барін істеп жатырмын. Сонда ол маган сенімін кушейтсе екен деп отырмын. Осындай жагдайдын баріне конбей, акыры, сентябрьдін 3 куні 7-8 ауылнай елді Шынгыстын ана шеті мен мына шетіне сыртынан, елдін куллісін акеліп ауданга жауып, шабуыл жасады гой.

ЕСКЕРТПЕ: устідегі материалдын тек Шакарім мен Карасартов екеуінін кездесуі жайлы болігі гана. Жане, жауапкердін жауаптары таспага жазылган стенографиялык турінен сал-пал ыкшамдалып алынды.

Ал, енді корнекті казак галымы май ішінен кылшык тарткандай суыртпактап алган жауаптарды тексеріп, бурынгылардын созінше «кагып» корелік. Милиция начальнигі акынды «конак кылган» июль айы Гафурдын кайгылы казасы откен, ал Ахат турмеде, Зият кашкын болып журген кез. Сондыктан акыннын жабыркаган коніл-куйі тусінікті сияктанады. Айтсе де, Карасартов, оз айтуынша, бул елге жанадан гана келген, былайша айтканда, алі даненені булдіріп улгермеген мемлекеттік жас кызметкер емес пе.

Орайы келген сон айтайык, Шакарім кенестік кызметкерге, комсомол, партия мушесіне теріс козкарастан аман болган. Маселен, шамасы 1928 жылы болган ел кыстаудан Жонга бет алган шактагы кездесуді бір комсомол-сабаз былай деп есіне алады: «Буылган тен, тартылган шомадан шешілмеген туйелер комдарымен жур, бірлі-жарым арбалар жуктерімен тур. Тек тускі ыстык кезінде туйе белін босатып, дамылдап алып кайта кошкелі отырган ауыл. Дулаттын Кенжебегі тонкайма уй (уакытша жабу) тігіп алыпты. Атты калмакша байлай салып, уш жігіт сол уйге салем беріп кіріп келдік. Уй толы адам, орталарында – дастархан, кымыз сапырып ішіп отыр екен. Біздін салемімізді самаркау гана кабылдады. Ешкім тізесін бурып орын бермеді. Ол кезде менін барып турган белсенді комсомол кезім. Орысша киінем, оне-бойым кару-жарак, аз кідіріп калдым да, тері плащымнын етегін кымкыра, кылышымды кырынан кымтай устап, дастархандагы дамнін устінен бір-ак аттадым.
Ен торде отырган екі адамнын бірі – Шакерім, бірі – Махмуд молла екен, еріксіздеу араларын аша берді. Мен отыра салып, Шакене кол беріп амандастым, озгелері тым-тырыс тына калды. Кымыз сапырып отырган зор денелі Кенжебек копіріп ала жонелді:

- Дастарханнан аттау, аруактан аттау, бул кай ясинге тен?! Бір ауылдын иті ботен ауылга келгенде урмес болар, - деді. Неге екенін білмеймін, Шакерімді корген сон мен озім де кысылынкырап калдым да, жарыса сойлеуден азырак богеліп калдым. Сонда Шакерім Кенжебекке карап:

- Булінген ешнарсе жок, озіміздін баламыз оз уйіне кірмей ме? Еркелеп еркін журмей ме?  Уй толы адам отырып, бір кісі тізесін бурмады, ол не? Кундестік, куншілдік дегеннен жаман адет жок, созді токтат, кайтадан кымыз сапыр онан да, - деп Кенжебекті токтатып тастады».   

Бул ангімеден Шакарімнін барша пендеге махаббатпен караганына тагы бір коз жеткіземіз. Олай болса, асты-устіне тускен жас чекист Карасартовка келгенде отірік те болса тым курыса бір рет «карагым-шырагым» деп жылы шырай корсетіп, он кабак таныта алмаганы несі? Гуманист картка не болган? Алде ажалы осы кісінін колынан екенін іштей сезді ме екен? Бір гап бар мунда.
 
