Махаббат такырыбы. Бакытбай Сеитов

Махаббат - Алланын адамга берген ен басты сыйы, Махаббаттын уш турі болады.

Улы Махаббат - Жаратушынын озі жараткан барлык жаратылыска деген ерекше устанымы, барлык гарыштын басын біріктіріп турган улы зандылыгы.

Екіншісі, Жан махаббаты, ол Улы махаббатка тартылыс, Отанга, елге, жерге, ана мен балага т.с.с. рухани куштарлык.

Ушіншісі, Тан махаббаты, ол пак сезім, ол кунасіз кумарлык жанедуниеге урпак акелуге байланысты аналык пен аталыктын табысу, кауышуынын алгы себебі. Сондыктан, бул созді орынсыз пайдаланба жане корлама, жай куштарлык,  суйіспеншілік сезіммен шатыстырма. Болашак жарынды тандарда онын тектілігіне аса коніл аудар, мумкіндік болса шешесін, нагашыларын коріп ал.

Уйленбей журген баласын уйлендіруді ойлаган бір адам «Ей, байбіше атты кауза, мен мына улга калындык іздеймін» деп улын алдына жаяу салып, озі атка мініп сапарга шыгыпты. Елді мекенге таяганда баласын камшымен сабап отеді екен. «Ей аксакал боланы неге урасын» дегендерге «бул бала айтканымды істейді» десе, олар «Мына шал жынды ма» деп кала береді екен. Кундердін кунінде бір ауылга такагандарында алдарынан тезек терген кыз шыгыпты. Шалдын айтканына «Е, урса ургандай екен. Айткызбай-ак істемей ме» депті. Шал сол жерде кызга куда тусіп, баласын уйлендірген екен.

Аса сулуга уйір болма. сулуга аркім кумар, андыган алмай коймас. Онын сонында казакта «тулкі жатарында жер талгамас, айел жатарында ер талгамас» деген бар. Уа, урпагым біріншіде адам айелді урпак жалгастыру ушін алады, бедеуге басынды байлама. «Топ жармаган байгіден, белі жуан бесті артык, баласыз болган айелден, лактаган ешкі артык».

Екіншіде, канша сулу болса да, койнына алма арсызды. Арсыздан арам бала туады. Агайынга сыйын болмайды, касында досын, торінде жиын болмайды. Ушіншіде,  катын алма, кайын ал, озіне сайын ал. «Катынды бастан, баланы жастан».  Бірінші табалдырык аттаганнан бастап катын гып уста. Бурынгы катынасын жігіттік, ендігі катынасын жануялык. Асыкпай бабымен тіршілігінмен таныстыр, онын бар шаруасын-ыдыс аягын, корпе-жастыгын, киім кешегін, кіржугышын, оттыгын, муздаткышын,  тауып бермесен, сол жерінде мулт кеткенін. «Мал таппайтын еркек жок, уксататын катын болса» Мысалы; сен кой акелдін, ал ет сактайтын жерін жок, катында не кіна бар?. Сен отын акелдін, ал оган су тиместей лапасын жок. Пешін туйык болса,  шатырын жарык болса, балтан топас болса, коран капас болса. «Жібекті туте алмаган жун кылады, катынды куте алмаган кун кылады» деген осыдан.

Айелге кол жумсаган еркек, енесін тепкен есектей. Акылмен айт, жонін корсет, конбесе туыскандарын шакыр, болмаса бір рет саба, оган болмаса тезірек кутылганын жон. «Катын жолда, бала белде» деген тагы бар. «Айрылысарда катын киын, кошерде журт киын». Каншама жыл отаскан айелінмен дурыс айрылыс, калаган нарсесін бер, ылгида ол кіналі болмаган шыгар. Кетсе де саган окпелемей, риза болып кетсін.

