Биз ата тагдыры туралы жазамыз!
Кыс...Кыстагы коріністер, аязга тозе алмай усіп калган когершін, онын кыска омірі жане акесінін кустар туралы ойлаган ойлары - осынын барін окыганда откен гасырдын ашаршылык Голощекиннін билеген кездері елестеп бізге жакындай келді. Когершін сиякты мындаган адамдар сол уакытта жасанды аштыкка, суыкка, баска да киындыкка тозе алмай, бірак туган жерін кимай калып омірден откен. Маликанын акесі ойлагандай Отан деген, туган жер деген угымдар бізге де жанаша ашылып оте тусінікті болды.
Куні кеше жылдарга караганда сол 30-шы жылдары шекарадан оту ондай киын нарсе болмаган екен, кеткісі келгендер, кетуге мажбур болган, кудалауга тускен адамдарга жол ашык болган. Мындаган адамдар, соларменен бірге Маликанын атасы да шекарадан отіп, ботен елдерде коныстаган. Сол жерде Маликанын акесі туып, осіп, еліміз егемендік алганда кайтып оз Отанына оралган. Біракта, біздін заманымызда бір кездері виза, шекара деген адамдардын оміріне Тарбагатай тауындай кедергі болып, ойламаган жерде киындык тугызып, 25 жылга туган анадан, акеден, туыстардан айырып, туган елді кормеуге мажбурлеген. Кандай окінішті, кандай аянышты жайт! Осындай тарихымызда кетістік жерлер болганына мен де окінемін, соларды тузету, солардын кайталанбауы біздін жане келешек жастардын улесінде деп ойлаймын.
Сол ашаршылык жылдары Маликанын атасы баска жерге кошуге мажбур болганда, барган жерде коп киыншылык коріп жургенде, менін нагашы атам Ж.А.Жанібеков "Алаш" партиясын уйымдастырушы ретінде «Кытайга боскан кыргыздардын (сол кездері казактарды «кыргыз» деп солай атаган) ауыр турмыс – халіне комек корсетуге шакырган казак зиялаларынын «Алаш азаматтары! » Ундеуіне кол койган, комектесуге каржы жинаган. Мыналарды окысаныз, сонын далелін табасыз.
http://alash-club.kz/blog/bos-yn-yr-yzdar-zh-rdem
Енді біз егеменді Казакстанда турып жаткан коптеген кугын –сургін, ашаршылык , зорлык –зомбылык корген адамдардын урпактары, оз елімізде, осы казакша жазуга мумкіндік беретін сайтында кездесіп, тек кана бір –бірімізге комментарий жазысып, жиган –терген ангімелерімізді, олендерімізді жариялап отырмай, Малика сиякты ата тагдыры туралы жазуга тырысайык, жазайык !
Аталарымыздын откен жылдары корген, біракта ашык айта алмаган, жаза алмаган коптеген корген окигалар туралы оз еріктерімізше жазуга міндеттіміз, жазамызда. Ол деген не? Ол деген жаксылык, ол деген бізге берілген бакыт. Ол деген еліміздін егемендік ел болганынын натижесі. Сондыктан : Жасасын егемендік! Жасасын Казакстан! ) ) Гулжан
PS. Кателері болса кешірерсіз.
Свидетельство о публикации №212021400925
Сздін аталарыныздын ангімелерін рахаттанып окимын, керемет жаксы асерлер аламын. Осыларды кайта жарыкка шыгарып жургенін ушін озіне ата бабаларыннын аруактары оте разы. Маган озіннін томендегі ойларын унады: "Аталарымыздын откен жылдары корген, біракта ашык айта алмаган, жаза алмаган коптеген корген окигалар туралы оз еріктерімізше жазуга міндеттіміз, жазамыз да. Ол деген не? Ол деген жаксылык, ол деген бізге берілген бакыт. Ол деген еліміздін егемендік ел болганынын натижесі. Сондыктан :"Жасасын егемендік! Жасасын Казакстан!".
Гаухарбек Баянбайулы Кунхожаев 19.02.2012 06:33 Заявить о нарушении
Гульжан Иманкулова 20.02.2012 08:24 Заявить о нарушении