1931 жылы Шакарімнен Семейден бе (кейбір дерек козінде Балкаш жактан), айтеуір, жогаргы жактан келген ОГПУ-дін командирі жауап алганда, акынды Баканаска жеткізушінін бірі Карасартовтын озі болган. Жолда  Миграждын (Байкошкардын тургыны) токтылы койынын кез болуы осыган далел. Сонгы оленінін бірінде кажы болган окиганы былай айтады:
               
Гепеудін солдаттары келіп калып,
Кашкынмен хабарласып журсін гой деп,
Акетті Байкошкарга устап алып, -

озін устап алып, тергеуге акеле жаткан чекистер жолда:
               
Аркар деп карангыда бір койды атып,
Тимеді ешбір огы токтысына,
Солдаттар торт атса да тарсылдатып.
Койы екен Миграждын ессіз кеткен,
Ок тиіп саулыгына каза жеткен.
       
Баксак, осы окига Карасартовтын Букетовке берген жауабында бар! Ол былай дейді: «Сол Байкошкардагы ауылга келе жатканда, тастын басында секіріп бір екі-уш кой шыга келді. Ауылдын жанында. Сосын касымдагы жолдастарым аттан тусе салып, атуга ынгайланып еді «Атпандар, бул аркар емес, бул кой!», - дедім. Дегенмен сонын біреуі атып жіберіп, бір кок токты калпактай тусті».
      
Демек, сол Миграждын койы окка ушканда Шакарім мен Карасартов бірге болган. Ойткені, Шакарім торт рет атты десе, Карасартов бір гана ок аттык дейді. Далсіздік осы гана. Айтайын дегенім – «конак болган» кезінде кажынын чекистке он шырай бере алмау сыры, сіра да, осы арада. Ягни со жолы кажы Карасартовтын кандай адам  екенін анык байкаган. Алденеден катты конілі калган.
      
Маселе сонда, Карасартов осы кездесуді жасырып калып отыр, ол жонінде лам-мим демейді. Демек, бул фактіден біз жауапкердін шындыкты тугел ашпай, арнені бугіп калып отырганына коз жеткіземіз.

Арамзанын жауабынан айкындалып отырган келесі бір жай - кажы онымен ешкандай пікірлес те, сырлас та болмаган. Муны шегелеп отырганым – Шакарім мен Карасартов бірін-бірі жаксы білген, пікірлескен, сырласкан-мыс деген создер бар. Олар шындыкка жанаспайды. Жалган соз.

Болган уакиганы козімен кормеген, тек акесінен я таныс-туыстан  естіп жазган кейбір естеліктерді тексере келгенде, Карасартовты Олжабай Шалабаев деген коммунистпен шатастырып алганы байкалды. Себебі, сол кездегі карапайым коптін тусінігінде Шалабаев та, Карасартов та «ГПУ-дін бастыгы» еді.   
       
Бул орайда акыннын озі комекке келіп, кудігімізді сейілтеді. Ол 1931 жылдын каралы жазында жазылган «Кейбіреу безді дейді елден мені» деген зарлы оленінде мынадай далді дерек береді:
               
Арамнан адалды актап ала алмадым,
Жанганнын жанын сактап кала алмадым.
Елді зарлаткан арсыздын кылыгынан,
Жанына жаным шошып бара алмадым.
      
Сонгы жолды акын абстрактілі, жалпылама емес, накты адамга айтканы сезіледі. Баскалар турсын, оз кіндігінен тараган ул-кызга суйеніш бола алмай, оларды ажал тырнагынан алып калуга, арашалауга дарменсіз халді кешкен сорлы акенін куйігі, жанайгайы емес пе.
      
«Казак адебиеті» газетінде устідегі Карасартовтын «Мен білмеймін…» деген жауабы жария болган сон, іле-шала осы газет бетінде 1963 жылгы тексеру комиссиясынын бастыгы Хамит Ергалиевтын «Біз білеміз акынды кім атканын» атты материалы жарык корген болатын. Онда макала авторы Карасартовтын мен білмеймін деп булталактаткан естелігі «шындыкпен мулде жанаспайды» дей отырып, оз ой-пікірін былайша туйеді: «Советке карсы бір ауыз созі де жок, кылдай киянаты да жок адамды сотсыз-даненесіз аткызганнан кейін Карасартовтын корыкпаска, бар палені олген адамнын устіне уйіп-токпеске шарасы кайсы?».