Ертеректе серілік курып жаксы тазылар устадым. Жасым асып, ауруым колкалаган кезінде жігіттікпен коштасатын кез келді. Атымды курбандыкка шалып, Буркітімді босатып жібердім. Кыраннын аты кыран гой, артына карамастан ушып кетті. Ен киыны екі серігім,  тазыларыммен коштасу болды. Туйгыным мен Сырттаным екі козі жаутендеп турып
алды. Босансыган конілімді тез айыктырып, екеуіне екі жана каргы бау тагып,  койдын куйрык майын екіге боліп алдарына тастадым. Алгіні кылгыта салып екеуіде ойнактап кете барды. Екеуін екі аншы жігітке бердім. «Аш болган кездері болса,  істеген иттігім болса, кешірсін» деп тілек тілеп, менде кала бердім...

Коп катын алудын сані де, мані де тозган заман гой, айтпесе тек осымен казак, ултынын уш маселесін тындырган. Біріншіден, казакта карі кыздар болмаган, екіншіден,  ойнастан бала туылмаган, ушіншіден, жукпалы дерттер жайылмаган. Барлык дерлік ургашы занды неке курып, балалы болган.

Ал казір «екі айелдін басы косылса ойран, екі сыйырдын басы косылса айран» дегенге жуык. Телеарнадан елге акыл айтып журген, журналистер пір тутатын бір окымыстынын (атын айтпайын) «Екі айел алган дурыс, тіптен айелдерге де екі баймен туруына болады» дегенін оз кулагыммен естідім, ол аздай оган барі кол сокты( о тоба, жасыма жетпей картайтатын болдындар гой...)

Шаригатта торт айел алуга урыксат дегенді алгаш естігенде айелдер даурыкса керек. «біз немен кембіз» деп. Осы суракка жауап айта алмаган гулама уйіне келіп мунайып отырса, кызы жаны ашып, жагдайын сурап, «акетайым жатып дем алыныз, жауабын танертен менен естірсіз» депті. Ертесіне кызы: «Ол айелдер бір кеседен сут акелсін» деп акесін уйретіп, алгі айелдерге жіберіпті. Суттін барін бір казанга куйгызып, «Енді аркім озі куйган сутін алсын» десе айелдер сасып, «оны калай айыра аламыз» депті. Сонда гулама оларга «Ендеше торт еркектін кайсысынан бала тапканды калай айырасындар» деп барінін аузын жауыпты. Сондыктан жарынмен гумырлык отасып, балалы-шагалы, ордалы тату-татті, сыйлы-сияпатты, болганга не жетсін.

«Казак байыса катын алады»дегеннін керін келтіріп, колынан келсін келмесін коп катынмен шатысып жургендер аз емес. Ондай тірлік тек ер жігіттін гана колынан келеді. Казіргі мігіттер бір катынды асырай алмай, отымен кіріп, кулімен шыгып жур. Сонгы кездері айырылыскан айелдер кобейіп, онымен коймай казак арасында тірі жетімдер аз емес.

Буган себеп феминизм, гендер т.с.с шайтани саясаттардын желпуі, айелдердін бассыздыгы, озімшілдігі, шалдардын акылсыздыгы, ерлердін ездігі, адамзаттын азгындыгы. Казакта «тірі жетім деп» тукымынан, кандас агайын бауырларынан, елінен (руынан) алшак оскен баланы айтады. Ешбір ата-ана, ер жігіт, баласынан айырылгысы жок, бірак шолак заннын курбаны болып, «алиментпен-ак жеткіземін» деп баланын тагдырын емес, озінін сокыр сезімін канагаттандыруды (балам касымда болады деп) ойлаган айелдін амірі.

Онымен коймай тагыда жеке озінін кырсыгына басып, балага акесін жамандап, тукымына жолатпай, кейінен жігіт болган баласынын жалгыздыгына опык жеген канша айелдін куасімін. Француздардын «себепті айелден іздендер» деуі осы жерде доп басу. Алтын басты еркектен, бакыр басты айел озган заман-ай. Аттен казагым француздан акымак емес еді.

Бурын баланы алты жаска шейін шешесі, атка отырган сон он ушке шейін акесі, одан кейін агайыны осіруші еді. Жиырма бесінде елінікі, жузінде жерінікі еді. Казактын урпак камы ушін тагы бір тапкан гурыпы. ол «аменгерлік». Кайтыс болган адамнын баласын жетім кылмай, келінін жесір кылмай, бір окпен екіні аткан даналыгы. Маркумнын сонына ерген інісіне женгесін жар етіп коскан, агасынын баласын інісі бала кылып алган.

