Мунайсам аспанга караймын

Жалган дуниеде коніл шіркіннін жабыркамайтын кезі мен орны болсайшы, бір атым насыбайдан калатын казакы коніл ушін бул кундері кобалжитын, калжырайтын, назданатын, окпелейтін дуниелер кобеймесе азайган емес. Улкен каланын кайгысы да калын, арманын да аскак. Тіпті, мунайган конілінді котерер орындар мен мумкіндіктер де жеткілікті.

Алайда, олардын барлыгы да менін табигатыма жат, есігі жабык алем. Ал достармен сырласу орны болек дуние, пенде болган сон арка-жарка ангімеден кейін аз да болса сергіп, уакытша конілденіп калатынымыз рас. Деседе, доска айта алмас, жармен де болісе алмас жан-дуниеннін терен калтарыстарында жаткан алде кандай сырлар мен окініштер, журектін назік наздары мен ешкімге тусіндіріп бере алмайтын жане айтудын да манызы шамалы реніштерді кіммен болісерсін, кімге мун шагарсын?

Конілді алдаусырату ушін кітап окып, теледидар тамашалап, уакытымен мешітке кіріп намаз отеп маганалы талім алган га не жетсін. Барлыгы да жанга жайлы сезіліп, тіршіліктін куйбінінен салде болса алшактатып, конілді котеріп-ак тастайды. Деседе, омір гой, алдан кутер кудіктер мен уміттер де коп. Адамдык пен алаяктык, акша мен ар-намыс арпалыска тускен озі есіалан жалган дуние де баягы мун шалган конілін оп-онай-ак сені іздеп табады.

 Сондай кезде тагы да конілінді котеретін шара іздейсін, мумкіндігінше таныс адістермен тойтарыс беруге тырысасын. Алайда, ол адістердін унемі жаныннан табыла бермейтін кездері коп болады. Мысалы, жол журіп келе жатасын, адамдар шогыры мол жерде боласын, сапар устінде журесін, карангылык уйірілген далада турасын дегендей. Міне осы саттерде не істеу керек, кайткенде жыгылган нар конілінді котеруге болады?

Бул тыгырыктан шыгудын жолын табуга жеті жасар саби кызым комектесті.
- Аке- деді кызым. Бір куні жатар алдында. Аке, сіз білесіз бе, мен уйыктар алдында Кудайдан тілек тілеймін.

- Кандай тілек тілейсін-дедім, кызымнын созіне кумартып.
- Уйыктарга жаткан сон, козімді жумамын, содан, біраздан сон терезеден шыгып, кок аспанга карай кус секілді ушамын, айга жетем, ай деген жап-жарык, теп-тегіс жер, сонда турып айналама караймын, барлык жер анык корінеді, жулдыздар да, жер де корініп турады. Сол жерде турып тілек тілеймін-деді кызым еркелей жмиып. Мен таныркаган куйі кызыма карап отырып калыппын. Балкім одан мундай тосын ангіме естимін деп кутпеген болармын.

- Сонда не айтасын-дедім. Аздан сон.
- Ей Кудайым, бізді колдай гор, аке-шешемді ауырта корме, менін де ауыргым келмейді, досым коп болсын-деймін. Бул дауысым барша галамга жеткендей жангырып кетеді -деді кызым. Содан сон тілегім дурыс па аке дегендей маган сураулы арі умітті жанармен карады.
- Дурыс кызым, оте жаксы тілек, біздін сау-саламат жургеніміз сенін аркан екен гой -деп, мандайынан искеп, басынан сипадым. Ол саби жузі нурланып, жастыгына басын койып, козін жума берді....

Мен есікке беттедім. Журегімде жумбактын жіп ушы табылгандай бір сезім бой корсетеді. Жон- деймін ішімнен, кызым - саби, ал саби дегеніміз періште, ол кай кезде де рухын алып, аспанга, тіпті онан да биікке шыга алады. Ал мен шы, мен адаммын, жаксы алде жаман адам болармын, бірак періште емес екенім анык. Сондыктан мынау ластанган денемнен кір шалган рухымды алып шыгар мен де кайдагы кудірет-деймін. Мендегі бар мумкіндік Кудай берген кос жанармен аспанга карау, жетпесем де коз жіберу. Далага шыккан беті бірден тунгиык аспанга карадым. Аспан мен омірі кормегендей мені бірден озіне баурап алды.
- Шіркін кандай кен тупсіз тунгиык еді, кандай даркан, мейірімді еді, кандай сабырлы да, салкын еді........

Шолдеп келіп каусар жуткандай, терлеп келіп айдынга малтыгандай, шаршап келіп саялы тауда дем алгандай куй кештім. Жаным жадырып, танім сергіп, рухым нурланып шыга келді. Кенет ешкімге бойусынбаган, ешкімнін болісіне тусіп, тоз-тозы шыкпаган кайсар да, аскак аспаннан бір шок от журегіме тускендей болды. Денем тугіл, жаным жангандай алаулап, жудырыктай журегім жудырыктай куска айналгандай шыркау зенгірге еркін самгап, жарык жылдамдыгындай тездікпен биікке котеріле берді, котеріле берді.

Адасып журіп уйірін тапкан кулын журегімнін ынтыгы жердін тартылыс кушінен де асып тускендей болды. Коніл даламдагы реніш пен нала, кайгы мен камыгу барі, барі де жудырыктай кустын жылдамдыгына ілесе алмай, шан кауып калып жатыр, калып жатыр. Жудырыктай куска ілескен тек озім, я озім гана, шексіз зенгірге карай ушып барам, ушып барым, алдымнан ескен жанга жайлы, майда самалды сезіп келемін, баска ауа, баска орта, баска дуние......

Міне кызык, озім туратын каладан да, озіме таныс аймактан да алыстап барам, бірте бірте жер шарынан да жырактап кеттім. Сонша алып корінетін, заулім гимараттар аяк астындагы туйір дандей, алып таулар кыйыршык тастай усакталып коз ушында булдырап калып барады......

Ен сонында, жер шары бір кара нокатка айналды, бейне менін жан дуниеме тыныштык бермеген сан турлі сурактар мен мазасыз ойларга койылган сонгы нуктедей карайып калып барады.

- Мен азатпын, мен пакпін жане мунсызбын!-дегендей болады жан дауысым. Дауысымда жангырып аластарга жетіп жаткандай.
Саркыткан Кастер
философия докторы, доцент
8-707-1170515


Рецензии