Кореген акын ажалын озі «карагым-шырагым» дей алмаган чекистін колынан тапты деп кесіп айтуга да болар еді. Айтсе де «презумция невиновности» деген алтын кагида бар. Арі біреудін актыгы туралы созде екінші біреуге накактан жала жабу болмауы ушін Шакарімді кім аткан деген маселені томенде арі карай нактылай туспекпіз. Азірге Карасартовка катысты мынадай косымша маліметтерге коз тігелік. 

Шакарімге жапкан жала, жаккан куйе ішінде Рамазан деген мугалімді олтірткен деген кіна унемі кылан береді. Сондыктан осы фактіге токталмай болмайды.
Баксак, Рамазаннын мугалім аталуынын озінде бір шикілік бар. Бул адам Карасартовтын Бескарагайдагы аріптесі екен. Оны Карасартов арнайы шакыртып алып, Баканас журтшылыгына мугалім деп таныстырган. Бірак «мугалім» балаларды бір кунде жинамаган, сабак окытпаган. Ойткені, ол келген тамыз айынын басы балалар оку окитын кез емес. Екіншіден, Баканаста бул кезде білікті мугалімдер жеткілікті болган. Маселен,  М.Ауезовтын озі жіберген устаз Кусыман Райымханулы Семей оніріндегі мугалімдердін ішінде алгашкы болып Ленин орденімен марапатталган еді. Сондыктан чекист-мугалімге улкендерді «саужой»-га жиып коз кыла туруга тура келеді. 

Жас жігіт Рамазан «тыншы» деген созіміз расталуы ушін Баканастын байыргы тургыны Козбаева Укыш ажейдін естелігін келтірейік. «Бір куні кешке салым Байкошкар жактан келген он-он бес шакты салт аттылар Баканасты басты, ішінде Касымбек, Зият секілді танитындар да жур екен. Олар ерлі-зайыпты Рамазан-Рапіш деген жастарды устап акетті. Екі уйіміз корші едік. Рапіш сондай инабатты, іші-бауырга кіріп туратын ізгі жан болатын.

Рамазаннан саужой (сауатсыздыкты жою) окыдык, маркум женілтектеу бала болды. Кайда баратынын білмеймін, тунделетіп журеді. Сурасам «екінші кызметім де бар гой» дейтін калжынга сайып. Акбиік деген жерде егін бар, кейде содан масак теріп, угітіп бидай куырамын. Рапіш: - Тате, куырма, мына Рамазан атамды (Жетібай аксакалды) устатып жібереді, - деп отыратын. Сормандай бейбактарды ауданга апара жатып, жолда атыпты».

Коріп отырмыз, Рапіш куйеуінін булікке катыскандарды устап беріп журген тыншы екенін жаксы білген. Екікабат Рапішті обал гой деп босатуга ынгайланган кісілер де болган, бірак «бізді танып алды, енді болмайды!» деп басшылар еркісіз оны да аткызган.  Сойтіп, бакытсыз бейбактын «екінші кызметі» озінін гана емес, отбасынын да тубіне жетті.

Семей облыстык «Казак тілі» когамынын уні болган «Уш анык» газетінін 1991 жылгы №3 санында «Шакерім кажы  калай атылды?» атты макала жарияланган еді. Онда куагер Бердеш Азімбайулы Кунанбаев Рамазан жайында былай дейді: «Біз ауданды шаппак болып жиналып жатканда маган «Аккойтас» колхозынын бастыгы деп бір жігітті устап акелді. Тінттіргенімде конышынан Рамазаннын «Азімбайдын Бердеші 500 адаммен ауданды шапкалы жатыр» деп Карасартовка жазган хаты шыкты. Рамазаннын атылуына сол себеп болды».