Акылды адам напсі сезімінен бурын урпак камын ойлаган, екіншіден агасынын ак тосегін суытпаган. Менін немере агам Каскырбай маркум согыстан аман есен келді. Агасы Аубакір майдан шебінде шахид болды. Уш баласымен жесір калган Айемді менін атам Сейіт кайнысы Каскырбаймен отастырды. Жас аралыктары оншакты жыл болсада, Анамыз одан кейін бірнеше курсак котеріпбакуатты турмыс курды. Жасы кіші агамыз кайтыс болды, ал Айем одан кейін талай жылдар гумыр суріп, ортамыздан арулап жерледік. Сол кісілер жетімдікті де, жесірліктіде не екенін білмей кетті. Казіргілер танымайтын біреудін катынын катынкылып, баласын асырап отырудан арланбай, арам тосекте жатканына маз. Оз урпагынын жетімдігіне корланбайды. Улкендердін даналыгын уккылары келмейді.

Ертеректе бір адам кайтыс боларында баласын шакырып алып «Мен енді о дуниелікпін. Мына алтынга ие бол, шаман келсе жума сайын катын ал, кала сайын уй сал» деп бір сандык алтын беріп, баласымен коштаскан екен. Байлыкка мастанган бала жума сайын катын алып, кала сайын жана уй салып масайрапты. Сонында кайыршылыкка душар болып, бір бурышта отырганында акесінін досы оны танып, халін сураса ол:«Акем акымак екен, сонын айтканын істеймін деп осылай болдым» деп болган жайды баяндап беріпті. Сонда акесінін досы «Ей, балам, акен саган катынына жума сайын жакында сонда сагынып, жанаша уйленгендей боласын, ал ар калада досын болсын ол оз уйіндей болады» деген деп, баланын озі акымак екенін бетіне басыпты.

Бала осір. «Балалы уй базар, баласыз уй ку мазар». Жер бетінде каншама жандар бала коре алмай омірден куса болып отіп жатыр. Казіргі уакытта каншама кыз-келіншектер баласын жатырынан алгызып, Кудай алдында кешірілмес куна жасауда. Зинкорлык жасап бір кунага батса, баласын олтіріп оданда зор кунага батуда. Турмыста бола тура «бала табуга ерте, жастай омірдін кызыгын корейік, турмысымызды тузеп алайык, кейін бір-екі бала табармыз» деп жургендер каншама.

«Бір козы туса, бір туп шоп артык шыгады» дейді казагымыз. Сол, дуниеге келмей кеткен балалардын рухы ахиретте сені азапка салмасына кандай кепілдіктерін бар. Он тусік тастап, он бірінші баланын кызыгын коретініне сенесін, ал сол абортпен алынган нарестенін танінен, канынан дарі-дармек жасалатынын білесін бе? Ол дарілерді адамдар ішіп журсе, оларды адам жегіштікке урындырган сен себепкерсін. Бул сенін келесі кунан...

Баланын тарбиесі анасынын жатырында басталады. Ультра дыбысты зерттеудін озі кейде баланын жынысын айыруда шатасады. Жатырдагы баланын санасы болмасада, онда адамнын рухы бар. Іштегі саби зертеушіден танін жасыруга арекет ететін корінеді. Жана туган сабидін ен алгашкы дауысынын озі сол ананын кай тілде сойлейтініне байланысты тербелісті болады екен. Сондыктан саби болашак ананын немен тамактанатынын, калай сойлейтінін, нендей жаксы, жаман кылыктарын бойына дарытып дуниеге келеді.

Казіргі кезде айел не істеймін деседе ерікті, бірак ертенгі куні сол балага акесі, ажесі, атасы т.б. жауапты болгандыктан аягы ауыр айелдін калай болса солай журуіне шектеу болганы аділеттік. Ел боламын деген елдін бесігін тузеуі - айелдін болашак урпак алдындагы жауапкершілігін кушейтуге назар аударганы. Ана мен бала саясатында тек айелді камкорлыкка алганнан горі, оган міндетті парыздар арткан жон.

