Рецензия на «Рухани устаз Асет Ризаулы Мукашбеков жайлы» (Асет Мукашбеков)

Ассоломағалөйкөм Әсет аға! Мынау ғажайып, өте керемет, бағалы. Адам баласы үшін өте қымбат, тағылымға толы сөздеріңіз үшін сізге мың да бір алғыс айтамын! Әр уақытта осындай күшті, құдіретке толы сөздеріңіз арқылы адамның рухани жан - дүниесін жебеп: аспандатып, асқақтатып отырасыз! Осы қасиетіңіз сізді жұмаққа бастайды деп сенемін. Жаза беріңіз маған. Мен бәрін де оқып санаммнан, ой елегімнен өткіземін. Керемет-керемет әсерлер аламын. Бойымды сергектік билейді. Тылсым кеңиді, жүрегімме арман ұялайды. Санам салқындап сараланып, асқақтайды! Мен сізді осындай сөздеріңіз үшін қатті құрметтеймін! Керемет! Баға жетпес байлықтар беріп жатырсыздар! Мен емес, басқалар да осыны оқыса шіркін...Нұр үстіне,нұр болар еді!!!

Кастер Саркыткан   07.09.2016 07:48     Заявить о нарушении
Аса қадірлі Қастер Сарқытханұлы!
Сөз қадірін қазіргі заманда екінің бірі түсіне білмейтіні рас. Тек жүрегі өте таза жандар ғана түсінетіні де рас. Сенің вацаппқа жіберген үн таспаңдағы тілегіңді талай пендеге жібердім, басым бөлігінің өз-өздерінен іштері күйіп жатыр. Бұл - топастық, рухани надандық! АБАЙ ЗАМАНЫНАН КЕЛЕ ЖАТҚАН КӨРСОҚЫРЛЫҚ!
Қастер бауырым! Өзіңе бір Жаратушыммыз жар болын! Бүкіл жанұяңа Алланың нұры жауа берсін! Өзіңді ерекше қадір тұтатын:

Асет Мукашбеков   07.09.2016 08:30   Заявить о нарушении
Әс аға!
Сізді Әс аға, - деп алғашқы сөзді бастауымда да үлкен мән жатқанын сезген боларсыз.
Адам жанына жалпы оқырман қауымыңызға шексіз ілтипат, мейіріміңізді төге қарайтын жүрегіңіздің тазалығы әрбір шығармаңызда көрініп тұрады. Сіздің әрбір жан баласына деген жинақтарыңызбен жүрегіңіздің түбін жарып шыққан, нұрын шашқан шығармаларыңыз, қазіргі мынау аумалы да төкпелі кезеңде не боларын біле алмай жүрген көпшілік қауымға ес жиғызары анық дүние.
Әсет аға, сіздің қайсібір кітабыңыз болмасын адам жанына, болашағына, жалпы ұрпағына, санасын тазалай отырып, адами қалыппен өмір сүріп, өз иманымен мәңгілікке табысуға бастайды. Бізге де нақ керегі осы емес пе?!
Жұдырықтай жүрегіңіздің төрінен әрбір оқырманыңызға орын аша отырып, киелі де, келелі ойларыңызды қарапайым да, жайдарлы: миыңа құйып алардай сөздеріңізбен жеткізе білуде, - ол сіздің ыждағатты жүрегіңізден, жүрекке жеткізу болып табылып жатады. Өз-өзіңді тани отырып, кейде шабыттанасың, кейде ұялып, кейде асқақтатсаң, кейде есебіне мән беріпқарататын, - Сіздің кітаптарыңыз шегі жоқ өте қымбат дүние екенін қайсібір оқырманыңыз мойындайтыны анық.
Әс аға, Алланың Сізге берер ғұмыр-жасы ұзақ болғай.
ЕРЕКШЕЛЕНЕ.....даралана туған шоқтығы бөлек бір Тұлғасыз. Сіздің менің өмірімде бар болғаныңыз үшін, - шексіз бақыттымын!

Сізді ерекше құрметтейтін рухани шәкіртіңіз әрі оқырманыңыз: Фарида Укашақызы. Шымкент қаласы. 12.09.2016 жыл

Асет Мукашбеков   14.09.2016 05:52   Заявить о нарушении

Перейти на страницу произведения
Перейти к списку рецензий на это произведение
Перейти к списку рецензий, полученных автором Асет Мукашбеков
Перейти к списку рецензий, написанных автором Кастер Саркыткан
Перейти к списку рецензий по разделу за 07.09.2016