Бул дайек Рамазан мен Рапіштін окка ушуына Шакерімнін ешкандай да катысы болмаганына козімізді жеткізсе керек.Француз жазушысы Виктор Гюгонын «93 жыл» деген романында екі революционер бейнесі кестеленген. Онын бірі жас офицер, революционер Говэн былай дейді: «Казіргі революциянын мані купия. …Белгілі жагы – катігездік, белгісіз жагы – улылык. Мен муны бугін айкын тусінемін. Бул тан калатын, арі тамаша іс. …Курылыс журіп жатыр. Тагылык сатылары устінен оркениет салтанат куратын болады» (В. Гюго. «93 жыл». – М., 1973. – С. 35.).   
Карасартовтын ойлау жуйесі осы Говэндікіне уксас болганга уксайды. Ойткені, ол да таза киял ушін катігездіктін кандай туріне болмасын ойланбай барган. Жане, кейінірек те, корген адамдардын айтуынша, «мен байыргы революционермін!» деп кеуде какканды унаткан екен.

1932 жылы какарлы Карасартов Шынгыстаудан Жарма ауданына кызметке ауысады. Бірак адам аулаган «ерлік» істерден ол жакта да аман болмаган.

Белгілі жазушы Азілхан Нуршайыков 1989 жылы «Арай» журналынын №5 санында берген сухбатында былай айтады: «Ол кездегі біздін аудандык ОГПУ-дін бастыгы Карасартов деген біреу болды. Карасартов какарлылыгы сондай, ол келе жатыр десен ауданнын жылаган баласы уанып, улкендері жердін тесігі болса, соган кіріп кететіндей болады екен.

Жанылмасам, 1934 жылдын басында сол Карасартов тірашмонкеге шолак куйрык уш ат жегіп, сонында келте куйрык екі атка салт мінген екі солдат какактап, талтусте біздін колхозга жетіп келді. Ол колхоздын он екі адамын каздай тізіп алдына салып, кешке таман ауданга карай айдап акетті. Айдагандардын айелдері мен балалары улардай шулап кала берді. Бірак, еш кылмысы жок ол адамдар бір айдын ар жак, бер жагында арып-ашып, аман-есен ауылга кайтып келді.

Мінекей, сол Карасартов есімін бул окигадан коп кейін Абай ауданына барганымда жане естідім. Казактын атакты акыны Шакарім Кудайбердиевті анда жургенде атып, жазыксыздан жазыксыз олтірген сол Карасартов деп Абай елінін адамдары шетінен шулап айтысып отырысты». 

Айткандайын, осы Жармада атакты анші Абдігали Алдажарулы Карасартовтын курыгына ілінеді. Семейлік ардагер аксакал Орымбаев Магжаннын айтуынша, ол Шакарім атылганнан кейін Жарма ауданынын Белтерек колхозына келіп, паналаган екен. Ол белгілі устаз Кажыгелдінін комегімен ауылдын кызыл отауына орналасса керек. Бірде Карасартов «Массаган, Шакарімнін куйыршыгын, кара?» деп танып калып, Абдігалиды камауга алады. «Халык жауы» аталып кете барган есіл аншіні осыдан сон ешкім кормеген.

Сонгы бір дерек. «НКВД-нын екі жылдык мектебін бітірген сон, Семей каласындагы №3 ішкі істер болімінде (каланын Жанасемей болігі – А.О.) кызмет істеп жургем, - дейді жогары бір туста аты аталган Гылымбаев Макту (акесі Гылымбай мен Шакерім кітаптар салынган сандыкты жерге комгенде бірге болган бала). - Умытпасам, 1948 жыл гой деймін. Бірде базарда май сатып журген косе кара шалды устадык.

Созылмалы сыркаты бар ма, жок суык тиген бе, айтеуір кеудесі сыр-сыр етеді. Усталган кісіміз Ку жакта маслопромнын бастыгы болып істейтін Абзал Карасартов болып шыкты. Уш каткедей майы бар екен. Олай тергейміз, былай тергейміз. Адал коммуниспін, байыргы революционермін босатындар, оздеріне жаман болады дейді. Айтканындай бір-екі куннен кейін босанып шыкты. Босаткан КГБ-нін полковнигі Арыстанбеков деген «кудай». Акен бір кезде Шакерімнін досы болыпты деп менін озімді ауре-сарсанга салды». 

Акын мен арамзанын біз білетін уш кездесуі туралы соз осымен тамам. Ал, ен сонгы кас-кагымдагы «кездесудін» ангімесі алда.


Рецензии