Негізінде «ана» деген маселе жок, «бала» деген маселе зор. Урпак туралы мын сурак туындаса сонын тогыз жуз токсан тогызынын жауабы айел маселесінде. Урпак тарбиесі - айел тарбиесі. Курсактагы баланын барлык касиеттері, агзалары айелден дариды. Еркектен тек каны мен суйек курылымы гана калыптасады.

Казіргі генетика, биология гылымдарынын арен ашкан жаналыктарын карі казак мын жыл бурын білген. Адамнын ата журтын білу ушін «Суйегін кім» деп сурауы содан. Казіргі уакытта аркім озінен туган баласын куйттеп, барлык омірін соган сарып етеді. Баласы оскенінде озі картайып баласымен катар тіршілік жасауга шамасы жетпей, тагы жалгыз калады. «Агайын тату болса ат коп, абысын тату болса ас коп».

Біле білсе, аркімге баласынан горі бірге туган інісі жакын болады. Агайынды екеуіннін акен де бір, шешен де бір, бір жатырда жатып, бір ананын сутін ішіп адам болдындар. Ал баланмен сенін туыстыгын жартылай, ойткені онын анасы болек, жарты болмысы ботен жаннан.

Ертеректе майдан шебінде жараланган бауырын корген апасы артындагы баласына «Атасы баска аттан тус» деп орынына бауырын мінгестіріп, жаудан алып шыгыпты. Осы кыска омірде нагыз кемелді шагында касында інін болса, екеуін тау копарасындар. Сендерден дурыс улгі алса, сендер картайгандарында балаларын бірігіп, омір суріп, сол тауды тас кылады.

Менін Серікбай дейтін кайын агам бірнеше агайынды жан. Еті тірі улкені болгандыктан, ажептеуір техника алып, шаруашылык курып бастарын біріктіріп тіршілік курмакшы болып еді, туган інілері «біз саган кул болмаймыз», - деп кырсыкты. Серікбай жалгыз озі Астана каласында бес жыл киіз уйде турып, ку бейнетпен жалгыз журіп, баспана салып, кошіп кетті. Казір кок тобелі уйде, Акорданын тубінде бакытты гумыр кешіп жатыр.

Аркімнін басында бар жагдай. Менін де бір інім осыны айтып еді. Азгындыктын кулдары-ай. О заманда бу заман, інісі агасына, улы акесіне, кол ушын беріп шаруасына кіріссе, кул болганды кім корген. Баланды беске дейін «улым» деп, он беске дейін «кулым» деп, одан кейін «досым» деп осір. Бала коргенін істейді, сондыктан онын коз алдында не турса, не болса соган еліктеп кумартып оседі. Торіне арак жинасан, арак кумар болады, кітап жисан кітап кумар,
жуген жисан аткумар дегендейін. Урлыкка катысса, урлыкшы, осекке катысса, осекші боларына куманданба. Баланын ар адетін кадагала, укыптылык, тиянактылык туа пайда болмайды.

Мысалы Казакстаннын гимні басталган кезде жастар ойланбастан автоматты турде колын журегіне кояды. Жалпы ултка тан Жана гурып калыптасты. Осы гурыпты бойына дарытпаган кейбір ел агалары колын бірі карнына, енді бірі оданда томен селкос устап турганын коресін. Калыптаскан гурыпты жою мумкін емес, оны тек келесі урпакка баска гурыпты уйрету аркылы узуге болады.

Кенес окіметі орнасымен балалардын мойнына кызыл галстук тагып, «Ленин біздін бабамыз» деп кулагына куйды. Араша тургандар атылды. Сол Кенестік гурыптын балалары, казір жетпіске келіп колын карнына салып тургандар. Урпак сабактастыгы узілді. Казактын Ата-бабадан калыптаскан асыл гурыптарынын кобісі жетпіс жылдык жоюдын аркасында казіргі урпакка жеткен жок.

Аке балага сыншы. Онын неге уйір, неге бейім екеніне назар аудар жане оган улттык гурыптын санасына орныгуына, орбітуге ыкпал ет. Баланы коп мактама, бірак сагын сындырма. Сураган сурагына жауап беруден жалтарма жане шаман келсе, отірік айытпа. Баланын ісіне коп араласпа, сыртынан бакыла жане сыншы болуга тырыс, уйретсен шукшимай, ойынмен женіл уйрет. Бастаган ісінін аяксыз калмауын кадагала. Баланды мешітке, ойын сауыкка, копшілік жиналган жерге жалгыз жіберме. Казакша толык дуниетанымы калыптаспаган баланын аркімнін ыкпалына тусуі абден мумкін.

Мешіттердін озінде неше турлі жетпіс уш агымнын окілдері бар, онын ішінде казакка кастык максатта, акстремистік топтарда жур. Анкау казак тугілі козі ашык па деген аркалы азаматтарымыздын озі сондай діни агымдардын ыкпалында. «Алла, Алла, » дегендердін кобісі Алланын Рухы-аруактарды жокка шыгарып, козі байланып кормей жургендерінде, жас боланын ойланбай от басуы онай шаруа.

Ойын-сауык орындары азгындыктын ашык торы курылган ордасы екені айтпаса да белгілі. Дос тандауды, касіп тандауды уйрет, копшілдікке баулы. Туыстарынды мактап, оны оларга уйір кыл, Озінде анда - санда агайындарыннын уйлеріне конуга дагдылан, тосегіне аунап исінді сіндір, балалары бауыр бассын, коздері уйренсін,
ата-бабаларынын басына апарып, бас игіз, кадыр-касиетін аныз кып айтып отыр. Онерге баулы жане сені онеге тутсын. Онердін улкені усталык. Агаш усталыгы темір усталыгы, зергерлік, оте кінамшыл, касиетті киелі онерлер. Казак халкынын ішіне кен тараган.

Кай калага барсам да муражайына сокпай отпейтін адетім бар. Алматы астана болып турганында мемлекеттік муражайын тамашалап жур едім, касыма бір топ жастар келе калды. Алдында журген казактын айелі оларды таныстырып жатыр. «Казак халкы негізінен мал шарусымен айналыскан...». Кастарына такасам, біз дал зергерлік, усталык павильонында тур екенбіз. «Сонда мынанын барін кім жасаган екен», - деп калдым. Жанагы айел жылан шаккандай кайкан етіп, «Я разьясняю по методике» деп келесі павилионга тартты. Жанагы жастар менін созімнен куат алгандай сал кідіріп, жадігерлерге мукият карап калыпты. Дегенмен сценарий бойынша айелдін сонынан жылжыды.

Римдіктер кола кылыш устагандарында біздерде алмас, болат карулар болган, оны кім соккан, кыз-келіншектер, ер-турмандар, сауыт-саймандар, алтынмен апталып, куміспен, капталып, бізге кім сыйлаган.

Менін оскен ауылым «Абыздын» озінде Аскар устанын істеген заттары алі кунге ел колында бар. Бурынгы казак ауылдарынын, оз устасы, зергері, молласы, емшісі, касапшысы, аншісі т.с.с.болган. Казір балалардын, жастардын тарбиесінін озі ау бастан казакка керігар ойластырылган.

Мысалы: Автобус ішінде баласын отыргызып, озге тугілі озі отырмай турегеп турган аналарга не деуге болады. Алгі бала жастайынан улкеннін турып, кішінін отыруына абден козі уйреніп, кейін шалга «тур маган орын бер» деуден тайынбайды. Кейін сондай балалардын шешесін сыйлаганын коргемін жок. Сол бала, жасында автобуста турегеп турса, аягы да шыныгып осер еді. Он уш жаска дейін казактын тілін, онерін, адет-гурыпын, салт-дастурін, уыздай бойына сініріп оссін.

Балага ен бастысы жаксы менен жаманды айыруды уйрет. Кандайда жамандык адамнын озіне гана істеледі. Создегі жамандыктан адам айналасына жагымсыз болады, жаман істен сонында тек озінін таніне, жанына жапа шектіреді. Жаман пигылдан ол куналі болады. .


Рецензии